Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет164/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Көк анықтамалық
«Көк анықтамалық» (
Blue Guide
)
2
 
көркем көріністен бөлек пейзаждың
барынан хабарсыз. Мұндағы көзге түскен кез келген ойлы-қырлы жер 

көркем көрініс нышаны. Осы жерден де альпілік көне миф (себебі ол ХІХ
ғасырға жатады) арқылы тауды буржуазиялық асқақтатуды көреміз.
Анықтамалық бұл мифті табиғат культі мен пуритандықтың гибрид
қосындысы 
қызметін 
əрдайым 
атқарған 
гельветтік-протестанттық
моральмен (таза ауа арқылы қайта жандану, тау шыңдары көрінісінде
санаға бойлайтын моральдық идеялар, тау шыңдарын бағындыру –
азаматтық ерлік деп есептелу т.б.) өте орынды байланыстырған. «
Көк
анықтамалықта»
эстетикалық тіршілік ретінде асыра əспеттелген
көріністер арасынан біз жазықтарды өте сирек кездестіреміз (олар
«құнарлы» деп сипатталған тұста ғана), ал үстірттер мүлде ұшыраспайды.
Саяхат жасау орындарының пантеоны қатарына тек таулар, шатқалдар,
асулар мен тау аңғарлары ғана жатқызылады. Оның да өзіндік себебі бар.
Бəлкім, аталған жерлер қайрат-жігер мен жалғыз оқшаулау мораліне дем
беріп тұратындай күшке ие болса керек. 
«Көк анықтамалық
» саяхат
жасауды өнімді еңбекті ұйымдастырудың жолы ретінде қарастырып, жаяу
сапарды көңіл күйді көтерудің таптырмас амалы ретінде паш етеді.


Осының өзі 
«Көк анықтамалық»
мифологиясының тамыры өткен ғасырдан
бастау алатынын меңзесе керек. Нақтырақ айтсақ, буржуазия қайрат-
жігерді 
сатып алу
мақсатында оның ешқандай кері əсерін бастан кешірмей-
ақ, өзіндік бейнесі мен болмысын сақтап қалу жолында жаңа лепке ие
болған еді. Ендеше, бұл жағдай «Көк анықтамалықтың» түп төркіні
эйфорияға емін-еркін берілген тарихи фазадан бастау алатынын айқын
дəлелдейді. Бұдан шығатын қорытынды: нəтиже айтарлықтай логикаға
қонымды болса да, бұл – ақымақтық, себебі ландшафттың көріксіздігі,
кеңістіктің болмауы немесе адамдардың қызығушылығын тудырмауы
саяхаттан алатын рақатқа (ал ол саяхаттың ең негізгі мақсаты емес пе?)
соншалықты қайшы келеді. Ақыр соңында, «
Көк анықтамалықта
»
салқындық таныта отырып жазылған мынандай жолдар пайда болады:
«Үңгужол (
туннель
)
өте көркем көрініске айналады
». Ал оның ішінде
ешкімнің еш нəрсе көре алмайтыны маңызды емес, маңыздысы – осы
жерде 
жерасты 
жолының 
таудың 
толыққанды 
таңбасы 
ретінде
қарастырылуы. Бұл оның құны жайлы ендігəрі бас қатырмайтын адам үшін
жеткілікті дəрежедегі берік қаржылық тұрақтылық екені анық.
Көріністің басқа жақтарын тұмшалап, таулы қыраттар кеңістікті
толығымен алып жатқаны секілді, ел ішіндегі адамдардың өмірі де осы
ғажайыптардың тасасында қалып, түкке тұрғысыз күй кешіп жатқанын
салыстырып өтуге болады. «
Көк анықтамалық
»
 
адамдарды тек «тип»
ретінде ғана көреді. Мəселен, Испанияда баскілер – ержүрек теңізші,
леванттық – ақжарқын бағбан, каталондық – зерек саудагер жəне
кантабрилік – сезімтал таулық. Мұнда да тікелей мəселеге қатысты
ойлаудың кеселіне тап боламыз, ал ол адамдар жайлы əртүрлі ақпараттар
буржуазиялық мифологияның тереңінде жатыр (біз ол жайтты жиі-жиі
кездестіріп тұруымыз да осыдан болу керек). Испанияның этностық
шынайы өмірі – үлкен қойылымды классикалық балет, өте қызықты дел-
арте комедиясы
 
(
commedia dell’arte өнер комедиясы 
деген мағына береді,
бұл – Италиядағы халық (көше) театрының бір түрі) тəрізді, оның
шындыққа жанаспайтын типологиясы қоғамдағы жағдайдың, таптар мен
кəсіптердің шынайы көрінісін бүркемелейтін қызмет атқарады. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет