уақыттың «кемшіндігін», жеткіліксіздігін білдіреді. Объектіні тану һəм оны
тақырыпқа
айналдыру
субъектінің
өзіне
қатысты
арақашықтыққа
негізделеді яки уақытпен ғана жүзеге асуы мүмкін, егер қолайлы болса, ол
өзіндік сана-сезімге негізделеді. Бірақ мұның бір шарты бар. Ондағы
«Мен» жəне «Мағанның» «арақашықтығы» уақыт арқылы мойындалады.
Алайда уақыт «əлі емес» жағдайын белгілей алады, бұл кезде «кемшін
болмыс» болмас еді. Ол бір мезетте сарқылмас шексіздік болашағы ретінде
ғана болмыс пен өлім екеуінен жырақ тұруы мүмкін, яғни бұл – тілдік
қатынас үдерісінде пайда болатын нəрсе. Субъект басқамен сұхбат кезінде
өз меншігіндегі нəрсе жайлы айтып, өз болмысының шегінен шығып кете
алады. Бірақ «Басқаның» шексіздігін қабылдап қана, ол осындай
айырылуды талап ететін еркіндікке ие болады. Түптің түбінде, ол мұны
кемшін я болмаса шектеу сезімінен емес, Шексіздік идеясымен келген
қордан, яғни бой көтерген «Қалаудан» алады.
Тіл объектілердің, яғни ойдың, сезімнің жарыққа шығуына, тақырып
еншілеуіне мүмкіндік береді. Гуссерль былай деген болатын: «Ойдың
объективті сипаты оның іс жүзінде барлығы үшін шынайы екендігімен
түйінделеді». Олай болса, «тану – менің ойымның басқалардың ойымен
алдын ала ұштасуы» дегенді білдіреді. Яғни менің айтып тұрған нəрсем
басқалардың ойларында да қалыптасып қойған.
Сөйлеп тұрған кезде мен «Басқаға» «Мен» үшін объективті нəрсені
жеткізбеймін, объективті нəрсеге ол тек сұхбат барысында ғана айналады.
Алайда Гуссерльде осы сұхбатқа жол ашатын «Басқа» бастапқыда
монодикалық (біртұтас) ой ретінде айқындалады. Объективтіліктің
іргетасы субъективті сипатқа ие үдерісте қаланады. «Басқамен» қарым-
қатынасты этикалық қасиетке балау арқылы біз алдымызда тұрған бір
қиындықты
еңсере
аламыз.
Бұл
қиындық
Декарттың
«cogito»
(«ойлаймын») деген сөзіне қарағанда, өзін «Басқадан» мүлдем тəуелсізбін
деп есептегенде туады.
Шын мəнінде, Декарттың «Cogito»-сы «Үшінші толғаныстың» (
Достарыңызбен бөлісу: