Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


СӘЙФ САРАИ (1320–1396) Туған жері



бет20/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

СӘЙФ САРАИ
(1320–1396)
Туған жері: Алтын Орданың Сарай қаласы.
Өзі: «Қамысты» деген жұрт – менің елім», - деген.
Бейбарыс сұлтан билеп тұрған Мысырға білім іздеп барады.
«Түрікше гүлстан» («Гүлстан бит-түрки») атты назиралық үлгіде кітап жазған. Бұл – парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабына» ұқсас түркі тіліндегі нұсқасы.
Кітап кіріспе, 8 тарау, қорытындыдан тұрады. Алғашқы 7 тарауы жеке-жеке қысқа әңгімелерден тұрса, 8-тарауда нақыл, мақал-мәтелдер жинақтаған.
Тараулары:
«Патшалардың өмірі туралы»
«Азға қанағат етудің артықшылығы»
«Махаббат пен жастық»
«Кәрілік пен әлсіздік»
«Тәрбиенің ықпалы»
«Қарым-қатынас ережелері» т.б.
С.Сараидің тағы бір төл туындысы – «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтерген.


МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
(1499–1551)
Қызметі: әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.
Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген.


ХОРЕЗМИ
(XIV ғ.)
Сыр бойында өмір сүрген. «Мұхаббатнама» атты еңбегін 1353 жылдары жазған. Өлеңнің үш тарауы парсыша, сегіз тарауы түрікше жазылған. 473 бәйіттен тұрады. Тақырыптары: махаббат, адамгершілік, әділдік, адалдық туралы өсиеттер.


ХАНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
(XV–XIII ғ.ғ.)
Жыраулар поэзиясы
Елдің тыныштығын армандап, халықтың мақсат-мұратын жырлаған жыраулар қазақ тарихында үлкен орынды алады. Олардың көбі өз заманындағы хандардың кеңесшісі болған. Олар өз жырларында халықты бірлікке, ел болуға шақырған.
Солардың бірі – Асан қайғы. Ол тыныш заманды, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды армандап, қазаққа жайлы қоныс – Жерұйықты іздеген.
Жиембет жырау Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы қызметін атқарған. Жаумен шайқастарда қазақтардың жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан.
Қазақ тарихындағы ең танымал жыраулардың бірі – Бұқар жырау. Ол Тәуке хан заманында сарай билерінің бірі болған. Өмірінің соңғы кезеңінде мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы би атанады.
Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын және Үмбетей жырау, Бөлтірік шешен – бәрі де қазақ халқының жанашырлары болған. Олар бір жақтан жаумен шайқасып, ел қорғаса, бір жақтан жауынгерлерді ерлікке, күреске үндеген өлеңдер шығарып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет