Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет22/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

МАРҒАСҚА ЖЫРАУ
(туған және өлген жылдары белгісіз)
Қызметі: ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы.
Марғасқа жырау Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. 1627 жылы Ташкент өңіріне билігін жүргізіп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан. Жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар.
Марғасқа жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді.
«Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде:
Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Опасызға лағынет болсын.
Кінəсіз халықты жылатқан
Жер Тəңірісі сияқтысың.
Алтын тақта отырсаң-дағы
Ажалға төтеп бермессің, -
деп Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғандығын бетіне басады3.


АСАН ҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ
(14 ғ. соңы – 15 ғ. басы)
Туған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы. Сүйегі «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесінде (Асан қайғы мазары).
Қызметі: мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов).
Халық қайғысын, зар-мұңын ойлаумен өткендіктен, оның атына «қайғы» сөзін тіркестірген.
Асан қайғы қазақ халқын біріктіріп, ел етпек болған Керей, Жәнібек хандарды жақтайды. Қазақ ордасы құрылған кезде, Асан қайғы жаңа мемлекеттің ұраншысы болды.
Ол елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсап, әрі елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғау үшін, қазақ халқын тарих сахнасыңда сақтап қалу үшін шұрайлы қоныс «Жерұйықты» іздеген. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады.
Жыраудың біршама толғаулары әз-Жәнібек ханға арналған. Толғауында «күншығысқа көз алмай қарайтын» көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді:
Қилы-қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма? -
деген жолдағы «ақшортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауын алдын-ала айтып, көрегендік танытады.
Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды:
Ол күнде қарындастан қайыр кетер,
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер,
Ұлы, қызың орысқа бодан болып,
Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?
Асан қайғының жыр-толғаулары үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Әдет-ғұрып, дәстүрді дәріптеп, өмір сүрудің мәні, жақсылық-жамандық, әділдік-зұлымдық, үлкенді сыйлау, олардың ақылын алу, бір-бірімен ұрыспау, бейбіт өмір сүру, ізгі ниет, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болу секілді игі істерге шақырады:
Өлетұғын тай үшін,
Қонатұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Бір-біріңмен ұрыспа.

Біршама жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді:


Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?
Асан қайғы күйші де болған. Бүгінгі күнге «Ел айырылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен.
«Ел айырылған» күйін Ғұбайдолла Мұхитовтың тартуында алғаш рет А.Затаевич нотаға түсірген. Сондай-ақ, толық нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың тартуында Т.Мерғалиев нотаға түсірген4.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет