Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет24/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ СҮЙІНІШҰЛЫ
(15 ғасыр)
Туған жері: Астрахань қаласына жақын Қызылжар деген жер (қазіргі Астрахань облысы Красный Яр қаласы маңы).
Қызметі: қазақ ақыны, жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры.
Ол өзін «айдаса қойдың көсемі», «сөйлесе қызыл тілдің көсемі», «буыршынның бұта шайқар азуы», «бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады.
1480 ж.ж. Қазақ хандығына қосылған Алшын тайпасы руларымен бірге Еділдің бергі бетіне өткен.
Бізге жеткен шығармалары:

«Бұдырайған екі шекелі»

Әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін өзі жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкерген. Өзін «сөйлесе қызыл тілдің шешені», «буыршынның бұта шайқар азуы» деп таныстырады.

«Алаң да алаң, алаң жұрт»

Халықтың туған мекені Еділін тастап, Шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді.

«Белгілі биік көк сеңгір»

Жыраудың өмір жайлы таным-түсінігі ерекше аңғарылады.

«Сал-салпыншақ анау үш өзен»

Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең ...

Жыраудың бұл жырлары ең алғаш Ғ.Мұштақтың «Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген атпен 1912 жылы Орынбор қаласында бастырған кітабында жарық көрді5.




ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ ТІЛЕНШІҰЛЫ
(шамамен 1465–1560)
Туған жері: Жайықтың шығыс беті.
Қызметі: жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.
Шалкиіз үш айлығында анасынан айырылып, нағашыларының қолында тәрбиеленді. Жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өтті. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі Мансұрұлы Темір бидің (1490) және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді.

Шалкиіздің ең көп тараған толғаулары:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет