«Қилы заман» толғауында: Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
деп табандап жылжып келе жатқан қиын-қыстау заманды көрсетеді. Қазақтың еркіндіктен айырылатынын, дін, тіл, жерінің тозатынын, елді қабілетсіздер билейтінін, зиялы азаматтардың басына бұлт үйірілетінін баяндаған.
Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде М.Ж.Көпеев, Қ.Халид, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ғалымдар еңбек сіңірген8.
ТІЛЕК Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
ХАНҒА ЖАУАП АЙТПАСАМ Ханға жауап айтпасам,
БИІК ТАУҒА ЖАРАСАР .
ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ ТІЛЕУҰЛЫ (1706–1778)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау өңірі. Қайтыс болған жері: қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданы.
Қызметі: жырау, жыршы. Бөгенбай батырдың жауынгер серігі.
Үмбетей қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күресінің қызу ортасында болып, тарихи оқиғаларды жырлады.
Жырау шығармаларының тарихи және әдеби көркемдік дәрежесі оның қанжығалы Бөгенбай батырды жоқтайтын «Бөгенбай өліміне» жыры мен батырдың дүниеден өткенін Абылайға естіртетін «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты жырларынан айқын көрінеді.
Үмбетейдің Бұқар жырау өмірін суреттейтін толғауы да тарихи деректерге толы, көркемдігі жоғары, аса құнды шығарма.
Жырлары:
«Бәкеге»
«Жауқашарға»
«Бұқарға»
«Бекболат биге»
«Жантай батыр»
«Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту»
«Бөгенбай өліміне»
ШАЛ АҚЫН (Тілеуке Құлекеұлы) (1748–1819)
Туған жері: қазiргi Ақмола облысы, Азат темiр жол стансасының маңы.
Қызметі: халық ақыны, Абылай ханның замандасы әрі оның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, Орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы.
1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы – атақты Төле бидiң қызы.
Тұңғыш өлеңi – «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Өлеңнiң шығу тарихы: Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда, баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» – деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады.
«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,
Болмайды қойға пана тал дегенiң.
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенiң?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,
Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.
Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күшi?» -дейдi.
Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарып, оған қоса бір жылқы беріпті. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң ақындық атын шығарған екен.
Ол қатысқан айтыстар:
«Шал ақынның қызбен айтысы»
«Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы»
«Шал ақын мен жігіттің айтысы» т.б.