Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет31/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ
(1803–1846)10
Туған жері: Ішкі Бөкей Ордасы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Нарындағы Бекетай құмы). Ол Қараой өңірінде (қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы) қайтыс болды.
Қызметі: ақын, күйші, композитор, отаршылдыққа қарсы И.Тайманов бастаған көтерілісті (1836–1838) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Арабша, орысша білген.

1824–1828

Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. Осы кезде сауат ашып, орыс тілін үйренеді.

1829

Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.

1834

Исатай батырмен бірікті. Осы жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды.

1836–1838

Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі болып, халықты оның төңірегіне топтастыра білген.
Көтерілістің себептері: жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері.



1838

Шілденің 12-інде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады

1841

Наурыздың 4-інде белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде қолға түсті. Орал әскерінің 40 адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков бекетінде 2 апта түрмеде ұстады, кейін Орынборға айдады. Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды. Сот 1841 жылы 7 шілдеде «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазаланасың деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.

1840–1846

Баймағамбет сұлтанның қол астындағы жерлерді паналайды. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» дейтін атақты жыры осы жерде туады.

1845

Баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборда болды. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғаса, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та ақынды қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет аға сұлтан болған Баймағамбет сұлтанның жалдамалыларының бірі – хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты, бір деректе өзінің жалған досы Ықыластың қолынан өлген.

Ақын мақсат-міндеттері:


Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.

Еңсесі биік ақ орда,


Еңкеймей кірсем деп едім
Керегесін кескілеп,
Орын етсем деп едім
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы – Исатай Тайманұлы. Оның адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Мінеки ер», «Ей, Махамбет жолдасым», «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» т.б. өлеңдерінде сипатталады. «Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиеті үлгісі, әсіресе, жоқтау сарыны айқын көрінеді.
«Мұнар күн» Исатайдың өліміне орай жазылған элегиялық сарындағы өлеңі.
«Ереулі атқа ер салмай» өлеңінде қуып келе жатқан патша әскерімен кезекті шайқастан кейін шаршап-шалдыққын, тіпті кейбірі күрестің болашағына күдікпен қараған кезде, сарбаздарға рух беріп, намысын қайрау, ұлы мақсаттан айнымауға шақырған.
«Бұл дүниенің жүзінде» өлеңін ақын көтеріліс жалыны басылып, өзі жалғыздықта, қуғында жүргенде жазған.
«Мен – құстан туған құмаймын» өлеңінің лирикалық кейіпкері – жігері жасымаған ақынның өзі. Мұнда өзін «түбін кескен бәйтерекке», «қара құстан туған қалықпанға» теңейді.
«Соғыс», «Жабығу» өлеңдерінде жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.
«Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» өлеңдерінде алдағы күндерге үміті, зор сенімі көрінеді.
«Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі – сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. өлеңдерінде ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі суреттелген.
«Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері – хан-сұлтандарға қарсы жазылған.

Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар көп еңбек сіңірді

1908

Қазан қаласында алғаш жарық көрген «Мұрат ақынның Ғұмар қажы оғлина айтқаны» атты жинақта Махамбеттің 100 жолдан астам 2 толғауы басылды.

2003

Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 томдық жинағы жарыққа шықты

Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді. «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе», т.б. күйлері күйтабаққа жазылды

Махамбет – халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ.



Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды11.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет