Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет165/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168
Лириканың түрлері:
саяси-әлеуметтік лирика
– махаббат лирикасы
– табиғат лирикасы
– көңіл-күй лирикасы
– философиялық лирика
– азаматтық лирика

Мысалы, Табиғат лирикасы:


Толқынды толқын қуады
Толқыннан толықн туады
Толқынмен толқын жарысады. (М. Жұмабаев)
Повесть – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі. Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Мысалы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым – Қожа» атты повесі бар.
Поэмабелгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Мысалы, С.Мұқанов “Сұлушаш», І.Жансүгіров “Құлагер».
Естірту – қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына өлеңмен немесе қара сөзбен, күймен жеткізу тәсілі. Мысалы, Бөгенбай батырдың өлімін Үмбетей жыраудың естіртуі.
Метафора – (грек. metaphoro – ауыстыру) – құбылтудың (троптың) бір түрі. Суреттеп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Мысалы,
Таудан мұнартып ұшқан, тарланым,
Арыстаным, көп болды-ау
Саған да менің арманым!
Инсценировка – прозалық немесе поэзиялық туындыларды сахнада, теледидарда, радио қойылымдарына лайықтап драмалық формада жазып шығару түрі.
Көркемдік қиялкөркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі. Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік-тұтастылығына негізделеді.
Метафора (грек. ауыстыру) – құбылыстар мен заттардың ұқсастығына қарай бір сөзді немесе сөз тіркесін салыстыру немесе астарлы мағынада қолданылуы. Мысалы,
Көздің жасы, жүректің қанымен,
Ерітуге болмайды іштің мұзын. (Абай)
Мотив – тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Әдеби термин ретінде X ғ. 20 ж. бері А.Веселовский, В.Проп еңбектерінде зерттеле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет