Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет16/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

ШЕШЕНДІК СӨЗ
Шешендік сөз – би, шешен секілді сөз шеберлерінің дауда, жиында терең ойға, көркем сөзге байланысты айтқан тапқыр сөздері. А. Байтұрсынов бұл жайлы: «Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп, ақылға қону жағын көздеу. Одан әрі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру», – дейді.
Көбіне авторы белгілі болып келеді және. Ежелгі ауыз әдебиетінің жалғасы әрі жаңа көркем әдебиеттің бастауы болып табылады. Өйткені ауыз әдебиетіндегі басқа жанрлардай емес, авторы белгілі шешендік сөздерде қиял-ғажайып нәрселер болмайды, шынайы оқиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар әңгімеленеді, әрі көркем образды түрде келеді.
Ұлттық шешендік сөз тарихы сонау сақ, ғұн туындыларынан, Орхон ескерткішінен, бер жағында орта ғасырдағы түрлі жазба ескерткіштерінен басталады. Ежелгі түркі шешендері: Алып Ер Тұңға, Анақарыс,Тонықұқ, Тұмар (Томирис), Еділ (Атилла), Мөде хан т.б.
Ұлттық шешендік өнер негізі түркі халықтарына ортақ көне түркі шешендігінде де жатыр. Мысалы, Орхон-Енисей ескерткішіндегі толғау, жоқтау, арнау, мадақтаулар – шешен сөйлеу тәсілдері. Көне түркі шешендігіне Қорқыт ата жырлары да жатады.
Ұлттық шешендік өнердің жалғасы орта ғасырдағы М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Яссауи, А.Иүгнекилердің жазба мұраларында жатыр.
Б.Адамбаев қазақтың шешендік өнерін Майқы би мен Аяз биден бастатады. Бұл – шамамен XI–XIII ғасырлар аралығы. Қазақта «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген мақал да кездеседі.


Қазақтың шешендік өнері
•Қазақтың шешендік өнерінің өкілдері:

Ғасыр

Би-шешендер

XII–XIII

Майқы би, Аяз би

XIV–XV

Асан қайғы, Жиренше шешен

XV–XVIII

Шалкиіз, Бұқар жыраулар т.б.

XVIII

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Шортанбай, Дулат, Мұрат т.б.

XVIII–XIX

хан-сұлтандарға қарсы шыққандар: Байдалы би, Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешен
Бек-болыстарға қарсы шыққандар: Сырым Датұлы, Досбол шешен т.б.

Шешендер – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі.


Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қалай сөйлейтініңді біл».


Бұқар жырау:
Көш бастау қиын емес –
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын –
Шешімін тапппас дау бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет