Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет24/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

Әділет бейнесі – Күнтуды бек;
Бақыт бейнесі – Айтолды уәзір;
Ақыл-сана бейнесі – уәзірдің баласы Өгдүлміш;
Қанағат бейнесі – уәзірдің бауыры Одғұрмыш;

  • Бұл еңбегін Қараханид мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап «Дәрдә Хұсайын» («Хұсайынның қасіреті») деген күй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» (сарай министрі) деген атақ берген. «Хас Хажыб» - араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.

Ақынның «Құтты біліктен» басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған.


МАХМҰТ ҚАШҚАРИ
(Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед)
(1029–39 ж.ж. аралығында туған. Өлген жылы белгісіз.)
Туған жері: Ыстықкөл маңайындағы Барысхан қаласы. Қашқарда өмір сүрген.
Қызметі: түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы.
Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан.
Ол Қашқарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариғат пен хадис бойынша білім алды. Араб, парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді.
XI ғасырда «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапты 1072-1078 ж.ж. Бағдад қаласында жазып бітірген.
Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған.
Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А.Абдулфатхтың 1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.
3 томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты.
Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді пайдаланды. Ауыз әдебиетінің жоқтау («Алып Ер Тұңға өлді ме?»), айтыс («Жаз бен қыстың айтысы») үлгілерін де қамтыды. Кітапта ерлік істерді мадақтаған, табиғат көріністері мен ғашықтықты жырлаған жыр шумақтары кездеседі.
Түркі топырағында Яссауиден басталады деп танылып келген сопылық поэзия үлгілерін М.Қашқаридің сөздігінен табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет