Жай қайталау – өлең тармақтарында бір сөз әр жолда қайталануы. Мысалы,
Мұнар да мұнар мұнар күн
Бұлттан шыққан шұбар күн (Махамбет)
Эпифора – сөз немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы. Мысалы,
Күншілдер өледі көңілін от қарып
Батырлар өледі борышын атқарып (Қ. Мырза Әли)
Еспе қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталануы. Мысалы,
Сарқырайды мұз бұлақтар
Мұз бұлақтар у да шу. (С. Сейфуллин)
Эпизод – (грек. қоспа, үстеме, кірістіру) көркем шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе өзара байланысқан оқиғаның бір көрінісі мен бөлшегі.
Аңыз – тарихи шындыққа негізделген, халықтың жадында сақталған, уақыт өте келе өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады.
Параллелизм – (грек. қатарлас, қапталдас) екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Бұл көркем әдебиетте ақын өзінің көңіл-күйіне ұқсас жайларды, сол сияқты табиғат құбылысын қатар алып, өзінің ой-сезімін көрсетуге тырысады. Мысалы,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді
Ел анасы – менің анам
Сырдың сұлу өзені. (Ә. Тәжібаев)
Мысалы,
«Ер Тарғын» жырында:
Асыл туған Ақжүніс
Күнді байқап қарасам
Күнді бұлт қоршайды
Күнде жауарға ұқсайды.
Мінездеме – көркем шығармадағы кейіпкерге тән мінездерін, ой-пікірін, адамдармен қарым-қатынасын, сөйлеу әдебін, іс-әрекетін жинақтап айту.
Диалог – (грек. сезім, құмарлық) ақын ойының аса қуаттылығы, көңіл-күйінің көтеріңкі берілуі. Мысалы, С.Мәуленовтің «Менің Республикам» атты өлеңі жоғары пафоста жазылған.
Әсірелеу (гипербола (грек. күшейту) – суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырынан үзінді:
Сонда Бурыл гуледі
Табаны жерге тимеді
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай келеді.
Шендестіру (антитеза) – керағар екі затты немесе ұғымдарды қарама-қарсы қоя отырып келесі бір ұғыммен немесе заттың, құбылыстың сипатын айшықтайтын әдеби әдістің бір түрі. Мысалы,
Қара жерге қар жауар
Қарды көр де етім көр... (Ер Тарғын жыры)