Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет160/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   168
V. Ажарлаудың түрлері:
1. Дауыс ырғағы (интонация)
2. Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау (Аллитерация)
3. Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау (Ассонанс)
4. Айқындау (эпитет)
5. Теңеу


VI. Құбылтудың (троп) түрлері:
1. Ауыстыру (метафора)
2. Кейіптеу (олицетворение)
3. Пернелеу (аллегория)
4. Астарлау (символ)
5. Алмастыру (метонимия)
6. Мегзеу (синекдоха)
7. Кекесін (ирония)
8. Мысқыл (сарказм)
9. Ұлғайту (гипербола)
10. Кішірейту (литота)
11. Әсірелеу (гротест)
12. Тыйым салу (табу)
13. Сыпайылап сөйлеу (эвфемизм)


VII. Айшықтаудың (фигура) түрлері:
1. Арнау:
а) жарлай арнау
ә) сұрай арнау
б) зарлай арнау
2. Қайталау:
а) жай қайталау
ә) еспе қайталау
б) әдепкі қайталау (анафора)
в) кезекті қайталау (эпифора)
3. Шендестіру (антитеза)
4. Дамыту (градация)
5. Сөз орнын ауыстыру (инверсия)
6. Сөз тастап кету (эллипсис)
7. Егіздеу (параллелизм)


VIII. Әдеби шығармалардың түрлері:
әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б.


IX. Әдебиеттің тектері: эпос (проза), лирика (поэзия), драма;
1. Эпос:
а) шағын көлемді эпикалық түр: аңыз, ертегі, мысал, әңгіме, фельетон, очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер;
ә) орта көлемді эпикалық түр: повесть, поэма;
б) кең көлемді эпикалық түр: роман, эпопея;
2. Лирика:
а) баллада, ода, идиллия, мадригал, эпигея, романс, эклога, сонет, эпиталама; эпиграмма, арнау;
ә) саяси, философиялық, махаббат, табиғат лирикалары;
3. Драма: трагедия, комедия, пьеса;


X. Көркем әдебиеттің тілі:
проза – қара сөзбен жазылған шығармалар;
поэзия – өлеңді шығармалар;


XI. Өлең құрылысы:
Буын – Бунақ – Тармақ – Шумақ – Ұйқас.


Анафора – сөз немесе сөз тіркесінің жол басында қайталануы. Мысалы,
Алтайдың арғы беті, бергі беті
Алтайдың біз тұрған жер ылғар шеті...
Ағажай Алтайдай, жер қайда-ай?
Ағажай Алтайдай, ел қайда-ай? (Халық өлеңі)
Әсірелеу (гипербола, грек. күшейту) әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Ол көбінесе батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады. Мысалы,
Астындағы Бурылдың
Жоғарғы ерні көк тіреп
Төменгі ерні жер тіреп (Қобыланды батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет