Қызметі:әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Руы – Арғын. Арғын руының қабырғалы билерінің бірі.
Сөйлегенде қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болғандықтан, оны «Көмекей әулие» деп атаған.
Жырау жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Қиын сәттерде Абылай ханға кеңес берген, елді жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған.
Бізге жеткен жырлары 1200-дей жол. Жырау өлеңдерін М.Ж.Көпеев жазып қалдырған. М.Ж.Көпеев: «Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аплатонның ақылы керек».
Бұқар өлеңдерін өмір, бірлік, ерлік және Абылай туралы деп бөлуге болады.
«Ей, Абылай, Абылай»
«Абылай ханның қасында»
«Ал, тілімді алмасаң»
«Қазақтың ханы Абылай»
«Ханға жауап айтпасам»
«Басыңа біткен күніңіз»
«Сен он бір жасыңда»
«Ал, айтамын, айтамын»
Абылай ханның көрегендігін, даналығын, қиын сәттерде ел ұйытқысы болғанын жырлаған шығармалары
«Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға»