Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты ақпаратты түрлі дереккөздерден алып, өңдеп, себеп-салдарлық байланысын анықтап, бейнежазба түрінде көрсетеді. Мәтін кейіпкерінің іс-әрекетіне баға береді.
Оқушылардың басым бөлігі:Тақырыпқа қатысты пікірлер жайлы өз көзқарасын білдіреді.
Кейбір оқушылар: Ақпараттарды салыстырып, әлсіз, мықты тұстарын ажырата алады.
Бағалау критерийлері:
Кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды.
Түрлі дереккөздерден ақпарат алуды үйренеді.
Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада орындауға қатысады.
Құндылықтарды дарыту
Ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, кез
келген ортада, ұжымдық жұмыста коммуникативті болу
Пәнаралық байланыстар
Жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары
Бейнежазба түсіруге қажетті деректер іздеу үшін ғаламтор желісі,
бейнекамера.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады. Ауа райына
білім
қатысты шартты белгілерді, ауа райына қатысты халықтық
болжамдарды біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған әрекет
Ресурстар
Басталуы
Қызығушылықты ояту
(МК, Ұ) «Ойыңмен бөліс» айдары бойынша мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды
-Ертеде адамдар күн райын қалай болжаған?
-Қазір күнделікті күн райын қайдан білеміз?
-Алдын ала күн райын болжайтын орталық қалай аталады?
-Ауа райында болатын өзгерістерге бақылау жасап көрдің бе? Осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісуге болады.
Ортасы
Мағынаны тану
(Т) «Бірлесе отырып орындау» айдары бойыншаоқушылар еліміздің картасын пайдаланып, жеріміздің батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік бөлігінің бірінің ауа райын хабарлау үшін тележүргізуші (диктор) рөліне еніп, ертеңгі күн райына хабарлама жасайды.
І топ – Оңтүстік Қазақстан ІІ топ – Солтүстік Қазақстан ІІІ топ – Шығыс Қазақстан
ІV топ – Батыс Қазақстан аумағындағы ауа райының болжамын телехабар арқылы беру үшін бейнежазба түсіреді.
Дескрипторы:
Тележүргізуші диктор рөліне еніп, ертеңгі ауа райына хабарлама жасайды.
Шартты белгілерді пайдаланып, ауа температурасын көрсетеді.
Бейнежазба түсіреді.
«Бағала»_айдары'>(Ж, ҚБ) «Бағала» айдары бойынша
Маған диктор болу ұнады, себебі ...
Ауа райын хабарлауда ойымды дұрыс жеткізуде қиналдым/қиналған жоқпын.
Бірлескен жұмыста ... көмектестім.
«Диктор болу үшін .... маңызды екенін түсіндім» деп өз білімдерін бағалайды.
Ғаламтор ақпараттарын пайдаланады
Жұмыс дәптерлері, Оқулық
(Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша «Джигсо» әдісімен
«Құралай» мәтінін төрт бөлікке бөліп, топтағы 1-ден 4-ке дейін
нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес бөлікті оқиды. Басты
мақсат – мәтінді оқу, ақпаратпен танысу.
Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар»
тобы құрылады. Мақсаты: тақырып бөлігінің мазмұнын бірлесе
игеру, қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру.
Бастапқы топқа оралып, әр оқушы мәтіннің өз бөлігін
баяндайды:
- тірек сөздер кестесі;
- мәтін жоспарының сызбасы;
кластерлер;
мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар арқылы түсіндірулері мүмкін.
Дескрипторы:
Мәтінді оқып, ақпаратпен танысады.
Мәтін мазмұнын топта талқылайды.
Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Сөздердің мағынасын ашу.
Түз тағысы – жабайы аң
Астроном – аспан әлемін зерттеуші ғалым Бейкүнә жануар – зияны жоқ жануар
Көген – қой сауған кезде қозы-лақтарды мойнынан тізбектеп байлап қоятын ұзын арқан.
Періште – діни ұғым бойынша адамға Алланың әмірін жеткізуші.
(МК, Ж)- «Дарқан даланың тілін ұқ, сырын сезуге тырыс»
деген атасының сөзін түсіндіреді.
Дескрипторы: Ойды өз сөздерімен түсіндіре алады.
(Т) «Бағала» айдары бойынша шығарма кейіпкерлерінің іс- әрекетін бағалайды.
Дескрипторы: Шығармадан өзі таңдаған кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.
Өз пікірін дәлелдермен негіздейді.
ҚБ:«Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.
(Т) «Дәлелде» айдары бойынша атасының немересіне айтқан ақылдарынан мәтіннің негізгі ойы болатындай дәлелді сөзді тауып, өз таңдауларын дәлелдейді.
Дескрипторы: Өз пікірлерін деректер келтіре отырып дәлелдейді.
«Білгенге маржан» айдары.
Метео-жерсерік– күн райын бақылау үшін ғарышқа ұшырылған жасанды жерсерік. Жерсеріктен алынған мәлімет компьютерге әртүрлі картина түрінде келіп түседі. Ал метеорологтер соған сай өз болжамдарын жасап, болуы мүмкін дауыл, жаңбыр, аптап ыстық, жел, қардың жаууы және т.б. туралы ақпарат таратады.
Аяқталуы
Рефлексия
(Т) «Қорытындыла» айдары бойынша «Ауа райын халықтық болжау қандай жағдайда қажет?» деген тақырыпқа постер жасайды.
Дескрипторы: Ауа райын халықтық болжаудың қажеттіліктерін санамалап көрсетеді.
ҚБ:«Оң көрші» әдісі арқылы өзара бағалау жүзеге асады.
Үй тапсырмасы:Мәтіннен кешкі күннің бату сипатын көшіріп жаз.
Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Жіктеу: Джигсо тобына жіктеу жүргізіледі.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау парақтары, «Отшашу» әдісі
Сабақ бойынша рефлексияСабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?