Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау


жүйелі-әрекеттік тәсілдеме



бет4/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290

жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;


  • дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс- әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  • дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).


    «Әдебиеттік оқу» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

    Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

    Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Әдістемелік берілген жеке, жұпта, топта орындауға арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінен оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді.

    Оқулықта әрбір тақырып бойынша «қорытынды жаса», «тұжырым жаса», «ойлан» айдарлары арқылы жеке, топтық рефлексия жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, әр бөлім аяқталғаннан кейін бөлім бойынша білімді пысықтау мен бекіту мақсатында «Өзіңді тексер» айдарымен тапсырмалар жүйесі ұсынылды. Бұл тапсырмаларды мұғалім қалыптастырушы әрі жиынтық бағалау тапсырмасы ретінде қолдана алады.

    Жұмыс дәптерлерінде «Алақай», «Жарайсың», «Әттеген-ай» деп аталатын сөздер арқылы оқушы өзінің жетістігін бағалай алады. Бұл сөздер арқылы эмоциялық рефлексия жүзеге асады. Яғни, баланың өз эмоциясы арқылы саналы оқуға түрткі бола алады деген үміттеміз.

    Сабақ құрылымын тиімді
    жоспарлау

    Сабақ – оқытудың белсенді әдістері арқылы білім, білік, дағдыны дамыту мен қалыптастыруда белсенді оқу үдерісі болғандықтан, әр кезеңнің мақсатын, атқаратын қызметін түсініп жоспарлау маңызды екенін атап өткізіміз келеді.



    Жаңартылған білім мазмұны аясында үлгі ретінде берілген жоспар негізгі үш кезеңді қамтиды. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен атқаратын қызметі зор. Мұғалім осы кезеңдердің аражігін түсініп алса, жоспарлау аса қиынға соқпайды деп санаймыз. Сондықтан әр кезеңде жоспарлауға тиіс әрекеттер тізімін жіктеп ұсынып отырмыз. Оқу кезеңдері бойынша әрекеттер тізімі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Біз жалпы осы әрекеттердің оқыту мен оқу үдерісінде ескерілгені маңызды екенін көрсету мақсатында ұсынып отырмыз.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет