Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Мектеп
|
12-сабақ тақырыбы: Өзіңді тексер
|
Күні
|
Мұғалімнің есімі
|
Сынып
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабаққа негізделген оқу
мақсаты
|
4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және
бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Тарау бойынша алған білімдерін жинақтап, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі:Әдеби көркемдегіш құралдарды біледі, қолданады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өзіндік ой түйіндеп, эссе жазады.
|
Бағалау критерийлері:
|
Тарау бойынша алған білімін бекітіп, өзін-өзі бағалайды.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
|
Пәнаралық байланыстар
|
Жаратылыстану, Дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ғаламтор желісін пайдалану
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
|
«Менің Отаным – Қазақстан» тарауын меңгерген
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Қызығушылықты ояту.
«Қазақстан жерімен сиқырлы саяхат» атты ойын-сабағымызды бастаймыз. Саяхат барысында 6 аялдамаға аялдап, кедергілерді еңсереміз де, мәреге бірге жетеміз» деп, саяхат маршрутын оқушылармен талдап, нақтылап алған соң, тарау бойынша бекіту жасалатындығын хабарлау.
|
Карта
|
Ортасы
|
Мағынаны тану.
(Т) 1-аялдама: «Ақпараттар» аялдамасындашағын топтар суретте берілген жазушылар туралы білімдерін ортаға салады. Дескрипторы:__Тарау_бойынша_оқылған_материалдарды_еске_түсіреді.__Ақпараттарды_тірек_сөздер_арқылы_жазады.__ҚБ'>Дескрипторы:
Тарау бойынша оқылған материалдарды еске түсіреді.
Ақпараттарды тірек сөздер арқылы жазады.
ҚБ: Бағалау парақтарына дескрипторды негізге алып, өзін-өзі бағалап, белгі қояды.
Келесі аялдамаға бару үшін шағын топтар сағат тілі бағыты бойынша орын ауыстырады.
2-аялдама: «Сұрақтар» аялдамасындаәр шағын топ жеңіл
сұрақтар қояды: ≪Ақдауыл хан≫ ертегісіндегі оқиғаның
|
Флипчарттар, фломастер, маркерлер, ақпараттық, анықтамалық әдебиеттер
|
|
басталуына не себеп болды? Ертегінің басты кейіпкері кім? Күрделі сұрақ: Ертегінің негізгі ойы не деп ойлайсың?
Ертегідегі оқиға қалай шиеленісіп, дамыды?
Берілген сұрақтарды топта талқылап, ойларын ортаға салады.
Дескрипторы:__Мәтін_тақырыбын_анықтайды.__Қысқаша_мазмұнын_еске_түсіреді__ҚБ:_«'>Дескрипторы:
Тірек сөздер негізінде 1 жеңіл, 1 күрделі сұраққа жауап тауып айтады;
Ханның жүрген жолын сызба арқылы бейнелеп, сол бойынша мазмұнын әңгімелейді.
ҚБ: Бағалау парақтарына дескрипторды негізге алып өзін-өзі бағалап, белгі қояды.
Сағат тілінің бағытымен қозғалып, келесі топқа барады.
3-аялдама: «Жауаптар» аялдамасындасөздікті қажетті сөздермен толықтырады. Өз жауаптарын деректермен негіздейді. Дескрипторы:
Сұрақтың ықтимал жауаптарын ұсынады;
Жауаптарды деректермен негіздейді.
ҚБ: Бағалау парақтарына дескрипторды негізге алып өзін-өзі бағалап, белгі қояды.
Сағат тілінің бағытымен қозғалып, келесі топқа барады.
4-аялдама: «Терминдер» аялдамасында өлеңнен аллитерация, ассонанс дыбыстарды атайды
Әр ауылы – ән атау, Жетісу – жер жаннаты. Асқаралы Алатау,
Құшағында – Алматы.(А. Сейтақ)
Дескрипторы:
Термин сөздерді еске түсіреді.
Әдеби көркемдегіш құралдарды қолданады. Ұжымға жариялайды.
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
Сағат тілінің бағытымен қозғалып, келесі топқа барады.
5-аялдама: «Өзгерту» аялдамасындасөйлемдегі парыз сөзін синоним сөзбен өзгертіп оқиды.
Парыз – міндет, борыш
Дескрипторы:
Синоним сөздерді таба алады.
Ұжымға жариялайды.
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
6-аялдама: «Анықта» аялдамасы
Омбы, Василий Матвеевич, Ертіс, сағыныш сөздерімен байланысты мәтіннің тақырыбын анықтайды
Мәтіннің қысқаша мазмұнын еске түсіре отырып, топта оның түйінді ойын талқылайды, содан соң сәйкес мақал айтқызуға болады
Дескрипторы:
Мәтін тақырыбын анықтайды.
Қысқаша мазмұнын еске түсіреді
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
7-аялдама: «Есіңе түсір» аялдамасында
|
|
|
Бұл тұжырымдардың қайсысы қате екенін анықтап, өтілген материалдарды еске түсіреді
«Қадыр Мырза Әли – геолог»
«Қаныш Сәтбаев – геолог»
«Тұманбай Молдағалиев – ақын»
Дескрипторы:
Өтілген шығармаларды еске түсіреді.
Қате пікірді анықтап, дәлелдермен негіздейді
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
8-аялдама: «Ақындар» аялдамасындамына өлең шумағын мағынасына қарай толықтырып, өз нұсқаларымен жалғастырады. Туған … –тағдырым, Туған елім – тағдырым,
... кетсем сағындым. Алыс кетсем сағындым. Сен ... жүректе, Сен әрқашан жүректе, Таусылмайтын ән – … . Таусылмайтын ән-жырым.
Дескрипторы:
Өлең жолдарын толықтырады.
Өлең шумағына ұйқастырып жалғасын жазады. Ұжымға жариялайды.
ҚБ: «Отшашу» әдісі
9-аялдама: «Диалог» аялдамасында
Саяхат жетекшісі, саяхатшы болып, суреттер бойынша сұрақ- жауап түрінде диалогпен сөйлесу
Дескрипторы:
1.Саяхат жетекшісі, саяхатшы болып, суреттер бойынша сұрақ- жауап түрінде диалогпен сөйлеседі.
2. Ұжымға жариялайды.
ҚБ: «Отшашу»
10-аялдама: «Кесте» аялдамасында Сұрақтарға «иә, жоқ» деп жауап береді. Дескрипторы:
1.Тарау бойынша берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп қысқа жауап қайтарады.
11-аялдама: «Сәйкестендір» аялдамасында
Мәтін тақырыбы мен мәтін кейіпкерлерін сәйкестендіреді.
Дескрипторы:
Тарау бойынша өтілген әр мәтіннің кейіпкерлерін анықтай алады.
Ұжымға жариялайды.
ҚБ: «Отшашу»
|
|
Аяқталуы
|
Ойтолғаныс
«Өз миыңды сал» әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Қағаздарын сынып қабырғасына іледі.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
|
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау парақтары
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |