Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет83/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   290
Байланысты:
Adeb Oku Metodika 4 kl Kaz basic-конвертирован

Аяқталуы

Рефлексия

«Тұжырымда» айдары бойынша оқушылар кестені толтырады. Өзі толтырған кестесін бір-біріне оқып береді. Оқушылардың қорытынды ойлары салыстырылады.

Мәтінде маған үлгі болған Менің қорытынды ойым сөз (мақал)
«Өз миыңды сал» әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған

Арнайы парақшалар










































қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Қағаздарын сынып қабырғасына іледі.

Үй тапсырмасы: Өз денсаулығыңды күтуге арналған ереже құрастыр. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жинақтап жаз.




Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.



Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?









Мектеп:

23-сабақ тақырыбы: Өзіңді тексер

Күні

Мұғалімнің есімі

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және

бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тарау бойынша білімін тексеріп, бағалай алады. Өткен сабақтарды қайталап, есіне түсіреді.

Көптеген оқушылар: Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтай алады.

Кейбір оқушылар: Өткен тақырып бойынша жабық сұрақтар құрастыра алады.

Бағалау критерийлері:

Тарау бойынша алған білімін бекітіп, өзін-өзі бағалайды.

Құндылықтарды дарыту

Бөлімде танысқан құндылықтарды атай отырып, адам өміріндегі

маңызын түсінеді.



Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісін пайдалану

Алдыңғы оқу/ Бастапқы

білім

«Құндылықтар» тарауын меңгерген

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

«Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі

Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет

терең демалыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға


Бұлт суреттері




ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін ... (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада

ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер!






Ортасы

Мағынаны тану

- Оқушылар, бүгінгі сабақ «Арман аспанын безіндіру» деп аталады. Сендер әр тапсырмаға әдемі ақ бұлттарды алып, мына тақта-аспанымызға жабыстырасыздар. Сабақ соңында мен сендерге арманның орындалу құпиясын айтып беремін. Олай болса, іске сәт!

Бір тапсырмаға бірнеше жауап қабылданады.

(ЖЖ) 1-бұлт тапсырмасы: Бөлімде танысқан құндылықтарды атап шығыңдар. Топ ішінде құндылықтардың адам өміріндегі маңызын түсіндіріп айтыңдар.

ҚБ: Дұрыс жауапты ақ бұлтшалар арқылы бағалау

2-бұлт тапсырмасы: «Ғажайып бақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді естеріңе түсіріп, олардың адами жақсы қасиеттерін атаңдар.

3-бұлт тапсырмасы: Қазақ әліпбиінің тарихы туралы не білдіңдер?

ҚБ: Дұрыс жауапты ақ бұлтшалар арқылы бағалау

4-бұлт тапсырмасы: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жаз. Үлкенге – ... (көмек, құрмет)

... белгісі – иіліп сәлем бергені ( әдемілік, әдептілік )



ҚБ: Бірін-бірі бағалау

5-бұлт тапсырмасы: Үлгіге қарап, мағыналы тіркес құрастырып жаз.

Сөз Қажетті сөз Тіркес сөз үлгісі

Флиппчарттар, фломастер, маркерлер, ақпараттық, анықтамалық әдебиеттер




тағзым қарт қарт тәлімі

нысапсыз тіл тілге тағзым

тәлім бай нысапсыз бай








ҚБ: Бірін-бірі бағалау

6-бұлт тапсырмасы:

- Саң Жие өз халқы үшін қандай құнды жаңалық жасады? Бұл мәтін ауыз әдебиетінің қай түріне жатады: ертегі, шешендік сөз, батырлар жыры



7-бұлт тапсырмасы:

«Ғажайып бақ»-... ертегісі

Ертегіде қария ... сөзіне риза болды

8-бұлт тапсырмасы:Оқып, үзінді қай мәтіннен алынғанын есіңе түсір. Бұл кімнің сөзі?

«...Дегенмен, көргендінің аты көргенді-ау, шіркін! «Жақсылыққа



























































жақсылық – әр кісінің ісі» деп халық тегін айтты дейсің бе!» 9-бұлт тапсырмасы: «Көпті көрген қарт» сөзінің мағынасы: а) дана қария;

ә) көп жерді саяхаттаған адам;

б) көз жанары жақсы көретін адам.

ҚБ: Бірін-бір бағалау

10- -бұлт тапсырмасы: Сөзжұмбақты шеш. а) Бұл жазба жұмысы қалай аталады? (Эссе)


  • тақырып таңда;

  • өз пікірің болсын;

  • пікіріңді дәлелде;

  • қорытынды ойың болсын.

ә) Атақты шешендердің есімдеріне ортақ сөз; (би)

б) Бұл қай көркемдеуіш құрал: айдай, аюдай, күндей; (теңеу) в) Эпитет сөздерге сұрақ қой: қазыналы қарт, шешен адам, әділ би; (қандай?)

г) Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой.

Ақынның өлеңде бір нәрсені, құбылысты бірнеше рет қайталап, суреттелетін затты шамадан тыс асырып айту тәсілін ... дейміз. (әсірелеу)

Сөзжұмбақ жауаптары:

1. Э с с е 2. Б и 3. Т е ң е у 4. Қ а н д а й ? 5. Қ а й т а л а у



Саралау

Өткен тақырып бойынша кемінде 2 сұрақ құрастыр.

– Тамаша, балалармен сабақ басында қандай уәде беріп едім. Сол уәдеде тұрайын. Арманға жетудің құпиясын мына өлең жолдарымен айтып өтсем.

(Мұғалім дауыс ырғағына келтіріп, төмендегі өлеңді оқиды) Арманың орындалсын десең егер,

Балақай, бойда болсын ой мен жігер. Жолында ақ арманның қиындық көп, Қорықпа, адал еңбек оны тірер.

Білімді ұмытпағын ол да керек, Әрдайым соға берсін адал жүрек, Білім мен арман келіп мақсат құрар, Сол мақсат өмірдегі нағыз тірек.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет