4.2.8.1 Эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Оқушылар иллюстрациялар, фотосуреттерді пайдаланып тақырыпқа қатысты таныстырылым жасайды. Мәтінді оқу барысында эпизодтар мен оқиғалар негізінде жатқан маңызды тұстарды анықтап, талдайды.
Оқушылардың басым бөлігі:Тақырыпқа қатысты өз тұжырымдарын білдіріп, дәлелдер келтіреді.
Кейбір оқушылар: Эссе жазуда өз мүмкіндіктерін кеңінен аша алады.
(МК) «Қағып ал, жауабын тауып ал» ойынымен бастауға болады. Мұғалім кішкентай допты лақтырып, халық ауыз әдебиетінің бір түрін атайды, ал қағып алған бала анықтамасын айтады. Анықтамасын айта алған оқушы ойынды жалғастырады, яғни келесі бір түрін атап, допты басқа балаға лақтырады.
Мұғалім ойынның идеясын бүгінгі тақырыппен байланыстырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.
(Т) «Пікіріңді дәлелде» айдарыбойынша
«Тұжырымдар» кестесі беріліп, сол кестедегі тұжырымдарға қатысты өз пікірлерін дәлелдеу ұсынылады.
Мақсаты: Белгілі бір тақырып төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, тұжырымдарға қатысты дәлелдер келтіруге үйренеді.