Лексикалық тақырып: ЖЕКЕ ТҰЛҒА
Өзім туралы
Менің атым – Айнұр. Мен университетте бірінші курста оқимын. Менің болашақ мамандығым – заңгер. Менің отбасым үлкен және тату. Әкем мен анам Ұзынағаш ауылында тұрады. Ал мен Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде оқып жатырмын. Маған Қарағанды қаласы да, университетім де өте ұнайды. Достарым мен құрбыларым да көп. Барлығымен жақсы араласамын. Өзім ұзын бойлы, қараторы қызбын. Шашымның түсі - қара, қой көздімін. Мінезім ашық, адамдармен тез тіл табысамын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын. Волейбол ойнағанды ұнатамын. Қазір университеттің жатақханасында тұрып жатырмын. Жатақханада бәрімен жақсы қарым-қатынастамын. Қасымдағы қыздармен тамақты кезектесіп жасаймыз. Бос уақытымызда жатақхана ауласында серуендеп, балмұздақ жеп қайтамыз. Ата-анамнан алыста болсам да, жаңа студенттік өміріме үйреніп қалдым.
Менің әуестігім (хобби)
ХХІ ғасырда көп адамдардың бос уақыттары болмайды. Адамдар жұмыс істейді, оқиды. Сондықтан олардың уақыттары аз. Алайда, кейбір адамдар әуес ісіне уақыт бөледі. Әр адамның әуес ісі әртүрлі, себебі қызығушылық бірдей емес. Мысалы, марка жинайтын, кітап оқуды ұнататын, көне заттарды жинайтын, сауда жасауды ұнататын адамдар болады. Алайда, барлық адамдар өздері жақсы көретін істерді таңдай алмай жатады. Оның түрлі себептері бар. Мысалы, кейбір әуес іске ақша керек. Мысалы, марка жинау, көне заттарды жинау, мүсін жасау, қайықпен жүзу. Әуес іс арқылы ақша табатын және оны кәсіп ететін адамдар да бар. Солардың бірі – Александр. «Мен студентпін. Мен гитарада ойнауды жақсы көремін. Гитараны өте жақсы білемін. Бірінші гитарамды ата-анам сатып алып берді. Ол гитара да ескірді. Жаңа гитара сатып алғым келді. Не істеймін? Сосын интернет дүкеннен іздедім. Таптым, бірақ қымбат. Не істеу керек? Фирмалық күртешемді ғаламтор дүкен арқылы саттым. Сол ақшаға гитара сатып алдым. Гитараның кейбір жерін жөндедім, жаңа гитара секілді болды. Сосын маған бір ой келді. Гитараны қайта саттым. Екі есе бағамен. Содан бері ескі гитара сатып аламын, оны жөндеймін, сосын қайта сатамын. Менің жақсы көретін ісім ақша табуға көмектесті және кәсібіме айналды»
Лексикалық тақырып: Отбасы және дәстүр
Менің отбасым
Мен екі мың төртінші жылы Ақтөбе қаласында тудым. Менің атым – Думан. Біздің отбасымыз үлкен, отбасымызда бес адам бар. Олар: әкем, анам, әпкем, інім және мен. Менің әкем – инженер. Ол бірлескен кәсіпорында жұмыс істейді. Әкемнің жасы қырық бесте. Менің анам - тәрбиеші. Ол балабақшада істейді. Шешемнің жасы отыз тоғызда. Анам жұмысын жақсы көреді. Оған жұмысы ұнайды. Әпкем университеттің төртінші курсында оқиды. Оның болашақ мамандығы – дәрігер. Раушан көп оқиды, керек кітаптарды кітапханадан алады. Менің інімнің аты – Дәурен. Дәурен тоғызыншы сынып оқушысы. Ол мектепте оқиды. Ол болашақ мамандығын әлі білмейді. Мүмкін ол суретші болады, себебі ол сурет салуды жақсы көреді. Мен Қарағанды университеті, экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің бірінші курсында оқимын. Менің достарым көп. Біз кейде киноға, көрмелерге барамыз. Әдетте біз бір-бірімізге көмектесеміз. Университеттен соң мен шет тілдері институтына барамын, себебі маған шет тілдері өте ұнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |