Адамның жан дүниесі
Менің егіз ағам бар. Біреуінің аты – Айбек, екіншісінің аты – Нұрбек. Біз бәріміз ата-анамызбен бірге Қарағанды облысындағы Қаражал ауылында тұрамыз. Мен қара шаңырақ иесімін, әке-шешеммен бірге тұрамын, ал егіз ағам отау тігіп, отбасыларымен бөлек тұрады. Бауырларым бір-бірінен айнымайды. Екеуінің де көзі қара, шашы қоңыр. Олардың әуестігі де ұқсас. Егер балалық шағында Айбек маркалармен әуестенген болса, Нұрбек төсбелгілерді жинады. Екеуі де қазір спортпен айналысады. Олардың бір ғана айырмашылығы бар. Айбектің мойынында кішкентай ғана қалы бар. Бірінші болып дүниеге келген – Нұрбек, 10 минуттан кейін дүниеге Айбек келді. Қазір олардың жасы жиырма сегізде. Егіз бауырлар өздері туралы талай қызықты әңгімелер айтады. Егіздердің біреуі ауырса, екіншісі де ауырып қалады екен. Бір қызығы, олардың тістерінің де орналасуы бірдей.
– Соңғы жылдары бір-бірімізге қатты ұқсаймыз. Бұрын мен толықтау, ал Нұрбек арық еді, қазір бірдейміз. Тек қана маған қарағанда Нұрбектің бойы сәл аласа, - дейді Айбек, - әзілді мен айтып жатсам, қазір ғана оны Нұрбек айтты деп күледі достарымыз. – Мен банкте департамент меңгерушісі болып жұмыс істесем, Нұрбектің өз фирмасы бар. Ол азық-түлік сатумен айналысады. Көшеде оның әріптестері маған: «Неге амандаспайсың?» – деп ренжіп қалады. Мен Нұрбек емеспін, Айбекпін. Нұрбек менің сыңарым дегенде ғана түсінеді, - дейді Айбек.
Менің достарым
Сәлеметсіз бе, Анашым! Қалыңыз қалай? Менде бәрі жақсы. Менің жаңа достарым көп. Жақын достарым – Айлин және Лиза. Айлин 18 жаста. Оның ұлты Түрік. Айлин түрікше, ағылшынша және қазақша біледі. Ол әдемі және жақсы қыз. Айлиннің ағасы, сіңлісі бар. Айлиннің үлкен ағасы 20 жаста, ал сіңлісі 15 жаста. Менің атамның, әжемнің, әкемнің, інімнің қалдары қалай? Сәлем айтыңыз! Сәлеммен қызыңыз Айжан.
Менің туған күнім
Мен Астана қаласында тұрамын. Менің отбасым үлкен. Менің екі ағам және әпкем және ата-әжем бар. Біздің отбасы өте тату. Әр мерекеде, туған күндерде жиналып, бәріміз бірге тойлаймыз. Әкемнің інісі отбасымен бірге біздің үлкен үйге келеді. Олардың балаларының туған күндерін де бірге тойлаймыз.
Бүгін 25 наурыз – менің туған күнім. Анам мен әжем кешеден бері қонаққа дайындалуда. Әжем бауырсақ пісіріп жатыр. Анам ет асып, көкөністерден салат жасап жатыр. Әпкем арнайы менің туған күніме үлкен торт әкеледі. Әкем екеуміз үйді жинастыруға көмектесіп жатырмыз. Бүгін көп тілектер айтылып, маған арнайы сыйлықтар беріледі. Оның ішінде тосын-сый да бар шығар. Бүгінгі менің туған күнім ерекше тойланатын сияқты. Өйткені менің бүгін 30 жас – мерейтойым!
Денсаулық – зор байлық
Жұмыста көңіл күйім болмады. Сұранып кеттім. Үйде қызуым көтерілді, басым мен тісім ауырды. Жөтел пайда болды. Қызуымды өлшедім, қызуөлшегіш 38 градусты көрсетті. Үйге дәрігер шақырдым. Дәрігер тамағымды қарады. «Бұл суық тию де, тұмау да емес», – деді. «Тамағыңыз ауырып тұр», – деді дәрігер. Қызуды түсіру үшін дәрі жазып берді. «Тамақты жиі шаю керек», – деді. Жұмысқа 1 апта бармадым. «Денсаулық – зор байлық» демекші, денсаулықты күтіңіздер!
Достарыңызбен бөлісу: |