Әдеп ережелері Амандасу (Сәлемдесу) – Приветствие



бет7/8
Дата04.08.2023
өлшемі32,38 Kb.
#105036
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Медиакурс материалдары

Уақыт – алтыннан қымбат
Күн тәртібі – уақытты дұрыс өткізу. Таңертең ерте оянып, жаттығу жасасаң, күнің жақсы өтеді. Таңғы жаттығудан кейін таңғы ас ішу керек. Түскі ас пен кешкі асты да уақытымен ішіп, уақытымен ұйықтау керек. Жұмыстан кейін жаяу серуендеген пайдалы. Кез келген уақытта ұйықтасаң, шаршаңқы жүресің. Күнің сәтті өтсін десең күн тәртібін сақтап, салауатты өмір салтын ұстану керек.


Жыл мезгілдері

Асқар: Салтанат, сенің сүйікті жыл мезгілің қандай?


Салтанат: Мен қысты жақсы көремін.
Асқар: Неге? Қыста аяз болады емес пе?
Салтанат: Мен қарды жақсы көремін. Қыста шаңғы тебесің. Жаңа жыл мейрамы болады. Ал, сен қай жыл мезгілін жақсы көресің?
Асқар: Менің сүйікті жыл мезгілім – көктем.
Салтанат: Неге?
Асқар: Көктемде күн жылы болады. Жылы жақтан құстар келеді, қар ериді, гүлдер шығады.
Салтанат: Жаз мезгілі ұнай ма?
Асқар: Жаз ұнайды. Жазда адамдар суға түседі, күнге күйеді. Бірақ маған күз ұнамайды.
Салтанат: Неге?
Асқар: Күзде күн салқындайды. Күн суық болады.
Салтанат: Келіспеймін. Күздің де қызықтары бар. Күзде жемістер піседі, балалар мектепке барады.
Асқар: Жақсы, сенің пікіріңмен келістім. Әр жыл мезгілі әдемі.
Көлік түрлері

Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған екен.


Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.
Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.
Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет