Менің туған жерім Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Елордамыз – Астана қаласы. Астана қаласында көрікті жерлер өте көп. Солардың бірі – «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. 2300 тонналы ғимарат Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерді. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас арнайы әйнектермен қапталған.
«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ Бұл этно-мемориалды кешен 2001 жылы 8 қыркүйекте ашылды. Картада 14 облыс және Астана, Алматы қалалары бар. Мұнда барлық табиғи зоналар мен ландшафттар, заманауи және тарихи ғимараттар, ескерткіштердің шағын мүсіндері тұр. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Бұқтырма су қоймасы, Президент Резиденциясы.
«ДУМАН» ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 2003 жылы мамырда жұмысын бастаған бұл кешенде ең қызығы – мұхитаралы. Су қоры 3 миллион литрге жетеді. Теңіз тіршілік иелерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Мұхитаралында мысық-акула кездеседі. Ол мысық сияқты дыбыс шығарады.
«АБУ ДАБИ ПЛАЗА» КЕШЕНІ Астананың тағы бір таңғажайыбы – көп мұнаралы Абу Даби Плаза кешені. Ол Орта Азиядағы ең зәулім ғимарат болып есептеледі. Құрылыс 2011 жылы басталды. Басты мұнара 88 қабаттан тұрады. Ең биік мұнаралар солтүстік тұстан тұрғызылған және даладан соғатын суық желге «сыртын» беріп тұр, ал күн панельдері оңтүстікке бағытталған. Бұл – экодизайн деп аталатын озық технологияларға сай жасалған жоба.
Қазақстанның көрікті жерлері Менің аты-жөнім – Данияр Өтекешев. Жасым – отыз бірде. Отбасым бар. Мен демалысымды отбасыммен шетелде өткізуді ұнататынмын. Бірақ былтыр университеттен келе жатқан досым өз ауылына қонаққа шақырды. Ол Шығыс қазақстанда тұрады. Бұқтырма өзенінің бойында өзінің жеке шаруасы бар. Ол бес жыл бұрын үлкен демалыс базасын ашқан. Онда ағаштан жасалған 10 үй бар. Жан-жағы орман, ауа таза. Балық аулап көрдім, аңға шығып көрдім. Бәрі тамаша! Мұнда ресейліктер де келіп демалады. Мен енді тек Бұқтырма жағалауында демалғым келеді. Жақында мен ғаламторда Қазақстан туризмі туралы блог жасадым. Сондағы ақпараттармен танысып қойыңыз.
Саяхат Бурабай Қазақстандағы танымал туристік орын. Бурабайдың табиғаты, қонақүйлері туристерге ұнайды. Бурабайды екінші Швецария деп атайды. Жаз кезінде орман, тауда жаяу серуендеуге болады. Ал қыста шаңғы, коньки тебуге болады. Сондай-ақ, Қазақстанда тарихи орындар көп. Мысалы, Айша-Бибі кесенесі, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі т.б. Ал, табиғи көрікті жерлер Шарын шатқалы, Көлсай, Қайыңды көлі т.б. бұл орындарға туристер көп келеді.