Менің мамандығым - Сәлеметсіз бе! Бұл фирмаға қандай мақсатта келдіңіз?
- Сәлеметсіз бе! Осы фирмада жұмыс жасағым келеді.
- Есіміңіз кім?
- Есімім – Сымбат.
- Мамандығыңыз?
- Менің мамандығым – қаржыгер.
- Біліміңіз қандай?
- Білімім - жоғары.
- Қайда оқыдыңыз?
- Мен Лондонда оқыдым.
- Бұрын қайда жұмыс жасадыңыз?
- Банкте жұмыс жасадым.
- Еңбек өтіліңіз неше жыл?
- Еңбек өтілім – 9 жыл.
Менің университетім
Сәлем, Ислам. Қалың қалай?
Қалайсың Карина? Не жаңалық?
Жаңалық сол, Қарағандыға көшкелі жатырмыз. Маған университет таңдауға көмектесші. Айтпақшы, сен қайда оқисың?
О, тамаша! Жүр кеттік, менің университетімді көресің.
Мен міне, осында оқимын. Бірінші курста. Мамандығым – Ақпараттық жүйелер.
Біздің университетіміз өте әдемі. Студент үшін барлық жағдай жасалған. Жатақханасын көрсең ғой! Ондай жатақхана қалада жоқ!
Рас па?
Ия, шын айтам. Сосын біздің университет Қазақстанда экономикалық бағыт бойынша 2 орында тұр.
мықты, мықты! Қанша мамандық бар?
25 мамандық бар. Заманауи электронды кітапхана бар.Үш жатақхана, Қарқаралыда «Кооператор» демалыс орны бар. Жазда сол жерге демалуға барамыз.
Керемет! Студенттер шетелге бара ма?
Ия, барады. Шетелдік Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс бар. Өзім келесі жылы Прагаға баруды ойластырып жүрмін.
Жақсы, Ислам. Бүгінгі тамаша күн үшін рахмет. Құжаттарымды жинап, осында келемін.
Сау бол, Карина.
Адамның сыртқы келбеті Мен танысымның сыртқы келбетін суреттеймін. Танысымның аты – Дәурен. Оның жасы жиырма жетіде. Оның бойы биік, ол орта бойлы емес. Оның дене бітімі келісті, шымыр. Дәурен спортпен айналысады. Дәурен арық та емес, толық та емес. Ол қара торы, мұртсыз жігіт. Дәурен көзілдірікті емес. Оның көздері көк емес, қара және ойлы. Дәуреннің басы үлкен де емес, кішкентай да емес. Шашы қара, қалың. Көзінің үстінде қалың, әдемі қасы бар. Кірпіктері ұзын емес. Дәуреннің мұрны қыр мұрын, еріндері қалың. Танысымның құлағы қалқан құлақ емес, бетінде дақ, тыртық жоқ. Маңдайы кең, ашық. Дәуреннің қолы, аяғы қысқа емес, ұзын, себебі оның бойы биік. Бір сөзбен айтқанда, менің танысым сымбатты, тартымды жігіт.