Әдеп ережелері Амандасу (Сәлемдесу) – Приветствие



бет6/8
Дата04.08.2023
өлшемі32,38 Kb.
#105036
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Медиакурс материалдары

Спорт – денсаулық кепілі
Спортпен айналысудың өте пайдалы екені жиі айтылып, жарнамаланып жатқанмен, мамандар спортпен айналысу үшін алдымен денсаулықты тексертіп алуға кеңес береді. Себебі денсаулығыңызда проблема бар болса, спортпен абайлап айналысқан жөн. Оның үстіне жаттығу кезінде ағзадан көңіл күйді көтеретін эндорфин гормонымен қоса, белгілі бір мөлшерде токсин бөлінеді екен. Бұл токсиндер тері, бүйрек, бауыр арқылы сыртқа шығарылады. Егер күрделі жаттығулар жасап, адам ағзасына шамадан тыс күш түсірсе, онда зат айналу процесі баяу жүріп, ақырында ауруға шалдығуы мүмкін. Ал ол үшін қандай спорт түрлерімен айналысқан жөн? Адам ағзасына айтарлықтай күш түсірмейтін әрі хобби болып есептелетін би, жүзу, жүгіру; таза ауада коньки, шаңғы, шана тебу және теннис, бадминтон, баскетбол, футбол, хоккей ойнау өте пайдалы көрінеді. Бұл спорт түрлері адамдарды ұжымдаса отырып қимылдауға, ауызбіршілікке дағдыландырады. Қоғамнан алшақ, оңаша болуды қалаған адам шахмат, дойбы, домино, тоғызқұмалақ ойындарын байқап көргені дұрыс. Жаттығудан кейін бірден тамақтанбаған жөн. Аздап демалып, су ішіп, душ қабылдаған дұрыс. Сұйық тамақтар ішіп, көкөністер мен жемістер жеуге дағдылану керек. Егер спортпен айналысуға мүмкіндік болмаса, онда бір мезгіл жаяу жүруді әдетке айналдырған абзал.
Менің сүйікті спортым

1-сұқбат
Ольга: Сіз спортпен шұғылданасыз ба?


Антон: Иә, шұғылданамын.
Ольга: Қандай спорт түрімен шұғылданасыз?
Антон: Жүзумен. Ал сіз ше?
Ольга: Мен аэробикамен айналысамын.
Антон: Қай жерде?
Ольга: «Персона» атты фитнес орталығында.

2-сұқбат
Надежда: Антон, қандай спортпен айналысасын?


Антон: Тенниспен.
Надежда: Мен де теннис ойнағанды жақсы көремін.
Антон: Онда, Теннис орталығына бірге барайық.
Надежда: Жарайды. Барсақ, барайық.
Тағам түрлері
Ас – адамның арқауы». Қалай тауып айтылған сөз десеңізші! Кейде, осы тағамдар болмағанда қалай өмір сүрер едік деген ойға да қалып жатамыз. Осы орайда, әлемнің ең үздік деген аспаздары ақылдаса келе, «әлемдегі ең дәмді 10 тағамның» тізімін жасап шығарды. Олардың арасында сіз бен біз бұрын-соңды естімеген тағамдар да баршылық.
Индонезия аспаздарының алтын қолдарынан шыққан Rendang - тағамдардың көшін бастап тұр. Бұл тағам сиыр еті, лимон шөбі, сарымсақ, куркума, зімбір, бұрыш, чили қосылған сүтпен дайындалған.

Индонезиялық аспаздар екінші орынды тағы да алды. Олар ойлап тапқан Nasi goreng тағамы күріш, жұмыртқа, тауық етінің қоспасынан жасалған.


Өзінің алуан түрлі тағамдармен аты шыққан жапон халқының суши тағамы үшінші орынды оп-оңай иемденіп кетті. Теңіз өнімдерінен дайындалатын дәмді, зиянды құрамдас бөліктері жоқ, калориясы төмен бұл тағам – ағзаңызға өте пайдалы.


Төртінші орыннан Tom yam goong тағамы көрінді. Тайланд аспаздары жасаған бұл тағамның құрамында: асшаян, қозықұйрық, қызанақ, «лимон шөбі», лайм және көптеген дәмдеуіштер бар. Әдетте Tom yam goong тағамын дастарханға кокос сүтімен қосып әкеледі.


Ерекше тұздықпен дайындалатын тайлық Pad thai тағамы – бесінші орында тұр. Бұл тағам – тай асханасындағы негізгі тағамдардың бірі болып саналады. Оны тек қана етпен емес, тауық етімен, асшаянмен әзірлеуге болады.


Тайлық аспаздар алтыншы орынды да өз қанжығаларына байлап кетті. Som tam салаты жабайы құстардың етінен және өте сирек кездесетін дәмдеуіштерден әзірленеді.


Көптеген туристердің сүйіктісіне айналған гонконгтық тұшпаралар жетінші орыннан көріне алды.


Бұл байқаудан жапондық Рамэн тағамы да тыс қалмады. Сегізінші орынға шыққан бұл тағамды әлем халықтарының көпшілігі сүйіп жейді.


Peking duck («Пекин үйрегі») тағамын Пекин қаласынан жесеңіз ғана, тоғызыншы орынға лайықты екенін мойындайсыз. Өйткені, оны Пекин қаласында ғана ежелден келе жатқан дәстүр бойынша даярлайды. Тағам тарихы сонау Юань әулеті үстемдік еткен 1330 жылдардан бастау алады.


Әділқазылар алқасы ойлана келе, тағам әзірлеудің нағыз шеберлері атанған тайлық аспаздардың Massaman curry тағамына ең соңғы орынды лайық деп шешті. Карри тағамдары бүгінде ең дәмді ғана емес, ең танымал тағамдардың көшін бастап тұр.


Ал сіз «Ең дәмді» деген атақты қандай тағамға берер едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет