Әділғазы Қайырбеков


– Апай, ХХ ғасырдағы ақыл-ойдың алыптары Алексей



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата26.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#2759
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

– Апай, ХХ ғасырдағы ақыл-ойдың алыптары Алексей 
Толстой, Михаил Шолохов, Александр Затаевич, Ғафур 
Ғұлам, т.б. Сәбеңе құрмет белгісі ретінде кітаптарын 
қолтаңбаларымен сыйлаған екен. Солар үйлеріңізде болып, 
өзіңіздің қолыңыздан дәм татқанын да айтқансыз. Алексей 
Толстой сізбен суретке түсіпті ғой... Сол сурет қайда?..
– Соғыс жылдарында Мәскеуден, Ленинградтан 
эвакуациямен келген көптеген зиялы қауым өкілдері 
Алматыны сағалаған ғой. Бірде Алексей Толстойды әйелімен 
үйге қонаққа шақырдық. Сәбит бәйек болып, қонақтарды 
күтіп алды. Маған Алексейді «Орыстың үлкен жазушысы, 
Бірінші Петр патша туралы кітап жазған» деп түсіндіреді. 
Алдына қойдың басын қойып, қазақы салт-дәстүрмен күттік. 
Олар қатты риза болды. Дәл кетерде, кім екені есімде жоқ, 
фотограф жігітті шақырып суретке түстік. Сонда Алексей 

188
менің тілерсегіме түскен ұзын шашымды қызықтап, 
Сәбиттен рұқсат сұрап, менімен суретке түсті. Суретке 
түсерде менің ұзын шашымды мойнына шарф сияқты орап 
алды... Оған қарап тұрғандардың бәрі күлісіп, мәз болдық. 
Сол сурет бертінге дейін сақталған. Кейін жоғалтып алдым... 
Жақсы сурет еді... Бір жерден шығып қалар, бәлкім... 
– Халыққа танымал бола бастаған «Жұлдыздар отбасы» 
журналының оқырмандарына, жалпы әдебиет пен өнерді 
сүйетін, ұлттық құндылықтарымызды қадірлейтін ұрпаққа 
нендей тілек айтасыз
– Ең бірінші айтарым, өткенге топырақ шашпай, бүгінгі 
асылдарымыздың қадірін түсірмей, ертеңгі ұрпақтың 
қамын ойлап, өмір сүру керек. Біз өткен ғасырда аштықты 
да, соғысты да, репрессияны да көрдік қой. Жоғалтқанымыз 
қаншама... Енді елдің басына сондай нәубет түспесін. 
Барлық қиындықтан Елбасымыз алып өтетініне мен 
сенемін. Дағдарыстан да шығармыз.  Тыныштық болсын! 
Ауызбіршілік болсын! Қазақ аман болсын!
– Әңгімеңізге рахмет! Өзіңіз де аман болыңыз!
2009 ж.
«ЕҢ ҚИЫН КЕЗЕҢДЕРДЕ ДЕ
МҰРАЖАЙЛАР ЖАБЫЛҒАН 
ЖОҚ»
дейді Алматыдағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің 
мемлекеттік әдеби мемориалдық мұражай кешенінің 
директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының 
лауреаты, ақын Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ.
–  Әділғазы Жақсылықұлы, алдымен әдеби мұражайларға 
ортақ проблемаға тоқталсаңыз?
–  Аллаға шүкір, елімізде мұражайлар баршылық. Біз 
солардың ішінде әдеби-мемориалдық мұражайға жатамыз. 
Әдеби-мемориалдық мұражайлар   жазушының өмірі мен 
шығармашылығына қатысты. Мысалы, Семейде Абайдың, 
Достоевскийдің, Астанада Сәкен Сейфуллиннің, Алматыда 
Ахмет Байтұрсынұлының,  Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, 
Сәбит Мұқановтың, Атбасарда Ілияс Есенберлиннің, 

189
Талдықорғанда Ілияс Жансүгіровтің, Қарасазда Мұқағали 
Мақатаевтың мұражайлары бар. Аталған мұражайлардың 
басты қоры – кітаптар мен қолжазбалар. Бұлардың қатарына 
жазушының бұрыннан жинаған бай кітапханасы да кіреді.
– Кітапханасы бай жазушыларды атай аласыз ба?
– Алматыдағы жазушылардың ішінде ең кітапханасы 
бай жазушы деп Мұхтар Әуезовті, Сәбит Мұқановты 
айтуға болады. Сәбең мұражайындағы сегіз мыңнан астам 
жәдігердің төрт мыңнан астамы кітаптар мен қолжазбалар. 
Бұлардың ішінде орыс тілінде  18 ғасырда шыққан 86 томдық 
энциклопедиялық сөздік бар. Мұндай байлық біздің үлкен 
кітапханалардың өзінде жоқ. Бұл жазушының өмір бойы 
жинаған жеке кітапханасындағы қазына. Мысалы, Нобель 
сыйлығының лауреаты Орхан  Памук жеке кітапханамда 12 
мың кітап бар дейді. Бұл шынында байлық. Өйткені соншама 
кітапты жинау, оны сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру 
үлкен шаура. 
– Осы жерде алғашқы сұрағымызға қайта оралсақ...
– Әдеби мұражайлардағы қолжазбалар өз деңгейінде 
зерттелуі керек. Жазушының кітаптары өз алдына. Ол 
еңбектерден диссертациялар қорғалып жатыр. Көпшілік 
мұражайларға ағарту мекемесі ретінде қарайды, ал 
шындығында бұл ғылыми орталық болуы керек. Әдеби-
мемориалдық мұражайларды таза ғылыми мекемеге 
айналдыру арманға айналып тұр. Осы мәселені қалай 
жүзеге асырамыз деп шырылдап жүрміз. Бұл қазіргі 
таңдағы ең үлкен әрі басты проблема. 
–  Неге, таратыңқырап айтсаңыз?
– Өйткені біз ғылым кандидаттары мен ғылым 
докторларын мұражай жұмысына тарта алмай отырмыз. 
Себебі жалақы өте аз. Парламент Мәжілісінің депутаты 
Нұрлан Өнербаев мәдени мекемелердің басшыларымен 
жиын өткізді. Сол кезде ол кісіге мұражайларға ғалымдарды 
тартуға кедергі болып тұрған себептерді айттым. Мысалы, 
Үкіметтің 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы №1400 
Қаулысының 3-бөлігінде “ғылыми дәрежесі үшін қосымша 
ақы ғылым докторларына базалық қызметтік айлықтың 
30 пайызы, ал ғылым кандидаттары үшін 20 пайызы деп 
көрсетілген. Бұл – мұражайда қызмет істеп жүрген ғылым 

190
докторлары мен кандидаттар еңбекақыларына 2-3 мың теңге 
төленеді деген сөз. Ал осы Қаулының 4-қосымшасындағы 
мектеп мұғалімдеріне, педагогтарға қосымша ақы төлеуді 
қарастырған жеріне көз салсақ, мектепте жұмыс істейтін 
ғылым кандидатына 1 АЕК (ең төменгі жалақы көлемі), яғни, 
13000 теңгеден алса, ал ғылым докторына – 2 АЕК, яғни, 26 
000 теңгеден аса қосымша ақы төленеді. Айырмашылық 
жер мен көктей. Егер ғалым мұражайға келсе 2-3 мың 
теңге алады да, мектепте одан анағұрлым көп алады. 
Мұндай жағдайда мұражайға кім келеді? Негізінен әдеби 
мұражайлардың  ең үлкен қызметі – ғылыми жұмыс болуы 
керек. Біз қолымыздан келгенінше біраз жұмыстар істеп 
жатырмыз. Сәбит Мұқановтың да, Ғабит Мүсіреповтің де 
шығармашылығына байланысты халықаралық ғылыми 
конференция өткіздік. Ондағы еңбектер кітапша болып 
шықты. Былтыр Сәбит Мұқановқа арналған арнау өлеңдерді 
жинастырып кітап етіп шығардық.
– Қаржыны қайдан аласыздар?
– Әрқалай, кейде Мәдениет басқармасынан сұраймыз, 
кейде қосымша демеушілер іздейміз. 
– Мұражай қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 
мәселесі қалай шешілген, соған тоқтала кетсеңіз. 
– Алматыда мұражай қызметкерлерін әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ-нің бір бөлімі дайындайды. Онда да 
санаулы маман шығады. Жалақыға байланысты бұлардың 
көбісі мұражайларға келмейді. Негізінен тіл-әдебиет, 
тарих факультеттерінің түлектері келеді. Оның өзінде көп 
тұрақтамайды. Қызметкерлеріміздің білім-білігін көтеру 
мақсатында ақылы курстарға жіберуге бізде мүмкіндік 
жоқ. Бұрын Мәдениет министрлігіне қарадық, қазір қала 
әкімшілігіне қараймыз. Көбіне еліміздің әр аумағында өтетін 
семинар-кеңестерге қатысып, әріптестерімізбен тәжірибе 
алмасамыз. Қараша айында Орталық және Археология 
мұражайларында мұражай проблемаларын талқылайтын 
семинар-кеңестер өтеді. Орталық мұражайда жоспарланған 
ғылыми-практикалық конференцияда Мұражайлар одағын 
құру мәселесі көтерілмекші. Мұражайлар Одағы қажет. 
Одақ мұражайлардың ортақ проблемасын қарастырып, 
соларды шешіп  отырса қанеки. 

191
–  Мұражайға келушілер көп пе, әлде...
– Кеңес дәуірінде жұрт елден немесе басқа жақтан келсе 
бірінші мұражайларды қызықтайтын. Бүгінде бұл үрдіс 
өкінішке қарай жоқ. Барлық жұрттың назары базарларға 
ауып кетті. Біздің бар тірегіміз оқушылар мен студенттер. 
Бір күні академик Зейнолла Қабдолов келіп, Ғабең мен 
Сәбеңнің мұражайын көрейін деді. Бір сағат аралады. 
Мұхтар Шаханов келді. Ол кісі де ұзақ аралады. Арнайы 
келіп көретіндер некен-саяқ. 
– Неге бұлай болып отыр деп ойлайсыз?
– Қазір жұрттың санасын тұрмыс, нарықтың заңы 
билеп кетті. Рухани құндылықтарымызға деген көзқарас 
төмендеді.
– Ел-жұртты қайткенде мұражайларға ағылып келіп 
жататындай күйге жеткіземіз, әлде насихат аз ба?
– Жұртты күштеп әкеле алмайсың. Насихат жұмыстары 
жеткілікті. Қаншама телеарналар бар. Басылымдардан 
материалдарымыз үзілмейді. Өтіп жатқаннан мәдени 
шаралардың бәрін беріп отырамыз. Бүгінде зиялы қауым 
мұражайлар мен театрларға селқос қарайтын болды. 
Жоғарыда айтқанымдай, көбіне бізге оқушылар, студент 
жастар келеді. Мектептермен тығыз байланыстамыз. 
Олармен әр түрлі әдеби кештер, лекциялар, ашық сабақтар,  
оқушыларды қызықтыратын шаралар ұйымдастырамыз. 
Әдеби кештер ақысыз өтеді. Сонымен қатар Сәбит 
Мұқановтың да, Ғабит Мүсіреповтің де шығармашылық 
өмірі мектеп бағдарламасына кірген. Ғабең мен Сәбең 
шығармашылығы жайлы сабақты мұражайда өткізсе 
қандай тартымды болады. Балалар көзбен көріп, заттарды 
қолмен ұстайды. Екі алыптың да жұмыс кабинеттері, 
қонақ қабылдайтын және жатын бөлмелері сол қалпында 
сақталған. Мемориалдық деп аталуының да себебі осында. 
С.Мұқанов мұражайының ашылғанына 30 жылдан асты. 
Осы жылдары үш рет музейдің экспозициясы өзгерді, әдеби 
бөлімдегі, ал мемориалдық бөлімдегі эспозиция өзгермейді. 
Жазушы қалай қолданса солай тұрады. Сонысымен құнды, 
сонысымен ерекше. Өз қолымен қойған суреттері, кітаптары. 
Мәселен, Сәбит Мұқанов кітапханасындағы сөрелердің 
бәрін арнайы тапсырыспен жасатқан. Әрі кітаптарды оңай 

192
тауып алу үшін картотекасын жасаған. Мұражай болмай 
тұрып бәрін дайындап кеткен. Сол сияқты Сәбеңнің тағы 
да бір бай қазынасы – хаттары. Ол көзі тірісінде кез келген 
хаттың көшірмесін алып, оларды орталық мұрағатқа 
тапсырған. Оларды түгел реттеп, жүйелеп, түптеп келген 
кезде хаттар 141 том болған. Мұндай байлық біздің қазақ 
жазушыларының арасында ешкімде жоқ. Қазір орталық 
мұрағатта Сәбит Мұқановтың жеке қоры бар. 141 том тек 
қана Сәбит Мұқановтың хаттары. Байлық па, байлық. Мұның 
ішінде кезінде Сталинге, Шаяхметовке жазған талай-талай 
хаттар бар. Бізде негізінен кітаптар мен қолжазбалар ғой. 
Жан-жақтан толығып келіп жатады.
– Қайдан келеді?
– Жазушылар өздерінің кітаптарын сыйға тартады. 
Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығында баласы Бақытжан 
ақынның бес томдығын тапсырды. Сол сияқты...
– Мұражайлардағы ең құнды, ең көне жәдігерлерді атап 
өтсеңіз?
– Көне деген жәдігерлердің ішінде бізде Шоқанның 
пышағы тұр. 
– Мұқанов мұражайына Шоқанның пышағы қайдан 
келді?
– Сәбит Мұқанов 30 жылдай уақытын Шоқан өмірін 
зерттеуге арнаған. Сонау Ленинградта оқып жүрген кезінен 
бастап Сәбең Шоқан туралы тетрология – төрт кітаптан 
тұратын роман жазуды жоспарлаған. Екі кітабы жарық 
көрді, үшіншісін бастағанда 73 жасында қайтыс болды. 
Аяқталмай қалды. Шоқан туралы пьеса жазды. Бұл сахнада 
қойылды. Мәскеудің кіші театрында көрсетілді. Шоқан 
туралы үлкен ғылыми-зерттеу еңбегін жазды. Ол еңбегі 
кезінде Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы 
сыйлығын алды. Шоқанға арнап “Қашқар қызы” дейтін тағы 
бір пьеса жазған. Осының барлығы кімнің де болса назарын 
аударары сөзсіз. Әсіресе, Шоқанға қатысы барлардың. 
Уәлихановтар әулетінен Шот-Аман ағамыз «Сәбең өмір 
бойы Шоқанды зерттеп еді, мынау Шоқанның бәкісі осы 
мұражайда тұруға лайық»,- деп әкеліп тапсырған болатын. 
Құнды жәдігеріміз  – Сәбеңнің өзі ұстаған маузері. Бұл да 
талай сырды шертіп тұр. Медеу Сәрсеке Ғабеңнің кезінде 

193
өзіне сыйлаған мылтығын әкеліп тапсырды. Мысалы, 
Сәбеңнің тұңғыш атын шығарған 1928 жылы жарық көрген 
“Сұлушаш” поэмасының бірінші түпнұсқа беті бар. Сәбең 
көбінесе төте жазумен жазған. Ғабең де солай. Сәбеңнің жеке 
қорында бір қолжазбасының бірнеше нұсқасы болса, Ғабеңде 
ондай жоқ. Өйткені ол кісі қарындашпен жазып, қажет емес 
сөздерді өшіріп тастап отырған. “Жат қолында” романының 
қолжазбасы тұр. Маржандай тізіліп араб жазуымен 
жазылған. Бір үтір, нүктесі артық емес. Бұ кісінің ерекшелігі 
осында. Ғабең билъярдпен қатты әуестенген. Мұражайда 
ол кісінің кийі тұр. Содан кейін Ғабең барған жерінде 
ағаштың бұтағын кестіріп алып, таяқ жонуды жақсы көрген. 
Сондай таяқтарының біразын біз Жаңажолдағы мұражайға 
жібердік. Ғабиден Мұстафин арнайы жасатып сыйлаған 
таяқ орындық тұр. Екі құлақшасы бар. Құлақшасын жайған 
кезде отырып демалуға болады, ал жинаған кезде таяққа 
айналады. Бұл да құнды жәдігерлердің бірі.
– Көршілес мемлекеттердегі және еліміздің басқа 
аумағындағы мұражайлармен байланысып тұрасыздар ма?
– Батыс Қазақстанда Михайл Шолоховтың мұражайы 
бар екен. Шолохов Сәбеңмен де, Ғабеңмен де жақсы 
қарым-қатынаста болған. Жақында олар бізге Мұқанов 
пен Мүсіреповтың Шолохов, Шуховтар арасындағы 
қарым-қатынасты білдіретін хаттар, фотосуреттер болса 
жіберуді сұрап хат жазыпты. Көшірмелерін жібердік. 
Былтыр Ташкентке барып қайттым. Сонда Ғафур Ғұламның 
мұражайы бар. Сәбең мен Ғафур 35 жыл дос болған. Бүкіл 
отбасыларымен араласқан. Тұрған үйі мұражайға айналған. 
Оның төрінде Сәбит Мұқанов сыйлаған шапан ілулі тұр. 
Қазақтың ұлы жазушысы сыйлаған шапан деп мақтан 
тұтады. Қаншама хаттардың көшірмесін алып келдім. Кеңес 
дәуірінде мұндай байланыстар барынша дамыды. Кейіндері 
үзіліп қалды. Бүгінде ақырын-ақырын жанданып келеді. Ең 
қиын кезеңдерде де мұражайлар жабылып қалған жоқ. Ал 
кітапханалар жаппай жабылды десе де болады.
– Енді оқырмандарды мұражайдың ашылу тарихынан 
да хабардар етсеңіз.
– Мұражайдың ашылуында, Сәбит Мұқанов дүниелерінің 
шашау шықпай сақталуында Мәриям апайдың еңбегі зор. 

194
Сәбеңмен 47 жыл отасқан. Мұқанов қайтыс болғаннан кейін 
сол кездегі ел басшысы Д.Қонаевқа барып мұражай ашуға 
рұқсат алған. 1978 жылы мұражай ашылды. Мәриям апамыз 
біздің бас кеңесшіміз. Бұл кісі осы мұражай деп ғұмыр кешіп 
келе жатыр. Биыл жүзге толды. Бұл – үлкен оқиға.  Елбасы 
арнайы құттықтау жолдады. Мәриям апамыз өмір бойы 
бала тәрбиесімен айналысып, Сәбеңді күткен адам. Сәбеңнің 
100 жылдығына Елбасы бастан-аяқ қатысып, Мәриям 
апайға “Сіз ел анасысыз” деді. Адамның өмірден оқуы емес 
тоқуы көп болуы керек. Мәриям апамыз сондай кісі. Сәбең 
қайда барса да жанынан тастамаған. Жазушылардың ішінде 
жарларын жанынан қалдырмай ертіп жүрген тек Сәбең 
ғана. Қай қалаға, қай елге бармасын алдымен мұражайлар 
мен кітап дүкендеріне кіреді екен.
– Сәбит Мұқанов мұражайының ашылып, сақталуында 
Мәриям анамыздың еңбегінің ұшан-теңіз екенін айтып 
отырсыз, ал Ғабит атамыздың дүниелерін жинақтауда 
кімді ерекше атар едіңіз?
– 1991 жылы Ғабит Мүсіреповтың мұражайы Орталық 
мұражайдың филиалы ретінде ашылды. Ол кезде Ғабеңнің 
үлкен қызы Энгелина апамыз бас-көз болды. Сәбең мен 
Ғабең бір жерде өскен, бір-біріне құда адамдар. Ортақ 
немерелері бар. 1999 жылы екі мұражай біріктіріліп әдеби-
мемориалдық кешен болып қайта құрылды. 
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен 
Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ, 
 2009 ж.
АЛТЫН ҚАЛАМ
НЕМЕСЕ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВКЕ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТІҢ 
МҰҢ ШАҒУЫ
Наурыз айы еді. Қарасазда мектеп оқушыларының 
республикалық дәстүрлі «Мұқағали оқулары» өтіп жатты. 
Алматыдан Темірше, Болат, Жарас, мен, Талдықорғаннан 
Ерғазы, Сайлау қатарлы бір топ ақындар қазылар 
алқасының құрамындамыз. Республиканың түкпір-

195
түкпірінен 28 оқушы қатысқан жыр додасы үш күнге 
созылды. Мұқағали жырларының рухы асқақтады. Бас 
жүлдені «Тұйғын» бүркеншек атымен қатысқан қарасаздық 
Қуаныш Әлімберді иеленді. Әке-шешесі оралмандар екен. 
Сірә, Қытайдан келген қазақтар. Шешесі қуаныштан жылап 
жіберді. Ұл туғанда өстіп қуантып жүрсін деп атын Қуаныш 
қойған шығар. «Қадамың құтты болсын, Қуаныш!» деп тілек 
қостық. 
«Мұқағали оқуларына» келгендер Қарасаздағы 
Мұқағалидың мұражайына барып, ақын рухына тағзым 
жасайды. Біз де сөйттік. Мұқағали мұражайының 
директоры, ақын Жұмаш Өтейұлы тірнектеп жинаған 
жәдігерліктермен, Мұқағали өмірі мен шығармашылығына 
қатысты құндылықтармен таныстырып жатыр. «Мынау 
ұлы Ғабең – Ғабит Мүсіреповтің өз қолымен Мұқағалиға 
сыйлаған алтын қаламы!» деген кезде бәріміз де елең ете 
қалдық. Басқаларды қайдам, мен, тіпті, қызығушылық 
таныттым. Былтыр Ташкентке барғанда Ғафур Ғұлам 
мұражайынан көрген шапан есіме түсті. Қазақтың ұлттық 
шапаны. «Қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың 
досы Ғафурға 70 жылдық тойында сыйлаған шапаны» деп 
түсіндірген Ғафурдың қызы – мұражай директоры Алмаз. 
Шапанды әспеттеп, мұражайдағы экспозиция төріне 
орналастырыпты. Біртүрлі жылы сезім баураған. Енді міне, 
Қарасазда дәл сондай күй кешіп тұрдым. 
Мұқағали өзінің күнделігінде осы қалам жөнінде 
жазатыны сап етіп ойға оралды. Ол қойын дәптеріне 1973 
жылы 17 наурызда былай деп жазған екен: «Өткен аптада 
Мүсіреповте (үйінде) болдым. Бұл адаммен жақын келіп 
сұқбаттасқаным осы. Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы 
алды. Екі сағаттай әңгімелестік. Мен Ғабеңді бойындағы 
дарынның барын беріп болған адам деп айта алмаймын. 
Ал бойында жасырынып жатқан жанартауы бар екеніне 
күмәнім жоқ. Уақыт-ай!.. Әдебиет, жалпы искусство жөнінде 
болар-болмас шолу жасап, пікірлестік. Қарт әріден ойлайды. 
Қазіргі қазақ поэзиясы қатты толғандырып жүрген көрінеді. 
Бірдеме десем бе дейді. 
«Аққулар ұйықтағандаға» тебіреніп пікір айтты, сүйсініп 
қалды, мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя 

196
қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады 
(алтын қалам)... »
Иә, «Аққулар ұйықтағанда» – Мұқағалидың 1974 
жылы жарық көрген өлеңдер жинағы. Ал Ғабеңе барғанда 
бұл әлі кітап болып шыққан жоқ, соған қарағанда, сірә, 
қолжазбасын оқуға берген, немесе өзі алып барып оқыған. 
«Өлеңдер оқыдым» деуіне қарағанда, Ғабең «Аққулар 
ұйықтағанданың» қолжазбасымен бұрынырақ танысып, 
пікір білдірген сияқты...
Ал алтын қалам сыйлауы Ғабеңнің ерекше ықыласы 
түскенін айғақтайды. Жалпы, Ғабең қолындағы қымбат 
бұйымдарын көңілі түскенде сыйлас іні, бауыр, таныстарына 
мырзалықпен үлестіріп отырған. Мәселен, жақсы көретін 
інісі – жазушы Медеу Сәрсекеге Дрезден қаласындағы 
Крупп зауытында 1929 жылы жасалған үш ауызды 
неміс мылтығын сыйлаған. «6375 санды мылтық» атты 
мақаласында Медеу Сәрсеке бұл жөнінде егжей-тегжейлі 
баяндаған. Мәкең «Мылтықты Ғабең мұражайына түбі 
қайтарамын» деген уәдесінде тұрды. Ғабең қырық жылдай 
ұстаған, Мәкең «жеті құлып астында» сақтаған мылтық 
қазір Мұражай кешенінің қорында. Сондай-ақ, Қызылорда 
облысының Сексеуіл станциясында тұратын Оразғали 
Ерекешов деген азаматпен танысып, жас айырмашылығы – 
25 жыл болса да, қатты сыйласқан Ғабең өзінің 70 жылдық 
тойына келген Оразғалиға аңға шыққанда мінетін «УАЗ» 
машинесін сыйлап жібереді. 
Бірнеше жыл жеке шопыры болған А.К.Куликинге 
шетелдік сағатын сыйлапты. Бұл жөнінде «Ғабит 
Мүсіреповтің шопыры» деген мақаласында журналист-
жазушы Құлтөлеу Мұқаш қызықты дерек берген («ҚӘ», 
19.01.2001). 
Сол сияқты Ғабең шетелдік сапарларынан оралғанда 
алып келген әртүрлі оттық, қаламсап, карта, шылым 
салатын қорапша, т.б. заттарды біраз уақыт өзі қызықтап 
ұстап жүреді екен де, бір кезі келгенде жақсы көретін 
інілеріне, әріптестеріне сыйлап жіберетін болған. 
Ғабеңнің жеке кітапханасы шағын. Гогольдің, Лев 
Толстойдың, Гетенің,  Ф.Достоевскийдің, Марк Твеннің, 
Мопассанның, Чеховтың, т.б. классиктердің кітаптары көзге 

197
шалынады. Ал өзінің әр жылдарда шыққан шығармаларын 
да мұқият жинамаған секілді. 1928 жылы жарық көрген 
«Тулаған толқынданы» айтпағанның өзінде, бертінде 
шыққан кейбір кітаптары (мәселен, «Кездеспей кеткен бір 
бейне», т.б.) антиквариатқа айналғалы қашан...
Ғабеңнің Мұқағалиға алтын қалам сыйлауының бір сыры 
– оның өлеңдеріне деген ерекше ықыласында жатқаны 
сөзсіз. Бұл кездесуге дейін Мұқағали Мақатаев «Ильич», 
«Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», 
«Дариға – жүрек» қатарлы жыр жинақтарын шығарып, 
әдеби ортада жақсы танылған. Яғни, қазақ әдебиетінің 
тыныс-демін қатты қадағалап жүретін Ғабең Мұқағалидың 
ақындық әлеуетіне ден қойғаны анық. 
Қойын дәптеріндегі ойларын М.Мақатаев былай деп 
жалғастырған: «...Қарт қартайған екен, бүкіл үйде жалғыз 
өзі отырғаны қатты әсер етті маған... Кабинеті жұпыны, 
жазу столы тіпті жұпыны, басы артық дүниелер, әлеміш-
жаламыштар жоқ. Ұзынды-қысқалы, бір түстес, үшкір 
ұшталған қарындаштар. Тілдей параққа арапша жазып 
тастапты, жаңадан жазылған, сірә, қорапқа салынған екі 
мылтығы тұр. Кіреберісте саятшының сауыт-саймандары... 
Ретін тауып, өзімен ұзағырақ сөйлесер ме еді, біраз бірге 
болып, достасар ма еді. Тәңірім-ай, бұлар деген аяғын 
үзеңгіге салып тұрған адамдар ғой..»
Мұқаңның бұл жазғандары Ғабеңнің өмірі мен 
жазушылық шеберханасын зерттеушілер үшін қажет те 
құнды, әрине. Дегенмен, Ғабең әлі қартая қойған жоқ еді. 
Сексеннің үшеуіне дейін әлі он екі жыл бар. Ал Мұқаң болса, 
өзінің үш-ақ жыл ғұмыры қалғанын аңдамаған. Міне, бұл – 
өкініш...
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев арнау өлеңдерді 
көп жазбаған. Ал жазғандарының қай-қайсысы да тасқа 
қашалғандай. Әбділдаға, Фаризаға, Шәмілге, Шәмшіге, 
т.б. Ал «Ғабеңе (Ғ.Мүсіреповке)» деген арнау өлеңін әлгі 
кездесуден бір жыл өткен соң жазыпты. 
«Ғабеке, анда-санда Сізді көрем,
Сізді көрсем, жомарт бір күзді көрем. 

198
Еліктеп өзіңізге есім кетіп, 
Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең. 
Мейіріммен қарайтын Сізді көрем, 
Басқалар үміттерін үзді менен. 
Заһармен жібітем деп қу таңдайды, 
Сеземін өзін-өзі жұрт алдайды. 
Жібітсем мен де кейде қу таңдайды
Басымнан Алатаудың бұлты аунайды. 
Біреулер келекелеп жыртаңдайды, 
Түбінде құртса мені – құртар қайғы.
Алайда жырларымды жырта алмайды!!!
Мен-дағы үмітпенен туған едім, 
Мас болған өлеңіне бір жан едім. 
Ғабеке!
Айтыңызшы мыналарға, 
Мен кімнің қазынасын ұрлап едім?! 
                                                         1974 ж.”                     
Мұны Мұқағалидың қазақ әдебиетінің алыптарының бірі, 
қазақ сөз өнерінің патриархы Ғабит Мүсіреповке арнаған 
қарапайым мадақ жыры деп қабылдамаймыз, қамырықты 
көңілмен мұң шағуы деп түсінеміз. Ақын мұңын кімге 
шағады? Өлең сөздің қадірін, қасиетін ұғатын жанға! Жазу 
өнерін биік мұрат тұтқан адамға! Жан-дүниесіндегі сезім 
бұрқаныстарын, ой әлеміндегі дауыл күйді аңғара алатын 
өнер жанашырына!
Жетпісінші жылдардың орта тұсында Ғабең, Мұқаң 
айтқандай, «жомарт күзге» ұқсап, мәуелеп, әдемі қартаюдың 
үлгісіндей болғаны да рас қой. «Өзіңізге еліктедім» дегенде, 
Мұқағали, әрине, сөз зергерінен үйренерім көп болды дегенді 
аңғартады. Ал, «Мейіріммен қарайтын Сізді көрем, Басқалар 
үміттерін үзді менен» деген тармақтардың оқырман 
санасына салмақ салатыны анық. «Жігітінен қазақтың дос 
таба алмай...» қалған кезі болар бұл Мұқағалидың. «Басқалар 

199
менің ақын жанымды ұқпады, түсінбеді, жаралады!» деп тұр 
ғой! Аузы дуалы әдебиет алыптарының бірі – Ғабеңнен бір 
ауыз жылы сөз, демесін, қолдау күтетіні де аңғарылады: 
«Ғабеке, айтыңызшы мыналарға». Қайғының құрдымына 
құлап бара жатқанын, бірақ біреулер келекелеп күлгенімен, 
«жыртаңдағанымен», бәрібір «жырларымды жырта 
алмайды!» деп ақын биік рухты қайтадан сүйеніш тұтады. 
«Мас болған өлеңіне бір жан едім» деген жалғыз тармақ – 
Мұқағалидың табиғи болмысын ашып тастап тұр. Ал «Мен 
кімнің қазынасын ұрлап едім?!» деп арнау өлеңін аяқтауы – 
Ғабеңе қарата айтқан арызы, еліне, жұртына, келер ұрпаққа 
жолдаған аманат зар-мұңы болатын. 
Мұқағали кімнен қиянат көрді, кімнен жапа шекті? 
Былай қарасаң, жыр жинақтары бірінен соң бірі баспадан 
шығып жатты. Оқырмандары іздеп жүріп оқитын болды. 
Кезінде, «Қарлығашым келдің бе?» жыр жинағына Әбіш 
Кекілбаевтың өте жоғары баға берген әдеби-сыни мақаласы 
шыққаны да жадымызда. Әбділда ақын қамқоршысы болды...
Мұқағали талантты, дарынды адамды қорғай 
алмайтын қоғамға наразы, тұлпардан мәстек озып, бәйге 
алатынына күйінді, ол сондай-ақ адамдар арасындағы 
бақталастық, күндестік, көреалмаушылық, жағымпаздық, 
жалпақшешейлік, сатқындық атаулының тамырына балта 
шабуға құлықсыздықты, енжарлықты, немкеттілікті танып, 
түзелмеске кеткен қазақ тірлігіне  күйзелді. Күйзелу – 
рухани күйреуге әкелетін еді. Ол соған жетпей шарт сынды. 
Ғажап туындыларын қалдырып, өзі бақилық дүниеге 
аттанып кетті.
Сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің де соңында асыл 
мұралары – өлмес туындылары қалды. Мұқағалиға сыйлаған 
алтын қаламы да – ұрпаққа мұра! Баяғыда Мәскеуде 
болғанымда Пушкин музейінен Гогольдің көне портфелін 
көріп, таңырқағаным бар. Мұқағалидың музейіндегі Ғабит 
Мүсіреповтің алтын қаламына да үңіліп көп қарадым. 
Қанша дегенмен, ұлы жазушы мен ұлы ақынның саусақта-
рының таңбасы қалған, сырларына ортақтасқан қалам ғой 
бұл! Алтын қалам десе, алтын қалам...
2009 ж.

200
ШОҚАН ШЫҚҚАН ШЫҢ
НЕМЕСЕ  СӘБИТ  МҰҚАНОВТЫҢ  ШОҚАН  УӘЛИХАНОВ ӨМІРІ 
МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕП-БАЙЫПТАУЫ ХАҚЫНДА
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың музей-
үйінде келушілердің назарын ерекше аударатын бір 
жәдігерлік бар. Ол – қазақтың ұлы ғалымы –  шығыстанушы, 
ағартушы, саяхатшы, этнограф  Шоқан Уәлихановтың 
бәкісі. Иә, ұшы сынған, жүзін тот басқан, сабы перламутрмен 
қапталған, сабының жоғарғы жағы металлмен өрнектелген, 
үш жерден ұсақ шегемен бекітілген,  ұзындығы 17 см., ені 
1 см.,  көнерген кіп-кішкентай бәкі. «Бұл бәкі мұнда қалай 
келген?» деп сұрайды музейге келушілер көбінесе... 
Академик-жазушы Сәбит Мұқанов  Шоқан 
Шыңғысұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге 
бүкіл саналы ғұмырын арнаған. Ол ел ішінде Шоқанның ата-
бабаларының шежіресін таратып, арғы Абылай, бергі Уәли, 
Шыңғыс туралы айтылатын аңызға бергісіз әңгімелерге 
де жасынан құлағдар болып өскен. Ш.Уәлиханов туралы 
«Ариадна арқауы» атты алғашқы пьесасы 1945 жылы 
Мәскеу-Ленинградтың «Искусство» баспасынан жарық 
көрген. Орыс тіліне аударған В.Шкловский. Пьеса 1953 
жылы «Шоқан Уәлиханов» деген атпен жаңадан жазылған. 
Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс 
драма театры «Шоқан Уәлиханов» спектаклін Мәскеудегі 
Кіші театр сахнасында да көрсеткен. Республика 
театрларының репертуарларына еніп, көп жылдар бойы 
қайталана қойылып келді. С.Мұқанов Шоқанның өмірі 
мен шығармашылығын талдаған ғылыми зерттеу еңбегін 
(«Шоқан Уәлиханов») 1962 жылдың 1 тамыз – 2 қарашасы 
аралығында жазып шыққан. Кейін Шоқан мен Абай туралы  
монографияларын жинақтап, «Жарқын жұлдыздар» деген 
атпен жарық көрген бұл бағалы зерттеу еңбегі (1964ж.) Қазақ 
КСР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы 
сыйлығын да иеленген (1967ж.). 
Музей кешенінің қорында Сәбеңнің Шота Уәлихановтың 
әкесі Ыдырысқа жазған хатының көшірмесі сақталған.  Енді 

201
содан үзінді келтірейік: «... Шоқан туралы: халыққа адал 
атқарған еңбек өлмек емес қой, әсіресе, біздің елде. Шоқанды 
көбірек зерттеп жүрген адамның бірі менмін. Бірақ, ол 
туралы әлі үлкен еңбек жаза алған жоқпын. Жазылған 
біраз мақалаларымды, Москвада орыс тілінде шыққан 
«Нить Ариадны» атты пьесамды Шоқанның зор образына 
лайқты киім демеймін. Бірақ олармен тынып отырған мен 
жоқ. Ойым – үлкен романда. Оған біраз материалдарым бар, 
бірақ жеткіліксіз. Жеткізу үшін: 1) Шоқанның туып-өскен 
жерлерін аралауым керек. 2) Омбы архивінде біраз отыруым 
керек. 3) Қашқарияға барып қайтуым керек. Осы үшеуінің 
алғашқы екеуіне өткен жаз аттанам ба деп ем, қол тимеді. 
Ойым сізді де көру, кеңесу еді. Енді тіршілік болса, алдағы 
жазға жиналам. Ол- пұлдарды сұрап (Шоқанға байланысты) 
сізді әурелегім келеді де, сұрайтындарымды хатқа сыйғыза 
алмаймын. Осында алдыртуды да ойлаймын. Академияға 
бұл жөнінде сөйлесіп те жүрмін., нәтижесін хабарлаймын. 
Жалпы хатпен хабарласып тұрайық, ағай! Інілік сәлеммен 
– Сәбит Мұқанов 30. 10. 1948 жыл. Алматы». 
Бұл хат Сәбеңнің ішкі сырын сыртқа жайып салып 
тұр ғой. Шоқан туралы роман жазуды әу бастан-ақ ойға 
алғандығына бұл да дәлел. Ал Ыдырыс Уәлихановпен Сәбең 
жолығысқан, әңгімелескен, Шоқан туралы көп деректер 
алған. 
С.Мұқанов Мәскеудің, Ленинградтың, Омбының, 
Алматының мұрағаттарынан Ш.Уәлихановқа қатысты мол 
мағлұмат жинақтаған. Шоқанның күнделіктеріне шолу 
жасай отырып жазған дәптерінің көшірмесі де Музей 
кешені қорында сақтаулы. Бұл жөнінде: «Сәбит Мұқановтың 
«Шоқан Уәлиханов» пьесасы драма театрында қойылатын 
болып, Шоқан рөлін ойнау міндеті маған жүктелді, – 
деп еске алады Қазақстанның халық артисі Нұрмұқан 
Жантөрин, – Сәбең мені ертіп, үйіне әкелді. Өзінің жұмыс 
кабинетіне өткізді де, шкаф тартпасынан бір қолжазба 
шығарды. Соны маған ұсынып тұрып: – Мынаны қазір осы 
кабинеттен шықпай оқы. Бітірген соң сөйлесеміз! – деді. Бұл 
он сегіз жасар Шоқанның күнделігі екен. Мен құныға оқып 
шықтым». (Кітапта: «Кәдімгі Сәбит Мұқанов. Естеліктер 
кітабы. – Алматы: Жазушы. 1984 – 392б.).

202
Осыған сабақтастыра өрбітер ойды қазақ театр өнерінің 
негізін қалаушылардың бірі, халық артисі Қапан Бадыров 
жазып қалдырыпты: «Сәбит Мұқановтың драмалық 
шығармалары негізінде қойылған құнды спектакльдің бірі 
– «Шоқан Уәлиханов». Спектакльде жұртшылық сүйіп 
қарайтын, жақсы бейнеленген – Нұрмұқан Жантөрин 
ойнаған Шоқан рөлі. ... Біз актер Нұрмұқанның өнер 
жолында бағын ашқан рөль – осы Шоқан деп танимыз. ... 1956 
жылғы май айында «Шоқан Уәлихановтың» премьерасы 
болды. Театрға жұртшылық тарапынан ризалық пікірлер, 
зор алғыстар айтылып, спектакль қабылданды. «Шоқан 
Уәлиханов» пьесасы қазақ драматургиясында классикалық 
шығарманың бірі болып қалды. Қажырлы еңбек, жігерлі 
шабытпен жазылған Шоқан образын сахнадан көріп, 
Сәбеңнің қатты қуанғанын білеміз. «Шоқаным қайта 
туғандай болды-ау! – деп шаттанатын Сәбит аға» (Кітапта: 
«С. Мұқанов туралы естеліктер». Астана, Елорда. 2001. – 480 
б.).
«Жол таптым бар қазақтың жүрегіне» деп батыл байлам 
жасаған Сәбит Мұқанов шығармашылық жолының үлкен 
бір асуын Шоқан өмірінен көркем роман-тетралогия 
жазуға арнайды. «Аққан жұлдыз» деп аталған бұл роман-
тетралогияның екі кітабы ғана жарық көріп (1967, 1970ж.ж.), 
үшінші кітабын бастаған 1973 жылы жазушы ғұмыры 
тұйықталған еді.
 
Көрнекті ғалым, қазақ драматургиясының білгірі 
 
Рымғали Нұрғалиев:  «Шоқан Уәлиханов» драмасынан 
кейін көп томдық романдар шоғырының алғашқы кітаптары 
дүниеге келді. Кітапханалар, архивтер, Шоқан болған 
қалалар, Шоқан басқан жолдарды Сәбит Мұқанов түгел 
көрді; шекарадан өтіп, Шығыс Түркістан, Қашқарға дейін 
барды. Ұйғыр халқының қалың ортасында болып келген соң, 
ойланып, толғанған, тақырыпты терең білуден, материалдың 
маңыздылығынан барып драматург бір объектіден өзектес 
екі шығарма – пьеса-дилогия тудырды. Сөйтіп, Шоқанның 
жас жігіт кезін көрсететін «Қашқар қызы» атты екі бөлімді 
тарихи драма дүниеге келді» – деп жазған болатын (Р. 
Нұрғалиев. Арқау. Т.1. Алматы. 1991.–190 б.).
Сәбит Мұқанов 1956 жылы Қытай Халық Республикасына 

203
саяхаттап барып, «Алыптың адымдары» атты көлемді 
жолжазба кітабын 1959 жылы шығарған болатын. Сол 
кітаптың «Шыңжаң» атты тарауында: «Шыңжаң аталатын 
өлкенің негізгі жерлерін, әсіресе, бұрын «Қашқария» немесе 
«Шығыс Түркістан» немесе «Кіші Бұхара» аталатын жерді 
көру керек, ол менің Шоқан Уәлиханов туралы алдағы 
күнде жазсам деп жүрген шығармама қажет» дейді С. 
Мұқанов (233 б.). Осы арқылы Қытайға сапарының негізгі 
мән-мақсатын аңғартады. 
Ғажайып тұлға Шоқан Уәлиханов өмірі мен 
шығармашылығын зерттеп, зерделеуде қазақтың екі 
академигі – Әлкей Марғұлан мен Сәбит Мұқановтың сіңірген 
еңбегі өлшеусіз. 1961 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы 
Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағын 
шығарды. Оның жауапты редакторы Әлкей Марғұлан 
еді. С. Мұқанов  редакциялық алқаның құрамында болған. 
Әлекең Сәбеңе  бес томдықты сыйға тартып, І-томына 
мынадай қолтаңба қалдырыпты: «Қадірлі Сәбитке! Теңізге 
шомылғандай сүйсініп оқуға! Әлкей Марғұлан. 25 июль 
1961 жыл». Шоқанның азғантай ғана ғұмырында 200 баспа 
табақ ғылыми жұмыстар жазып қалдыруы таңқаларлық 
жайт қой, шынында! Оны оқығанда «Теңізге шомылғандай» 
күй кешуге болатынын ғұлама Марғұлан қалай әдемі 
аңғартқан. Академик Н.И.Веселовскийдің «Шығысты 
зерттеу әлемінің аспанынан, қазақ хандарының ұрпағы, 
орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 
аққан жұлдыздай зымырап өте шықты. Орыстың Шығысты 
зерттеушілері оны бір ауыздан дағдыдан тыс көрініске 
санап, түрік халықтарының тағдыры туралы аса зор, аса 
қажетті жаңалықтар ашуды күткен еді...» (Ш.Ш.Уәлиханов. 
Бес томдық шығ.жинағы. І-том. Алматы. 1961.– 96 б.) – деген 
сөзі Сәбит Мұқановқа көп ой салғанын роман атауын «Аққан 
жұлдыз» қоюынан да аңғарамыз.
 
Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұзафар 
Әлімбаев шығарманың жазылу тарихына қатысы бар 
мынадай бір дерек келтіріпті: «... Министрлер Советінің 2-ші 
демалыс үйі. Сәбең мені өзінің нөмеріне шақырды. «Аққан 
жұлдыздың» екінші томын жазып жатыр екен. Бір шағын 
бөлме, шағын стол, үсті толған блокноттар. Сарғайып кеткен, 

204
атам заманғы, жұқа-жұқа блокноттар. – Ал, мен саған 
бір қызықтарды көрсетейін. Мынау 1928 жылғы дәптер, 
мынау 1925 жылғы. Мынау 1936 жылғы... 1940 жылғы... Ұсақ 
әріптермен жазылған. Араб алфавитімен... – Сен білесің бе: 
Мен Шоқанға байланысты материалдарды жинағаныма 
биыл елу үшінші жыл. Мен ең алғаш ғалымның інісі мылқау 
Мақының суреттерін бір үйден көрдім. Жинауды содан 
бастадым, – деді Сәбең» (КСМ.117 б.). Бұл, сірә, 1968-69 
жылдар болса керек. Куәгердің куәлігімен нақтыланған 
академик-жазушының бір ауыз сөзі «Сәбит Мұқанов өмірінің 
соңғы жылдарында ғана Шоқанға қызығушылық білдірді» 
дейтін сыңаржақ пікірді мүлде жоққа шығарып тұр. Сәбең 
«Мен Шоқанды тануға бүкіл ғұмырымды арнадым!»  дегісі 
келген, сірә. 
«Сәбеңнің көркемдік тәжірибесіне дұрыстап назар 
аударсақ, – дейді көрнекті сәкентанушы, сәбиттанушы 
ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішев, –  әсіресе, тарихта 
болған қайраткерлер жөнінде жылдар бойы ізденіп, 
толғанып барып  шығарма жазуға отырғанын көреміз. Оған 
осы Шоқан тарауы мықты дәлел. Әуелі мақала, онан кейін 
пьеса, ірі дүниеге кірісер алдында монографиялық зерттеу 
жасап алып, роман жазуға кіріскен. Әрине, өкініштісі, 
«Аққан жұлдыздың» аяқталмай қалғаны, әйтпесе, қазақ 
тарихының ең бір шұрайлы кезеңінің көркем шежіресі 
жасалар еді» (Кәкішев Т., Ахмет К. «Сәбит Мұқанов». Әдеби-
ғылыми ғұмырнама. Алматы. Арда, 2005, – 276 б.). Сондай-
ақ, сәбиттанушы ғалым, профессор Құлбек Ергөбектің: 
«Аяқталмай қалған «Аққан жұлдыз» еркін романы және 
аяқталмай қалған «Қазақ қауымы» тарихи-этнографиялық 
кітабы – бұл екеуі іштей сабақтас туындылар. Бірін-бірі 
толықтыратын, бірін-бірі ашатын бұл екі еңбек  өмір бойы 
халық атынан сөйлеп келген жазушының шын мәнінде 
халықтық ойға, ұлттық мұратқа оралуы еді» деуінің жөні 
бөлек (Ергөбек Қ. Сәбит Мұқанов. Оқу құралы. – Алматы, 
Санат, 2000 – 320 б.). Шоқан өміріне терең үңілген сайын 
Сәбит Мұқанов оның қысқа ғұмырдағы атқарған қыруар 
еңбегімен қоса, қол-аяғын жаздырмаған «темір кісенді» 
де (Ресейдің империялық саясатын) аңғарады. Өзіне өзі 
үңіледі. Ұлт тағдырын ойлайды. Тұйыққа тіреледі. Бәлкім 

205
«Аққан жұлдыздың» екі кітабын тәмамдағаннан кейін оны 
тоқтата тұрып, тың серпіліспен «Қазақ қауымын» жазуында 
әлгіндей күрмеуі көп қиын түйінді шешуге деген ұмтылыс 
жатқан болар...
Шоқанның бәкісіне қайта оралайық. «Шоқанның 
бәкісі» дегенде, көп адамның көз алдына Шоқан мен 
Федор Михайлович Достоевскийдің қатар отырып түскен 
фотосуретіндегі Шоқанның қолындағы кішкентай кездік 
елестер. Жоқ, бұл бәкі ол кездік емес... (С.Мұқановтың жеке 
мұрағатында Ф.М. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың бұл 
фотосуретінің бір данасы сақталған, дәлірек айтқанда, 
фотосуреттің көшірмесі. Оның сыртында: «Ф.М.Достоевский 
и Чокан Валиханов (1858 г., г.Семипалатинск). Из ІҮ-го 
тома собр. сочинении Достоевского. Книга находится в 
библиотеке Союза писателей Казахстана. Г.Мукамедханов. 
1941г. Январь-февраль. г.Алма-Ата» – деп жазған Қайым 
(Ғабдулқайым) Мұхамедхановтың қолтаңбасы бар).
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары болса 
керек, музейде Уәлихановтар әулетінің бүгінгі ұрпағы, 
Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы, Алматыдағы 
Шоқан ескерткішінің, қазіргі Елтаңбамыздың, Тәуелсіздік 
монументінің, т. б. авторы Шота Уәлихановпен кездесу 
кеші өтіп жатты. Шота ағамыздың бір шап-шағын 
қолсандық ұстап келгенін байқағанбыз. Әңгіме үстінде әлгі 
қолсандықты жұртқа көрсетіп, ашып, мән-жайын түсіндірді. 
Бұл Шоқанның суретші інісі Мақы (Әбділмақыжан. 1844–
1916ж.ж.) жасаған қолсандық екен. Оның өрнектелуі, 
әшекейленуі, озық қолөнер туындысы екендігі қарапайым 
көрушіге де әсер қалдырарлықтай. «Ал, мұның тағы бір 
ерекшелігі – қос түбі бар. Яғни, астыңғы түбі мен жасырын 
жасалған үстіңгі түбі арасында Шоқанның талай қожазбасы 
жасырулы жатады екен» – деді Шота Уәлиханов. 
Жұртшылық қызыға көріп, біреулер «Мына көненің көзін 
мұражайға тапсырмайсыз ба?» деп қалды. Шота ағамыз: 
«Кейінірек тапсыратын шығармын. Әзірге өзімде сақталады, 
– деді де сөзін жалғады, – мен Сәбит атамызға Шоқанның 
бәкісін сыйлағанмын. Музей экспозициясында тұрғанын 
көрдім. Рахмет. «Оны неге сыйладың?» дейсіздер ғой. 
 
Шоқанды зерттеп, насихаттап, ұрпақ жадында жаңғыртуда 

206
Сәбеңнің сіңірген еңбегін айтып жеткізу қиын. Сондықтан, 
Шоқанның көзіндей болып, осынау ақ сапты кішкене бәкі 
Сәбеңнің кітаптарының жанында тұруға әбден лайық деп 
санадым». Бұл  өте орынды шешім болған деп білеміз. 
Шоқан шыққан шың тым биік еді ғой. Туған халқы оны 
әрдайым тек  биіктен ғана көріп, бағалай берсін.
2010 ж.
ЕКІ АЛЫПТЫҢ АРТЫНДА 
ҚАЛҒАН МҰРА 
ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ –  
дейді ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының 
лауреаты, филология ғылымдарының  кандидаты, С.Мұқанов 
пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық 
мұражай кешенінің директоры Әділғазы Қайырбеков.
– Әділғазы аға, қазақ әдебиетінің классиктері, яғни 
екі алып жазушының атындағы мұражайды басқарған 
жылдарыңыз өзіңізді біршама жасқа есейтті дер ме едіңіз? 
Әлде мұражай басшысы ретінде сыр сандықта ашылмай 
жатқан біраз сырларды ашуға мұрындық болдым дер ме 
едіңіз?
–  Қазақ әдебиетінің классиктері Сәбит Мұқанов пен 
Ғабит Мүсіреповтің мұражайын басқарған соңғы он жылдың 
көлемінде ғана емес, 1978 жылы Сәбит Мұқановтың 
мұражайы ашылған күннен бері тағдырымды сабақтастырып 
келемін деуіме болады. Өйткені университетті аяқтаған 
бойда әдебиеттегі алғашқы еңбек жолымды осы мұражайда 
экскурсавод болып бастағанмын. Филология мамандығын 
алсам да, жолым журналистикамен біте қайнасып, 
телеарнада, «Лениншіл жас», «Халық кеңесі», «Қазақ елі» 
және «Шалқар» газеттерінде жұмыс істедім. Арада 22 
жылдан соң, 2000 жылы осы мұражайға қайта келдім.  Қайта 
келуімнің айтулы себебі, сол жылы Сәбит Мұқановтың 100 
жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін болғандықтан 
жан-жақты дайындық жұмыстары қолға алынып, мұнан 
әрі екі жылдан кейін Ғабит Мүсіреповтың де 100 жылдығын 

207
өткізу жоспарланып отырған болатын. Сонда Сәбеңнің 
бәйбішесі, өткен жылы бір ғасыр ғұмыр кешіп, дүниеден 
өткен Мәриям апамыз мені мұражайға шақырды.  Бұл 
мұражайлар 2009 жылдан бері мұражай кешені деген атауға 
ие болған. Екеуі де  әдеби-мемориалдық мұражай. Өзі филолог 
әрі журналист адамға әрине алыптардың мұражайында 
қызмет атқару өте қызықты. Сондықтан да тағдырымның 
осы мұражайлармен ажырамас байланысының  тереңірек 
кеткенін аңғарамын. 
Республикамызда әдеби-мемориалдық мұражайлар 
саусақпен санарлықтай-ақ деуге болады. Мәселен, Семейде 
Абайдың, Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің, Оралда 
Шолоховтың, Астанада Сәкен Сейфуллиннің, Талдықорғанда 
Ілияс Жансүгіровтің, Қарасазда Мұқағалидың, Алматыда 
Мұхтар Әуезовтің, Ахмет Байтұрсыновтың, сондай-ақ 
Сәбең мен Ғабеңдердің мұражайларын атауымызға болады. 
Әдеби-мемориалдық мұражайлардың басты ерекшелігі 
— жазушының жеке өзі тұтынған заттары мен кітаптары, 
қолжазбалары сақталады. Айталық, Сәбит Мұқановтың 
мұражай кешені жалпы алты бөлмені қамтыса, мұның 
үш бөлмесі мемориалдық бөлім, онда жазушының өзі көзі 
тірісінде тұтынған, пайдаланған заттары сол қалпында 
сақталған. Мұндағы әр бір зат қаламгердің өмір сүрген 
дәуірінен сыр шертіп, сол кезеңнің тыныс-тіршілігін көз 
алдыңа еріксіз елестетеді. Міне, әдеби-мемориалдық 
мұражайлар осындай құндылықтарымен қымбат. 
Мұндай құндылықтар жазушының шығармашылығын 
тереңірек қаузап, зерттеп жүрген жандарға  танымдық 
септігін тигізері сөзсіз. Зерттеймін деген адамға Сәбеңнің 
өзі жатқан бір әлем. Сәбеңнің шығармашылығының өзінен 
қаншама кандидаттық, докторлық жұмыстар қорғалуда. 
Өткен жылдың соңында ғана әл-Фараби атындағы Қазақ 
Ұлттық университетінде мұқановтанушы ғалым Күләш 
Ахмет Сәбеңнің шығармашылығынан докторлық жұмысын 
қорғады. 
Сәбит Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы 
қарсаңында Қызылжарда, Астанада, Алматы және 
Ташкент қалаларында ғылыми конференциялар өтті. Осы 
конференцияларда жүздеген баяндамалар жасалынды. 

208
Жасалынған баяндамалардың бәрі де жеке-жеке жинақ 
болып жарыққа да шықты. Осыларға қарап отырсақ, алып 
жазушыны әр қырынан зерттеу жалғаса беретініне және 
бүгін танып-біліп тауыстық деп айтуға мүлде болмайтынына 
көзің жете түседі екен. ХХ ғасыр қарама-қайшылығы мол 
кезең болғаны тарихтан аян. Күрделі сол кезеңде өмір 
сүрген біздің ой алыптарымыз, әсіресе ғалымдар мен ақын-
жазушыларымыз, бір сөзбен айтқанда, әдебиет алыптарының 
тағдыры өте күрделі болғандығын айғақтайтын дәлелдер 
баршылық. Сәбеңді алып қаралықшы. Сәбит Мұқанов жеті 
жасында ата-анасынан бірдей айырылады. Сол қаршадай 
жалшы баланың академиктікке дейін көтерілуі, кеңестік 
дәуірдегі таптық көзқарасы, идеяға беріліп өмір сүруі және  
небары отыз-ақ жыл ғұмыр кешкен адам таңқаларлық 
тағдыр иесі Шоқанды өмір бойы зерттеуі қайран қалдырады! 
Сәбеңе қатысты  түрлі әңгімелер де айтылды. Бұл кісінің 
«таптық көзқарасының өзгелерге қиянаты болды ма?» 
деген сияқты. Бірақ Сәбең жасаған «қиянат  туралы» 
нақты дерек жоқ. Оған бүгінде жұрттың көзі жетті ғой деп 
ойлаймын. Осыдан біраз жылдар бұрын КазГу-де өткен 
конференциялардың бірінде ҰҚК-нің полковнигі тек қана 
Сәбеңе, яғни әлгіндей алып-қашпа әңгімелерге байланысты, 
ҰҚК-нің мұрағатындағы деректерге сүйене отырып арнайы 
баяндама жасады. Баяндамада Сәбеңе қарап айтылған сол 
әңгімелердің негізі жоқ екенін дәлелдеді. 
Иә, Сәбең өзі өмір сүрген дәуірінің адамы болды. Ал 
таптық көзқарас  –  қай жазушыға болмасын әсерін тигізді. 
1928 жылы «Сұлушаш» поэмасын жазды. Бұл шығармасы 
жазушыға даңқ әкелді. Арада аз ғана уақыттан соң, 1931 
жылы «Адасқандар» романы жазылды. Бұл да жазушыға 
шулы даңқ әкелді. Өмірде болған оқиға, махаббат хикаясы, 
трагедиялық ахуалы дегендей. Артынан роман өңделіп 
«Мөлдір махаббат» деп атауын өзгертіп қайта жарияланды. 
Таптық көзқарастың лебі есіп тұратындай етіп жазды. Десе 
де кеңестік дәуірдің оқырмандарының өзі алғашқы нұсқасы, 
яғни «Адасқандарды» іздеді. Өзім де үлкендерден «Шіркін, 
«Адасқандарды» қайта басып шығарса...» дегенді естігенмін. 
Сәбеңнің 100 жылдығы тойының қарсаңында 1999 жылы 
Астанадағы «Елорда» баспасынан оқырмандар іздеген 

209
«Адасқандар» романы қайта жарыққа шықты. «Балуан 
Шолақ» романы да оқырмандарына осылай әсер еткен. Бұл 
роман да бірнеше тілге аударылып шыққан. Жазушының 
ғасырлық тойы қарсаңында Қытайдағы «Шыңжаң» 
баспасынан «Балуан Шолақ» аңыз-роман деп шығарылды. 
– Мұражай – әдеби-мемориалдық мұражайлар 
болғандықтан, ол жазушының өмірі мен шығармашылығына 
қатысты болары сөзсіз. Сәбең мен Ғабең сияқты сый-
құрметке бөленген, болмысы ерек жазушыларымыздың 
мұражайда әрқайсысының қанша кітап қоры мен 
қолжазбалары сақтаулы? Олардың сақталу тарихы немесе 
құндылығы, салмақтырақ шығармалары, болмаса көне 
жәдігерлері жайында таратып әңгімелесеңіз...
– Сәбеңнің мұражай үйінде жалпы 8 мыңнан астам 
жәдігерліктер (экспонаттар) бар. Мұның 4 мыңнан 
астамы кітаптары мен қолжазбалары. Сәбеңнің жеке 
кітапханасының өзі бай мұра деуге әбден болады. Жеке 
кітапханасы туралы мен кезінде көлемді мақала да жаздым. 
Мұндағы әр кітапқа жазушының қолы тиген, қолтаңбасы 
бар. Ең құнды кітаптарының бірі – ХІХ ғасырдың соңында 
шыққан, сирек басылымға жататын Брокгауз бен Эфронның 
86 томдық энциклопедиялық сөздігі. Мұндай рухани 
байлық біздің кейбір үлкен кітапханалардың қорында жоқ. 
Бұл жазушының жеке кітапханасындағы құнды қазына. 
Осыншама кітаптарды сақтау, оны ұрпақтан-ұрпаққа көздің 
қарашығындай сақтап жеткізу – асқан ыждағаттылықпен 
атқарылатын шаруа. 
Және жазушының өзіне сый ретінде қолтаңбаларымен 
берілген кітаптар да баршылық. Бұл қолтаңбалардың өзі 
қаншама ойларға жетелейді. Мысалы, «Ақылдың азабы» 
кітабын Сәбеңе Алексей Толстой қолтаңбасымен сыйлаған. 
Соғыс жылдарында Алматыда біраз уақыт болған Алексей 
Толстоймен Сәбең жақсы араласқан. Тіпті, мынадай да 
қызықты көріністің болғанын жасырып қалуға болмас. 
Сәбеңнің үйіндегі Мәриям апамыздың шашы тірсегінен 
түсетін, өте ұзын болыпты. Апамыздың шашына Толстой 
қатты қызығып, мынадай шашты мойныма орап суретке 
түсейінші деп, Сәбеңнен рұқат сұраса керек. Сәбең рұқсатын 
беріп, Толстой Мәриям апамыздың шашын мойнына орап, 

210
суретке түсіпті. «Сол суретті сақтай алмадым, жоғалып 
кетті», – деп Мәриям апа үнемі өкініп айтып отыратын. 
Мүмкін бұл тарихи сурет жалғыз дана ғана емес, түсірген 
фотосуретшінің мұрағатында немесе Толстойдың 
мұрағатында бір данасы болса да сақталып қалған шығар 
деп үміттенем. Сондай-ақ Михаил Шолоховпен де арадағы 
достықтарын паш ететін кітаптағы жалғыз қолтаңба емес, 
Шолоховтың 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы  
жазған мақаласының өзі көл сыр сабақтауға жетелейді. 
Ал қазақ жазушыларының қолтаңбаларымен берілген 
кітаптары өз алдына бөлек әңгіме. 
Осы арада Сәбең мен Ғабеңнің өз қолжазбаларының 
сақтауының да өзіндік өзгешеліктерін айта кетейін. Сәбең 
әр шығармасының ерінбей-жалықпастан бірнеше нұсқасын 
жасаған. Алғашқы нұсқасын бастан-аяқ жазып шықса, 
екінші өңдеуінде де солай бастан-аяқ қағазға түсіріп отырған. 
Ал Ғабеңде бір-ақ нұсқа. Ғабең қарындашпен жазып, қате 
кеткен тұстарын өшіргішпен өшіріп, қайта дұрыстап жазып 
отырған. «Жат қолында» деген соңғы жазған романының 
қолжазбасы араб әрпімен (төте жазумен) жазылған, сол 
қалпында тұр. Ішінде артық шимайланған, сызылған бір сөз 
жоқ. 
Сәбеңнің тағы бір ұқыптылығы – өз дүниесіне өте мұқият 
қараған кісі. Өзіне келген хаттарды және өзі өзгелерге жазған 
хаттарын түгелдей реттеп, жинақтап отыру дағдысында 
болған. Хат жазғанда екі қағаздың ортасына көшірменің 
нұсқасын түсіретін қара қағаз салып, көшірмесін өзіне 
осылайша қалдырып отырған. Оқырмандарынан көп хат 
алған жазушының бірі де – Сәбит Мұқанов. Көзі тірісінде-
ақ Сәбең Орталық мұрағатқа қоңырау шалып, өзіндегі 
хаттардың бәрін мұрағатқа алуларын сұрайды. Мұрағат 
қызметкерлері келіп, жазушының үйіндегі хаттарды үлкен 
жүк көлігіне (Камазға) тиеп алып кетеді. Тек хаттың өзі 
бір машина болған. Арада төрт-бес айдан кейін мұрағаттан 
Сәбеңе хабарласып, алынған хаттарды жылдары бойынша 
жүйелеп, түптеп, ретке келтіріп бітіргендігін, бас-аяғы 141 
том болғандығын хабарлайды. Осы 141 том бүгінде Орталық 
мұрағатта Сәбит Мұқановтың қорында сақтаулы. Мұндай 
тек хаттан жиылған том-томды құрайтын байлық қазақ 

211
жазушыларының ешқайсысында болған емес. Сәбеңнің осы 
хаттарымен соңғы кездері жас зерттеушілер айналысып 
жатқан көрінеді. Расында да Сталиннен бастап, Мағжан 
Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғафур Ғұлам, 
Дінмұхамед Қонаев сынды айтулы тарихи тұлғаларға 
жазған хаттары зерттеуді қажет етіп тұрған дүниелер 
екендігі анық. Ал Шәкәрімнің өз қолымен жазған хаты тек 
осы Сәбеңде ғана сақталып қалған. Бертінде Шәкәрімнің 
жазықсыз екендігі іс жүзінде тексеріліп, ақтап алу сәтінде 
Сәбең: «Менде Шәкәрімнің өз қолымен жазған хаты бар», 
– деп сол хатты Академиядағы ғалымдардың алдында 
таныстырған. Сонымен қатар Шәкәрімнің қартайған кездегі 
фотосуреті де Сәбеңнің мұрағатында сақталып келген. 
Көптеген басылымдар Шәкәрімнің фотосуретін баспасөзге 
берер кезде түсін бояңқырап жіберіп, аздап өзгеріске түсіп 
кеткен. Ал Сәбеңдегісі Шәкәрімнің  Тұрағұлға (Абайдың 
ұлы) сыйлаған алғашқы нұсқасындағы фотосуреті екен. 
Сәбеңе қатысты бар дүниенің мүлтіксіз сақталуына 
мұқияттылық танытып, жанын сала еңбек еткен адам 
– Мәриям апа. Жазушымен 47 жыл бірге ғұмыр кешіп, 
мұражайына 37 жыл бойы бас-көз болып қана қоймастан, 
ақыл-кеңесін аямастан, оның бір парақ қағазына дейін 
шашау шығармай бүгінгі ұрпаққа жеткізуінің өзі қаншама 
күш-жігерді қажет ететінін бағамдап көріңіз. Бұл қазақ 
әйеліне тән даналық әрі қайсарлық дер едім. 
Ал Ғабеңнің мұражайдағы сақталған мұрасы 4 мың 
жәдігерлік. Негізінен, кітаптары мен қолжазбалары. Ғабең 
өзі көзі тірісінде пайдаланған кітаптары мен заттарын 
«өзіме қажеттісін алдым ғой» деп,  шетінен ауылындағы 
кітапханаға жіберіп отырған. 
– Бұрын Мәдениет министрлігіне қарайтын мұражай 
бүгінде қалалық әкімшілікке қарайды екен. Кей келелі 
мәселелерді шешуде мұның кедергісі болып қалған жоқ па? 
Қолдың қысқалығы, сөздің өтімділігі, қиюы келе бермейтін 
қаражат жағы дегендей... 
– Иманғали Тасмағанбетов  Алматы қаласының әкімі 
болып тұрған кезде, Алматы қаласындағы оншақты 
мәдени мекеме, Республика сарайынан бастап, Мәдениет 
министрлігі құзырынан қалалық әкімшіліктің құзырына 

212
өткен болатын.  Сол ұсыныстың алғашқы легінде Ықылас 
атындағы ұлт-аспаптар мұражайы, С.Бегалин атындағы 
кітапхана, Мемлекеттік қуыршақ театры және әңгімемізге 
арқау болып отырған осы Мұражай кешені сияқты бірқатар 
мекемелер өткен еді. Біз бұл өзгерістен ұтылған жоқпыз. 
Қаржыландыру бұрынғы қалпында. Тек соңғы бірер жылда 
дағдарысқа байланысты мұражай қорын толықтыру, 
заманауи техникамен қамтамасыз ету секілді жұмыстар 
саябырлап қалғаны рас. Бұл мәселелер уақыт өте қалпына 
келеді ғой деп сенемін. 
Мұражай мұратымен  іссапарға шығып тұрамыз. 
Мұражайдағы заттар қоймада тұрғандай қозғалыссыз 
қалмауы керек. Бұлар үнемі көпшіліктің назарына 
ұсынылып, насихатталуы керек. Сәбеңнің де, Ғабеңнің де 
туып-өскен жері – Қызылжар өңірі. Ол жақта Сәбит ауылы, 
Ғабит ауылы деп аталатын екі ауыл бар. Қызылжардың 
өзінде екі жазушының да атында кітапханалар, 
ауылдарында мектептер бар. Іссапармен Қызылжар 
өңіріндегі жазушылардың  ауылдарына, кітапханаларына, 
мектептеріне барып тұрамыз. 
Басқа да мұражайларға бару іссапар орайы келгенде 
жалғасуда. Соның бір дәлелі 2008 жылы Сәбеңмен жақын 
араласқан жазушы Ғафур Ғұламның мұражайын көзіммен 
көру үшін Ташкентке барып қайттым. Мақсатымыз Сәбең  
мен Ғафурдың арасындағы 35 жыл бойына созылған ғажайып 
достықтың өнегесін жұртқа жеткізу еді. Бұл екеуінің 
достықтары туралы талай дүниелер де жазылды. Мұзаффар 
Ахмадтың «Достық дастаны» атты шығармасы белгілі ақын 
Исраил Сапарбайдың аударуымен өткен жылы «Егемен 
Қазақстан» газетіне шықты. Ғафур Ғұламның бәйбішесі 
Мүкәрәма апа мен Мәриям апа екеуі абысын-ажындай 
араласқан. Ғафур Ғұлам бір немересінің атын Мұхтар, екінші 
немересінің атын Сәбит деп қоюының мәнісінің сыры да 
осы адал достықтарында болар. Екеуінің алысқан қаншама 
хаттары бар. Мұражайдағы сол хаттарының көшірмесін 
алып бардым. Олардағы Сәбеңнің бірнеше хаттарының 
көшірмесін алып қайттым. Бұл мұражайды бүгінде 
жазушының қызы Алмаз ханым Ғафурқызы басқарады 
екен. Сәбеңнің досына сыйлаған қазақтың ұлттық шапаны 

213
мұражайдың төрінен орын алыпты. 
Өткен жылы Қостанайда облыстық мәдениет 
басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 
ұйымдастыруымен Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығына 
орай ғылыми конференция өтті. Аталмыш жиында 
Сәбеңнің Шоқанды зерттеуін арқау ете отырып,  баяндама 
жасадым. Алматы облысына қарасты Ескелді ауылында 
Шоқан Уәлиханов атында мектеп бар. Осы мектеппен де 
арамыздағы байланысымыз өте жақсы. Мұражайаралық 
байланыстарымызды жалғастыра береміз. Шет 
мемлекеттерге шығу әзірге тоқтап тұрғанымен, еліміздің 
ішінде ұдайы жалғасын табуда. 
– Біраз уақыт бұрын «әдеби-мемориалдық 
мұражайларды таза ғылыми мекемеге айналдыру керек, 
осы мәселені жүзеге асырамыз деп шырылдап жүрміз» деп 
едіңіз. Осы игі бастамаңыз оң шешімін тапты ма?
– Мұражайлардың тыныс-тіршілігін зерттеймін деген 
ізденушіге осы мәселе қызық. Кеңес дәуірі кезінде бүкіл 
одақтағы мұражайлардың тағдыры солай болған. Мәскеудегі 
қаншама ғалымдардың өзі «мұражайларды таза ғылыми 
мекемеге айналдырсақ» деп мәселе көтерген. Мұражай әр 
кезеңде де Мәдениет министрілігінің құзырында болып 
келді. Мұражайлар неге Ғылым және білім министрлігіне 
қарамайды деген әңгіме бүгінге дейін айтылып келеді. 
Егер мұражайлар ғылыми мекемеге айналса, ғылым 
министрлігі қаржыландыру керек болады. Мұражайға 
ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарын тарта 
алмай отыруымыздың бірден бір себебі осы. Олар мектепке 
барып сабақ өтсе, үстеме ақы төленеді, мұражайда мұндай 
үстеме ақы көзделмеген. Негізінен әдеби мұражайлардың 
ең үлкен қызметі – ғылыми жұмыс болуы керек. Мәдениет 
министрілігінің өзінде де бұл мәселе талай рет қозғалған 
болатын. 
Кезінде Мәдениет министрлігіне мынадай ұсыныспен 
шықтым. Сәбең мен Ғабеңнің  100 жылдықтары қарсаңында 
олардың энциклопедиясын шығару жөнінде Үкімет 
қаулы қабылдаған еді. Алайда бұл жұмысты бастау 
үшін энциклопедияны қолыма алуым керек. Ол үшін 
тікелей қаржы бөлінуі керек. Мұндай қаржыландыру 

214
қарастырылмағандықтан, «Қазақ энциклопедиясы бар, 
солар шығарады» деп шешті. Бірақ олар қалай шығарады? 
Екі жазушыға да қатысты бар материал осы мұражайда 
болса?  Міне, ғылыми мекеме ретінде қарамаудың осындай 
да кедергілері бар. Білікті маман тартуда бір қиыншылық 
болса, қаржы бөлінбегендіктен ғылыми зерттеу жұмыстарын 
шығара алмауда екінші қиыншылық ұшырасады. Жалпы, 
«Ғылым туралы» бұрынғы заңда мұражай деген сөз мүлдем 
жоқ еді.  Ғылым туралы заң қазір қайта қаралуда. Ғылым 
туралы заңға мұражай туралы арнайы бап па, әлде тарау 
ма енгізілуі керек. Парламент Мәжілісінің депутаты 
Нұрлан Өнербаев мәдени мекемелердің басшыларымен 
жиын өткізгенде айтып та, ұсынысымды жазып та, 
мұражайларға ғалымдарды тартудың кедергі болып тұрған 
себептерін көрсетіп те бергенбіз. Қаржы болса, ғылыми 
конференцияларды жыл сайын өткізуге болады. 
Соңғы онжылдықта бірнеше кітаптар шығардық. Сәбит 
Мұқановқа да, Ғабит Мүсіреповке де  арнау өлеңдер өте көп 
жазылған.  Арнау өлеңдерді негізге ала отырып  «Кәдімгі 
Сәбең» деген атпен 101 ақынның 151 арнау өлеңдерін 
жинақтап, кітап етіп шығардық. Сол сияқты «Ғажайып 
Ғабең» деген атпен Ғабеңе арналған өлеңдерді жинақтап, 
кітап етіп басуға дайындап қойдық. Арнау өлеңдер арқылы 
сол адамның портреті де жасалынады, кейде сол өлеңді 
жазған ақын өзінің арман-сырын айтады, кейде мұңын 
шағады.      
С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің көптомдықтары «Мәдени 
мұра» бағдарламасына енгізіліп, жүйелі түрде шығуы керек 
еді. Кезінде Үкімет қаулысы болған.  Екі-үш томдары   ғана 
жарық көрді. Содан соң тоқтап тұр. Мысалы, Сәкеннің, 
Ілиястың, Бейімбеттің көптомдықтары  әрқайсысы әр 
баспадан құрастырылып шығуда. Көптомдықтарды шығару 
дұрыс жолға қойылмағандықтан,  жұмыс  осылай  жүріп 
жатқан сияқты...
– «...Ақын-қыран қияға да қонады, ақын- адам  далаға да 
қонады. Ақын бойын да жасыра алмайды, ойын да жасыра 
алмайды. Ақын жаны оңай жараланады, оңай жазылады, 
емі көп. Ақын жүрегіне кек тұрмайды» дегенді осы мұражай 
қара шаңырағы иесінің бірі Ғабең атамыз айтқан екен. 

215
Ақындықтың табиғатын дөп басқан Ғабең атамыз айтқан сол 
өзіңіздің ақындық дүниеңізде не өзгерістер болуда? 
  – Өлең – ақынды үнемі мазалап жүреді. Өлең – сағыныш 
пен мұң секілді, көзге көрінбейтін елес секілді ғайыптан 
пайда болатын ғажайып. Поэзияға деген сезімім ешуақытта 
суыған емес. Газет редакцияларында жұмыс істеген 
жылдарымда да, мейлі іссапарда жүрсем де, қай уақытта да 
қара өлеңге  бұрылуға уақыт табатынмын. 
Осы мұражай кешеніне келгеннен кейін де 1991-2001 
жылдар аралығын қамтитын  «Тәуелсіздік жылдарындағы 
қазақ поэзиясы» деген тақырыпта 2004 жылы кандидаттық 
диссертация жазып, қорғадым. Бұл тақырып бұрын 
қозғалмаған болатын. Әдеби ортамыздағы  поэзияның орны 
қай заманда болса да ерекше екенін көрсеткім келді. 
Ал жаңа қоғамда жас буын толқын-толқын болып 
поэзияға келіп жатыр. Бұл қуантады. Әрине, прозада да, 
драматургияда да, поэзияға қарағанда, бәсеңдік бар. Уақыт 
ағымына ілесе алмай қалу, әлде ауысқан қоғам өміріне 
бейімделе алмай кідіру байқалатын сияқты. Дегенмен, 
 
поэзияда тоқырау болған жоқ. 
Қысқа-нұсқа:
– Тағдырыңызға ренішіңіз бар ма?
– Ренішім жоқ. Себебі, сонау Тарбағатайдың 
теріскейіндегі бір орысы жоқ, таза қазақи ауылда туып-
өстім. Орыс тілі пәнінің өзін қазақша өтетін. Мектептен соң 
КазГу-дің филология факультетіне оқуға түстім. 
Жастар газетінде бас редактор Сейдахмет Бердіқұлов 
ағамыз біздерге: «Сендер жассыңдар, журналисті аяғы 
асырайды. Неге сендер төрт қабырғаның ішінде омалып 
отырасыңдар, барыңдар іссапарға. Анау Маңғыстауда, 
Үстірттің үстінде жас шопандар бригадасын көріп 
қайтыңдар», – деп сөзімен қамшылап жіберетін. Ертеңіне 
самолетпен ұшып барып, он күн бойына Үстірттің үстінде 
жүріп... адасып... елу градус ыстықта... темір вагонда 
тұрып жатқан жас комсомол-жастар бригадасында 
болып, көрген-білгенімізді қағазға түсіріп қайтатынбыз. 
Болмаса Қостанайда егіннің кезі. Таңертең телефон 
арқылы тапсырылған материалды тәптіштеп жеткіземіз. 
Міне, осының бәрі өмірді көру, өмірді тану, адамдардың 

216
психологиясымен танысу екен ғой. Тағдыр деген осындай 
бұрылыстардан тұратын шығар.
– Мінезіңіз қандай?
– Әкемнің мінезі өте ауыр кісі еді. Көп сөйлемейтін. 
Сыртқа эмоциясын білдірмейтін. Басына қиындық түскенде 
де қатты абыржымайтын. Бәрін де іштей көтеретін. Осы бір 
қасиеттер өзімде де бар сияқты. 
– Құпия сақтауға беріксіз бе?
– Мұны қасымдағы адамдардан сұрау керек шығар. 
Құпияны сақтаймын. Негізі адамның мінез-құлқына 
байланысты. Көп сөйлегенді емес, көп тыңдағанды ұнататын 
адамдар болады. Солар құпияны жақсы сақтайды. Мен 
сол көп тыңдағанды ұнататын адаммын. Айналамдағы 
адамдарды да көбірек тыңдауға тырысамын. 
– Қанағат деген сіздіңше қандай ұғым?
– Қанағатшылдық  адам атаулыға қажет. Бірақ 
шығармашылық адамдары үшін жазуда, жаза түсуде 
қанағатсыздық керек.
– Ортамда өз бағамды алдым дер ме едіңіз?
– Бағалану шартты ұғым. Тек қана сыйлықпен кітаптың 
құны берілді деп айтуға тағы болмайды. Шығармаң үнемі 
сұраныста болуы керек. 
– Қалам мен шабыттың арасындағы қандай да 
байланысты сезесіз бе?
– Әзиз Несиннің «Сіз ысқырғыңыз келе ме ысқыра 
беріңіз. Көшеде де, жұмыс орныңызда отырып та, аулада 
жүріп те, тіпті жиында отырып та. Бірақ сіз ысқырған кезде 
жұрт ойлайтындай болсын, «апырау, мынау қалай жақсы 
ысқырады деп» деген керемет сөзі бар. Шабыт, жалпы 
шығармашылық, қаламның құдіреті деген нәрселердің 
бәрі де сенің «ысқыруыңа» байланысты. Жазған дүниең 
көркем де, әдемі болу керек. Оқырманның қажетіне жарау 
керек. Шабытпен жазылған дүние ғана керемет «ысқырған» 
сияқты маңызды болады,  оқылады. Шабытсыз жазылған 
дүние – ажарсыз орындалған ән сияқты. 
– Қаламгер ретінде өзіңізді қай кезде «таныдыңыз»?
– Бұл сауалға жауапты мектептегі бала шағымда болған 
мына жайтты айтудам бастағаным дұрыс болар. 6-шы 
сыныпта оқып жүргенімде мектеп директорының өзі бастап 

217
он оқушыны Ленинградқа апаратын болды. Қазақ тілі 
мен әдебиет пәнінің мұғалімі мені жақсы көретін. Сол кісі 
Ленинградқа барғанда күнде не көргеніңді қағазға түсіріп, 
күнделік жазып кел деп тапсырма жүктеді. Ол кезде 
мұғалімнің айтқаны заң, орындауға міндеттісің. Ленинградқа 
барғанда өзге балалар айналаны керегінше тамашалап, 
қызықтап жүргенде мен көрген-білгенімді қағазға түсіріп 
жүрдім. Дәптердің мұқабасына «Ленинградқа саяхат» 
деген тақырып қойдым. Келгеннен кейін мұғаліміме апарып 
көрсеттім. «Мынауың жақсы дүние. Енді мұны ауылдың 
адамдарына жеткізуіміз керек. Кеңшардың мәдениет 
үйінде жиын өткіземіз. Сен баяндама жасайсың», – деді. 
«Баяндаманы қалай жасаймын?» – десем: «Баяндамаң осы 
жазған күнделігің», – деді. Сол 13 жасымда көпшіліктің 
алдына шығып, «Ленинградқа саяхат» атты күнделігімді 
оқып бердім. Сонда Эрмитажды аралаған күнімді күнделікке 
былай түсіріппін. «Бүгін Эрмитажда болдық. Эрмитажда 
1050 бөлме бар екен. Біз екі сағатта тым болмаса соның 50 
бөлмесін де аралай алмадық қой», – деп өкініппін. Бұл 
дәптерім әліге дейін сақтаулы. Әдебиет пәнінің мұғалімі мені 
осылай әдебиетке жетеледі. 
– Мемлекеттік сыйлық Сіз үшін қандай сыйлық?
– Бұл сыйлық кейінгі кезде әдеби қауымның көңілін 
қалдырып тұрғандай әсер етеді маған. Себебі, берілетін 
дүниелерге берілмей жатыр. Құны түсіп қалды. Жақсы 
дүниелердің өз бағасын алмай қалуы, әрине, қынжылтады. 
Мәселен, Қытайдағы жазушы Қажығұмар Шабданұлының 
«Қылмыс» атты 6 томдық романы осы сыйлықты алуы керек 
еді. Бұл дүниенің жазылу стилі де өте қызық. «Уа, құрметті, 
менің тергеушім!» деп басталады. «Мың бір түнді» еске 
түсіреді. Сөйтіп басталады да, бүкіл өзінің  бастан-кешкенін 
жазып шығады, өзін-өзі тергейді. Біздің әдебиетімізде 
мұндай  үлгіде жазылған дүние жоқ. Қырық жылдан аса 
түрмеде отырған адамның тағдырлы туындысы еді.
– Сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет