Әділғазы Қайырбеков



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата26.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#2759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ғабит МҮСІРЕПОВ.
28.12.1985.
Тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Құлағыңызға 
Ғабеңнің баяу қоңыр даусы келетіндей. Кеудеңізді күрсін 
кернейді. Фәни жалған және мәңгілік Өнер Иесі туралы 
ойларға шомасыз…
Ал Ғабеңді мәңгілік сапарға шығарып салып тұрғанда 
айтылған мына сөз де осы ойлармен сабақтас: “Қағанаттың 
қара сөзін ұстаған хас шебердің қазасы қыранның өліміндей 
әрі аяулы, әрі ауыр қаза болды. Ауыр болатыны – аума-
төкпе уақыттың асылы мен жасығын ажыратып беріп 
отыратын әділ зергер хас шеберден айрылдық. Аяулы 
болатыны – ол ердің құнын екі сөзбен шешетін ежелгі 
шешендердің салтын қайталап дұрыс қартая білді. Дұрыс 
қартая білу… О, бұл неткен ауыр іс еді… Озар елдің баласына 
озық үлгілерден үйреніп өсу аз, оларды зерттеп өскен 
лазым. Ұрпақ келер, ұлағат іздер, шаршай жүріп шаттанар, 
шаттана жүріп шалдығар… Сол кезде ғасырлар өткен сайын 
ғаламат бояуларымен жарқырай түскен Ғабеңнің алтын 
отауын көрер. Ат айналып қазығын табатыны рас болса, 
алыс-жақынды түгел шарлаған аймаңдай ұрпақ Мүсірепов 
өнерінің өнегелілігі мен өміршеңдігін түгел мойындап, түп 
атасына алғыс-рахметін жаудырары хақ. Бұл – болжам 
емес, сенім. Зергер қалдырған мұраға зер сала қарасақ 
осындай сенім туады. Үлкен сенім, баянды сенім. Олжас 
Сүлейменов”.

28
 Музей экспозициясының өн бойына алтын арқау болып 
өрілген – Ғабеңнің айқын көзқарасы, биік ұстанымы, 
кең дүниетанымы және өмірдің мәнін саралайтын өлмес 
туындыларындағы асқақ рух.
2002 ж. 
     
ӘРБІР ЗАТ АЛУАН СЫР 
ШЕРТЕДІ
Мұражай туралы аз мағлұмат. Ғабит  Мүсіреповтің 
1968-1985 жылдары тұрған үйін (қазіргі Қарасай батыр 
көшесіндегі 49-үй, 25-пәтер)  мұражайға айналдыру ісі 
1986 жылдан бастап қолға алынып, 1991 жылдан Орталық 
мұражайдың бір бөлімі ретінде есігін ашқан болатын. 1999 
жылдан Сәбең мен Ғабеңнің мұражай-үйлері әкімшілік-
басқару жағынан біріктіріліп, мұражай кешені деп аталды. 
Он жылдан аса уақытта мұражай-үйге ешқандай жөндеу 
жұмыстары жүргізілмеген екен. Осыдан бір жыл бұрын 
ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 
Мәдениет комитетінің көмегімен мұражай-үйді күрделі 
жөндеуге қойып, экспозициясын жаңартып, биыл Ғабеңнің 
туған күнінде – 22 наурызда қара шаңырақ қайтадан 
халыққа қызмет көрсете бастады. Екі бөлім бар: әдеби және 
мемориалдық. Әдеби бөлімде жазушының өмірбаяндық, 
шығармашылық жолы қатар өрілген. Мемориалдық бөлімдегі 
қаламгердің жұмыс кабинеті мен демалыс бөлмесіндегі 
экспонаттар бұрынғы қалпында сақталған. Олар – Ғабеңнің 
қолы тиген, тұтынған, пайдаланған мүкәмал-мүліктері. 
Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ, Сәбит Мұқанов пен 
Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражайының 
директоры. Мұражай жөнінде басшы, жалпы, кешенде 
жинақталған 12 мыңнан аса экспонаттың 4 мыңнан астамы 
Ғабеңнің мұражай үйінде деген дерек айтады. 
– Әдеке, мұражайда ерекше назар аударатын 
экспонаттар деп бөліп атауға болатындары бар ма?
–  Неге болмасын?.. Мәселе әрбір затқа кімнің көзімен 
қалай қарауға да байланысты. Міне, Ғабеңнің түрегеп тұрып 
шығармаларын жазған жазу үстелі. Сирақтары ұзын, биік. 

29
Әне, бильярд ойнағанда жиі ұстайтын кийі, құндағымен. Ал 
мынау қаз-қатар тізіле ілінген таяқтарды Ғабең өз қолымен 
жонып жасаған. Әдемі ағаш бұтақтарын іздеп жүріп, 
таңдап жүріп таяққа жарайтынын жинаған. Жазу үстелінің 
үстіндегі қарындаш, өшіргіш, көзәйнек, мүштік, қол сағаты, 
үлкейткіш шыны (лупа), қолжазбалары, хаттары, тағы басқа 
әрбір зат әр алуан сыр шертеді. Төте жазумен толтырылған 
сарғайған парақтар бүккен сырлар қаншама... Жалпы, 
мұражай кешенінде 12 мыңнан аса экспонат жинақталса, 
соның 4 мыңнан астамы Ғабеңнің мұражай-үйінде. 
–  Мерейтой қарсаңында мұражай кешеніне ЮНЕСКО-
ның көмегі болды ма?
–  Иә. Мұражай кешенінде ЮНЕСКО-ның көмегімен 
үстіміздегі жылдың 28-ақпанында Ғалымдар үйінде 
«С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің классиктері» 
атты халықаралық ғылыми конференция өткіздік. 
Конференцияға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО 
істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының Төрағасы 
И.Тасмағамбетов құттықтау сөзін жолдады. Ғ.Мүсірепов 
шығармашылығының Қытай, Франция, Монғолия, 
Қырғызстан, Ресей, тағы басқа елдер әдебиетімен 
сабақтастығы талданған баяндамалар мен сөйленген сөздер 
жинақталып, жеке кітап болып «Арыс» баспасынан жарық 
көрді. 
– Кітап шығару – мұражай кешенінің ғылыми 
жұмыстарының нәтижесі деп саналады ғой?..
– Әрине. Бұл ретте біршама еңбектендік. «Өлке» 
баспасынан «Ғ.Мүсірепов – 100» дейтін буклет шығардық. 
Буклетте әр жылдардағы фотосуреттер мен Ғабең туралы 
әр буын өкілдерінің пікір-лебіздері қамтылған. ЮНЕСКО-
ның көмегімен «Арыс» баспасынан «Өмірбаяндық өрнектер 
– Автобиографические эскизы» атты С.Мұқанов пен 
Ғ.Мүсіреповтің екеуіне де қатысты кітапты оқырмандар 
қолына тигіздік. Қазақ, орыс тілдерінде – С.Мұқановтың 
«Өмір мектебі» романынан үзінділер, Ғ.Мүсіреповтің 
«Автобиографиялық әңгімесі», Сәбеңнің 30-шақты хаттары, 
Ғабеңнің күнделігі, екеуінің де өмір кезеңдерінен 30-40-
тан фотосуреттер берілген. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның 
қолдауымен «Алматыдағы С.Мұқановтың мұражай-үйі» 

30
дейтін буклет, «С.Мұқанов. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы 
әдебиетінің тарихынан очерктер» атты 60 жылдан кейін 
қайта басылып отырған құнды зерттеу еңбегі.
– Үкімет қаулысында С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің 10 
томдық академиялық шығармалар жинақтарын шығару 
көзделген еді ғой...
– «Жазушы» баспасынан Ғ.Мүсіреповтің 10 томдығының 
2 томы жақында жарық көрді. С.Мұқановтың 10 томдығының 
2 томы да көп кешікпес деп үміттенеміз...
– Сәбеңнің мұрағатында хаттар көп деп естиміз. Ал 
Ғабеңде ше?
– Онша көп емес. Бірақ әр жылдардан әр қилы деректер 
жеткізетін тағдырлы хаттары сақталған. Мәселен, 1928 
жылы С.Мұқановқа жазған хаты, 1932 жылы шілдеде 
жазылған әйгілі Ғабең бастаған бесеудің хаты, 1934 жылы 
М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасы туралы Мирзоянға жазған 
хаты, 1963 жылы І.Омаровқа жазған хаты, тағы басқа. Ғабең 
осы санаулы хаттарының өзінде үлкен әлеуметтік, әдеби, 
мемлекеттік мәселелерді көтергенін байқаймыз.
–  Жазушының отбасылық өмірі туралы мұражай 
экспозициясында деректер толығымен қамтылған ба?
– Ұзақ ғұмыр кешкен Ғабеңнің отбасылық өмірінен 
жұрт хабардар болуға тиіс. Қилы кезеңдерде тағдырдың 
жазуымен Хұсни, Раиса, Ғазизалармен отасқан. Мұражай 
экспозициясының отбасылық турникетінде қойылған 
көптеген фотосуреттер бұл жөнінде толық мағлұмат береді. 
Қазір ортамызда қыздары Энгелина, Гауһар, Гүлнәр бар.
– Ғабеңнің Алматыдағы мұражайы мен Қызылжар өңірі 
арасында байланыс қалай?
– Жазушының туып-өскен жерімен, ондағы 
азаматтармен, облыс әкімшілігімен әрдайым тығыз қарым-
қатынас жасаймыз. Мұражайдағы кейбір экспонаттардың, 
қолжазбалар мен хаттардың көшірмелерін ауылдағы, 
Қызылжардағы музейге, кітапханаға, мектептерге 
жіберіп, қолдан келгенше көмектесіп тұрамыз. Солтүстік 
Қазақстанда 12-17 маусым аралығында өтетін мерейтой 
шараларына қатысуға әзірленудеміз. 
– Ғабеңнің қанатты сөздері көп қой. Соның біреуімен 
әңгімемізді түйіндесек...

31
– «Көркем сөз – жанның сәулесі» деп жазыпты Ғабең 
өзінің қойын дәптеріне. Жазушының жұмбақ әлемін жан 
сәулесі – көркем шығармалары әр қырынан жарқыратып 
көрсете алады.
Әңгімелескен
Еркін ЖАППАСҰЛЫ.
2002 ж.
СӘБЕҢ МЕН ҒАБЕҢНІҢ 
МҰРАЖАЙ-ҮЙІНДЕ
Алдымен Сәбит Мұқановтың, араға жыл салып, биыл 
Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО 
шешімімен, Үкімет қаулысымен арнайы аталып өткені 
белгілі. Осы орайда арнайы іздеп барып, Алматыдағы 
С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-
мемориалдық мұражай кешенінің директоры, ақын Әділғазы 
ҚАЙЫРБЕКОВКЕ бірнеше сауал қойған едік. 
– Музей экспозицияларын жаңарту қанша уақыттан 
кейін қолға алынып отыр?
– Он жылдан аса уақыттан соң. Ғабеңнің музей-үйі 
1991 жылы Орталық музейдің бір бөлімі ретінде ашылған 
ғой. 1999 жылы бұл музей-үйлерді мемлекеттік әдеби-
мемориалдық мұражай кешені етіп әкімшілік-басқару 
жағынан біріктіргендегі мақсат – осы музейлердің өзара 
үндесіп жұмыс істеуі, қаржылық-экономикалық тиімділігі 
еді. Мерейтой қарсаңында ғылыми жұмыстарға, мазмұндық-
тақырыптық ізденістерге көп мүмкіндік туды. 
– Жақында Мәскеу жұртшылығы С.Мұқановты еске алу 
кешіне жиналыпты деп естідік...
– Иә, 10 желтоқсанда Мәскеуде, Халықаралық 
жазушылар одақтары қауымдастығының үйінде С. 
Мұқановты еске алу кеші өткізілді. Бұл – 100 жылдығын 
ЮНЕСКО атап өткен жазушыға көрсетілген құрмет. Қазақ 
әдебиетіне көрсетілген ілтипат. С. Мұқанов отызыншы 
жылдары Мәскеудегі Қызыл Профессура институтында 
оқыған. Қызмет бабымен де жиі байланыста болған. 
Достары да көп еді. Еске алу кешін ұйымдастыруда 

32
Қауымдастықтағы Қазақстан жазушылар одағының өкілі, 
ақын Тұрсынай Оразбаева, «Мұрагер» кәсіпкер жастар 
қоғамының төрағасы Жәнібек Елікбаев көп еңбектенді. 
Кеште Шафхат Ниязи, Олег Шестинский, Чингиз Гусеинов, 
Ахияр Хакимов, Геннадий Гоц, Евгений Колесников, 
Сүйініш Сырымов сияқты қаламгерлер сөз алды. Ресейдегі 
Қазақстан Елшілігінің, Мәскеудегі «Мұрагер», «Қазақ тілі» 
қоғамдарының өкілдері, «Мир», «Хабар» телеарнасының 
 
Мәскеудегі тілшілері қатысты. 
Кеште ақын Олег Шестинский «Ескерткіш» деген өлеңін 
оқыды. Сәбеңе арналған. Алматыдағы Сәбеңнің ескерткішін 
көргендегі әсері. Өткен жылдарды, достық қауышуларды 
ұмыта алмайтынын білдірді. Ал жазушы   Евгений 
Колесников 1936 жылы Сидоренконың аудармасымен 
шыққан «Сұлушаш» дастанын өз архивінен тауып алып 
келіп, үзінділер оқуы да тебірентерлік еді. «Бұл дастанның 
бас кейіпкерінің аты – Алтай. Ал мен – Алтайлықпын» деді 
ол күліп тұрып. 
– Мерейтойлар  қарсаңында көптеген ғылыми 
конференциялар өтті. Сәбиттануға, Ғабиттануға көп үлес 
қосылды дей аламыз ба? 
– Әрине, мұндай конференциялар Алматыда, Астанада, 
Петропавлда  өтті. Жүздеген баяндамалар жасалды. 
Жинақтар шықты. Тіпті, басқа-басқа біздің Музей кешені 
де ЮНЕСКО көмегімен биылғы жылы ақпанның 28-
інде Ғалымдар үйінде «С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов – қазақ 
әдебиетінің классиктері» атты халықаралық ғылыми 
конференция ұйымдастырып, өткіздік. «Шағын музейлердің 
шамасы келе ме?» дейтін күмәнді серпіп тастадық. Қаржы 
көзі табылса, көп жұмыстар тындыра аламыз.
–   Музейге кімдер келеді?
– Оқушылар, студенттер, туристер. Бірен-саран 
зиялылар... Мәселен, жуырда академик Зейнолла Қабдолов 
Ғабеңнің музейіне келіп, бір сағатқа жуық уақыт асықпай 
аралап көрді. «Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, 
Мүсіреповпен мақтану керек» деген академик Зейнолла 
Қабдолов ағамыз Ғабең туралы мағлұматқа зәру емес 
шығар. Бірақ музей экспозициясы ерекше қызықтырды деп 
ойлаймыз. 

33
– Музейге келушілер үшін, жалпы музей ісін насихаттау 
үшін қандай жұмыстар жүргізесіздер?
–  Насихат жұмыстарының түрлері көп қой. Ал буклет 
шығару – музейдің ғылыми жұмыстарының бірі. Буклет 
– музейдің төлқұжаты. Ғабеңнің музейі ашылғалы, 11 
жылда бір де бір буклет, кітапша шығарылмапты. «Ғабит 
Мүсірепов – 100», «Алматыдағы  С. Мұқановтың музей-үйі», 
«Алматыдағы  Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі» дейтін буклеттер, 
кітапшалар шығардық. 
–  Бұрын жарық көрмеген шығармалары не күйде?
– Үкімет қаулысымен екі классик жазушының да 
көптомдық шығармаларын шығару қолға алынды. Биыл С. 
Мұқановтың 1 томы, Ғ. Мүсіреповтің 2 томы «Жазушыдан» 
жарық көрді. Бұл іс жалғасады. Ал біз С. Мұқановтың бұдан 
60 жыл бұрын жарық көріп, қайтадан басылмай қалған 
«ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының 
очерктері» атты еңбегін, профессор Т. Кәкішовтің талдау 
мақаласын қосып, ЮНЕСКО көмегімен «Арыс» баспасынан 
жарыққа шығардық. Бұл еңбек арада жарты ғасырдан астам 
уақыт өтсе де өзінің ғылыми құндылығын жоймауымен 
бағалы. Ал енді С. Мұқановтың «ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиеті» де қайта басылуын күтетін хрестоматиялық 
еңбек. «Теміртас» романы да 1935 жылғы басылымынан соң, 
қозғаусыз жатыр.
– Тек қана әдеби емес, әдеби-мемориалдық музейлер 
болғандықтан, Сәбең мен Ғабеңнің тұтынған заттарынан да 
көзге ыстық көрінетіндері нелер?
–  Ондай экспонаттар көп. Мәселен, Сәбеңнің «Аққан 
жұлдыз» романының үшінші кітабын бастағанда қолына 
алған қаламы... Ғабеңнің өз қолымен жонып жасаған 
таяқтары немесе бильярд ойнағанда ұстаған кийі... т.б.
Әңгімелескен  Ә.НҰРТАЙҰЛЫ.
2002 ж. 

34
ҒАБЕҢНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуына үлкен олжа 
салған, көркемдік әлемінде өзіндік өрнек-қолтаңбасын 
қалдырған, шығармалары уақытпен үндесе әрі дәуір 
шеңберінен шыға ұлттық өнеріміздің қазынасына құйылған 
саңлақ суреткерлеріміздің бірі – Ғабит Махмұтұлы 
Мүсірепов.
Ғабеңнің туған күні жыл сайын көктемдегі ерекше 
мереке, Шығыс халықтарына ортақ Наурыз мейрамымен 
тұспа-тұс келеді. Ал 2002 жылғы наурыздың 22-сінің тіпті 
жөні бөлек. Бұл жылы Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдық 
мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен, Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің Қаулысымен жоғары деңгейде аталып өтуде. 
Алматыдағы Ғабеңнің 1968-1985 жылдары тұрған 
үйі (Қарасай батыр көшесі, 49-үй, 25-пәтер) 1991 жылы 
әдеби-мемориалдық музейге айналып, жұртшылыққа 
есік ашқан болатын. Алғашында Қазақстанның Орталық 
музейінің бөлімі ретінде қызмет көрсеткен. 1999 жылдан 
бастап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің музей-үйлері «әдеби 
мұражайлардың қаржылық және материалдық-
техникалық базасын нығайту, олардың ғылыми-зерттеу 
және ғылыми-ағарту жұмысы саласындағы қызметін 
жақсарту мақсатында» Мемлекеттік әдеби-мемориалдық 
музей кешені аталып, әкімшілік басқару жағынан 
біріктірілді. Мерейтой қарсаңында Ғабеңнің музей-үйі 
күрделі жөндеуден өткізілді. Бұған ҚР Мәдениет комитеті 
жәрдем-көмегін берді. Сондай-ақ, кешегі кеңестік дәуірдегі 
музейлерде көзге бірден шалынатын идеологиялық қызыл 
бояудан арылту үшін экспозицияны қайта құру, жазушы 
шығармашылығының қайнарларына жаңа қырынан келу, 
қолжазбалары мен кітаптарындағы ұлттық мүддемізге 
қызмет көрсеткен тұстарды, елдік мәселелерді ту ғып 
көтерген кездерді айқындау арқылы жазушының халықтық 
қадір-қасиеттерін ашу сияқты мақсатты ғылыми жұмыстар 
жүргізілді. 

35
Экспозициясы жаңартылған музей-үйдің табалдырығы-
нан  аттаған адам ең алдымен Ғабеңнің мына бір байламына 
көз тоқтатып, көңіліне түйеді ғой деп ойлаймын: «Дүниеде 
адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық 
ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған 
сұлулық ұлы». Ғабит Мүсіреповтің бүкіл шығармашылық 
сапары, өнерге қызмет еткен өмірбаяны, жазушылық 
жанкешті еңбегінің мән-мақсаты осы – ой ұлылығы мен 
сұлулық ұлылығын іздеу, соған бас ию, соны табу және соны 
келер ұрпаққа аманаттау. Музей экспозициясы да тұтастай 
алғанда осы идеяға бағындырылған. 
Жазушының жұмыс кабинеті мен демалыс бөлмесі – 
мемориалдық бөлім. Бәрі бұрынғы, Ғабең бардағы қалпында. 
Ғабең өзі көңіл құлаған бір ермегі – таяқ жону үшін яки 
шылым шегу үшін балконға шығып кеткендей. 
2002 ж. 
ТӘСБИХ,  ЖАЙНАМАЗ ЖӘНЕ 
ДОМБЫРА 
Алматыдағы Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық 
музей-үйінің ашылғанына 25 жыл
«Жол таптым бар қазақтың жүрегіне» деп жалпақ 
жаһанға жар салып өткен, қазақ әдебиетінің классигі Сәбит 
Мұқановтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында 1976 
жылы Қазақстан Үкіметі жазушының 1965-1973 жылдар 
аралығында тұрған үйін музейге айналдыру жөнінде шешім 
қабылдап, 1978 жылдың қараша айынан бастап Алматыдағы 
М.Төлебаев көшесі, 125-үйдің 2-қабатындағы 6 бөлмелі 
пәтер-музей халыққа қызмет көрсете бастаған.
Музейдің ашылуына С.Мұқановтың бай мұрасын шашау 
шығармай жинап-сақтап, сол кездегі өкімет басшысы 
Дінмұхамед Қонаевқа өтініш айтып, өрелі елдердегідей, 
өз ұлдарын халық ұмытпаса екен деп, үлкен істің басы-
қасында жүрген Сәбеңнің сүйікті жары Мәриям апайдың 
еңбегі ерекше еді.  Сәбең дүниеден озғалы биыл 30 жыл 

36
болды, музейі ашылғанына 25 жыл толды. Осы аралықта 
Мәриям апайдың бүкіл тыныс-тіршілігі музеймен тығыз 
байланыста. Абзал ананың, асыл жардың, қарапайым қазақ 
әйелінің, жазушының жан серігінің осы ісінде тағылым 
бөлек, өнеге зор. 
Музейдің алғашқы директоры Хакім Бекішев – Сәбеңнің 
жерлес інісі, отставкадағы полковник, былайша айтқанда, 
әскери адам еді. Іскер болатын. Ал, жас мамандардың 
музейге қызметке келуіне профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 
жанашырлық көмегі көп болды. ҚазМУ-дың түлектері – 
Баянғали Әлімжанов, Құлбек Ергөбеков, Жанат Ибраев 
және осы жолдардың авторы – тікелей Т.Кәкішевтің 
«жолдамасымен» келіп, музейде еңбек жолымызды 
бастадық. Қ.Ергөбек Сәбит Мұқановтың өмірі мен 
шығармашылық жолын әр қырынан зерттеп, кандидаттық, 
докторлық ғылыми дәрежеге қол жеткізді. 
Музейді құру, жасақтау, экспозициясын түзу оңай 
шаруа емес. Бұл ретте, сол тұстағы Мәдениет министрінің 
орынбасары, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің айрықша 
қамқорлығы болғанын атап өтуге тиіспіз. Осындайда 
ойға оралады: музейдің ашылуына санаулы күндер ғана 
қалды. «Казреставрацияның» суретшілері күн-түн демей 
еңбектенуде. Әр жұмыс күнінің аяғында Өзекең музейге 
келіп, біздің жұмысымыздың қалай жүріп жатқанын 
бақылайды. Кеңес береді, ескертпелерін айтады, тіпті, 
кемшіліктерімізді көрсетіп, ұрсып та алады. Бір ғана мысал 
айтайын. Бір күні Өзағаңа әлдебір экспонаттарды қамтитын 
ортақ мәтін ұнамады.  Маған қайта жазуға тапсырма 
берді. Таңертең сағат 9-00-да Министрліктегі кабинетіне 
апарып, оқытып алуым керек. Университет қабырғасынан 
жаңа ғана шыққан кезім. Тәжірибе аз. Он ойланып, жүз 
толғанып, ақыры, әлгі мәтіннің екі түрлі нұсқасын әзірледім. 
Бірі болмаса, екіншісі ұнар деген ойдамын. Министрдің 
орынбасары Ө.Жәнібеков менің қос парақты толтырып 
апарған жазбаларымды алып қалды. Жұмыс аяғын 
тағатсыздана күтіп жүрмін. Жазғандарымның екі нұсқасы да 
ұнамаса қайтем дейтін көңілде алаң бар. Келді-ау бір кезде. 
«Мынадай мазмұндағы мәтін беріледі» деп қолыма бір парақ 
қағазды ұстатты. Асығыс оқи бастадым. Ол менің жазған екі 

37
түрлі нұсқалы мәтінімді біріктіріп, қорытып, үшінші, жаңа 
нұсқасын жасапты. Республиканың білдей бір министрлігінің 
білдей бір министр орынбасары басқа жұмыстарының бәрін 
ысырып қойып, музейдің экспонаттарына қатысты мәтінді 
өңдеп, түзеп, қайта жазумен айналысады деп кім ойлапты?! 
Осынау кішкентай ғана мысалда Өзағаңның ұлттық 
мәдени мұраларымызға деген ерекше көзқарасы, айрықша 
ықыласы байқалып тұрған жоқ па?! Ө.Жәнібековтің қазақ 
мәдениетіне, өнеріне, тарихы мен этнографиясына қылаудай 
сызат түсірмей, шыр-пыр болып жүріп атқарған қызметі 
ұшан-теңіз. Соның бір дәлелін С. Мұқановтың музей-үйінің 
экспозициясын құрғанда айқын сезінген едік. 
Сәбеңнің осы музей-үйі ашылғанда ең алғашқы 
экскурсоводы болдым. Әлі есімде Қазақстан Жазушылар 
одағынан бір топ жазушылар келді. Дүниеде ең қиыны атақты 
Сәбит Мұқанов туралы, «жолы кең жазушы» (М.Әуезовтің 
бағасы) туралы жазушыларға әңгімелеу шығар. Бәрі де кеше 
ғана Сәбеңнің көзін көрген, бірге қызмет істеген, шапағатын 
сезінген қаламгерлер. Музейдің қаршадай экскурсоводы 
емес, Сәбең туралы сол мүйізі қарағайдай ақын-жазушылар 
әлдеқайда көп білетініне, көп әңгіме айта алатынына күмән 
жоқ. Олар сол күні өздерінің жүрекжарды ойларын «Тілек 
кітабына» былай деп жазып, қол қойып, қалдырыпты: 
«Сәбит Мұқанов тірлігінде бәріміздің сүйікті ағамыз 
еді, ұстазымыз еді. Біз оның өз қолынан ет асаған достары, 
інілері едік. Міні, сол Сәбеңнің ұясына келіп, оның ғажайып 
музейге айналғанын көріп отырмыз... Үкіметіміздің жасаған 
құрметі осында, тамаша музейдің тарихқа қосылуына, 
болашақ мұрасы болып қалуына бірден бір жәрдем етті. 
Музей барлық жағынан бізге ұнады, бұл біздің Мәдени 
табыстарымыздың қатарына қосылады, ұрпақтарымыз да 
осылай қабылдайды. Сәбит Мұқановтың ұзақ жасайтын 
алтын ордасы қайта ашылды, құтты болсын ордамыз! 
Осы музейдің іргесін қалап ұйымдастырушыларға, ең 
алдымен жеңгеміз Мәриямға сансыз рахмет!
Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан 
Қаратаев, Қалижан Бекхожин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, 
Михаил Есенәлиев, Өзбекәлі Жәнібеков, Әбіш Кекілбаев. 
22.ХІ.1978 ж.». Бұл өзі, осыдан 25 жыл бұрын, музей 

38
ашылғанда айтылған тұңғыш лебіз болуымен бірге, ақ 
батадай қабылданатынымен де қымбат.  
Музейге келушілердің назарын аударатын сирек, құнды 
экспонаттардың шертер сыры мол. Кейде жазушының өмірі 
мен шығармашылығы туралы құрғақ баяндауды оқығаннан 
не тыңдағаннан гөрі, тым болмаса бір рет жазушының 
музейіне келіп, әлгі экспонаттарды көзбен көріп, тарихына 
үңілген, хабардар болған, дерек алған әлдеқайда әсерлі де 
тағылымды емес пе!
С.Мұқановтың музей-үйінің экспозициясына қойылған, 
музей қорында сақтаулы ондай жәдігерліктер баршылық. 
Мәселен, атақты «Сұлушаш» поэмасының 1928 жылғы 
қолжазбасы бар. Әйгілі «Адасқандар» романының 
басты кейіпкерлері Бүркіт пен Бәтестің (Бәтима мен 
Сұлтанбектің) фотосуреттері жапсырылған «Екі жастың 
тарихы» (12.V.1928) деп аталатын күнделіктің бірінші беті 
де көзге оттай басылмақ. Шәкәрімнің С.Мұқановқа жазған 
хаты (1933), А.Затаевичтің, А.Толстойдың, М.Шолоховтың, 
Г.Серебрякованың, т.б. қолтаңбалары, Шоқан Уәлихановтың 
пышағы (Шота Уәлиханов сыйлаған), ЧОН жасақшысының 
револьвері (1922 ж.), болашақ академик-жазушының 
Орынбор рабфагінде оқып жүргенде түскен фото-суреті 
(1923 ж.), Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» (1923 ж.) атты 
өлеңдер жинағы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» 
(1914 ж.) романы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Мансапқорлар» 
(1925 ж.) пьесасы, т.б. музей экспозициясының мазмұнын 
кеңейтіп, мағлұматын молайтумен қоса, әрқайсысы туралы 
жеке-жеке әңгіме қозғап, ой өрбітуге шақырып тұрады. 
С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж.), 
«Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан 
очерктер» (1942 ж.), «Теміртас» (1935 ж.) романы, «Жарқын 
жұлдыздар» (1966 ж.) зерттеуі, «Алыптың адымдары» (1954 
ж.) атты Қытайға барған сапарынан туған қолжазба кітабы, 
т.б. сирек мұраларға айналып, оқырманға таптырмайтын 
туындылары қаншама деңіз. 
Музейдің әдеби, мемориалдық – екі бөлімінде және қорда 
жинақталған 8 мыңнан аса экспонаттардың барлығы да 
тізімделіп құжатталған, есепке алынған және компьтерлік 
терімге түсіп, сақтаулы. 

39
Экспонаттар ескіре ме? Әрине ескіреді. Кейде, тіпті, 
келушілердің ешқандай қызығушылығын тудырмай, 
рухани сұраныстан шығып қалатындары да болады. Бұл 
қоғамдық жүйенің өзгеруімен, еліміз тәуелсіздік алуымен, 
көне мұралар мен құндылықтарға жаңаша көзқарас, 
өзгеше таным пайда болуымен деп түсіндіруге болар. Ал 
жазушының кейбір жәдігерліктері мен мұралары араға 
жылдар салып сырын ашып, мазмұнын толықтырып, құнын 
арттыра түспек. Міне, мына екі домбыраны алайық. Жазудан 
қолы босаған сәттерде Сәбең домбыраның қос ішегін тәру-
тәрулетіп шабыт шақырған. 
Домбыраның бірін белгілі домбыра жасаушы шебер 
Қамар Қасымов Сәбеңе 1960 жылы сыйлаған. Екіншісін 
Темірхан Дыбысов деген кісі сыйлаған екен. Дыбысов 
туралы дерегіміз аз болатын. Бірде Солтүстік Қазақстан 
облысынан келген Ақылбек деген азамат музейді аралап 
көріп жүріп «Мынау Темірхан Дыбысов деген шебердің 
жасаған домбырасы ма?» деп сұрады. «Иә» дедік. Дыбысов 
туралы не білетінін, домбыраны қалай танығанын білгіміз 
келген. Ақылбек шебермен туыстығы барын, домбыраны 
өрнегінен танығанын айтты.  Елде немересі Зура Фазылқызы 
Темірханова атасы туралы мол мағлұмат жинағанын 
жеткізген. Мен Зураға сәлем айтыпп, мүмкіндігінше атасы 
мен Сәбит Мұқанов арасында қандай байланыс болғанын 
жазып жіберуді өтінгенмін. Жуырда Ақмола облысының 
Еңбекшілдер ауданының тұрғыны З.Темірханованың 16 
қазан 2003 жылы жолдаған хатын алдым. Онда мынадай 
деректер бар: «Менің атам Темірхан Дыбысұлы 1887 жылы 
дүниеге келіп, 1971 жылы 28 тамызда, 84 жасында қайтыс 
болды... Орташа ауқатты отбасында туған. Атам өте сауатты 
еді. Араб, парсы, орыс, қазақ тілдерінде еркін жазып, 
сөйлейтін. Кейбір кітаптарды тәржімалаумен айналысатын. 
Атам Темірханның ұстаздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. 
Оған үйдегі аса қымбат заттар сақталатын көненің көзі – 
сандықтың түбінде жатқан фотосуреттер куә. Фотосуреттен 
1918-1919 жылдары Омбы қаласында оқыған бір топ 
шәкірттерді мұғалімдерімен көреміз. Менің танығаным – 
Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов және менің атам. 
... Атам Темірхан бір сырлы, сегіз қырлы, он саусағынан 

40
өнер тамған адам еді. Ұлттық аспаптар – домбыра, қобыз 
жасап, әшекей заттар – қаптырма, жүзік, т.б. соғатын. Киім 
пішіп, аяқ киімдер тіккен. Кітаптарды, Құран кітаптарын 
жөндеп түптеген. Ең алғашқылардың бірі болып фото-
суретке түсірумен айналысқан, ұсақ-түйек техникалық 
құралдардың да тілін табатын. Осы өнерінің ең жақсы 
туындысы, әрине, домбыра. Алғашқы домбырасы 1958-
1959 жылдары Көкшетау қаласында өткен көрмеде бірінші 
орынды иемденеді. Ол домбыра Алматыдағы Орталық 
мұражайда. Екінші домбырасын 1960 жылы Көкшетау 
қаласында Сәбит Мұқановқа, 60 жасқа толғанда, сыйға 
тартқан. Сәбит Мұқанов атамыздың менің атама риза 
болып, інілік жолда жазған бірнеше хаттары менің қолымда 
сақтаулы. ...Өткен жылдарда теледидардан халқымыздың 
сүйікті әншілерінің бірі Қайрат Байбосынов атамның 
домбырасымен ән салғанын талай рет көріп, қуандым. Бірақ, 
расын айтсам, атамның домбырасы ол кісінің қолына қалай 
түскенін білмеймін. ...Атам Темірханның екі ұлы болды. 
Бірінші ұлы – менің әкем Фазыл (1911-1985). Екінші ұлы – 
Рахмет (1924-1963). Немерелері, шөберелері бар».
Бұл деректен нені аңғарамыз? Музей ашылғалы 25 
жыл өтсе де, кейбір экспонаттардың бойында жасырынған 
сырлардың көп екендігі. Зура Фазылқызына үлкен рахмет. 
Енді әлгі, сандықтың түбіндегі сарғайған фотосуретті, 
Сәбеңнің хаттарын музейге жолдаса деген тілек оянады. 
Темірхан Дыбысов туралы мағлұматымыз молайды.  Бұл 
музейге келушілерге домбыра тарихынан әңгіме қозғағанда 
қызықты деректерді қосуымызға септігін тигізіп отыр. 
Қызықты деректер дегеннен шығады, 1960 жылы Сәбең 
мен жазушы жары Мәриям апай Круиз саяхатымен Араб 
елдеріне де барған екен. Сол жолғы сапардан алып қайтқан 
сый-сияпат, сатып алған заттарының ішінде бір тәсбих 
және жайнамаз болыпты. Бұл тәсбих пен жайнамазды кеңес 
жазушысы Сәбеңнің неге алғаны, не үшін сақтағаны, не үшін 
ырымдағаны бізге белгісіз. Бұл жөнінде Мәриям апайдан 
сұрағанымызда, ол кісі былай деді: «Саяхатта жүрген 
адамдар барған жерлерінен ескерткішке әртүрлі сыйлықтар, 
заттар алып жатады ғой. Ол кезде біздің елде дүние тапшы, 
шетелден жақсы бұйым көрсең, ала келсем дейсің. Сәбит 

41
болса, осы тәсбих пен жайнамазды арқалап қайтты. «Мұны 
қайтесің?» деп едім, «Керек» деді. Басқа ештеңе айтпады. 
Кейін тәсбих музейге қойылды, ал жайнамаз өзімізде 
сақтаулы. Оны да тапсырармын музейге...».
Әсіресе, сонау кеңестік дәуірде музейге келген мектеп 
оқушылары экспонат ретінде қойылған тәсбихты көргенде: 
«Мынау не? Моншақ па? Мойынға таға ма? С.Мұқановқа 
мұның не қатысы бар?» деп жиі сұрайтын. Тәсбихтың не зат 
екендігін пионерлер мен комсомолдарға түсіндіру де оңай 
емес еді. Ал бұл күнде Түркияға барып келген, Араб елдеріне 
барып келген, қажылық сапардан оралған қандастарымыз 
тәсбихтың түр-түрін сыйға тартатын болды.  Көптеп ашылып 
жатқан мешіт, медіреселерден де тәсбихтың, тұмардың, т.б. 
неше атасын табасыз. Ал біз үшін Сәбеңнің өз қолымен алып 
келген, қызыл саясаттың қаһарынан қорықпай, құнды мұра 
ретінде сақтаған мына тәсбихтың жөні бөлек. Әлгі домбыра 
сияқты, күндердің бір күнінде бұл тәсбих та тарихтың 
тереңінен сыр қозғап жатса, тіптен ғанибет болар еді деп 
ойлаймыз.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
Қаулысымен (№104, 08.02.99) Алматыдағы С.Мұқановтың 
музей-үйі мен Ғ.Мүсіреповтің музей-үйі «әдеби музейлердің 
қаржылық және материалдық-техникалық базасын 
нығайту, олардың ғылыми-зерттеу және ғылыми ағарту 
жұмысы саласындағы қызметін жақсарту мақсатында» 
әкімшілік-басқару жағынан біріктірілді.
2000 жылы С.Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы 
ЮНЕСКО шешімімен, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 
жоғары деңгейде аталып өтілгені жұртшылыққа мәлім. 
С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылық жолын әдеби-
ғылыми тұрғыда қайта байыптап, ой таразысына салған 
халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар 
Алматыда, Астанада, Ташкентте, Петропавлда өткізілді. 
Мәскеуде Халықаралық Жазушылар Қауымдастығы 
С.Мұқановты еске алу кешін ұйымдастырды. Оған арнайы 
шақыртумен барып, қатысып, баяндама жасадым.
Музей кешені ЮНЕСКО-ның көмегімен «С.Мұқанов, 
Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің классиктері» атты 
халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырып, өткізді. 

42
Конференция материалдары жеке кітап болып жарық көрді. 
Жазушының жары Мәриям Қожахметқызы Мұқан келінінің 
«Сағынышым-Сәбитім» атты естелік кітабын, «Алматыдағы 
С.Мұқановтың музей-үйі» атты буклет және ең бастысы 
С.Мұқановтың бұдан алпыс жыл бұрын жарық көріп, кейін 
оқырмандар қолына тимей кеткен құнды кітабы «Қазақтың 
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» 
жарыққа шықты. Бұл кітапқа профессор Т.Кәкішевтің 
зерттеу мақаласы қоса берілген. Сондай-ақ, мерейтой 
қарсаңында қабылданған Үкімет Қаулысы негізінде 
жазушының 10 томдық шығармалар жинағы «Жазушы» 
баспасынан шыға бастады. Биыл екінші томы жарық 
көрмек. Астанадағы «Елорда» баспасынан «С.Мұқанов 
туралы естеліктер» кітабы (Қ.Ергөбек пен Б.Ыбырайымұлы 
құрастыруымен) шықты. 
Музейде он бес жыл бойы «Сәбит сабағы» атты танымдық-
теорилық кеш өткізіліп тұрды. Онда жасалған баяндамалар 
«Кәдімгі Сәбит Мұқанов» және «Сәбит Мұқанов тағылымы» 
атты жинақтарда топтастырылды. Қазір де әр түрлі 
тақырыптық кештер – «Руханият» сабағы өткізіліп тұрады. 
Жыл сайын жазушының туған күнінде Алматыдағы 
С.Мұқанов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы аллеяда 
орнатылған ескерткішіне гүл қойып, Қазақстан Жазушылар 
одағымен, қаладағы мектеп-гимназиялармен бірігіп еске 
алу дәстүрге айналған. 
Мерейтойға орайлас жазушының музей-үйіне күрделі 
жөндеу жұмыстары жүргізіліп, экспозициясы жаңартылды. 
Сөйтіп, бұрынғы бір таптың ғана жыршысы деп 
насихатталып келген С.Мұқанов нағыз халық жазушысы 
болып қазақтың құрметі мен ықыласына қайтадан бөленді, 
ХХ ғасырдан XХІ ғасырға сеніммен қадам басты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет