Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

 
 
 
57 
     
 
рып,  іске  асырыда.  Қазақстандық  патрио-
тизмді қалыптастыруда ұлттық идеямен мем-
лекеттік  идеологияның  негігі  өзегі-ұлттық 
патриотизм тұрғысынан қарастыра, қоғамда-
ғы  экономикалық-әлеуметтік  және  мәдени 
саладағы  жаһандану  процесі,  Қазақстанның 
бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  кіруге 
ұмтылысы,  қоғамдық  қарым-қатынаста  пат-
риотизмді  қалыптастыруға  бағытталған  іс-
шараларды  ұйымдастыру  негізгі  мәселе 
болып табылады. 
Ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  келе 
жатқан және жалпы азаматтық құндылықтар 
арқылы тәрбие беру-оқушы бойындағы сана-
сезімді, намысты, парызды қалыптастырумен 
қатар  егемен  еліміздің  тәуелсіздігін,  ынты-
мағын, бірлігін сақтап қалатын патриот-адам 
тәрбиелеуге  толық  мүмкіндіктердің  бар 
екендігін дәлелдейді. 
 
 
ҰЛТТЫҚ- ЭТНИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ОЛ АДАМГЕРШІЛІК ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ 
ІРГЕТАСЫ  
 
Нұрсара Ж., 
Қытай Халық Республикасы Құлжа қаласы Іле педагогикалық университеті 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Менің  ойым-
ша,  қазақтардың  қайталанбас  этникалық, 
психологиялық  әлемі  әлі  жете  зерттелмей, 
зерделенбей  жатқан  тылысым  дүние»  деген 
болатын. Қазақ халқы тәлім тәрбиелік мұраға 
аса бай халықтардың бірі. Қазақстан Респуб-
ликасы  «Білім  туралы»  заңы  жас  ұрпаққа 
жан-жақты білім тәрбие берудің мемлекеттік 
саясатының  негізгі  ұстанымдарын  айқындап 
берді. Олар мыналар: Қазақстан Республика-
сының  барлық  азаматтарының  сапалы  білім 
алуға  тең  құқылығы,  әрбір  адамзаттың  ин-
теллектуалдық дамуы,  психикалық-физиоло-
гиялық және жеке ерекшеліктері, халық үшін 
білімнің барлық деңгейіне қолжетімділігі [1]. 
Педагогика ғылымында тәрбиені бірне-
ше  бағытқа  бөледі,  олар:  Қазақстандық  пат-
риотизм  мен  азаматтық  тәрбие,  зерде  мәде-
ниеті,  рухани-адамгершілік,  салауатты  өмір 
салты,  экономикалық,  экологиялық  талғам, 
этникалық  және  жанұялық  өмір  мәдениеті 
дейді.  Көп  жылғы  педагогикалық  тәжірибе-
мізден байқап жүрміз, жоғарыда аталған тәр-
бие  жүйесімен  көптеген  ұрпақ  тәрбиеленіп 
келеді.  Дұрыс-ақ.  Бірақ  бұл  тәрбие  түрлері-
нің  қарқынды  жүргізілетініне  қарамастан  ақ 
жолдан,  адал  жолдан  адасып,  азғындаушы-
лыққа ұшырап жастарымыздың бұзылуы не-
ліктен?  Тұрақсыздық  көрсетіп,  мұз  үстінде 
тұрғандай өмір жолында «тайғанақтап құлап 
жататыны»  қалай?  Бұл  сұрақтардың  жауабы 
біреу-ақ,  ол:  адамгершілік  тәрбиесінің  же-
тіспеуі.  Жоғарыда  аталған  тәрбиенің  толып 
жатқан  түрлерінің  нәтижесіз  болуы  –  адам-
гершілік  тәрбиемен  байланыспауы.  Ендеше 
тәрбиенің барлық  салалары бір арнаға тоғы-
суы  керек,  ол  арна-адамгершілік  тәрбие. 
Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдын-
да тұрған міндет жастарға адамгершілік тәр-
бие  беру  және  осы  мақсатта  ұлтымыздың 
ұлы  ғұламалаларының  рухани  мұраларын 
жаңғырту, рухани құндылықтарымызды бас-
шылыққа алу. Қазір мектеп жасындағы бала-
лардың  шылым  шегуі,  ішімдік  ішуі,  тіпті 
есірткі  қолдану  жасырып  жабатын  жағдай 
емес.  Қылмыстың  ең  ауыр  түріне  баратын 
жастар да көбейіп отыр. Осылардың арасын-
да біздің қазақ балаларының «үлесі» аз емес. 
Бұл  қиындықтан  шығудың  жолын  табу  да 
педагогтардың алдында тұрған шешімі қиын 
міндеттің бірі. 
Жаңа кезендегі білім берудің өзекті мә-
селесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәр-
бие беру. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған 
көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 
ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бе-
кер  айтылмаған.  Сондықтан  баланы  бойына 
жастайынанан  ізгілік,  мейрімділік,  қайрым-
дылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде пе-
дагогтар шешуші роль атқарады. Адамгерші-
ліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ере-
желерінен  тұрады.  Адамгершілік  нормалары 
мен  құндылықтарын  меңгеру  адамның  «дү-
ниесін»  кеңейтіп,  оған  заттардың  дүниесін 
ғана  емес,  сонымен  қатар  дүниенің  идеалды 
өлшемін,  мәңгілік  мән  мен  жақсылықтың 
дүниесін көріп тануға да мүмкіндік береді.  

 
58 
     
 
Адамгершілік  нормалардың  жеке  тұл-
ғаның ішкі жан дүниесіне көшуі, жеке тұлға 
үшін  мәні  мен  маңыздылығы  бар  деп  қарау, 
шын  мәнінде,  адамның  қайтадан,  рухани 
туылғаны  деген  сөз.  Рухани  құндылықтар 
адамның  өмірдегі  өз  орнын  табуға  және  ру-
хани  әлемнің  дамуына  есепші  болатын  тұл-
ғаның  жетіле  түсуін  қамтамасыз  ететін,  дү-
ниенің  қүрделі  құрылымын  түсіндіретін  ру-
хани даму өзектері, идеалдары, сонымен бір-
ге  адам  мен  әлеуметтік  топтардың  тәртібі 
мен іс-әркеттерін қадағалау нормативті жүйе 
болып  табылады.  Отандық  ізденушілердің 
бірі Б.Қ.Игенбаева рухани адамгершілік құн-
дылықтарды  білім  мазмұнына  енгізу  тәсіл-
дері жүзеге асырудың мынандай мүмкіндігін 
ұсынады:  рухани-адамгершілік  құндылық-
тарды кез келген пәнді оқытудын мазмұнына 
енгізу.  
Ұлт табиғаты күрделі де жан-жақты құ-
былыс.  Ұлт  болмысының  мәні,  ұлттық  кел-
бетті  айқындайтын факторлар,  ұлттық  қаты-
настардың  астары,  ұлттың  келешегі,  сияқты 
мәселелер ұлттар пайда болған заманнан бас-
тап-ақ  адамзатты  толғандыруда.  Ұлттық  са-
на, ұлттық мәселе қиындығы мен күрделілігі 
оның  қырлылығында.  Ұлт  мәмілесінде  жеке 
адамдарға  ұлт  көсемдерінің  ықпалы  зор 
екендігін  естен  шығармаған  жөн.  Дегенмен 
ұлттық  болмыстың  астарында  мәңгілік  құн-
дылықтар жатыр. Ұлттық құндылықтар өмір 
өткен  сайын  мәңгілік  сипат  ала  бермек.  Бұл 
еліміздің  даму  заңдылығы.  Ал,  рухани 
қазынаның тарихи иесі – ұлт, этнос. 
Этностың пайда болуы үшін ортақ тер-
ритория,  тіл,  тәрбиелік  ерекшелігінің  біртұ-
тастығының  болуы  міндетті.  А.Ғүсейтимов 
«Қазіргі  қазақ  этносының  көркемдік  дүние-
танымының бірлігі мен дәстүрлігі» еңбегінде 
төмендегідей топтарға бөліп көрсетті. 
Сипаттық ерекшеліктерге: 1) этнос ата-
уы  (этноним),  олардың  өмір  сүру  террито-
риясының (топонимнің) атауына негізделеді; 
2) этностың қалыптасуы мен өмір сүру орта-
сын  айқындайтын  территория  тұтастығы;  3) 
антропологиялық  нәсілдік  белгілердің  бо-
луы; 4) мәдени ерекшеліктердің көрінуі (ма-
териалды,  мәдени-еңбек  құралдары  тұрағы, 
киімі, рухани-мәдениеті, діні, білімі, тәрбие-
сі,  ғылымы,  әдебиеті,  өнері  және  т.б.)  жата-
ды.  Әрбір  этностың  этникалық  өзіндік  ой-
санасымен  бағынған  дүниетанымдық  көзқа-
расының  біртұтастығы  қоғамның  мүшелері-
нің  (жеке  адамдар  және  әлеуметтік  топтар-
дың)  шығу  тегінің  ортақтығымен  ерекшеле-
нуі. Сондай-ақ, С.Ақатаев  «Өзінің құрамына 
көптеген тайпалар мен халықтарды біріктіре-
тін  және  еуроазия  тарихында  маңызды  рөл 
атқарған  қазақ  этносы  ең  көне  Еуроазия  ха-
лықтарының  бірі  болып  табылады.  Қазақ 
халқының  қалыптасуы  мен  нығаюы  бары-
сында  ерте  және  орта  ғасырдағы  Қазақстан-
ның  тарихи-этникалық  ортақ  көптеген  құн-
дылықтарының  пайда  болуына  жанды  үлес 
қосуы  оны  осы  тайпалар  мен  халықтардың 
әлеуметтік-тарихи  дамуы  барысында  жасал-
ған  мәдени  мұраның  мирасқоры  ретінде 
қарауға  мүмкіндік  береді»  -  деп  тұжырым 
жасайды. 
Аталған ғалымдардың ойлары мынадай 
ой-пікірге  келіп  тіреледі:  адамның  кісілік 
келбеті,  соған  лайықты  бола  білуі,  адамның 
табиғатпен,  әлеммен  үйлесуі,  халықтық  дәс-
түр,  рухани  мәдениет  негізінде  болашақ  ұр-
пақтың  адамгершілік  құндылық  тәрбиесін 
жаңа  сатыға  көтеруді  негіздеу.  Педагог-ға-
лымдар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық 
өзгеріс  жас  ұрпақты  өмірге  белсенді  аралас-
тырып қана қоймай, сонымен бірге олардың 
әлемдік  өркениеттен  сусындауын  да  көздей-
ді.  Міне,  осы  ғалымдардың  еңбектерінің 
зерттеу  мәселеміз  үшін  маңыздылығын  баса 
айта  келе,  теориялық  негізге  ала  отырып, 
жасөспірімдерді  ұлттық  құндылық  қасиет-
терді  құрметтеуге  қалыптастыруда  бүгінгі 
өркениетті  қоғамның  әлеуметтік-экономика-
лық,  саяси, мәдени өміріндегі  әр түрлі  қара-
ма-қайшылықтарды  дұрыс  шеше  білуі  тәр-
бие процесі арқылы үйретуді нақтылай түсу-
ді көздеп отыр. 
Ұлттық  тәрбие,  адамгершілік  тәлім-
тәрбиесінің  іргетасы  болатындығын  дәлел-
дей келе, еңбек, ақыл-ой, дене, эстетикалық, 
экологиялық,  экономикалық,  имандылық, 
құқықтық  тәрбие  жалпы  тұлғаны  тұтастай 
дамуының табиғи өзегі болып табылады. Яғ-
ни, «Білім туралы» заңында әрбір азаматтың 
білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, 
оқушы  бойына  ұлттық  құндылық  қасиетте-
рін  қалыптастырып,  құрметтеуге  тәрбиелеу-
де  дидактикалық  шарттар,  яғни  оқыту,  тәр-
биелеу,  дамыту,  қалыптастыру  үрдісін  жан-
жақты қамту қажеттілігі туындайды.  

 
 
 
59 
     
 
Жасөспірімдердің  бойына  ұлттық  құн-
дылықтарды  қалыптастыру  үшін  ұлттық  мә-
дениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары жә-
не т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. 
Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан 
ұлттық  мәдениет.  Қазіргі  таңда  өкінішке 
орай этнопедагогиканың жеке, дербес ғылым 
ретінде негізгі ұғымдары, принциптері, зерт-
теу әдістері мен тәсілдері жүйелі баяндалма-
ған.  Этнопедагогикалық  маңызды  құбылыс-
тарды  түсіндіру  әлі  өз  деңгейіне  толық  жет-
кен жоқ. Дегенмен де бүгінгі таңда келесідей 
жеке бағыттарды бөліп көрсетуге болады: 
1.  Тәрбиелік  үрдістердің  этникалық  ерекше-
ліктерін  салыстырмалы  түрде  зерттеу.  Бұл 
бағыт  жалпы  және  әлеуметтік  педагогикаға 
сүйенеді. 
2. Әртүрлі этникалық қоғамдастықтарын мә-
дени  ерекшеліктерін  зерттеуге  бағытталған 
мәдениетанушылық зерттеулер. 
3. Топаралық, этникалық қатынастар арасын-
дағы  этникалық  сана  мен  өзіндік  сананы 
зерттеу.  Бұл  бағыт  әлеуметтік  педагогика 
мен әлеуметтік философияға сүйенеді. 
4.  Балалар  тәрбиесі  мен  отбасылық-некелік 
қатынастарды  тәрбиелеудің  этнопедагогика-
лық  акспектілерін  зерттеу.  Бұл  бағыт 
педагогикамен байланысты. 
Этникалық  дау-дамайларға,  олардың 
пайда болуының педагогикалық себептеріне, 
оларды  шешудің  тиімді  жолдарын  іздеуге 
ерекше  зейін  аударылады.  Осылайша,  этни-
калық  қатынастар  арасындағы  қазіргі  проб-
лемаларға  тек  қана  этнопедагогика  жауап 
беруге  қабілетті.  Сондықтан  да  этнопедаго-
гиканың негізгі мақсаты қандай да бір этнос-
тың,  сонымен  қатар индивид немесе  топтың 
қатынастарының  тәрбиелік  ерекшеліктерін 
зерттеу. Заң бойынша, зерттеу мақсаты мәсе-
лені екі аспектіде алуға бағыттайды: теория-
лық  және  қолданбалы.  Этнопедагогиканың 
теориялық міндетін келесідей етіп көрсетуге 
болады: 
1. Этнопедагогиканың базалық, кілттік ұғым-
дарын  талдау,  олардың  көпмағыналылығын 
түзету 
мақсатында 
оларды 
теориялық 
интерпретациялау. 
2.  Халықтың  этникалық  ерекшеліктерін  қа-
лыптастыратын негізгі факторлар мен көзде-
рін  теориялық  жағынан  зерттеп,  саналы  тү-
сіндіру. 
3.  Ұлттық  өзіндік  сананың  маңыздылығын 
жекелік-тұлғалық  және  топтық  деңгейде 
жоғарылату. 
4. Этникалық идентивтіліктің дамуы мен қа-
лыптасуының  ерекшелігін  жекелік-тұлғалық 
және топтық деңгейде зерттеу. 
5.  Ұлтаралық  қабылдау,  ұлтаралық  келісім-
дердің  дамуының  әлеуметтік-педагогикалық 
мәселелерін теориялық зерттеу [2]. 
Этнопедагогиканың  қолданбалы  мін-
деттеріне  дамудың  қазіргі  кезеңіндегі  ұлт-
аралық  қатынастарды  құру  тәжірибесі  үшін 
құнды  болып  табылатын  төмендегідей  мін-
деттер жатады: 
1.  Ұлттық  педагогиканы  анықтау  мен  тәр-
биелік  мінездеме  құру  мақсатында  әр  түрлі 
халықтардың  этнопедагогикалық  ерекшелік-
терін салыстыра зерттеу. 
2.  Олардың  тұрмыстарының  әлеуметтік-пе-
дагогикалық жағдайларын, пайда болған ұлт-
аралық  қатынастардың  ерекшеліктерін,  со-
нымен  қатар  халық  арасындағы  экономика-
лық,  әлеуметтік  және  саяси  белгілердің  әр 
түрлі формаларын салыстырмалы зерттеу. 
3.  Ұлтаралық  өзара  әрекетті  дамыту  мен  те-
реңдетуге, халық арасындағы экономикалық, 
әлеуметтік  және  саяси  белгілердің  әр  түрлі 
формаларын  дамуына  мүмкіндік  беретін 
практикалық ұсыныстар құру. 
4. Жақсы ұлтаралық өзара әрекетке арналған 
педагогикалық  бағдарлама  мен  тұлғаны 
этнопедагогикалық түзету әдістерін құру. 
5. Әлеуметтік-саяси, ұлттық және ұлтаралық 
тенденциалардың 
болашақтағы 
дамуын 
болжау. 
Әрине,  этнопедагогиканың  негізгі  тео-
риялық  және  қолданбалы  міндеттері  жоға-
рыда  келтірілгендермен  шектеліп  қана  қой-
майды.  Ұлтаралық  қатынастарды  құрудың 
қазіргі  тәжірибесін құру  жаңа  этнопедагоги-
калық  құбылыстар  мен  мәселелерді  туды-
рады.  Бұл  тек  қана  педагогогтардан  ғана 
емес, сонымен қатар философтардан, саясат-
керлерден, мәдениеттанушылардан, әлеумет-
танушылардан, этнологтардан кешенді бағыт 
пен  координациялы  күш  жұмсауды  талап 
етеді. 
Қорытындылай  келе,  «Еліміздің күші  - 
патшада, сәбидің күші - жылауында» демек-
ші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз 
-  адамгершілігімізде  болуы  керек.  Ол  үшін 
Акан  серінің  «жалған  айтпадым,  жақсылық-

 
60 
     
 
ты  сатпадым,  һәм  ешкімнен  ештеңені  қыз-
ғанбадым» деген үш қасиетін жасөспірімдер-
дің бойына дарыта білсек - ұлы жеңіс болары 
анық. 
Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  тура-
лы» Заңы, - Алматы: 2007 ж. 
2.
 
Л.Н.Бережнова,  И.Л.Набок,  В.И.Щеглов 
Этнопедагогика - Москва, 2008 г. 
3.
 
А.Айталиев, Ұлттану., Алматы., 1998 ж. 
4.
 
А.А.Кожанова,  Методика  исследования 
национального самопознания. 
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ 
ТӘРБИЕНІ ДАМЫТУ 
 
Утеумаганбетова Ж.Е., 
Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі 
 
Қазақстан  Республикасы  -  тәуелсіз 
мемлекет  бола  алатындығын  бүкіл  әлемге 
дәлелдеді. Ендігі басты міндет осы мемлеке-
тімiздің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, 
экономикалық  жағдайын  көтеру.  Қазақстан-
ды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған 
әлі келгенше үлес қосуы бұның басты шарт-
тарының  бірі.  Оқушыларға  патриоттық  тәр-
бие  берудің  бағдарлы  идеяларын  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев
 к
езекті жолдауында болашақ-
та  Қазақстанның  ұлттық  идеясы  «Мәңгілік 
Ел» болады деп жариялаған болатын.
 
Мәңгілік Ел жалпы қазақстандық ортақ 
шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабалары-
мыздың арманы. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең 
тарихи  тамыры  және  үлкен  мағыналы  мәні 
бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», 
«Құдай»,  «Алла» сөздерімен мағыналас қол-
данылды.  Осыдан  кейін,  «Мәңгілік  Ел» 
«Алла  Тағаланың  елі,  халқы»  дегенді  білді-
реді  және  мемлекет  пен  ұлттың  уақытпен 
шектелмеген  тұмары  болады  деуге  толық 
негіз бар. 
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз – 
өткенімізден  сабақ  ала  отырып,  болашағы-
мызды  баянды  ету  жолындағы  хақ  мұратта-
рымыз! 
Кезекті  жолдауында  Президент 
Н.Назарбаев  болашақта  Қазақстанның  ұлт-
тық  идеясы  «Мәңгілік  Ел»  болады  деп  жа-
риялады. Шынында қай ел, қай халық болма-
сын  жер  бетінде  мәңгі  жасауға  ұмтылады. 
Соңғы мың жылдықтың ішінде тарих сахна-
сына шыққан, басынан талай аумалы-төкпелі 
замандар  өткізген,  ақын  тілімен  айтқанда 
«мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақ  жұртының 
мәңгілік жасауға құқығы бар деп ойлаймын. 
Еуразияның ортасында ұлан-байтақ жері бар, 
миллиондаған  адам  сөйлейтін  тілі  бар,  қа-
сиетті  діні  бар  халқымызға  соңғы  2,5  ға-
сырда жетпегені тәуелсіздік еді. 
Алайда  ғаламдық  жаһандану  дәуірінде 
алыстағы  алпауыт  мемлекеттердің  әсері  кү-
шейе  түсуде,  ал  іргеде  отырған  державалар-
дың  империялық  пиғылы  әсте  төмендеген 
жоқ. Оны әлемде соңғы кездерде болып жат-
қан оқиғалар мен процестер айғақтауда. Сон-
дықтан Мәңгілік Ел сөзі Мәңгілік тәуелсіздік 
ұғымымен астасады. Тәуелсіздігімізді көздің 
қарашығындай сақтап келесі ұрпаққа аманат 
ету  міне  ересек  ұрпақтың,  яғни  біздердің 
міндетіміз.  Бұл  үшін  тек  елді  қорғау,  жерді 
қорғау, тілімізді сақтау аздық етеді. Кез-кел-
ген  тәуелсіздіктің  тірегі  ұлттық  экономика-
ның  даму  деңгейіне,  әлеуметтік-саяси  мәсе-
лелердің  шешілу  дәрежесіне  байланысты 
екенін ескерсек, әр қазақ баласы, әрбір қазақ-
стандық Отан игілігі үшін аянбай еңбек етіп, 
тер төгуі керек- деді преидент. 
«Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мың-
даған жылдар бойғы асыл арманы екені бар-
шамызға  белгілі.  Ол  арман  әлем  елдерімен 
терезесі  тең,  әлем  қатынасынан  ойып  тұрып 
орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол 
арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, 
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты 
ел  болу  еді.  Біз  бұл  армандарды  ақиқатқа 
айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің  іргесін  қала-
дық.  Ендігі  мақсат  қазақтың  мәңгілік  ғұмы-
ры,  ұрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды 
етуге арналады. «Мәңгілік Ел» болу ғұмыры 
шектеусіз,  тәуелсіз,  тұғыры  биік,  ғылым-бі-
лімі дамыған, алдыңғы қатарлы алпауыт елге 
айналу.  Мәңгілік  ел  болуымыз  үшін,  әрі  бә-
секеге  қабілетті  ел  болуы  үшін,  әрі  Тәуел-

 
 
 
61 
     
 
сізідігіміздің туын желбіреп тұруы үшін біз-
дің  ұрпағымыз  мықты  әрі  идеологияны  бо-
йына  сіңірген,  патриотты  әрі  осы  аманатты 
келесі  ұрпаққа  жеткізе  алатындай  болуы 
керек. 
Осындай  тарихи  маңызды  миссияны 
орындауға лайықты болу үшін біз жаңаша бі-
лімді  болуымыз  қажет.  Осы  уақытқа  дейін 
қазақстандық  білім  беру  адамдарды  басқару 
қызметін  атқаруға  дайындайтын  қоғамның 
функциясы ретінде қарастырылып келсе, бү-
гінгі жаңа тарихи кезең білім беру негіздерін 
қайта  қарастыруды  талап  етуде.  XXI  ғасыр-
дағы  білім  беру  жаңа  сапада,  интегралды, 
ұлтаралық  сипатта  дамуда.  Бүгінгі  күнде  бі-
лім беру парадигмалары ауысып жатыр, тех-
нократтық  принцип  гуманитарлық  принцип-
ке  алмасуда.  Еліміздің  болашағы  жас  ұрпақ 
ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі жә-
не рухани ойлау дәрежесі жоғары, мәдениет-
ті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, жо-
ғары  патриоттық  санасы,  өз  елі  үшін  мақта-
ныш  сезімі  қалыптасқан  азамат  етіп  тәрбие-
ленуі  тиіс.  Жердің  де,  елдің  де  түп  негізі  – 
қазақ  халқы  екендігіне  оқушылардың  көзін 
жеткізу ата-аналар мен әрбір  оқу орынының 
ұстаздарының және студенттерге білім беріп 
отырған ғалымдарының міндеті. 
Ш.Уәлиханов  отансүйгіштік  сезімнің 
қалыптасуы  туралы  «менің  патриоттық  сезі-
мім  ірбіт  сандығындай,  мен  ең  алдымен,  өз 
отбасымды,  туған-туыстарымды  қадірлей-
мін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, ру-
ластарымды,  одан  соң  халқымды  қадірлей-
мін»,  -  деуінде  үлкен  мән  жатыр.  Ал  қазақ-
стандық  патриотизм  Қазақстан  азаматының 
өзін  осы  елдің  төл  баласы,  нағыз  азаматы 
ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған 
елі,  Отаны  деп  есептеген  жағдайда  ғана  қа-
лыптасады. 
Қазақстанның 
патриоты 
дегеніміз: 
1.  Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлт 
өкілдері 
Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік  рәміздеріне  ерекше  құрметпен 
қарап, шын ниетімен қадірлеуі. 
2. 
Қазақстанда 
тұратын 
барлық 
халықтардың  ұлтына  қарамай,  Отанды 
қорғауға дайын болуы. 
3.  Қазақстан  Республикасының  қарулы 
күштерінің  әскер  қатарында  болатынына 
ұлттық  патриоттық  мақтаныш  сезімінің 
болуы. 
4. Қазақ халқының тарихы мен салтын, 
тілін  сүю  және  құрметтеуге,  оның  таңдаулы 
дәстүрлерін  сақтауға  және  оны  дамытуға 
ынталы болуы т.т. 
Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің 
ажырамас  бөлігі,  ол  этникалық  тұтастықтың 
сақталуы  мен  оның  келесі  буындарда 
жалғасын табуда маңызды. 
Қазіргі  ұрпақтың  өз  халқымен  бірлігін 
сезінушілігі  және  өзін  оның  күллі  тарихи 
жетістіктерінің  тікелей  мирасқоры  мен 
нақты  сақтаушысы  әрі  жалғастырушысы 
ретінде сезінуінің мәні зор болмақ. 
Қазіргі  жаппай  жаһандану  жағдайында 
сапалы 
білімді 
мамандар 
ғана 
мемлекетіміздің  дамуын  ілгерілетіп,  оны 
өркениет көшінің озық қатарларында көрсете 
алатыны  «Қазақстан-2050»  -  Ұлттық  идея 
«Мәңгілік  Ел»  стратегиясының,  «Интеллек-
туалды  ұлт  -  2020»  ұлттық  жобасының 
басым бағыттарының бірі ретінде анықталып 
отыр.  Сондықтан  әлемдік  өркениет  көшіне 
ілесу  ғана  емес,  ондағы  ілгері  орындарды 
иелену  үшін  жоғары  оқу  орындарындағы 
болашақ  мамандарды  даярлау  үдерісіндегі 
қайшылықтарды  айқындап,  оларды  шешу 
жолдарын іздестіру жүріп жатыр. 
Ендеше  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  зерт-
теуде,  насихаттауда,  оқу  үдерісіне  енгізуде 
самарқаулыққа  жол  бермеу  керек.  Бұл  істен 
барша  зиялы  қауым,  саяси  партиялар, 
қоғамдық  бірлестіктер,  үкіметтік  емес 
ұйымдар,  БАҚ  тыс  қалмауына  Парламент 
пен  Үкімет,  Президент  Әкімшілігі  жағдай 
жасағаны абзал. 
Заманауи  ұлттық  идеямызды  балабақ-
шада  тәрбиеленіп  жатқан  бүлдіршіндерден 
бастап  оқушыларға,  студенттерге,  жастарға 
жеткізу  үшін  бар  күшті  салған  артықтық 
етпейді.  Осылардың  санасына,  өмір  салтына 
сіңген  құндылық  пен  сенім  «Мәңгілік  Ел» 
орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз. 
 
 
 
 

 
62 
     
 
 
 
 
 
КАЛЬЦИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 
 
Айдынова Г.Д., 
Маржанбұлақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  Оқушыларға  қазақ  халқының 
ежелден  пайдаланып  келе  жатқан  металдар 
мен  құймалар,  олардың  қасиеттерін,  тари-
хын,  кездесетін  жерлері  туралы  білімдерін 
нығайту. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет