Әдіскер жаршысы


МЕН ОҚИМЫН! БІЗ ОҚИМЫЗ! БӘРІ ОҚИДЫ!



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

МЕН ОҚИМЫН! БІЗ ОҚИМЫЗ! БӘРІ ОҚИДЫ! 
 
Аликулова Н.М., Бажабай Т.С., 
Үш тілде оқытатын №21 орта – мектеп Гимназия кітапханашылары 
 
Жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті оқу-
шылар!  Елімізде  2007  жылдан  бастап  «Бір 
ел- бір кітап»  акциясы өтуде. Биылғы жылы 
жазушы  Ілияс  Есенберлиннің  «Көшпенді-
лер»  трилогиясы  «Ел  кітабы»  деп  таңдап 
алынды.  2012  жылдан  бастап  облысымызда 

 
68 
     
 
өтетін  «Оқитын өлке»  акциясына биыл жер-
лесіміз,  ақын  Қуандық  Шаңғытбаевтың 
«Шайыр»  кітабы  таңдалды.  Осы  кітаптарды 
оқуға  шақырамыз.  2  сәуір-Халықаралық  ба-
лалар  кітабы  күні.  Бұл  күн  дат  жазушысы, 
әйгілі  ертегіші  Ханс  Кристиан  Андерсеннің 
туған күніне орай аталған. 23 сәуір Дүниежү-
зілік  кітап  және  авторлық  құқық  күні.Бүгін 
мектеп-гимназия кітапханасы «Мен оқимын! 
Біз  оқимыз!  Бәрі  оқиды!»  атты  ашық  есік 
күнін  өткізгелі  отыр.  Шараны  ашу  үшін  сөз 
үш  тілде  оқытатын  №21  орта  мектеп-гимна-
зия  директоры  Тойшыманова  Маржанкүл 
Кенешбайқызына беріледі. (Мектеп директо-
рының  сөзі).  Қазір  3  «г»  класс  оқушысы 
Болатбекқызы  Ақниет  ақтөбелік  ақын  Серік 
Сатановтың «Кітапхана» өлеңін оқиды. (өлең 
оқылады). Жүргізуші: «Кітапхана.Кітап және 
Бала»  атты  тақырыппен  сөз  кезегі  кітапхана 
меңгерушісі 
Аликулова 
Несібелі 
Мұқатайқызына беріледі (Кітапханашы сөзі) 
Ақын М.Мақатаевтың «Әліппе»  атты өлеңін 
қазақ  және  ағылшын  тілдерінде  2  «ә»  класс 
оқушысы Шаяхмет Арсен оқиды. (өлең оқы-
лады).  Барлығыңызды  Ашық  есік  күніне 
орай  жоспарланған  шараларға  шақырамыз. 
Жүргізуші:  Қазір  «Сәлем!  «Кітап»  дейтін 
Әлем!»  атты  кітапханаға-саяхатымыз  баста-
лады.  (Кітапханашының  сөзі).  Жүргізуші: 
Сіздермен  өткізгелі  отырған  саяхат-сабағы-
мыз  «Ертегілер  елінде»  деп  аталады. 
(Кітапханашы  ертегілермен  таныстырып, 
сұрақ-жауап  ойынын  өткізеді).  Жүргізуші: 
Казір сіздерге  «Электронды кітапхана: бала-
лар  әдебиеті»  деген  тақырыпта  кітапхана 
қорына түскен «Қазак ертегілері», «Батырлар 
жыры»,  «Білгеннің  пайдасы»  кітаптарының 
электронды нұсқаларын таныстырғалы отыр-
мыз.  (электронды  кітаптар  таныстырылады). 
Жүргізуші:Бүгінгі ашық есік күнінде мектеп 
алды  даярлық  және  1-класс  оқушыларына 
«Балалық  шаққа  бал  шығарма»  атты  дауыс-
тап оқу шарасын өткізгелі отырмыз. (Алдын-
ала  дайындалған  2  оқушы  кітаптар  мен 
электронды тақтадан балалар шығармаларын 
оқып  береді.  Кітапханашы  немесе  мұғалім 
кітаптың  мазмұнын  талдап  түсіндіреді). 
Жүргізуші:  Балалар  кітаптарына  «Кішкен-
тайлардың  үлкен  әдебиеті»  атты  тақырыпта 
шолу  жасау  үшін  сөз  кітапханашы  Толқын 
апайларыңа берілмек. (Кітапханашы балалар 
әдебиетіне шолу жасап, таныстырады). Жүр-
гізуші:  Сіздерді  «Жадыңда  ұста,  Оқырман!» 
деген  тақырыпта  кітап  Ережесімен  таныс-
тырғалы  отырмыз.  (Кітапханашы  кітап  Ере-
жесімен  таныстырады).  Жүргізуші:  Балалар-
ға  арнап  шығармалар  жазған  белгілі  жазу-
шыларымыз  бар.  «Қаламдарынан  балалық-
тың бал сыры тараған» атты тақырыпта қазақ 
жазушыларының 
шығармаларына 
шолу 
жасалады(Кітапханашы  кітаптарға  шолу 
жасайды). 
Жүргізуші:Кітаптың 
тарихын 
білесіздер  ме?  Кітаптың  қашан,  қалай  пайда 
болғаны  жөнінде  7  «г»  класс  оқушысы 
Айгерім  Ержанова  айтып  береді  (оқушы 
сөзі).  Жүргізуші:Келесі  кезекте  «Алғашқы 
кітапханалар»  жайлы  7  «г»  класс  оқушысы 
Болат  Ханиса  айтып  берсін(оқушы  сөзі). 
Ақтөбелік  ақын  Амантай  Өтегеновтің 
«Отырар 
кітапханасы» 
атты 
өлеңін 
қазақшаға аударған Бауыржан Құрманқұлов. 
Осы  өлеңді  осы  класс  оқушысы  Айгерім 
Ержанова оқиды.(өлең оқылады). Жүргізуші: 
Қазір  сіздерді  кітапхана  қорына  қосылған 
«Білгеннің  пайдасы»,  «Батырлар  жыры», 
«Қазақ 
ертегілері» 
атты 
кітаптардың 
электронды  нұсқаларымен  таныстырамыз. 
(электронды кітаптар таныстырылады). 
 
 
ТҮЙМЕДАҚТАР ӘЛЕМІ 
 
Аманғожина Х.Ә., 
Шалқар қаласы №12 балабақша тәрбиешісі 
 
Мақсаты: балаларды көктемгі көрінісін 
бейнелей білуге үйрету. 
Қайшымен  жұмыс  жасау  іскерлігіне 
баулу.  Табиғат  тіршілігі  жайлы  түсініктерін 
кеңейту. 
Қоршаған  адамдарға  қуаныш  сыйлай 
білуге, қамқор болуға үйрету. 
Керекті  құралдар:  түрлі  түсті  қағаздар, 
қайшы,  желім,  гүлдер,  гүлдердің  суреті, 
қуыршақ. 
 

 
 
 
69 
     
 
Дәлеледеу. 
Тәрбиеші мен балалардың іс –әрекеті. 
Тәрбиеші  балаларға гүлді ұсынып, осы 
гүлді бір-біріне сыйлап, жылы сөздерін айту, 
тілек  айту  арқылы  ұсынады.  Гүл  шоқтары 
бірте-бірте көбейіп тәрбиешінің өзіне бір құ-
шақ гүл-тілек шоғы болып оралады өзгелер-
ге  денсаулық  тілеп,  жақсылық  жасасаң,  ол 
өзіңе қайтып оралады деп балаларға түсінді-
ріп айтылады. 
Балалар  бір-біріне  гүл  беріп  жылы 
сөздер айтады. 
Тәрбиеші: 
Көктемде, көктемде 
Күн нұрын төккенде 
Көк шыбық былтырғы 
Көгерді құлпырды. 
- Қай жыл мезгіліне арналған өлең? 
- Көктем мезгіліне. 
-  Өте  дұрыс  балалар,  Қане  көзімізді  жұмып 
көктем  мезгілін  көз  алдымызға  суреттеп 
елестетиік. 
-  Жып-  жылы  жел  соғып  тұр.  Қар  еріп,  суға 
айналып,  су  топыраққа  сіңіп,  топырақ 
жұмсарып,  жер  бетін  жасыл  шөп  басты. 
Қылтиып 
байшешекте 
шыға 
бастады. 
Балалар  құстарға  ұя  жасап,  ағаштардың 
бұтағына  ілуде.  Қайтып  келген  құстар 
сайрауда.  Мал  –жан  күннің  көзіне  шығып 
шуақтануда. 
–Енді 
көзімізді 
ашамыз- 
Сонымен бұл қай жыл мезгілі? 
- Көктем мезгілі. 
- Балалар, мына жерде нені көріп тұрсыңдар? 
- Гүлдерді, өсімдіктерді көріп тұрмыз. 
- Бәріміз гүлдерді жақсы көремізбе? 
- Ия, жақсы көреміз. 
- Балалар, біз балабақшаға келгенде таңертең 
гүлдерді  суарамыз,  жапырағының  шаңын 
сүртеміз, ал ,кешкісін үйге қайтатын уақытта 
гүлдерге 
ауа 
жұту 
үшін 
топырағын 
қопсытамыз.  Өйкені  олар  тірі  табиғатқа 
жатады. 
- Гүлдермен тағы не істеуге болады? 
- Гүлдермен сырласуға болады. 
- Гүлдер адамдарға не сыйлайды? 
- Қуаныш сыйлайды. 
Осы  кезде  есік  қағылады.  Қонаққа 
қуыршақ келеді. 
Балалармен көңілсіз амандасады. 
-балалар,  бізге  қонаққа  қуыршақ  келді.  Ол 
өте  көңілсіз,  ренжеулі,  жолда  теріп  алған 
түймедақ  гүлдерін  жоғалтып  алыпты.  Қане 
балалар  бәріміз  қуыршақтың  көңілін  көтеру 
үшін түрлі түсті қағаздардан түймедақ гүлін 
қиып  алып  қағаз  бетіне  әдемілеп  желіммен 
жабыстырып  қуыршаққа  сыйлайық.  Бірінші 
мен  гүлдің  қалай  қайшымен  қию  жолдарын, 
желіммен  қағаз  бетіне  жапсыру  жолдарын 
көрсетемін. 
1. Тәрбиешінің тапсырмасы 
2. Балардың жұмысы. 
Сергіту сәті орындалады: 
1, 2, 3. 
Гүлдей жайнап өс 
Күнге созыламыз. 
Күнге гүл боп ашыламыз 
Оңға тербелеміз. 
Солға тербелеміз. 
Желден тығыламыз. 
Орнымызға отырамыз. 
Балалардың көрмесі. 
Қуыршақ  қуанып  балаларға  алғысын 
білдіреді. 
Тәрбиеші  жұмысты  таза,  әрі  ұқыпты 
орындаған балаларды мадақтайды. 
Балалар  қуыршаққа  гүл  сыйладық  деп 
қуанады. 
Білу: Көктем мезгілі туралы білу: 
Игеру:  Қайшымен  жұмыс  жасауға 
игеру: 
Меңгеру; 
Айналадағы 
адамдарға 
қуаныш сыйлай білуге меңгеру. 
 
 
ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК 
 
Аубакирова Т.К., 
Мұғалжар ауданы Еңбек негізгі мектебінің шағын орталық тобының тәрбиешісі 
 
Тәрбие сағат мақсаты: Желтоқсан көтерілі-
сінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан 
құрбандарын  мәңгі  есте  сақтау:  жас  ұрпақ 
бойына  елін,  жерін,  тарихын  құрметтейтін 
жаны  таза,  адамгершілігі  мол  азаматты 
қалыптастыру.  Желтоқсан  оқиғасын  негізге 

 
70 
     
 
ала отырып, патриоттық сезімін қалыптасты-
ру.  Елдің  ұланы  екендігін  мақтан  етуге,  ту-
ған  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілік 
сезіміне, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер:  слайд,  рәміздер,  қазақ 
батырлары суреттері. 
Тәрбиеші:  Құрметті  «Бала  би»  балабақша 
ұжымдары,  ата-аналар,  балабақша  бүлдір-
шіндері,  бүгін  еліміздің  сан  мыңдаған  жыл-
дар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкін-
дірген  Желтоқсан  оқиғасымен  келген,  тари-
хымызда  алтын  әріптермен  жазылып  қала-
тын  «Тәуелсіздік  күні»  мерекесіне  арналған 
«Елімнің 
еркіндігі 
тәуелсіздік» 
атты 
ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз. 
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, 
Жұргегімде тыныстым мұң тіліммен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 
Мен мыңда бір тірілдім қайта өлмеске, 
Айта бергім келеді, айта бергім. 
Залдың  іші  мерекеге  сай  безендірілген.  Қа-
зақтың  ұлттық  киімін  киген  балалар  қолда-
рына  жалауша  ұстап  музыка  ырғағымен 
залға билеп кіреді. 
Тәрбиеші:  Қазақстан  Республикамыздың 
Президенті: Н.Ә.Назарбаев екенін білеміз ия, 
-Балалар, 
ал 
Қазақстан 
Республикасы 
рәміздері туралы не білеміз? 
Алдымен  Туымыз  туралы  білетінімізді 
айтайық? 
1-бала:  Қазақстан  туы  көк  түсті.  Көк  түс 
бейбітшілік, 
ашық 
аспан,аманшылықты 
білдіреді. Өрнек- қазақтың ою өрнегі. Күн  –
береке,  тыныштықтың  нышаны.  Бүркіт-
қазақтың ой-ниетінің биіктігін білдіреді. 
2-бала: Айнымайды аспаннан 
Біздің тудың бояуы. 
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды. 
Тәрбиеші: -Ал Елтаңбамыз туралы не біледі 
екенсіңдер? 
2-бала: 
Елтаңбамыздағы 
алтын 
және 
көгілдір шаңырақ күллі әлемнің тұтастығын, 
елдің  амандығын  білдіреді.  Тұлпар  биік 
арманның,  қайраттың  нышаны.  Жұлдыз- 
«мемлекетіміздің  жұлдызы  биік,  жарық 
болсын» деп биікте орналасқан. 
Бұл таңбасы елімнің, 
Елдігімнің белгісі. 
Әнұраным – жан ұраным, 
Айтар әнім, сөйлер сөзім. 
Туған жерім сағынарым, 
Жүрсем егер дүние кезіп, 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекет-
тік Әнұраны орындалады. 
1986  жыл,  16  желтоқсан.  Өкімет  басына  тек 
қана  қазақ  азаматы  болуы  керек  деген 
мақсатпен қазақ жастары көтеріліске шықты. 
Осы  көтерілістің  соңы  қазақ  жеріне  Тәуел-
сіздікті  алып  берді.  Тәуелсіз  Қазақстанның 
ұландары, 
болашақ 
батырлары 
міне, 
алдарыңызда. 
1-бала: Тәуелсіздік таңын сүйем . 
Таңмен бірге келді ме өлең. 
Көк туына басымды ием, 
Көгімізде желбіреген. 
2 -бала: Аласармас аспанымда, 
Күнмен гүлдеп ел өседі. 
Қазақстан аспанында. 
Бостандықтың желі еседі. 
1 -бала: Әнді алысқа жеткіземіз, 
Көкке елдің туы ілінді. 
Жылда той қып өткіземіз, 
Тәуелсіздік ұлы күнді. 
2 -бала: Маған қымбат ұлы елімнің . 
Шешек атқан әр гүлі. 
Аялайды бәрімізді, 
Азаттықтың таң нұры. 
1 -бала: Бостандығым тұңғыш рет, 
Аққанатын қаққан күн. 
Әже әлдилеп немересін, 
Басы айналған бақтан күн. 
2  -  бала:  Егеменді  ел  бақыты  ертеңгі,  О, 
халайық Құтты болсын қуаныш! 
Хор: «Атамекен» 
Тәрбиеші:  Бүгінгі  бақытты  күніміз  үшін 
қаншама  ерлер  тер  төкті,  жанын  қиды.  Сол 
батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің 
білімді,  дені  сау Отанымыздың лайықты ұл-
қызы  болып  өсуі  қажет.  Апа  –  ағаларымыз-
*дың  қайталанбас  ерлігіне  тағзым  етеміз. 
Осымен  құрметті  қонақтар  дайындаған 
«Елімнің 
еркіндігі 
Тәуелсіздік» 
атты 
ертеңгілігіміз аяқталды. 
 
 
 

 
 
 
71 
     
 
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
 
Бабаниязов Ж.С., 
Темір ауданы №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің информатика пәні мұғалімі  
 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  Оқушыларды  ЕТ-ң  даму  тарихы-
мен  оның  құрылуының  негізгі  принциптері-
мен  таныстыру,  ЭЕМ-нің  қоғам  өміріндегі 
рөлін түсіндіру; 
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабіле-
тін, 
логикалық-абстракциясын 
дамыту. 
Тәрбиелілік:  Оқушыларды  тәрбиелілікке, 
ұқыптылыкқа, тиянақтылыққа үйрету. 
Сабақтпың түрі: Топтық сабақ. 
Сабақта  қолданылатын  көрнекті  құрал-
дар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері 
Сабақтың өту барысы: 
1.
 
Оқушыларды ұйымдастыру. 
2.
 
Үйге берілген тапсырманы тексеру. 
3.
 
Жаңа тақырыпты түсіндіру. 
4.
 
Сабақты бекіту. 
5.
 
Үйге тапсырма беру. 
І. Оқушыларды ұйымдастыру. Оқушылармен 
амандасу,  кезекші  оқушылардың  сабаққа 
дайындығын  тексеру,  сыныпты  екі  топқа 
бөлу. 
І топ- Абак тобы 
ІІ топ- Ениак тобы 
Өткен  материалды  қайталау  тапсырма-
сы: 
1.3.1 тапсырма. /І топ- Абак тобы/ 
Кестені толтыр 
ІІ-топ Ениак тобының тапсырмасы 
 
Жаңа түсініктер:  
Есептеуіш 
техниканың  даму 
тарихы 
Есептеуіш  техни-
ка  дамымай  тұрып 
адамдар 
қол 
саусақтарын,  тастарды,  ағаш  таяқшаларды 
пайдаланды. 
♦  Есепшоттың  пайда  болуы  деректерге 
қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 
жылдар шамасында болған. 
♦  Есепшот  Ресей  де  16-17  ғасырларда  пайда 
болған. 
♦ 17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон 
Непер  логарифм  түсінігін  енгізді,  логарифм 
кестесін қүрды. 
♦  1761  ж.  Ағылшын  Д.Робертсон  логарифм 
сызғышын  жасады.  Мұндай  идеяны  Исаак 
Ньютон ұсынған. 
♦  1642  жылы  француз  математигі  Блез 
Паскаль  19  жасында  дүние  жүзінде  бірінші 
рет қосу машинасын жасады. 
♦  1694  ж.  неміс  математигі  Лейбиниц 
Паскаль  механикалық  есептеу  машинасын 
арифмометрі  құрды.  Есептеуіш  техниканың 
даму XIX ғасырдан қарқындап дами бастады. 
♦ 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың 
авторы  Чарлз  Бәббидж  аналитикалық  маши-
наның  жобасын  жасады.  Оны  қазіргі  кезде 
компьютердің атасы деп атайды. 
♦  Дүние  жүзі  бойынша  алғашқы  1846  жылы 
Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы 
Ада  Лавлейс  бірінші  бағдарламалаушы  деп 
аталынған. 
♦  XIX  ғасырдың  соңында  американдық 
Герман  Холлериат  есепші-  перфарациялық 
машинасын  құрды.  Холлериат  7  жыл  бойы 
пайдаланылды. 
Холлериат есепші-перфорациялык машинаны 
жасайтын  фирманың  негізін  қалады.  ІВМ 
фирмасына айналды. 
♦  1944  американ  математигі  Говард  Айкен 
Горвард 
Марк-1 
автоматты  есептеуіш 
машинасын құрды. 
Электронды есептеуіш машиналар. 
♦  Бірінші  электрондық  машина  1946  жылы 
Пенсильван  университетінде  ЕNIАС  деп 
аталды,  1949  жылы  EDSАС  машинасы 
құрастырылды. 
ЭЕМ буындары: 
Бірінші  буында  -  бірінші  электрондық 
машина ЕNIАС, EDSАС машиналары болды. 
1940-1955 жылдар. 
Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жарты-
лай  өткізгіштер  транзисторлар  пайда  бола 
бастады. 
Онда 
бағдарламалық 
тілдер: 
Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады. 

 
72 
     
 
Үшінші  буынға  -  интегралдық  негізде  құ-
рылған  ЭЕМ-дер.  Қазіргі  кезегі  компью-
терлер төртінші буынға жатады. 
Бесінші  буындағы  компьютерлер  әлі 
шыққан жоқ. 
Казіргі  кезде  көптеген  елдерде  бесінші 
буындағы  ЭЕМ-ді  жасау  ісі  қолға  алынуда. 
Бұл  машиналар  кәдімгі  адам  сөйлейтін 
тілге  жуық  тілді  түсінетін,  яғни  "жасанды 
ин-теллект"  ЭЕМ-дері  болуы  керек.  Бұл 
идея  толығымен  іске  асқанда,  ЭЕМ-ге 
кәдімгі 
сөзбен 
мәселені 
түсіндіріп 
айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны 
құрып, мәселені (есепті) шешетін болады. 
ІІІ.Тапсырма 
Не? Қайда? Қашан? Кестені толтыру. 
№ 
Не? 
Қайда? 
Қашан? 

 
Барлық жерде? 
 

 
 
2000-5000 жыл 
бұрын 

Паскаль машинасы 
 
 

 
 
1694 ж 

Логарифмдік сызғыш 
 
 

 
Англия Чарльз Бәббидж   

Бәббидждің машинасына арналған 
бағдарлама 
 
 

 
Герман Холлерит 
Америка 
 

«Марк-1» электро-механикалық машинасы   
 
Жауабы: 
№ 
Не? 
Қайда? 
Қашан? 

Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, 
түйіншіктер 
Барлық жерде? 
Көне заманда 

Абак 
Ежелгі қытай н/е 
Египетте 
2000-5000 жыл 
бұрын 

Паскаль машинасы 
Франция. Блез Паскаль 
1642ж 

Арифмометр 
Германия. Лейбниц 
1694 ж 

Логарифмдік сызғыш 
Англия. Робертсон 
1761ж 

Аналитикалық машина 
Англия. Чарльз Бәббидж  1833ж 

Бәббидждің машинасына арналған 
бағдарлама 
Англия. Ада Лавлейс 
1846ж 

Есепші –перфорациялық машина 
Герман Холлерит 
Америка 
ХІХ ғасырдың аяғы 

«Марк-1»электро-механикалық машинасы  Америка. Говард Айкен 
1944ж 
2. Сәйкестендіру тапсырмасы 
(ЭЕМ –ның негізгі элементтік базасына қандай негізгі сипаттама сәйкес келетінін көрсет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өлшемі кішірек, элетроэнергиясын азырақ 
жұмсайды,жылдамдығы-секундына мыңдаған операция. 
Электрондық шамдар 
Үлкен жад, жоғары жылдамдық, өлшемі шағын, жоғары 
деңгейдегі бағдарлама тілдер. 
Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар 
қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде 
құрылған, санау жылдамдығы секундына 20000 
 
Микро-процессорлар 
Интегралдық схемалар 
 
Жартылай өткізгіштер
транзисторлар 
Үлкен жад, жылдамдығы секундына мыңдаған операция, 
магниттік дискілер 

 
 
 
73 
     
 
Сабақты бекіту сұрақтары мен тапсырмасы: 
3. Сөзжұмбақ шешу. 

 
 

 
 
 

 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.ЭЕМ-нің І буынының элементтік базасы. 
2. Гректердің ежелгі санау құралы. 
3. Бірінші электронды компьютер. 
4. Қосатын машинаны ойлап тапқан адам. 
5. Санау-перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы. 
6. ЭЕМ-нің ІІ буынының элементтің базасы. 
 
Жауабы: 
Ш  А 
М 
А 
Б 
А 
К 





П 
А 
С 
К 
А 
Л 
Ь 
Х 
О 
Л 
Л 
Е 
Р 
И 
Т 
Т 
Р 
А 
Н 
З 
И 
С 
Т 
О 
Р 
 
4. 
Бекіту сұрақтары:
 
1. 1642 ж. дүние жүзіне бірінші рет қосу ма-
шинасы  деген  атпен  белгілі,  жетектер  мен 
дөңгелектерден  тұратын  механикалық  есеп-
теу  машинасын  құрастырған  француз  мати-
матигінің есімі? Жауабы:(Блез Паскаль) 
2. ЭЕМ төртінші буынының негізгі элемент-
тік  базасы:  Жауабы:  (үлкен  интегралдық 
схема) 
3.  БИС  (біріктірілген  интегралдық  схема) 
ұғымын қалай түсінуге болады. 
Жауабы:  (он  мыңнан  бастап  жүздеген 
мыңдарға  дейінгі  логикалық  элементтер 
саны орналасқан кремний кристалы). 
4.  Қазіргі  әр  оқушының  қалтасында  жүрген 
калькулятордың  негізін  салған  кім?  Қай 
жылы  құрастырды?  Жауабы:  (1694  жылы 
неміс математигі Лейбниц). 
Үйге тапсырма: 2.1 тақырыпты оқу, жұмыс 
дәптеріндегі  2.1.1,  2,  3  тапсырмаларды 
орындау, бүктеме жасау. 
 
 
 
БЫЛҒАРДАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР 
 
Бекет Г.С., 
№3 Алға қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі 
 
Мақсаты: 
Білімділігі:  Сәндік  қолданбалы  өнердің  бір 
түрі  былғарыны  өңдеу  әдісімен  орындау 
технологиясын үйрету. 
Дамытушылығы:  Шығармашылық  өз  бе-
тінше  жұмыс  жасауға  және  білім  дағдысын 
қалыптастыруға үйрету. 
Тәрбиелілігі: Сәндік қолданбалы өнерге де-
ген қызығушылығын арттырып, алған білім-
дерін  сарамандық  жұмыспен  ұштастырып 
шеберлігін шыңдау. 
Түрі: Түсіндірмелі, сарамандық жұмыс. 
Әдісі:  Сабақтарын  бақылай  отырып,  білім-
дерін  бекітіп  түсіндіру  және  көрсету. 
Формасы: Топтық, аралас, сұрақ-жауап. 
Құрал-жабдығы:  Қайшы, былғары, пинцит, 
картон,  үлгі,  краска-спрей,  момент  желімі, 
парапин шамы. 
Пән аралық байланыс: Тарих, бейнелу. 
Көрнекілігі:  «Гүл  шоғы»  панносы,дайын 
бұйымдар,  плакаттар,  технологиялық  карта, 
интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 

 
74 
     
 
Оқушымен  амандасу,  түгендеу,  құралдарын 
түгендеу. 
Үйге 
берілген 
тапсырманы 
сұрау 
(графикалық диктант арқылы). 
Дұрыс жауап: ^ 
Дұрыс емес: - ^-^^-^^- 
1.Малдан не аламыз?(сүт,жүн,ет т.б.) 
2.Теріні 
жаюға 
пайдаланамыз? 
(алаша,киіз,сырмақ) 
3.Теріден 
киім 
тігуге 
болады 
ма? 
(тон,ішік,тымақ) 
4.Теріден  ыдыс  –  аяқ  жасауға  болады  ма? 
(саба,торсық т.б.) 
5.Терімен 
былғарының 
айырмашылығы 
несінде? (түсінде,көлемінде) 
6.Былғарыдан  етік,  қолғап,  күрте,  тігуге 
болады ма? 
7.Былғарыдан жаю жасалады ма? 
8.Былғарыдан  үй  жиһаздарын  қаптауға 
болады ма? 
9.Қамшы жасауға былғары қажет па? 
10.Тулақты былғарыдан алады деп ойлайсын 
ба? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет