Сабақтың тақырыбы: Бактерия клеткасының құрылымдық элементтері. Анықтау әдістері
Сабақтың мақсаты: Бактерия клеткасының негізгі құрылымдық элементтері: капсула, клетка қабықшасы, жіпшелері, спораның клетка үшін маңызын және анықтау, бояу әдістерін меңгеру.
Сабаққа қажетті материалдар және құрал жабдықтар: Микроскоп (биологиялық), заттық және жабын әйнектер, бактериологиялық ілмек, стерильді пипетка, пробиркалар (штативте); иммерсиялық май, кюветалар, метилен көгі (1: 40), ЕПС-дағы стафилококка және ішек таяқшасы, ЕПА-дағы лактобактериялар өсімі, бактериялардың препараттары, бактерия культуралары, сүзгіш қағаз, сабын, 5 % хром қышқылы, 0,2% тұз қышқылы
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
1.Негативті тірі клеткадағы капсуланы анықтау. (Бурри әдісі)
1. Туштың 1 тамшысын спирт пен эфир қоспасымен жақсылап өңделген заттық әйнекке тамызады да, оған бактериялары бар бір тамшы сұйықты қосады.
2. Жабын әйнекпен жұғындыны заттық әйнек бетіне үйкей жағады және жаяды.
3. Препаратты кептіреді де, иммерсиялы жүйемен қарайды.
Нәтиже: Қара сұрғылт фонда бактериялардың боялмаған капсуласы мен клеткалары анық көрініп тұрады.
2.Спораны анықтау - Леффлер әдісі
Фиксацияланған препаратқа Леффлердің метилен көгін құяды. Спиртовка жалынында 15-20 секунд қайнатады.
Препаратты сумен жуады да, 30 секундтай 0,5 % бейтарап қызыл бояудың сулы ерітіндісінде бояйды.
3. Одан соң тағы да жуады, құрғатады да иммерсиялы жүйе арқылы препаратты микроскоппен қарайды.
Нәтиже: Спора ашық көк немесе көк, цитоплазма қызғылт түске боялуы тиіс
3. –Бактерия жіпшелерін анықтау
1. Жұғынды даярланатын шынылардың барлығы таза және этил қоспасымен майды кетіру үшін жақсылап өңделген болуы тиіс. Бакериялар клеткасы өте қозғалғыш болғаны жөн. Сондықтан бактериялар эмульсиясын алдын ала шайқалмай, аралспай тұрған кезде препарат дайындаған дұрыс.
2. Дайын жұғындыны фиксацияламайды, қайта оның үстіне улағыш (протрава) құйып, 10 минуттай ұстайды. Содан соң препаратты дистелденген сумен жуады.
3. Жұғындыға Цильдің карболды фуксинін құяды да 5 минут ұстайды.
4. Құбыр суымен жуады да, ауада кептіреді. Иммерсиялы жүйемен микроскоптан қарайды.
Нәтиже: Талшықтар қызыл түске боялады.
Элементтердің ерекшеліктеріне назар аударып, суретін салу
Демонстрациялық препараттар мен танысу (дайын құрылымдық элементтер)
Достарыңызбен бөлісу: |