Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды



бет18/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
дістемелік н с ау п нні о у ба дарламасы негізінде дайындалды

Сабақтың тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау әдістері. Қоректік орталар және зертханалық ыдыс құралдарын зарарсыздандыру әдістері.
Сабақтың мақсаты: Қоректік орталар, түрі, қолданылуы, негізгі құрамы, қойылатын талаптар және универсалды қоректік орталар: ЕПА, ЕПС, дайындау, зарарсыздандыру әдістерін түсіндіру.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Ет сорпасы, агар-агар, фильтр қағазы, су моншасы, пробирка, цилиндр, кварцты лампа, пипеткалар, Петри табақшасы, тығын, штатив, стакандар, мақта, ас тұзы, пептон, картоп, кептіргіш пеш.
Сабақтың жоспары:І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.


Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
1. ЕПС (ет-пептон-сорпасын) дайындау.
Бұл ортаны дайындау үшін 1 литр ет -сорпаға 1% пептон, 0,5% химиялық жағынан таза ас тұзын қосып 10 минут қайнатады. Содан соң сорпаны қағаз сүзгімен сүзіп, оның қышқылдығын (рН) анықтайды. рН көрсеткішін 7,3-7,4 деңгейіне жеткізу үшін оған қышқыл немесе сілті қосады. Бұдан кейін пробиркаларға немесе колбаларға құйып 120ºС температурада 20-30 минуттай автоклавта залалсыздандырады.
2. ЕПА (ет-пептон-агарын) дайындау.
Ол үшін 1 литр ет -пептонды -сорпаға 2-3 % мөлшерде агар-агар қосады. Агар-агарды эмальды кастрюльге салып, үстіне сорпа құяды да 120ºС темп-да 30 минуттай автоклавта заласыздандырады. Дайын агарды тұндырады. Агарды автоклавта 1 күнге қалдыру керек. Сонда ол жайлап суыйды. Қатқан тұнбаның төменгі жағын кесіп алып тастайды да, ал беткі жағын алып балқытады. рН 7,2-7,4-ке жеткізеді де пробиркаларға құйып 120ºС ыстықта 15-20 минут автоклавта заласыздандырады. Егерде агарды қиғаштап қатыру керек болса, агары бар пробирканы көлденеңінен орналастырады.
3. Картопты орта. Ортадайындау үшінбүлінбеген картоп түйнектерін таңдап аламыз. Егер де микробтар Петри табақшасында өсірілетін болса, картопты жалпақ етіп, ал пробиркада өсірілетін болса, ұзынша етіп кесіп, содан соң оны ұзынан ортасынан екіге бөледі. Клетканың шырынын бейтараптау үшін картоп тіліміне бор ұнтағын жағып Петри табақшасына салады. Петри табақшасының түбіне сүзгіш қағаз төсейді, ал пробирка түбіне суды сорып алу үшін мақта салады. Егерде қоректік ортаны пробиркада ұзақ уақыт сақтайтын болса, картоп тілімі құрғап ктепес үшін түбіне салынған қағаз астына су құйып қояды. Ортаны 1 атм. қысыммен 30 минут залалсыздандырады.
Орта даярланған соң бірден залалсыздандыруға беру қажет. Өйткені картоп көп тұрса қарайып кетеді де қолдануға жарамсыз болып қалады. Ал бірден қыздыру картоп ферменттерін ыдыратып, оның қарайып кетуін тоқтатады.


Блиц тест:

1.Қоректік ортаға қаттылық (тығыздық) қасиет беретін зат?
А) пептон
Б) агар-агар
В) көмірсулар
С) индекатор
D) физ ерітінді

4.Залалсыздандыру дегеніміз?
А) Материалдар мен еріткіштерді барлық тірі организмдерден босату
Б) Микрофлораны азайту
В) Ауру қоздырғыш микроогранизмдерді жою
С) Вегетативті клеткаларды жою
D) Түрлердің көптігін азайту



2.Бактерияларды жасанды қоректік орталарда өсіріп, бөліп алу әдісі?
А) бактериоскопиялық
Б) бактериологиялық
В) серологиялық
С) вирусологиялық
D) микологиялық



5.Лабораториялық жағдайда өнеркәсіптік штамдарды өсіруге арналған қоректік орталарға қойылатын негізгі талаптар?
А) Физиологиялық қажеттілігіне сәйкес
Б) Залалсыздандыруға жеңіл
В) Ортаның консистенциясы
С) МемСТ-қа сәйкес
D) Құрамының күрделігі



3.Қоректік орта тығыздығына қарай нешеге бөлінеді?
А) 1
Б) 2
В) 3
С) 4
D) 5

6.Қоректік орта химиялық құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 1
Б) 2
В) 3
С) 4
D) 5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет