Сабақтың тақырыбы: Бояу әдістерінің жай және күрделі түрлері
Сабақтың мақсаты: Бояудың жай және күрделі әдістерін қолдана отырып, морфологиялық ерекшеліктеріне көңіл аудару. Микроскоптың иммерсиялық жүйесімен жұмыс жасауға үйрену.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Микроскоп (биологиялық), заттық және жабын әйнектер, бактериологиялық ілмек, стерильді пипетка, пробиркалар (штативте); иммерсиялық май, кюветалар, метилен көгі (1: 40), ЕПС-дағы стафилококка және ішек таяқшасы, ЕПА-дағы лактобактериялар өсімі, бактериялардың препараттары, бактерия культуралары, сүзгіш қағаз, сабын.
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
Жағындыны жай әдіспен бояу
Кептірілген және бекітілген жағындыны жай әдіспен бояғанда тек қана бір бояу қолданады. Жағындыны бояу үшін арнайы жабдықталған, әйнекпен, пластикпен жабылған стол қажет. Бекітілген жағындыны кюветаның үстінде тұрған көпіршікке орналастырады, пипеткамен бояу тамызады. Белгілі уақыттан кейін бояуды төгіп тастап, препаратты сумен шайып, сорғыш қағаздың арасына салып кептіреді.
Фуксин ерітіндісімен (Пффейфер фуксині) 1-2 минут бояйды. Микробтар қызыл түсті болып боялады.
Метилен көгінің қою ерітіндісімен 3-5 минут бояйды. Микробтар көгілдір немесе көк түске боялады.
Жай бояу әдістері микробтар пішінін және орналасуын анықтау үшін қолданады.
Жағындыны күрделі әдіспен бояу
Бояудың бұл тәсілі дифференциялы әдіске жатады. Ол барлық микроорганизмдерді 2 топқа бөледі: Грам оң және Грам теріс. Грам оң микробтар трифенилметан қатарындағы боялармен (генициан, метил, кристалфиолет) және иодпен берік қосылыс береді, спиртпен өңдегенде түссізденбейді. Фуксинмен қосымша бояғанда, бірінші күлгін түсін өзгертпейді. Грам теріс микробтар трифенилметан қатарындағы бояғыштармен және иодпен қосылыс бермейді. Сондықтан спирттің әсерінен түссізденеді, содан кейін фуксинмен қосымша қызыл түске боялады.
Бояу техникасы:
1. Отпен бекітілген жағындыны (фиксацияланған) сүзгіш қағазбен жауып, оның үстіне геницианфиолет ерітіндісін құйып, 1-2 минут ұстайды.
2. Препаратты сумен жумай жағындыға бірнеше тамшы Люголь ерітіндісін тамызады да, препарат қарайғанша қояды (2 мин).
3. Осыдан кейін препаратты сумен жуып, 96° спиртке 0,5-1 минуттай батырып қояды.
4. Препаратты сумен жақсылап жуады.
5. Жағындының үстіне бірнеше тамшы Пфейффер фуксинін тамызып, 1- минуттай бояйды да сумен жуады.
6. Препаратты жуады да, сүзгіш қағазбен кептіреді. Иммерсиялы жүйені қолдана отырып микроскоппен қарайды. Грам оң микробтар күлгін көк түске, ал Грам теріс – қызыл түске боялады.
1. Пробиркадағы таза өсімдерден І-ші сағатқа бекітілген жағындылар дайындау; ол үшін жағынды дайындаудың 4 сатысын, бекіту тәсілін меңгерулері тиіс.
2. Бояудың жай әдісі: (метилен көгі, фуксин). Өсім түрлері ашытқы саңырауқұлақ Сandida (фуксин); лактобактериялар Lactobacillus – метилен көгі ІІ-ші сағатта
3. Бояудың күрделі әдістері: Грамм, Циль-Нильсон. Өсім түрлері: Staphylococcu s, E coli
4. Дайындаған жағындыларды микроскоптың иммерсиялық жүйесі арқылы қарап, суретін салады.
Достарыңызбен бөлісу: |