Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды



бет2/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
дістемелік н с ау п нні о у ба дарламасы негізінде дайындалды

Стерильдеу бөлмесінде бір немесе екі бумен стерилбдейтін қондырғылар мен үстелдер болады. Стерильдеу бөлмесінде стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын кетіру үшін бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік арқылы сыртқы ортаға шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бұл бөлменің есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылғаны жөн. Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің қабырғалары плитамен қапталған немесе майлы бояумен сырланған, ал еденіне плита немесе линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны түтіктерге құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер, қоректік орта компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сұйық орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафтар болады.
Термостат бөлмесінде әр түрлі көлемдегі термостаттар орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды өсіруге арналған термостаттың температурасын 20-25°С, көптеген сапрофитті микроорганизмдерге 25-30°С, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына 35-37°С, ал термофилді микроорганизмдерді өсіру үшін 40-45°С-ге реттелген термостаттар болады.
Препарат бөлмесі – зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті құралдарды дайындауға арналған жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, дистиллятор, таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі – стерильді жағдайда микроорганизмдер дақылдарын себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий гидрокарбонатын (ас содасын 2- 3%-ы), 3-5%-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм улбтракүлгін сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.) 30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерилдейді. Бактерицидтік лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.
Вивари – ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу ұшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет