Бақылау сұрақтары: 1. Бактериялардың азот айналымындағы ролі
2. Күкірт қосылыстарының өзгерістері
3. Фосфор қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
4. Темір қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
Глоссарий: Аммонилану – топырақтағы органикалық заттардың микроорганизмдер әрекетінен аммиакқа немесе аммоний тұздарына дейін ыдырауы.
Нитрлену – табиғатта микроорганизмдер көмегімен азот қышқылының түзілу процесі. Нитрлену көбінесе органикалық заттар ыдырағанда сатылап өзгеру жолымен пайда болады. Онда алдымен аммиак,одан соң азотты қышқыл,соңында азот қышқылы түзіледі. Бұдан әрі топырақта азотты қышқылы басқа элементтермен әрекеттесіп азот қышқылының тұздарын- нитраттарды(селитра) түзеді. Бұл өсімдіктер үшін таптырмайтын қоректік зат.
Динетрлендіру– нитраттардың(азот қышқыл тұздарының) нитриттерге (азотты қышқыл тұздарына және аммиакқа,содан соң молекулалы азотқа) дейін тотықсыздануы. Бұл процесс ерекше динетрлендіруші бактериялар әсерінен топырақта,көңде т.с. жерлерде жүреді.
Әдебиеттер 1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
№11 Зертханалық сабақ Сабақтың тақырыбы: Топырақтағы микроорганизмдер санын жасанды қоректік ортаға себу әдісімен анықтау
Сабақтың мақсаты: Микроорганизмдердің топырақ түзілу процесіндегі маңызын түсіндіру
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Петри табақшасы, ішінде агары бар пробиркалар, саңылау диаметрі 0,25 мм сүзгі спиртовка, скальпель, аналитикалық таразы, заттық әйнек, ұстара, пробиркалар, жабын әйнек, зерттелетін топырақ үлгісі, резина қолғап, микроскоп.