ІІ. Сүт қышқылды ашу процессі Сүт қышқылы бактерияларында ең қолайлы орта сүт немесе көк сүт (майы алынған) және оның қатысуымен алынған орталар. Дайын сүт тағамдарын (айран, ацидофиль айраны, кефир) және ашыған капуста және қияр суларын пайдаланады. Осы өнімдерден біреуінен кішкене бөлігін ілмешекпен алады да заттық әйнек бетіне салып, жұғынды даярлайды. Жұғындыны спиртовка жалынында фиксациялайды. Препаратты 3-5 минут бойына метилен көгімен бояйды, сумен шайып кептіреді.
Сүт қышқылының бар екендігін анықтау үшін сапа реакциясын жүргізеді. Белгілі бір сүт өнімін қыртасталған сүзгіш қағаздан өткізеді. 2 мл сүзіндіге 5 мл концентрлі күкірт қышқылын (Н2SO4 конц) және 10 тамшы мыс купоросының қаныққан ертіндісін қосады. Су моншасында (100°С) араластыра отырып 5 минуттай қыздырады. Орта салқындағаннан кейін спиртте даярланған тиофеннің 2%-ті ерітіндісінің 2-3 тамшысын қосады. Сүт қышқылы болса орта қою қызыл түске боялады.
ІІІ. Май қышқылды ашу процесі Топырақтағы май қышқылы бактерияларын анықтау үшін бірнеше қоректік орта қолданады. Солардың бірі картоп ортасы. Тазаланбаған картопты кесіп, пробирканы 1/3 көлемге дейін салып, сумен толтырады. Су моншасында 10-15 минутқа қояды. Тығынмен жауып, термостатқа 2-3 күнге қалдырады.
Май қышқылын сапа реакциясы бойынша анықтау. Май қышқылы өскен қоректік ортадан 5 мл алып, оған 0,5 мл 95 %-ті этил спиртін және 1-2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосады. Сонда ананас иісіне ұқсас май этил эфирі түзіледі.
Өзгерістерді бақылап, қорытындысын жазу керек.
Блиц тест:
1. Сүт қышқылдық ашудың аралас түрі?
А) Гетероферментативті
Б) Гомоферментативті
В) Голофитті
С) Ферментатифті
D) Барлығы дұрыс
4. Тек сүт қышқылы түзетін ашу процесі?
А) Гетероферментативті
Б) Гомоферментативті
В) Голофитті
С) Ферментатифті
D) Барлығы дұрыс
2. Қымыздағы ашу процесінің түрі қандай?
А) Сірке қышқылдық
Б) Сүт қышқылдық
В) Сүт қышқылдық және спирттік
С) Спирттік
D) пропион қышқылдық
5. Спирттік ашу процесіне қолайлы орта рН?
А) 4,5-6,0
Б) 4,5-7,0
В) 4,0-4,5
С) 4,0-5,0
D) 4,5-6,5
3. Практикада спирттік ашу процесінің түрлері:
А) Түптік және орта
Б) Төменгі, жоғары және беткі
В) Беттік және түптік
С) Төменгі және түптік
D) Дұрыс жауабы жоқ