Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды


Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны



бет23/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
Белоктар ыдырағанда, яғни аммонилануын зерттеу үшін қоректік орта ретінде 3% пептон қосылған ет сорпасын пайдалануға болады.Сыйымдылығы 100 мл колбаға 30 мл қоректік орта құяды да оған шай қасықтың 1/3 мөлшерде топырақ салады. Колбаларды мақтамен тығындайды. Колбаны мойны мен тығын арасына дистелденген сумен ылғалданған қызыл лакмус қағазын (бөлетін аммиакты қармау үшін) және сірке қышқыл қорғасын ерітіндісінде ылғалданған сүзгіш қағазды (күкірт сутегін анықтау үшін) қыстырып, сыртын перменгант қағазбен жауып қояды.
Тәжірибе 28-30 С температурада 3-5 тәулікте аяқталады. Колбаның ішіндегі ортаны тексереді. Белокты ыдыратқанда микроорганизмдердің түзген өнімін және осы процестің қоздырғышын анықтайды.
Белок өнімдерін анықтау тәсілдері:
Аммиакты анықтау. Колба ішіндегі қоректік ортада белокты ыдыратушы микроорганизмдер өскенде оның тығынына ілінген лакмус қағазы көгереді. Ал ортада аммиактың жиналғанын Несслер реактивінің көмегімен анықтайды. Реакция тамшылату әдісімен жүргізіледі. Шыны табақшаға Несслер реактивінің бір тамшысын, оның үстіне қоректік ортаның бір тамшысын тамызады. Аммиак көп болғанда қоңыр немесе қара қошқыл тұнба түзеді, ал ол болмаса орта қызғылт сары немесе сары түске боялады.
Күкіртсутекті анықтау. Мұны да колбаның мойнына қыстырылған, алдын ала сіркеқышқыл қорғасын ерітіндісіне ылғалданған сүзгіш қағазбен анықтайды. Егерде қағаздың сырты күміс секілді жылтырап тұрса, онда күкіртсутектің болғандығы


Блиц тест:

1.Табиғаттағы азот айналымы?
А) нитрификация
Б) аммонификация
В) денитрификция
С) нитрлену
D) Барлық жауап дұрыс



4. Нитрификация дегеніміз?
А) органикалық заттың жай затқа минералдануы
Б) аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы
В) нитраттың нитритке айналуы
С) аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы
D) нитриттің аммиакқа айналуы



2. Нитраттың химиялық жолмен тотықсыздануы?
А) жанама денитрификация
Б) тікелей денитрификация
В) тікелей нитрификация
С) жанама нитрификация
D) аммонификация

3. Аммонификация дегеніміз?


А) органикалық заттың жай затқа минералдануы
Б) аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы
В) нитраттың нитритке айналуы
С) аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы
D) нитриттің аммиакқа айналуы



5. Денитрификация табиғатта қанша жолмен жүреді?
А) 5
Б) 4
В) 6
С) 3
D) 2
5. Денитрификация дегеніміз?
А) Органикалық заттың жай затқа минералдануы
Б) Аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы
В) Нитраттың нитритке, нитриттің аммиакқа, аммиактың азотқа айналып ауаға ұшып кетуі
С) Аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы
D) Нитриттің аммиакқа айналуы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет