Бақылау сұрақтары:
Микроорганизмдердің тыныс алуы
Ашу процесі туралы түсінік, онын түрлері
Спирттік ашу процесі және оның тәсілдері
Сүт қышқылды ашу процесі, оның түрлері
Органикалық қышқылдарды алу
Глоссарий:
Ашу – жалпы органикалық заттардың (көмірсулардың,органикалық азот қосылыстарының) микроорганизмдер әсерінен тотығу. Бұл процестің сырын ашып,негізін қалаған француз ғалымы Л. Пастер.
Май қышқылды ашу – кейбір органикалық қышқылдар (сүт қышқылы т.б.) мен көмірсулардан (крахмал,клетчатка,пектин заттары) түзілетін өнім. Бұл май қышқылы бактерияларының әсерінен анаэробты жағдайда жүретін процесс.
Әдебиеттер
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
№ 10 зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Микроорганизмдер әсерінен азотты заттардың өзгеріске ұшырауы
Сабақтың мақсаты: Құрамында органикалық заттары бар өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының табиғатта ыдырауы ауыл шаруашылық өндірісі үшін маңыздылығын түсіндіру.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Таразылар, 100-150 мл колбалар, дистелденген су, топырақ, су моншасы, электр плиткасы, спиртовка, ілмешек, пинцет, скальпель, заттық әйнек, целлофан, Петри табақшасы, фуксин ерітіндісінде қанықтырылған сүзгіш қағаз тілімдері, лакмус қағаздары, микропипеткалар, микроскоп, ЕПС, ЕПА құйылған пробиркалар, Несслер реактиві.
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |