Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды


Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау



бет27/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. Әдетте сапрофит микробтардан ет пептонды қоректік ортада әртүрлі коккалар, соның ішінде сары сарцина, споралары бар таяқшалар және әртүрлі зең саңырауқұлақтары өсетінін анықтауға болады.


Бақылау сұрақтары:
1. Патоген микроорганизмдер, олардың ерекшеліктері
2. Иммунитет және олардың түрлері
3. Иммунитеттің табиғи физиологиялық факторлары
4. Вирустардың көбею жолдары


Глоссарий:
Колония – қоректік заттар бетінде немесе қатты және сұйық қоректік орталар ішінде орналасқан бір түрге жататын бактериялар жиынтығы. Пішіні жағынан олар түрліше болып келеді. Негізінен бір клеткадан дамыған түр сипатын анықтай алады.
Қоректік орталарды мөлдірлендіру – анаэроб микроорганизмдердің бөлініп алынған колонияларын анықтап көру мақсатында агарлы және желатин қосылған қоректік орталарды мөлдірлендіреді. Ол үшін тауық жұмыртқасының ақ уызын қолданады.
Әдебиеттер
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
4. Шоқанов Н., Сағындықова С., Серікбаева Ф. Микробиология. Алматы, 2003

13 Зертханалық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Су микрофлорасын зерттеу
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі су қоймаларында микроорганизмдердің тіршілік ететінін түсіндіру
Сабаққа қажетті материалдар және құрал жабдықтар: Микроскоп, ішінде ЕПА бар залалсыздандырылған пробиркалар, Петри табақшалары, 1 мл-лік пипеткалар, ішінде 9 мл залалсыздандырылған суы бар пробиркалар, су моншасы, электроплитка, термометр, құбыр суы (колбада немесе пробиркада), ашық жерден алынған су, спиртовка, сіріңке, залалсыздандырылған шпательдер, микробиологиялық ілмешектер, заттық әйнектер, бояулар, тушь.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет