Бақылау сұрақтары: Микроорганизмдердің экологиялық орталары
Су микрофлорасы: теңіз мұхит сулары мен ашық су қоймалары, жер асты суларының микробтық құрамы; судағы ашу, шіру процестері, маңызы
Ауыз судың санитарлық – микробиологиялық бағалануы (гост бойынша)
4. Ауа, су арқылы таралатын аурулар
Глоссарий: Эпифит микроорганизмдер – өсімдіктердің сыртқы бойында орналасып, тіршілік ететін микроорганизмдер. Олар сапрофиттер, бірақ кейде паразит түрлері де кездесіп қалады.
Сапрофиттер– жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары және басқа да бөлінділермен қоректенетін организмдер. Паразиттік қасиеті жоқ бактериялар мен саңырауқұлақтар.
Штаммалар – морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей, бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы.
Әдебиеттер 1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
№14-15 Зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жинақталған культураларды алу және таза культураларды бөліп алу (Кох әдісі) әдістерін меңгеруге үйрену
Сабаққа қажетті материалдар және құрал жабдықтар: 1 г пішендеме немесе шөп, 20-30 мл ағынды су, электрлік пеш немесе су моншасы, залалсыздандырылған пробиркалар, ЕПБ (ет-пептонды бульон) және ЕПА (ет-пептонды агар) бар пробиркалар, ЕПА өсірілген бактерия культуралары, бактериологиялық ілмек, спиртовка, 37oС температурадағы термостат.
Теориялық бөлім Микроорганизмдердің физиологиясын, биохимиялық қасиеттерін, даму кезеңдерін таза культуралармен жұмыс жасау барысында зерттейді. Микроорганизмдердің бір ғана түрінен тұратын культураны таза культура деп атайды. Таза культураны бөліп алу үш сатыдан тұрады: жинақталған культураны алу, таза культураны бөліп алу, бөліп алынған культураның тазалығын анықтау.