Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды


Жинақталған культураны алу



бет30/32
Дата12.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#92515
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Жинақталған культураны алу
Бір физиологиялық топтың өкілінен немесе микроорганизмдердің бір түрінен тұратын культураны жинақталған культура деп атайды. Микробиологиялық зерттеулердің тәжірибелеріне жинақталған культуралардың әдісін С.Н.Виноградский мен М.Бейерник енгізді. Оның мақсаты – қажетті немесе араласқан культураның микроорганизмдер топтарының дамуын қамтамасыз ететін элективті жағдай жасау болып табылады. Элективті жағдай жасау кезінде бөліп алынатын микроорганизмдердің физиологиясын немесе қасиеттерін білу қажет. Элективті жағдайларға сәйкес қоректік орталарды таңдау арқылы жасайды, себебі әр түрлі микроорганизмдер өздерінің даму жолында әр түрлі қоректену көздерін қажет етеді. Мысалы, молекулалы азотты бөліп шығаруға қабілетті микроорганизмдер азот формаларымен қатысы жоқ ортада өсе алады. Егер мұндай ортаға топырақты енгізетін болсақ, бірінші кезекте азотфиксаторлар дамиды. Микроорганизмдердің бір тобының қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы қоректік орталар элективті деп аталады.
Таза культураны бөліп алу
Жинақталған культура алынғаннан соң таза культураны бөліп алуға кіріседі. Таза культура жеке колониялардан немесе бір жасушадан алынуы мүмкін.
Таза культураны жеке колониядан бөліп алу
Микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алудың негізгі әдісі Р.Кох ұсынды. Бұл әдістің негізгі принципі – жеке колониядан таза культураны бөліп алу. Бұл әдіс қатты ортада өспейтін немесе нашар өсетін микроорганизмдерді бөліп алуда қолданылмайды. Мұндай микроорганизмдердің қатарына кейбір бактериялар, көптеген балдырлар мен қарапайымдылар жатады.
Аэробты микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алу үшін алдымен жинақталған культураны қатты ортаның бетіне егеді. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: автоклавта немесе су моншасында ерітілген залалсыздандырылған агарлы қоректік ортаны таза Петри табақшаларына құяды. Қоректік орта суығаннан кейін, соның бетіне пипеткамен жинақталған культураның тамшысын тамызады да, Дригальскийдің таза шыны шпателімен тамшыны Петри табақшасына мұқият егеді. Содан соң осы шпательді 2-ші, 3-ші, 4-ші Петри табақшаларының бетіне жағады.
Егуден кейін Петри табақшаларының қақпағын төмен қаратып, термостатқа орналастырады. Себебі, жеке колония алу кезінде Петри табақшаларының қақпағында түзілген конденсационды судың кедергі болуын тоқтатады. Петри табақшаларын термостатта микроорганизмдер өсімінің жылдамдығына қарай 1-7 тәулік аралығында ұстайды. Әдетте алғашқы бірінші және екінші табақшаларда инкубациядан кейін микроорганизмдердің жаппай тегіс өсуі байқалады. Ал үшінші және төртінші Петри табақшаларында культуралардың жеке дара колониялары өсіп шығады. Соңғы Петри табақшасында өсіп шыққан жеке колониядан алынған культураны әрі қарай жаңа қоректік ортаға ілгектің көмегімен штрих әдісі бойынша немесе сұйық ортаның бетіне егеді. Әрбір жаңа штрих алдында ілгектерді от жалынында залалсыздандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет