Әдістемелік нұсқаулық құрамына зертханалық жұмыстарды



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата24.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#96876
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Есептің мазмұны
1 Технологиялық карта-есеп.
2 «Клапандарды ысқылау» операциясын орындау сипаттамасы.
Бақылау сұрақтары
1 Клапан ершігінің мүмкіндік ақаулары және олардың пайда
болу себептері?
2 Клапан ершігін жөндеу тәсілдері және қолданылатын
жабдықтар.
3 Қозғағыш клапаны ершігін қалпына келтіру бойынша
операцияның құрамы, операцияда қолданылатын аспаптар мен
материалдар.
4 Клапандарды ысқылау сапасын бақылау тәсілдері және
құралдары.
Зертханалық жұмыс № 6. Көліктік техниканы жөндеу
кезіндегі тораптар мен тетіктерді теңгеру үрдісін зерттеу
Жұмыс мақсаты – тетіктердің теңгерілмегендігінің мәні және
көліктік техниканың сенімділігі мен ұзақ уақыттығына айналатын
тетіктердің теңгерілмеген массаларының әсері туралы білімді
тереңдету; тіркестің жетектегі делегейінің статикалық теңгеруін
орындаудың тәжірибелік дағдысын алу.
Жалпы мәліметтер
Көліктік техниканың сенімділігі мен ұзақ уақыттығы
айтарлықтай мөлшерде айналатын тетіктердің (иінді және карданды
біліктер, маховиктер, тіркес делегейлері, доңғалақтар)
21


теңгерілмегендігі салдарынан болатын дірілдер шамасынан тәуелді.
Тетіктер мен тораптардың теңгерілмегендігінің пайда болу себептері:
өңделмеген беттер өлшемдерінің дәл еместігі; материал
тығыздығының біркелкі еместігі; құрастыру қателіктері.
Теңгерілмегендікті механикалық өңдеу немесе құрастыру
кезінде теңгеру арқылы жояды. Делегейлер класындағы тетіктерді
статикалық теңгеруге ұшыратады, ал білік класындағы тетіктерді –
динамикалық теңгеруге. Сонымен қатар теңгерілмегендікті металл
артықшылығын алып тастау арқылы, металдан жасалған салмақша
немесе тілімшелерді пісіріп қосу арқылы жояды. 
Статикалық теңгеру призмаларда немесе аунақшаларда іске
асырылады. Динамикалық теңгеруді тетікті айналдырған кезде
теңгергіш білдектерде іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет