Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет102/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
элементтері ретінде белгілей келе, олардың мағына-мазмұнын қамтиды. Бұл 
өз кезегінде ежелден келе жатқан ұғым-түсініктерді жаңа бір қырынан тануға 
мүмкіндік береді.
Ғылыми концепциялар мен көптеген тұжырымдамалардың негізінде 
дерексіз және деректі сөздер де концептілік мәнге ие болады. Себебі, олардың 
мағынасында қандай да болмасын рухани ұлттық-мәдени-танымдық ұғым-
түсініктер шоғырланған. Сонымен қатар концептілік мәнге ие доминанттардың 
қатарын деректі, заттық лексика есебінен де өзіндік концептілік өрісін кеңейте 
алады.
Лингвистика ғылымында «концепт» термині кей жағдайда «ұғым» және 
«грамматикалық немесе семантикалық категория» мағынасында түсіндіріліп 
жүр. Жалпы концепт мәселесі – лингвистика мен философияның бір-біріне де-
ген өзара ықпалының күшеюінің негізінде туындаған тілдік құбылыс. Оның 
лингвистикалық мазмұнға ие бола бастағанын тілдің мағыналық жағын талдауда 
көптеген құнды ескі де жаңа танымдық ақпараттардың пайда болуымен тікелей 
сабақтастыру керек. 
Тілдегі кейбір мәдениетке қатысты лексемалардың ішкі формасын таны-
туда концепт біршама дәрежеде лингвомәдениеттану ғылымының да кате-
гориясы ретінде қатыса алады. Когнитология мәселелерінің философиялық, 
психологиялық табиғатын танытуда қазақ тілінде алғашқылардың бірі болып, 
сөз еткен Қ.Жаманбаева өз еңбегінде: Когнитивтік – «білім» деген ағылшын 
сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын әлдебір білімдер 
жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. «Әлдебір» деген сөзді 
қолдануымыздың мәні бар. Себебі ол құрылымның нақты сипаты процесс 
үстінде айқындалады» – деген, орынды ой айтады [6, 3 б.]. Зерттеушінің ойының 
негізгі өзегі – адамзат сана-сезіміндегі білімдер жүйесінің күрделілігі таным 
дүниесімен сабақтас екендігін көрсетеді.
«Когнитив» терминінің қазақша баламасы «таным» деп қолданылып жүр. 
Ол – бүгінгі күні ғылыми айналымда жүрген танымдық тіл білімінің термині. 
Танымның негізгі мақсаты – ғаламдағы құбылыстардың ішкі және сыртқы 
табиғатын адам санасы мен таным білігі жеткенше жетік меңгеру, соны сурет-
теу және оның қорытындысы ретінде адам баласы іс-әрекеттерінде, көрген, 
білген, түйсінген, таныған дүниесін өмірде өз қажетіне жарату. Осындағы 
танымдық әрекетті концептінің көмегімен (көрген, білгенін концептілік талдау 
негізінде) адам баласы өз игілігіне жарата отырып, тілдің негізінде дүниенің 
қарабайыр бейнесінен бастап, дүниенің концептуалды бейнесі аралығындағы 
ақпаратпен таныс болу мүмкіндігіне ие болады. Танымдық әрекетпен айналы-
сушы ғалымдардың пікірінше, әлемдік тіл білімінде ғалам бейнесін когнитивті 
тәсілдердің көмегімен зерттеудің мүмкіндігі мол екендігін айтады.
Соңғы уақытта шыққан қазақ тіл білімі мен жалпы тіл біліміне қатысты 
терминдердің басын біріктірген үлкен еңбектердің бірі профессор Ғ.Қалиевтің: 
«Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» адам танымын, танымдық 
механизмдерін, тіл мен танымның бірлестігін зерттейтін когнитивті лингвистика 
110




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет