Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет104/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
бірге жасасып келеді. Осыдан барып ұлттық лексикадағы сөздік құрамның үнемі 
өзгеріске түсіп, толығып, дамып отыруы табиғи нәрсе деуге болады.
Халық даналығының сарқылмас көзі мақал-мәтелдер бір-бірімен үзіліссіз 
қатыстылықта, тығыз қарым-қатынаста, өзара байланыста болып келетін 
дүниенің мәдени бейнесі мен дүниенің тілдік бейнесі тарамдалатын реалды дүние 
суретіне барып саятындығымен маңызды. Бізді қоршаған реалды дүние қалай – 
болса солай құрылған, бей-берекет әлем емес, ол – өзінің онтологиялық негізіне 
ұқсастықтар мен айырмашылықтар және т.б. қарым-қатынастарды жинақтайтын 
жүйелі құрылым. «Реалды әлемдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар 
қарым-қатынасы туралы түсінік біздің санамыздың фундаменталды бөлігі 
болғандықтан, олар біздің іс-әрекетіміздің кейбір түрлерін, атап айтқанда, кон-
цептуализация және категоризация процестерін анықтайды. Адам миында, пси-
хикасында концептуалды құрылымдардың, концептердің, тіптен бүкіл концептік 
жүйенің түзілуіне алып келетін ақпараттарды адамның түсіну, қорыту әрекетін 
концептуализация дейміз, ол процесс «адамзат тәжірибесінің ең кіші бірлігін» 
айқындауға бағытталады. Демек, концепт – концептуализацияның нәтижесі» [8, 
11 б.]. 
Егер «концепт» дегенді «адамның ұлттық-мәдени өресімен, қоғамдық-
әлеуметтік іс-тәжірибесімен тығыз байланысты болып келетін адамдар 
арасындағы қарым-қатынасты жеңілдететін сөз мағынасының жасырын күші, 
мән-мағынаның мәтін астарындағы жекелеген ұғым-түсініктерді алмастыра ала-
тын әлеуеті» деп түсінетін болсақ, концептік ая – бір-бірімен тығыз байланы-
сып қана қоймай, бір-біріне тәуелді болатын, өзара жымдасып келіп тұтастық 
құрайтын концептер жиынтығы. Концептік ая ұғымы «тіл – қарым-қатынас құралы 
ғана емес, сонымен қатар ол – «мәдениет қоймасы» да екенін» түсіндіретінімен 
маңызды, себебі ұлт мәдениетінің терең тамырын және оның бүтін бір халық, 
тұрғындардың әр алуан топтары, тіптен жекелеген адам өміріндегі рөлін тек тіл 
арқылы бағамдауға болады [9, 8 б.]. 
Дүниенің тілдік бейнесінде ғалам, әлем, күллі дүние, оның заңдылықтары ту-
ралы барлық білім жинақталатын болса, дүниенің паремиологиялық бейнесінің 
концептілік аясы негізінен адамға, оның танымдық-концептуальдық, әлеуметтік-
мәдени, қоғамдық-саяси әлеміне қатысты этноқауымдастық үшін аса құнды 
саналатын өңделген ақпараттар жүйесін қамтиды. Ол ақпаратта тілдік және 
этномәдени қауымдастықтың әр мүшесін ортақ мүддеге сай тірлік кешіп, 
өмір сүруге үйрететін озық үлгідегі «адам және оның ортасына», «адам және 
ақиқат шындыққа», «жеке адам және оның рухани болмыс бітіміне» қатысты 
лингводидактикалық мазмұн, тағылымдық-тәлімдік сарын болады.
Паремиологиялық дүние бейнесінде көрініс табатын «адам және ақиқат 
шындыққа» қатысты ақпараттардың бірі «Жалғыз, Жалғыздық» концептілерінде 
жинақталады. 
Дүниенің тілдік бейнесінде «Сан» макроконцептісін тіліміздегі барлық 
сандар және сан ұғымын беретін сөздер, олардың атауыштық, символдық, 
бейнелілік, поэтикалық, пайымдық т.б. мағыналарда жұмсалуынан туындаған 
112




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет