Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Қасымова С.К. Сан компонентті паремиялық дүние бейнесіндегі



Pdf көрінісі
бет103/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Қасымова С.К. Сан компонентті паремиялық дүние бейнесіндегі...
ғылымына мынадай анықтама беріледі. 
Когнитивтік тіл білімі 
орыс. – когнитив-
ная лингвиситика (лат. cognito білім, түсінік) – табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, 
ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл 
білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық 
оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспар-
лау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық, 
т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. 
Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тәсілдері мен 
құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-
ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді 
шешуге мүмкіндік береді [7, 154 б.] – деген түсіндірмесінен когнитивті лингвис-
тика ғылымы тек лингвистика мен когнитология ғылымының байланысынан 
ғана емес, логика, философия, психология, физиология секілді күрделі ғылым 
салаларымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді.
Бүгінгі күні тіл мен таным бірлестігі, ойлау мен тілдің сабақтастығы, сөз 
құдіреті (сөз-магиясы), тілдің таным қызметімен қатар қарым-қатынас құралы 
болу қызметі олардың тілдік қолданыстағы әр түрлі сөз образдары арқылы 
жұмсалуы деген мәселені әр қырынан келіп қарастырған еңбектер баршылық. 
Атап айтсақ, А. Қайдардың «Халық даналығы», «Тысяча метках и образных вы-
ражений», Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді», «Сөз құдіреті», Е. Жанпейсовтің 
«Этнокультурная лексика казахского языка», Ә.Ахметовтің «Түркі тілдеріндегі 
табу мен эвфемизмдер», Ф.Ш. Оразбаеваның «Тілдік қатынас», Н. Уәлиевтің 
«Фразеология және тілдік норма», А.Салқынбайдың «Қазақ тілінің сөзжасамы», 
Г.А. Қажығалиеваның «Культурологический аспект в работе над художествен-
ном текстом», Г. Қосымованың «Қазақ шешендік өнерінің негіздері», Қ. Ға-
битханұлының «Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі», Б. Тілеубердиевтің 
«Қазақ онамастикасының лингвоконцептологиялық негіздері», Э. Оразалиеваның 
«Когнитивті лингвистика: қалыптасуы мен дамуы», т.б. ғалымдардың еңбектері 
қазақ тілін жаңа бағыттармен сабақтастыра зерттеген.
Бүгінгі таңда адам баласының ойлау жүйесі күн өткен сайын дамып жетілуімен 
қатар, көптеген өзгерістерге түсіп отыр. Демек, құбылыстар мен жағдайлар 
арасындағы сәйкестік немесе айырмашылықтар тіл көрінісіндегі мүлдем 
жаңа мәліметтермен астарлануы тіпті сөз астарының астына астардың беки 
түсуі қашанда сана төңкерісінің жанынан табылуы қажет. Қазақ тіл білімінде 
концептінің лингво-логика-философиялық табиғатын, тілдегі қызметін, түрлерін 
жан-жақты қарастырып саралайтын ғылыми зерттеулер аса қажет. Өйткені адам-
зат баласының санасы мен болмысындағы өзгерістер қоғамдық, әлеуметтік, та-
рихи, т.б. жағдайларға тікелей байланысты. Сондықтан осындай факторлардың 
бәрі концептілердің табиғатын түрлендіріп, оның тілдегі рөлін мейлінше 
күшейтіп отыр.
Тіл – табиғаты күрделі қоғамдық әрі динамикалық құбылыс. Себебі ол 
адамның ой-санасымен, таным-түсінігімен, адамзат қоғамымен бірге өзгеріп, 
111




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет