Əфсаналар бұҚар жырау мен қаз дауысты қазыбек



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата08.01.2017
өлшемі6,35 Mb.
#1460
1   2   3   4   5   6   7

ТОЙ

Той – сəби дүниеге келгенде, келін түскенде, бала сүндеттегенде, т.б. қуанышты 

кездерде жасалатын салтанат. Мұнда да жоғарыда айтылған «Ас берудегі» дəстүрлер 

жасалады, бірақ көлемі, шығыны жағынан шамалас не кіші болуы мүмкін. Бұған да 

көп адам жиналып, өнерлілер бəсекеге түсіп, тиісті бəйгесін алады. «Той дегенде қу 

бас та домалайды» дегендей, оған жақын жердегі адамдар тегіс қатысуға тырысқан. 

Қазіргі кезде наурыз, айт күндері, жаңа жыл, Жеңіс күні, Республика күні, Əйелдер күні, 

1 мамыр той-мереке қатарына жатады.



СЫБАҒА

439

ТҰРМЫСТЫҚ СAЛТ-ДƏСТҮРЛЕР

ҚАРАШАҢЫРАҚ

Құлын байлап, бие сауылып, сүті қорланып ашытылған соң, екі-үш күн бойы жиналған 

қымызға ақсақалдар мен көршілер «қымызмұрындыққа» шақырылады. Яғни, алғашқы 

қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен қымыз 

беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Халықтың бұл дəстүрі де 

қонақжайлық, мəрттік қасиеттерін арттыра түседі. Бие ағытылып, соңғы қымызға осы 

кісілер тағы да шақырылады. Оны «сірге мөлдіретер» дейді.

САДАҚА БЕРУ

Садақа – жетім-жесірлерге, қаріп-қасірлерге немесе дін жолына ақшалай, заттай 

берілетін құдайы. Садақа беруші адам өзінің, үй ішінің амандығына қол жайып бата 

тілейді жəне «батаңыз қабыл болсын» деп бет сипайды. Мүсəпірлерге қайыр садақа 

беру əр мұсылман баласы үшін міндетті болып саналады. 

САУЫН АЛУ

Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп белгілі 

бір мерзімге сауа тұратын бие немесе сиыр сұрап алады. Сауын алушы өзі алған малын 

төлімен бірге аман əкеліп тапсыруға кепілдік береді.



НАУРЫЗКӨЖЕ

Наурыз мейрамының ажырамас белгісі – наурызкөже 

дайындау. Наурызкөже азықтың жеті түрінен жасалады. 

Жеті түрлі азық халықтық дəстүрден шыққан. Қазақ 

тіліндегі жеті ата, жеті қазына, жеті қат жер, Жетіқарақшы, 

жеті түн, «Жеті жарғы», т.б. тұрақты тіркестер халықтың 

ежелгі наным-сенімдерінен, мифологиялық, астрологиялық 

түсініктерінен туған. Сондықтан кей жерлерде нау-

рызкөженің құрамы өзгергенмен, ондағы азық-түліктің 

жеті түрі болуы мұқият сақталған. Көже, негізінен, бидай, 

тары, күріш, ет, тұз, сүт, су, т.б. тағамдардан жасалады 

да, əр үй өз отбасынан дəм татырады. Бұған қыстан 

шыққан қазы, шұжық, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы 

мүшелер де қосылады. Наурызкөже ежелгі жомарттық, 

қонақжайлық сияқты бағалы дəстүрлердің бір көрінісі 

ретінде қалыптасқан.



440

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ

АТ ТЕРГЕУ

Халық дəстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі – ат тергеу. Ұлт 

дəстүрі бойынша, əйелдер атасының, қайын аға, қайын сіңілісінің, қайын інісінің атын 

тіке атамай, «мырза қайын аға», «бай атам», «би аға», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», 

əйел болса, «шебер шешей», «ақ əже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп 

лайықты ат қойып өзінше атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да таға береді. 

Мысалы: тапал бойлы болса – «сұңғақтым», жайбасар болса – «жүйрігім» дейді. 

Мұның бəрі шын мəніндегі сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. 

Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді «ата», «əке», Ереке, Аха, Жəке, Сəке 

деп құрметтеген. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, 

көргенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын 

тура атау анайылық болып табылады.

«Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды «ит-құс» 

деп, қорасан сияқты ауруларды «əулие» деп атайды. Ол – осындай бəле-жала бізден 

аулақ болсын деген ырым, жоралғы.

АУЫЗБАСТЫРЫҚ

Біреуді сөзбен жығып, ұтып, оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе 

өткір əзіл тастап ұялтқанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам бұл туралы 

басқа адамға таратып жібермеуі үшін «ауызбастырық» береді. «Ауызбастырықтың» 

мағынасы əлгі сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. 

«Ауызбастырық» алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек. Сонда «ауызбастырық» 

та серттің бір түрі болып табылады.

БАУЫРЫНА САЛУ

Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы «бауырына салу» деп аталады. 

Бұл – ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, қазақтың ежелгі 

заңы бойынша, асыраушы адам жаңа туған баланы шаранасымен етегіне салып алады. 

Нəрестеге атын қойып, оң қолына асықты жілік ұстатады. Асықты жілік ұстаған бала 

сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде ата, əже өзінің бірінші немересін «бауырына 

салып» алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды.


441

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ

ИТКӨЙЛЕК

Ырымшыл халқымызда баланы «қырқынан» (туғанына қырық күн толған күн) 

шығарғаннан кейін оның иткөйлегіне тəтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін 

дəстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы «иткөйлекті» шешіп алып, тəттісін 

бөліп жейді. Ал көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. Иткөйлек 

ырымының шығуы иттің мойнына байланғандықтан ғана емес, баламыз көп болсын 

деген ырыммен (ит жеті қазынаның бірі деп есептейтін халықтың сенімі бойынша, ит 

өз иесінің үйінде баланың көп болуын тілейді екен)  астасып жатыр.

Осы жерде «қырқы» деген сөзге мəн беру керек. Қайтыс болған адамның да «қырқы» 

беріледі. Бірақ баланы «қырқынан шығарылды» деп, өлген адамға «қырқы берілді» деп 

айтады. Мұны шатастырып алуға болмайды.

КƏДЕ

Ойын-тойларда, айт мерекесінде, тағы басқа салт-дəстүрлер кезінде берілетін сыйды 

немесе алымды «кəде» деп атайды. Кəде – ойын-тойдың гүлі, оның сұрауға əркімнің 

де еркі бар. Кəде жоралғылары өте көп. 

Той кəделері (жол-жоралары): тойбастар, шашу, мүше сұрау, тəбəрік, т.б.

Құдалық кəделері мен ырымдары: жаушы жіберу, алдынан өту, қалың мал беру, 

құда түсу, өлі-тірі, батааяқ, той малы, есікашар, атбайлар, тойбастар, құйрық-бауыр, 

құда тарту, көрімдік, отқа құяр, түйемұрындық, қосақбас, құда аттандырар.

Күйеу жолы мен кəделері: ұрын бару, есік көру, ентікпе, көрімдік, күйеу табақ, 

қалыңдық ойнау, қызқашар, т.б. 

Құда-күйеу келгенде: сүтақы, атбайлар, босаға аттар, күйеу табақ, жеңгетай, 

отау жабар, қол ұстатар, шаш сипатар, ит ырылдатар, кемпір өлді, бақан салар, т.б. 

Осыған байланысты «Қалыңсыз қыз болса да, кəдесіз күйеу болмайды» дейді қазақ 

мақалы.


Бала туғанда, жүргенде жасалатын дəстүрлер мен кəделер: шілдехана, қазанжарыс, 

кіндік кесу, көтеріп алу, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, 

сүндеттеу, т.б.

АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЫЗЫ

Ауылдың алты ауызы – дəстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, 

«қонақкəде» айтқызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін 

өлең-жыры. Қонақ тамақ ішіп, тынығып болған соң ауыл адамдары «ауылдың алты 

ауызын» айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысқан да, кезекті қонаққа беретін 


442

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ

болған. Қонақтың не өлең айтып, домбыра тартуы немесе ертек айтып, «қонақкəдесін» 

жасауы шарт болған. Кəде орындалған соң əн айту үлесі өнерпаздарға тиіп, отырыс 

ойын-сауыққа ұласып отырған. Қазіргі кезде, негізінен, ауылдық жерлерде сақталған.



ҚОНАҚКƏДЕ

Үй иесінің қонағына «қонақкəде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең 

айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. «Қонақкəденің» шығуы көңілді отырудан, 

қонақ өнерін сынаудан шыққан. Сондықтан да болар, бұрынғы адамдар жастарды 

өнерге, айтысқа, қолөнерге, шешендікке, өлеңге, домбыра үйренуге ерте баулыған.

КӨРІСУ

Көрісудің екі түрі бар.

1. Бұрынғы дəстүр бойынша, ұзатылған қыздар жыл толмай төркін жұртына баруына 

болмайды. Бұл жаңа қауымға алаңсыз үйренсін деген мақсаттан туған. Елін, бауырын 

сағынып жүрген осындай кездерде қыздың аға-інісі іздеп келгенде, қыз оларға өлең, 

жырмен көрісіп, жылап, өзінің сағынышын, өкпе-назын, қуанышын білдіреді. Мұндай 

сəтте қыз туыстарына басындағы жаулығын көрсетуге ұялып, оны алып тастап, орамал 

тартып алады. Қыздың бұл көрісуі өте жарасымды əдет-ғұрып қатарына жатады.

2. Туыс-туғандары, ет жақындары қайтпас сапар шеккенде артта қалған ағайын-

туыстары, бала-шағасы көрісіп, жылайды, дауыс қылады. Еркектер де көріседі, бірақ 

əйелдердей жоқтау айтпайды.

ҚАЛЖА

Жас босанған əйелге арнайы мал сойылып, берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. 

Жақын адамдар да «қалжа» əкеледі. Бұл – əрі сыйластық, құрмет, əрі босанған əйел тез 

сауығып кетсін деген мақсаттан туған елдік дəстүр, ғұрып.



ҚОРЫҚТЫҚ ҚҰЮ

Əлденеден қатты қорқып, шошынып ауырған адамға «қорықтық құйып», ем жасайды. 

Оның жасалу жолы былай: бір ыдысқа қорғасынды салып, отқа қойып балқытады, 

қорғасын сұйық қалыпқа келген кезде басқа бір табаға май құйып, табаны адамның 

төбесіне ұстап тұрады да, оған балқыған қорғасынды құйып жібереді. Сол уақытта 

адам неден қорықса, қорғасын соның бейнесіне түсіп қатады. Мысалы, иттің, адамның, 

жыланның бейнесі, т.с.с. шығуы мүмкін. Халықтың ұғымы бойынша ауырған адам неден 

қорықса, қорықтық құйғанда соның бейнесі түссе, ол жазылады деп түсіндірілген.



443

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ

ҚҰДАЙЫ

Құдайы – кездейсоқ апаттан аман қалғанда, қиын сапардан оралғанда, т.с.с. жағдайда 

амандық жолына берілетін діни ғұрыптық дəстүр. Яғни «құдайыға» мал сойып, елге ас 

беріп, көпшіліктің батасын алады.



ҚҰРДАСТЫҚ ҚАЛЖЫҢ

Бір жылы туған адамдар құрдас деп саналады. Халық ғұрпы бойынша, олар бір-

бірімен əрі тату, əрі қатты қалжыңдасып, тіпті бірі екіншісінің сыртынан да əзіл айта 

береді. Айы, күні қатар құрдастар «түйдей құрдас» деп аталады. Құрдастардың əйелдері 

де құрдас болып есептеледі. «Əкесі құрдастың баласы құрдас» деп, олардың балалары 

да əзілге араласып отырады. Құрдастық қалжыңдар басқа түркі халықтарының 

арасында кездесе бермейді. Ел аузында құрдастық қалжыңдардың күлкілі əрекеттері 

мен əңгімелері көптеп кездеседі.



ӨСИЕТ АЙТУ

Өсиет – белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан тəсілім алдында кейінгі 

ұрпақтарына, туған-туыстарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы 

тапсырмасы. Дəстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындау ға 

тиіс.

ПІТІР БЕРУ

Жыл сайын ораза, айт кезінде мешітке арнайы апарып, əр адам ата-бабаларына, 

т.б. аруақтарға бағыштап құран оқытып берілетін садақасының бір түрі. Пітір беру – 

діншілдік емес, ол тірілердің аруақтарға деген құрметі.



САУЫН АЙТУ

Бір елде ас, үлкен той болатын болса, ол күні бұрын (бірнеше ай, жыл) жан-жаққа 

хабарланып, сауын айтылады. Бұл жай шақыру емес, əр ел салт-дəстүр жолымен, яғни 

батыр, балуанымен, жүйрік атымен, ақын, жыршысымен, сойыс, сабасымен келсін 

дегенді білдіреді. Жəне асқа, тойға келгендер де бір-бірінен асып түсуге тырысады. 

Сауын айтудың екінші жағы – оның көптің күші мен малы арқылы атқарылатындығында 

жатыр. 


444

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ

СЫЙЫНУ

Аруаққа, Тəңірге, пірге жəне басқа да күш пен сенім иесіне сыйыну – түркі 

халықтарының ежелгі дəстүрі. Мұнда əр адам жауға шапқанда, қиын сапар жолында 

немесе жайшылық уақытта, тыныш өмірде үлкен күшке сыйына береді. Əсіресе, 

балуандар, мергендер мен аңшылар, қарт адамдар, тағы басқа əр іске талапкерлер 

көбінесе аруаққа сыйынады. Малдың да, жанның да сыйынатын пірлері бар. Мысалы, 

аурулар дерт иесі Лұқпанға, əйелдер Бибі Фатима анасына, жас батырлар Қабанбай, 

Бөгенбай аруағына сыйынады. Малшылар төрт түлік пірлері – Қамбар ата, Ойсылқара, 

Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек атаға сыйынып, жұмысына кіріседі. Сыйыну – адамның 

сенім күшін, қабілетін арттыратын құпия құбылыс.



ТАСАТТЫҚ

Бұл арабтың «тасалдық» – «құрбан шалу» деген сөзінен шыққан. Құрғақшылық 

болып жаңбыр жаумай, шөп шықпаған жағдайда халық ортадан мал шығарып, Тəңірден 

жаңбыр тілеп, «тасаттық» жасаған. «Тасаттық» былай жасалады. Көпшілік ортадан мал 

шығарып, оны қорым басына, өзен жанына апарып сойып, асып, пісіріп жеп, құран 

оқып, Тəңірге жалбарынып, жауын тілейді. Қарттардың айтуынша, осыдан кейін 

көбінесе жаңбыр жауатын болған. Бұл салт қазір де бар.

ТЫМАҚҚА САЛУ

Ел арасында «шала туып, тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. 

Халықта, əдетте, шала туған сəбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала 

туған сəби ұстауға, бесікке салуға келмейді. Тымақ жылы əрі бөлеуге ыңғайлы болады. 

Сəбидің неше күні кем болса, сонша күн тымаққа салып, күн сайын керегенің келесі 

басына ауыстырып іліп отырады жəне осылай кереге басы арқылы қанша күн толғаны 

есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басынан кейін ғана 

бала тымақтан алынып, жаңа туған баланың рəсімі жасала бастайды. Айталық, ат 

қою, бесікке салу, т.б. (Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше жерге шеге 

қағылып ілінеді.)



ТОПЫРАҚ ШАШУ

Бір-бірін қатты жек көрген адамдар ат құйрығын кесісіп кетіп бара жатқанда əбден 

көңілін қалдырған адамның артынан топырақ шашатын əдет бар. Бұл енді көрмейміз, 

«қараң батсын» деген қатты қарғыстың бір белгісі.



445

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дəстүр. Келін 

түскенде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда немесе құрметті кісі келгенде, тағы 

басқа зор қуанышты күндерде əйелдер құрт, кəмпит, күміс теңгеден шашу шашады. 

Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып, балаларына апарып 

береді. Шашуды əйелдер ғана шашады.



ШАШУ

АНТ

Ант, серт, уəде – халқымыздағы сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық 

уəде, келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. 

«Уа, айтылған ант, серттескен уəде, алысқан қол қайда?!» деген жерде еш адам анттан 

аттап кете алмаған. Ел ішінде ант бұзған адамды «ант атқан» деп жек көреді. Ант – 

адалдың сөзі. Бірақ «адал болсаң да, ант ішпе» дейді қазақ. 



ҚАРҒЫС

Біреуден зорлық-зомбылық көрсе, сол сияқты біреудің кесірінен келеңсіз жағдайға 

тап болса, т.с.с. соны қарғау əдеті бар. Яғни «жер жастанғыр», «өлім келгір», «қарасан 

келгір», «өртенгір» деген сияқты қарғыс сөздер айтылады. Ол адамға да, малға да, дүние-

мүлікке де бағыттала береді. «Ашынған Тəңірісін қарғайды» дегендей, қарғыс ашу, ыза, 

кек үстінде айтылады. Қарғыстың ең ауыры – ананың ақ сүтін көкке саууы жəне атаның 

теріс батасы болып саналады. Бұрын аса жүгенсіздік көрсеткен балаларын ата-ана осылай 

қарғаған. Сонымен қоса «қарғану» деген де бар. Ол біреу жала жапқанда, нақақ күйдіргенде 

өзінің адалдығын дəлелдеу үшін «жалғызымның қызығын көрмейін», «құран ұстайын», 

«керегенің көгін жейін» деп қарғанады. Мұны адал адамдар ғана айта алған.



446

ƏДЕПТІ БАЛА – АРЛЫ БАЛА 

Сəлемдесу – амандық білісудегі əдеп жолы. Халқымыз-

дың сəлемдесу əдебі ғасырлар бойы қалыптасқан. Құран 

жəне пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері бойынша да 

адамдардың бір-бірімен амандық сұрасып, сəлемдесуі игі 

іс болып саналады. Сəлемдесу адамдардың жас ерекше-

лі гі не, жынысына, т.б. байланысты əр түрлі болып келеді. 

Мысалы, үлкен адам мен жасы кіші адамның сəлемдесуі, 

аттылы мен жаяудың сəлемдесуі, ер мен əйелдің сəлемде-

суі, келіндердің ата-енеге сəлем беруі, т.б. 

Сəлемдесудің көп түрінің бірі – алыс жолдан келген 

жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына, 

белгілі адамдарға əдейі іздеп келіп сəлем беруі. Қазақта «алыстан алты жасар 

бала келсе, алпыстағы шал сəлем береді» деп жөн білетін үлкендердің өзі барып 

сəлемдесетін де жол бар. 

Ал келесі түрі – келіндердің сəлем салуы. Сыйлы ата-ене, қайын ағаларына 

кездескенде, көріп қалғанда келіні оларға иіліп сəлем қылады. Келіннің сəлем салуы 

əдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. 

Сəлемдесудің тағы бір түрі – құрдас, құрбылас ер кісілердің сəлемдесуі. Олар бір-

бірін көре қалғанда қол беріп, ал көптен көріспеген достар құшақтасып, төс қағыстырып 

сəлемдеседі. Жасы үлкен адаммен сəлемдескенде жасы кішілер жағы аттан, көліктен 

түсіп барып жəне əрқашан қос қолын беріп амандасады.

Төрге отырғызу – қазақ халқының күнделікті 

тұрмысында қадірлі, сыйлы қонақты, қарт кісілерді 

құрметтеу əдебі. Халқымыздың тіршілігінде төрдің 

маңызы зор. Төрге отырғызу сыйлауды, құрметтеуді 

білдіреді.

Төрге отырғызу бірнеше жағдайларда орындалады.

Біріншісі, күнделікті күйбең тіршілікте төрге қария 

кісі немесе үйдің иесі отырады.

Екінші жағдайда, той-жиындарда төрге ақсақалдар 

не болмаса жас ерекшелігіне қарай үлкен ағалар немесе 

қызметі жоғары кісілер орын алады. 

Ал үшіншісі, үйге қонақ келген жағдайда төрге 

міндетті түрде қонақ отырады.

Төрге отырғызудың тағы бір түрі – күнделікті тұр-

мыс та бойжеткен қызды немесе төркініне келген қыз-

дар ды аяқ жаққа отырғызбай, төрге шығарады. «Төрге 

шық па ан қыз – төркінін кедейлетеді» деген сенім бар.


447

ƏДЕПТІ БАЛА – АРЛЫ БАЛА 

АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН 

ІС-ƏРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР

Адалдық – адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ 

кейінгі ұрпақтың тəрбиесіне көп мəн берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық 

жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы 

балалардың адалдық қасиетін оята білген.

Адамгершілік – уəдеге берік, серттен таймайтын, кісіні ғайбаттамайтын, жалған 

сөйлемейтін адамға тəн қасиет. Адамгершілігі мол адам барлық ортада сыйлы болады.

Кісілік – азаматтық дəрежесі биік адамға тəн игі қасиет. Бұл жақсы адамның қасиеті. 

Кей кезде «кісілік» деп мағынасы алғашқыдан мүлдем бөлек, өзгені менсінбейтін, өзін 

жоғары қоятын мінез-құлықты да айтады. Мұндай кісілік адамды жақсылыққа алып 

бармайды. Бұл тұста халқымыз «ұлық болсаң, кішік бол» деп кісіліктің жақсы сипатын 

насихаттайды.

Алғырлық – сырттан келген ақпаратты тез қағып алатын адамның жақсы 

қасиеттерінің бірі.

Əдептілік – тəрбие көрген, ар-ұяты, мəдениеті жоғары адамның сипаты.

АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРІ

Арамзалық – арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді 

алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған 

адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.

Арсыздық – ар-намысы жоқ, ұятсыз, абыройсыз адамның адамгершілікке жат 

қылықтары мен мінез-құлқы. Абай атамыз: «Өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған 

мінейді, Ол – арсыздық белгісі», – деп айтса, Шəкəрім атамыз: «Айла, өтірік, арсыздық 

өнер емес, Мен де анаудай болсам деп таласарлық», – деп түсіндірген. 

Еріншектік – еңбекке зауқы соқпайтын жалқау адамның қасиеті. Қазақ халқы 

еріншектіктің жаман қасиет екенін үнемі даналық сөздермен білдіріп отырған. Соның 

бірі – ұлы ақын Абай атамыз кейінгі ұрпаққа бұл қасиетті мынадай сөздермен таратады: 

«Адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар: Əуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, 

үшіншісі – залымдық; Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны». Сондай-ақ 

«Еріншек етікшіден, елгезек масақшы артық», «Жабайы шөп егінді аздырар, Еріншектік 

ерді аздырар» деген сияқты мақал-мəтелдерді айтып кетуге болады.

Жалқаулық – кежегесі кейін тартып тұратын еріншек адамның қасиеті. Жалқаулық – 

адамның ең нашар қасиеттерінің бірі. «Алма піс, аузыма түс» дейтіндердің кейпін киген 

жалқау адамдар көп жақсылықтан құр қалады. Ұлы Отан соғысының Батыры Бауыржан 

Момышұлы атамыз «Еңбек түбі – рахат, жалқаулық түбі – азап» деген насихат айтып 

кеткен.


448

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ЫРЫМДАРЫ МЕН ТЫЙЫМДАРЫ 

ЫРЫМДАР

Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. 

Айталық, шешен болсын деп аузына түкірту, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, 

сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар 

бар. Мысалы, Абай, Абылай, Бауыржан, Сəкен, Қаныш сияқты есімдерді қазір де ата-

аналар өз балаларына ырымдап қойып жүр. Балаларым осындай қуанышқа жетсін деп 

келін түсірген, той болған үйден нан, бауырсақ, кəмпит салып əкетеді. Халықта жасы 

100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп 

алу салты бар. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшікбай, Итбай, 

Итемген, Көтібар, Көтен, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі 

болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда, ырым – халықтың сенімі мен ақ ниетінен, 

шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір көрінісі.



Ақсарбас

«Ақсарбас» – діни ырым, яғни адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда 

Алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайға ұшыраған адам «Ақсарбас» деп үш 

рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, құдайы береді. 

Ақсарбастың үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкқасқа жəне қызылқасқа. Бозқасқа десе – 

қой, көкқасқа десе – жылқы, қызылқасқа десе – сиыр құдайы береді.



Көз тию

Қазақтың ұғымы бойынша, жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, сұлу қызға көз 

тиеді деген ұғым бар. Ондай адамдарды «көзі бар» немесе «назар керде» дейді. Ас, 

тойларда шыққан балуанды, жүйрік атты ел көзіне көп көрсетпейді. Ажары əдемі жас 

сəбилердің бетіне күйе жағып қоятын да ғұрып бар. Бұл көз күйеге тиеді деген түсініктен 

шыққан. Біреулер жас келінге, сəбиге сұқтана қараса, «көзің тиеді, түкір» деп түкіртіп 

алатын да ырым бар. Көз тисе «сұқ-сұқ» деп, тіл тисе «тіфə-тіфə» деп немесе біреуді 

мадақтағанда «тіл аузым – тасқа» деп ырымдайды.



449


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет