Əфсаналар бұҚар жырау мен қаз дауысты қазыбек



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата08.01.2017
өлшемі6,35 Mb.
#1460
1   2   3   4   5   6   7

ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ

Жаңылтпаш

Қазақ халқының əдет-ғұрып, салтынан туған ойын-сауықтар кезінде өлең, əңгіме-

жырлар ғана айтылып қойған жоқ. Ойын-сауық үстінде жиналған жұртты күлдіру 

үшін ауыз əдебиетінің бұдан басқа да ұсақ түрлері айтылған. Соның бірі – жаңылтпаш. 

Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру жəне əрбір сөзді тез, шебер айтуға, тіл ұстартуға 

үйрету үшін қолданылған. Жаңылтпаштың сөздері жаңылдыратындай қиын, көбінесе, 

ұяң жəне қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Егер жаңылтпаш айтушы адам 

қиыннан құралған қырлы сөздерді орамына келтіре алмаса, аздап тайып кетсе – онда 

күлкі боларлық, тіпті ұятқа соғарлық жағдайға тап болады. Сондықтан ол əрбір сөзді 

жылдамдата тақпақтаумен қатар, нақышына келтіре, мүлт жібермей, оралымын таба 

айтуға тиіс. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді. 

Мысалы:


Қара бүркіт томағасын түсірді,

Оны мен томағаламай, кім томағалайды,

Оны мен томағаламай, кім томағалайды.

Өтірік өлеңдерді айту оңай болғанымен, оны шығару оңай емес. Ол ақыннан 

ақындық өнерді талап етумен қатар, ой-қиялының мол болуын қажет етеді. Өйткені 

өтірік өлеңді қиыннан құрастыру, яғни түймедей нəрсені түйедей етіп, болмаса, 

керісінше, түйедей нəрсені түймедей етіп көрсету керек. Мұндай өлеңде суреттелетін 

нəрселердің бəрі адамның көз алдындағы заттардан, нақтылы шындықтан, жалпыға 

түсінікті көріністерден алынады. Бірақ олардың ісі, қарым-қатынасы, атқаратын 

қызметі шындыққа келмейтін, адам сенбейтін жағдайда суреттелуі керек. Сонда ғана ол 

өтірік өлеңдік дəрежесіне жетеді. Өтірік өлеңдер əрқашан да күлкілі, қызықты уақиғаға 

құрылады. Бұлардың бəрін жыршы-ақын өз атынан, өзін қатыстыра айта отырып, адам 

сенбес күлкілі əңгімелер тудырған.


413

ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ

Жар-жар

Ұзатылған қыздың тойында қыз-жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын 

жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге 

олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бəрі өлеңмен 

айтылатындықтан «Жар-жар» қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар-жарды» жігіт 

былай бастайды: 



Алып келген базардан, 

Қара насыр, жар-жар-ау. 

Қара мақпал сəукеле, 

Шашың басар, жар-жар-ау! 

Мұнда əкем қалды деп, 

Қам жемеңіз, жар-жар-ау. 

Жақсы болса қайын атаң, 

Орнын басар, жар-жар-ау! 

Сонда қыз былай деп жауап қайтарады: 



Есік алды қара су, 

Майдан болсын, жар-жар-ау. 

Ақ жүзімді көргендей, 

Айнам болсын, жар-жар-ау. 

Қайын атасы бар дейді-ау, 

Осы қазақ, жар-жар-ау. 

Айналайын əкемдей, 

Қайдан болсын, жар-жар-ау! 

Немесе:


Ар жақтағы Құдияр құдам еді, 

Ол мені құдаламады, 

Мен оны құдаламадым, – деп соңғы екі жолы қайталанып айтылады.

Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш 

жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, əн білмейтін жастарға 

берілетін жаза есебінде қолданылған. Қазақтың салты бойынша, ойын-сауыққа келген 

жастардың бəрі де əн салып, өлең айтуға тиіс. Ал ондай өнері жоқтарға ойынды 

басқарушы адам «жаңылтпаш айт» деп ұйғарған, жаңылтпаштың сөзін өзі жайлап 

айтып берген. Сонан кейін оны шапшаңдата қайталап айтуды жаңағы өлең білмейтін 

адамнан талап еткен. Егер ол адам жаңылтпаштың сөздерін орамына келтіріп айта 

алмаса, бүлдірсе, жұрт оған күлетін болған. Сондықтан мұндай күлкі етерлік жағдайға 

түспес үшін жастар əн, өлең үйренуге, оларды білуге тырысқан. 



САЛТ-ДƏСТҮРІҢ – 

САЛТАНАТЫҢ 

415

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-

ДƏСТҮРІ, ƏДЕТ-ҒҰРПЫ

ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН – ЖЕТЕСІЗ 

Шежіре тарату 

«Шежіре» – араб сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «ағаштың бұтағы» деген мағынаны 

білдіреді. Қазақта əрбір адам өзінің арғы тегін кем дегенде жеті атасына дейін тарата 

білуі керек. Мұны білмегенді ел «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөккен. Сондықтан 

қазақ баласы əкесінен бастап жеті атасының есімдерін кішкентай кезінен жаттап 

өсуі тиіс. Қазақ шежірені тарихты айтумен бір деп есептеген. Ол тарих қызметін 

атқарған. 

Əрбір адам өз ата-бабасының өмірде жасаған ғибратты іс-əрекеттерін ұрпақтан-

ұрпаққа ауызша жеткізіп, жастарды тəрбиелеп отырды. Шежірені кейде «Далалық 

тарихнама» деп те айтады. Зерттеуші ғалымдар бір ата 13 атадан асса руға, бірнеше 

ру біріксе тайпаға, бірнеше тайпа бірігіп жүз болып қауымдасса – халық не ел болады 

деп есептейді. Қазақтардың шежірені ертеден үздіксіз пайдаланып келуі олардың 

өткенін өмір бойы қадағалап, келешегін анықтап отырғандығынан хабар береді. 

Жеті ата

«Жеті ата» (ғұрып). «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер». Əр адамның 

жеті атасын білуі – көргенділігі пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе – 

«жеті атасын білмейтін – жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету – əр ата-ананың басты 

борышы. Мысалы: өзі, əкесі, атасы, бабасы жəне онан арғы ата-бабасының есімдерін 

білу жеті атаны білу деген сөз.



Үш жұрт

Қазақ халқының дəстүрі бойынша əр азаматтың үш жұрты болады. Ол ағайын, яғни өз 

жұрты, нағашы жұрты жəне қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш 

болып саналады. Халық осы үш жұртына былай деп баға берген екен.

Өз жұртың – күншіл: бар болсаң – көре алмайды, жоқ болсаң – бере алмайды, жақсы 

болсаң – күндейді, жаман болсаң – жүндейді.

Қайын жұртың – міншіл: қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына 

қарайды, берсең – жағасың, бермесең – дауға қаласың.

Нағашы жұртың – сыншыл: жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді, əрқашан 

тілеуіңді тілейді, тілеуқор қамқоршы болады.



416

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-

ДƏСТҮРІ, ƏДЕТ-ҒҰРПЫ

Ағайын жұрт

Ағайын-туыс деп бір рудан, тайпадан өсіп, өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігін 

айтады. «Ағайын» немесе «туыс» деп те атала береді. Бұлар бір қауым, бір ауыл 

болып, бір-біріне қамқорлық жасап, қиын сəтте қол ұшын беруге міндетті. Туыстар 

тату, бірлікшіл, бір-біріне қорғаныш болуы керек. Туыстар жеті атаға дейін туыстықты 

үзбейді жəне қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары жиылып, боз 

бие сойып, баталасып, қыз алысып, қыз беруге рұқсат етеді. Бұл дəстүр бүгінге дейін 

сақталып əрі жалғасып келеді.

Қазақ халқы тек руласын ғана емес одан əрідегі қандас тайпалардан тарағандарды да 

жақын тартып туысқан болады.

Ата (ер) – əкенің əкесі.

Əже (əйел) – əкенің шешесі.

Əке (ер) – отбасының иесі.

Ана (шеше) – өзіңді дүниеге əкелген адам.

Бала (ұл, қыз) – ата-анадан тараған ұрпақ.

Немере – ұлдың баласы.

Шөбере – немеренің баласы.

Ағайындылар – бір ата-анадан туған ұл мен қыздар (жəне туысқандар).

Аға (ер). Бір əке-шешеден туған (немесе ағайын-туыстардың) жасы үлкен жігіт өзінен 

кішілерге «аға» болады.

Іні (ер). Ағайынды адамдардың жасы кішісі үлкендерге «іні» болады.

Апа (əйел). Бірге туған жəне туыстардың жасы үлкені өзінен кішілерге «апа» 

болады.

Қарындас (əйел). Ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағаларына «қарындас» 



болады.

Сіңілі (əйел). Ағайынды қыздардың кішісі үлкендерге «сіңілі» болады.

Жеңге (əйел) – ағаның əйелі.

Қайын іні (ер). Жеңгелер үшін күйеуінің інілері «қайын іні» болады.

Қайын сіңілі (əйел). Жеңгелер үшін күйеуінің қарындастары «қайын сіңілі» болады.

Келін (əйел). Інінің əйелі келін деп аталады. Бала мен немеренің əйелдері «келін 

бала» болады.

Абысын (əйел). Ағайынды жігіттердің əйелдері бір-біріне «абысын» болады.

Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық, іліктік қатынас 

«ағайын», «туыс», «нағашылы-жиенді», «ілік», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», 

«құдандалы» деп аталады. Мұны бір сөзбен «туыстық атау» дейміз. Қазақтар жүзге, 

тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін-бірі бөтен санамаған. 



417

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-

ДƏСТҮРІ, ƏДЕТ-ҒҰРПЫ

Нағашы жұрт

Нағашы – ананың төркін жұрты балаға (жиенге) нағашы деп аталады. Нағашы жұртың 

«сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін əрқашан 

еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы 

да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиенін күндемейді, 

керісінше, оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады. 

Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.

Нағашы жұрттың еркек-əйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы 

қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы ата», «нағашы əже» деп атайды.

Жиен – қыздан туған бала. Нағашы ауылы үшін ерке, аса қадірлі. Ол нағашыларынан 

үш рет қалаған нəрсесін алуға құқылы. Оған ұрсуға, сөзін кектеуге болмайды.

Жиеншар – жиеннен туған бала. Ол да əкесі сияқты жиендік ғұрыпты 

жалғастырады.

Бөле – апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады. Бір-бірімен өте 

тату болады.

Қайын жұрт

Құда (ер). Қыз алып, қыз беріскен ер адам «құда» деп аталады. Құдалар – қазақ 

арасында өте сыйлы, құрметті адам. Үнемі тек төрден ғана орын беріледі.

Құдағи (əйел). Құданың əйелі жəне өзге де құдалар жағының əйелдері «құдағи» 

деп аталады. Ол да өте сыйлы, өзге қонақтардан жоғары отырады, ерекше құрмет 

көрсетіледі.

Қайын ата (ер). Əйел үшін күйеуінің əкесі, күйеу үшін əйелінің əкесі «қайын ата» 

болады.


Қайын ене (əйел). Əйелге күйеуінің шешесі, күйеуге əйелінің шешесі «қайын ене» 

болады.


Құдаша (əйел). Жасына қарамастан құдалар жағының қыздары «құдаша» болады.

Құда бала (ер). Құданың ұлдары «құда бала» болады.

Күйеу (ер). Бір рудың қызын алған жігіт сол елге «күйеу» болып есептеледі.

Жезде (ер). Əйелдің інілері мен сіңілілеріне оның күйеуі «жезде» болады.

Балдыз (ер, əйел). Əйелінің інілері мен сіңілілері «балдыз» деп аталады.

Бажа (ер). Апалы-сіңілілі қыздардың күйеулері бір-біріне «бажа» болады.



418

ШАҢЫРАҚ ҚҰРУ САЛТАНАТЫ

ҚҰДА ТҮСУ

Ежелгі қалыптасқан дəстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің басты жол-

жоралғысы – құда түсу, қалың мал беру. Жігіт үйленер алдында өзіне ұнайтын теңін 

іздестіреді. Мұны «қыз көру», «жар тандау» дейді. Кейде оның ата-анасы атастыруы, 

яғни ғұрыптық салт бойынша алдын ала қыздың əке-шешесімен келісуі де мүмкін. 

Екі жақ келісіп, құйрық-бауыр жесіп, баталасқаннан кейін қыз айттырылған немесе 

атастырылған болып саналады. Қазақ халқында тұрмысқа шығатын бойжеткен мен 

айттырылған қызды қалыңдық деп айтады. Қалыңдық атауы «қалың мал» сөзінен, 

яғни мал беріп əйел алуға байланысты шыққан. Құда түсуден соң алдын ала қалың мал 

төленеді. Келісілген мерзімде жастар міндетті түрде қосылатын болған. Қалыңдықтың 

басқа адамға шығуына қатаң тыйым салынған.

ҚАЛЫҢ МАЛ

Қазақ халқының дəстүрлі салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал «қалың мал» 

деп аталады. Қалың мал, негізінен, қалыңдықтың жасауына, сəукелесіне, той малына, 

кəделі алыс-берістеріне жұмсалады. Қалың мал əр аумақта əр түрлі болып кездесуі 

мүмкін. Дегенмен, қалың мал шамамен мынадай бөлімдерден тұрады. Бас жақсы – 

түзу мылтық, берік сауыт, сəйгүлік, түйе (немесе олардың əрқайсысының орнына 20 

жылқы береді). Қара мал – қалың малдың ең өзекті бөлімі (21 – 25 жылқы). Ілу – қызын 

тəрбиелегені үшін ұрын барғанда беретін кəде. Егер ілуге көп қаражат жұмсалса, 

тиісінше қара мал саны азайтылады. Той малы – қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын 

мал, жыртыс жəне қалыңдық жасауының шығыны. Той малы 20 – 70 жылқыға дейін 

жетеді. С ү т а қ ы – қалыңдықтың анасына беретін  1 – 7 түйе.   Жігіт түйе  – қыз 

əкесінің ата күшіне төленетін ақы. Бұған 2 түйе жəне міндетті түрде жақсы сырт киім 

мен ер-тұрман беріледі. 


419

ШАҢЫРАҚ ҚҰРУ САЛТАНАТЫ

Қалың малдың он шақты қарадан аспай, кедейлер ортасында жүретін түрі – 

«дөңгелек қалың», 10 – 15 ұсақ мал орнына бір тəуір жылқы беру ғұрпы – «балама 

қалың», əйелі өліп, орнына балдызын алғанда төленетін 37 ірі қара – «олқы қалың», 

өлі-тіріге арнап апаратын мал, т.б. түрлері болған. Ол əр өңірде əркелкі аталған жəне 

көлемі де түрліше болған. Қалың малды бөлу үстінде жылқышыларға «құрық бауға» 

бір мал, қойшыларға «құрсақ бауға» бір қой, бата оқыған көпшілікке «келін той» деп 

бір мал берген. Əйел үстіне əйел алған кезде бəйбішеден гөрі тоқалға, тоқалдан гөрі 

үшінші əйелге (аққолтыққа) қалың мал артық төленетін болған. Кейде «бас жақсыға» 

бір «жетім қыз» (күң), «аяқ жақсы» деп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) 

бергені айтылады. Қалың мал мөлшері құдалардың байлығына, əл-ауқатына, қоғамдағы 

алатын орнына қарай берілген. Кезінде ол ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың 

жылқыға дейін жеткен. Қалың мал түгелдей қыздың үйіне бармайды, «қап түбі», қыз 

жасауы, т.б. алыс-беріспен кері қайтады. 

Қазіргі уақытта қалың малдың мəн-мағынасы, көлемі біршама өзгеріп, кейбір 

кəделері ғана сақталып қалған.



ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ

Адам өміріндегі аса мəнді де сəнді мереке – жастардың үйлену тойы. Бұл – ұлдың 

ержетіп, қыздың бойжетіп, кəмелетке толған жастардың өмірден өз орнын тапқан 

салтанаты. «Отан отбасынан басталады» дегендей, қоғамның негізі – отбасылық өмір. 

Үйлену тойын өткізудің əр халықта қалыптасқан өзіндік ұлттық дəстүрі бар.

Əр ұрпақтың өз заманына лайық той өткізу салты болады. Қазақтың дəстүрлі үйлену 

тойы, əдетте, құдаласудан басталады. Ертеде олардың бел құда, бесік құда, қарсы құда 

деген түрлері кездескен. Жастар бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буған кезде өз 

ниеттерін ата-аналарына білдіреді. Екі жастың ата-аналары бұрынғы дəстүрдің негізін 

сақтай отырып, туған-туыстарын, ауыл аймағын, көрші-қолаңын жинап құдаласады. 

Бұл – екі жақтың танысуы, жастардың ниетін құптап, той өткізудің қамын ойластыру 

рəсімі. Құда болу деген сөз – ұзақ жылға созылатын сыйластық, туысқандық қарым-

қатынастың орнауы деген сөз. Сондықтан қазақ «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың 

жылдық» деп мақалдайды.



ҚЫЗ ҰЗАТУ ТОЙЫ

Ұзату тойы қыздың əке-шешесінің ауылында өткізіледі. Онда жас жұбайларға 

арналып отау тігіледі. Қалыңдыққа сəукеле мен əсем киім кигізеді. Тойбастар, жар-жар, 

сыңсу айту сияқты ғұрыптық жоралғылар жасалынып, той бірнеше күнге созылады. 

Онда қыз қуу, құда тартыс, балуан күрес, айтыс, бəйге өткізілетін. Сан алуан ұлттық 

ойындар ойналып, сауық кештер жасалатын.



420

ШАҢЫРАҚ ҚҰРУ САЛТАНАТЫ

КЕЛІН ТҮСІРУ ТОЙЫ

Келін түсіру тойы қыз жігіттің ауылына келгенде болады. Тойбастармен қоса, 

«беташар» салты өткізіледі. Қазіргі кезде қыз ұзату мен келін түсіру деген тойлар жиі 

кездеседі.

Той рəсімі жастардың некелесуінен басталады. Қыз бен жігіттің қосылуы қала 

жағдайында арнайы неке сарайларында өткізіледі. Онда жастар жандарына ерген 

куəгерлерімен, ата-ана, жақын құрбыларымен шағын топ болып барып, арнайы рəсім 

бойынша неке сақиналарымен алмасады. Неке куəліктерін алады. Мұсылман салтымен 

некелесу рəсімдерін мешіттерде өткізу ғұрпы кең тарала бастады.

Жастардың жұптық өмірге жолдама алатын нағыз киелі сəті осы. Жас жұбайлар безендірілген 

көлікпен алдын ала белгіленген жергілікті жерлердегі киелі орындарға, мəселен, Алматыда 

Райымбек атаның мазарына, Абай ата ескерткішіне, Тараз қаласында Айша бибі мазарына, 

Семей жерінде Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек зираттарына барып тəу етеді.

Бұдан соң жастар той өткізілетін орынға келеді. Той өтетін орын əсем безендірілуі 

шарт. Бұл орайда оның безендірілуі əркімнің көркем қиялы мен талғамына байланысты. 

Жас жұбайларға тағлым боларлықтай өнегелі сөздер, құдаларға арналған тілектер 

жазып қою салты көп тойда кездеседі. Тойдың дастарқан мəзіріне де аса мəн беріледі. 

Мол дастарқан жасау – жастардың келешек өмірі берекелі, салтанатты болсын деген 

тілектен туған ниет белгісі.

Тойға келген қонақтарды ретімен жайғастырудың да орны бөлек. Төрдегі орынға 

жас жұбайлар жайғасқан соң, сыйлы дастарқандарға алдымен құда-құдағилар, олармен 

жапсарлас ауыл адамдары жастарына қарай орналасады.

Асаба тойды бастаған соң, есіктен енген келінге шашу шашылып, «жар-жар» айту 

басталады. Ертеде «жар-жар» айтыс түрінде айтылатын болған. Онда қыз жағы өз 

құрбыларымен отаудағы шымылдық ішінде отырса, жігіт жағы атпен келіп, үйдің 

сыртынан өлең айтқан. Қыз жағы өзінің балалық өмірін, елін-жерін, ата-анасын, құрбы-

құрдастарын қимайтындығын айтса, жігіт жағы оның табиғат заңы екендігін, олардың 

орнын басатын жаңа ел, жаңа туған-туыс, құрбы-құрдас болатынын айтып жұбататын болған. 



421

ШАҢЫРАҚ ҚҰРУ САЛТАНАТЫ

Қазіргі «жар-жардың» сөзі де, əуені де мүлде жаңа жəне оны көпшілік бірігіп айтады.

«Жар-жар» айтылып жатқан кезде жас жұбайлар жанындағы серіктерімен (қыз 

жолдас жəне жігіт жолдасы) топты жарып, ортадағы көрнекті жерге келіп тұрады. Бұл 

кезде келіннің беті ақ желекпен жабулы болады. Міне, осы кезде ортаға өнерпаз шығып 

«Беташарды» бастайды. «Беташардың» негізгі мақсаты – жаңа түскен келінді жұртқа, 

сонымен қоса келінге жаңа елді, туған-туыстар мен ағайын-жекжатты таныстыру. 

Жыршы келінге жаңа түскен жұртының қайын атасы мен енесінен бастап таныстырады. 

Олардың аты аталған сайын келін иіліп сəлем етеді. Бет ашушы домбыраның немесе 

қамшының ұшымен ақ желекті серпіп, келін бетін көрсетіп қояды. Келін иіліп сəлем 

жасайды. Соңы келінге өсиет айтумен аяқталады.

«Беташардың» үлгісі мынадай: 

Уа, ағайын, ағайын, 

Бір кəдеңе жарайын. 

Бетін ашып келіннің, 

Көрімдігін алайын. 

Ал, қарағым, келінжан, 

Мына отырған, қайын атаң!

Осы күнді ойлаған.

Ұлан-асыр жұрт жиып,

Келін тойын тойлаған.

Омырауында жұлдызы,

Жарқыраған, жайнаған,

Қайын атаңа бір сəлем!

Келіннің беті ашылған соң тағы да шашу шашылып, ағайын-туғандар бетінен сүйіп, 

батасын беріп, бет ашқан адамға тарту-таралғы сыйлайды.

Тойдың сəні – əн-жыр, ойын-сауық. Асаба тойды өзі бастап, қыздырып əкетеді. 

Қонақтарға сөз берудің өзіндік реті болады. Оны той иесі алдын ала белгілеп, асабаға 

беріп қояды. Белгіленген ретпен құрметті қонақтарға ақ тілек айтқыза отырып, құда-

құдағиларды айтыстырып та жібереді. Арнайы шақырылған əнші-күйшілерді ортаға 

шақырып, көпшіліктің қолдауымен ата-аналарға, құда-құдағиларға 

арналған əндер, жастарға арналған махаббат 

жырларын шырқатып, би билетеді. Əрбір 

сөйлеген адамның өзіне өнер көрсеттіреді. 

Кейде құдалардың сайлап алып келген 

өнерпаздары да болады. Қазіргі 

кезде тойға белгілі өнер 

ұжымдарын 



422

ШАҢЫРАҚ ҚҰРУ САЛТАНАТЫ

ЖАСАУ

Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-

анасы дайындайды. Сондай-ақ туыстары, ағайындары да өз үлестерін қосады. Жасау 

беру дəстүрі үйленген жастар, əсіресе, тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын, 

ешкімге кіріптар болмасын, өздерімен өздері күн көріп кетсін деген мақсаттан туған. 

Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың 

жасауына ерекше мəн берген. Бұрын жасауға сəукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-

орын, киім-кешек, əшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. қосқан. Ауқатты адамдар 

қызын ақ отау тігіп ұзатқан. IX ғасырдың 1-ші жартысына дейін ірі байлар жасауға 

күтуші қызды да қосып берген. Ал IX ғасырдың соңынан бастап жасауға пəуеске, 

самаурын, тігін машиналары қосылды. Жасау мүлкі əр заманның, аймақтың салтына 

қарай өзгеріп отырған. Қызды жасаумен ұзату дəстүрі қазірге дейін сақталған.



КИІТ

Киіт – құдалықтың негізгі белгісі жəне олардың 

арасында жүретін, соған ғана лайықталған 

сый-сияпат. Ол құдалар дəрежесіне, дəулетіне 

байланысты əр түрлі болып келеді. Мысалы, 

бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, жақсы 

кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар 

берілген. Киіт қазір де бар.

шақыру да дəстүрге айналып келеді. Үзіліс кезінде би билеп, əр түрлі ойындар 

ойналады.

Əрине, бұрынғыдай жамбы ату, қыз қуу, құда тартыс деген сияқты ойындар бүгінде 

жоқ. Бірақ той өтіп жатқан жердің мүмкіндігіне қарай ойынға екі жақтың құдалары 

көбірек тартылып, əзіл-оспақ көбейіп, көңілді де жарасымды ойындар ойнатылады. 

Жақсы əн салып, би билегендерге, ойын жеңімпаздарына сыйлықтар беріледі.

Той соңында той иесі (жас жұбайлардың ата-анасы) жиналған көпшілікке алғысын 

білдіреді.



423

ШАҢЫРАҚ ҚҰРУ САЛТАНАТЫ

ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР

Бұл құдалық рəсімі болғанымен, ұлт салт-дəстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп 

құда болған жағдайда оларға құйрық-бауыр салып арнаулы сый əкеледі. Əкелуші əйел 

«бауырдай жақын, кұйрықтай тəтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар 

ауыз тиеді. Құйрық-бауыр жеу қазақ дəстүрінде құда болудың заңды белгісі – кұжат 

болып бекітілген.



НЕКЕҚИЯР

Бас қосқан ер мен əйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Ол көпшілік алдында 

жасалады. Қосылған, бірақ некесі қиылмаған адамдарды халық «некесіз» деп сөккен 

жəне оларға салқын қараған. Олардың балалары да «некесіз туған» деген жаман 

атқа қалған. «Ауыз əдебиетінде» некеқияр рəсімі кезінде айтылатын куəлар сөзі бар. 

Некеқияр сөз деп – неке қияр кезде екі арада жүретін екі куəнің, жігіт пен қыздың 

ырзалығын сұрау барысында айтылатын сөздерді айтамыз. Мұның əні болмайды. Бірақ 

өлеңше ұйқасқан, дəйім бір қалыпты айтылады.

Мысалы: 

Куə, куə, куəдірміз, 

Куəлікке жүрəдірміз. 

Мұнда халық алдында, 

Таңда хақ қасында 

Екі кісі хақ куəлік бередүрміз.

Пəленшеден жаралған (əкесін айтады), пəленшеден туған (шешесін айтады) пəленше 

қызды (қызды айтады) халал жұптылыққа қабыл көріп алдыңыз ба?

Қызға айтқанда да бəрін осы қалыпта айтып, аяғында «пəленшеге халал жұпты 

болдыңыз ба?» дейді.

Осы сөздерде келтірілгендей, жігіт те, қыз да жұпты болғандығын өз аузымен мақұл-

дайды. Сонан кейін екеуі де неке суын ішеді. Бұдан кейін олардың некесі қиылып, ерлі-

зайыпты адамдар болып саналады. Үлкендер жақсы тілек тілеп, қол жайып бата береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет