Əфсаналар бұҚар жырау мен қаз дауысты қазыбек


ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата08.01.2017
өлшемі6,35 Mb.
#1460
1   2   3   4   5   6   7

ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

 Көрік – ұста, зергерлердің түрлі металдарды 

балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа 

жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол 

көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.

Көріктің көлемі неғұрлым үлкен болса, оның 

көмейінен оттыққа берілетін ауаның қысымы да 

соғұрлым жоғары болады. 

қойыпты дейді ұсталар. Қарпыта шыңдаған шалғының жүзі толқып, иір-иір болып 

тұрады. Ұсталардың тілімен айтқанда «қалталанып» қалады. Ондай шалғы өтпейді. 

Жүзі жанығанда жұқарып, жарылып кетеді. Пышақ, балта, шот, т.с.с. өткір құралдарды 

суғарардың алдында құрғақтай шыңдап алады. Шыңдау кезінде металл қатаяды. 

Өткірлігі арта түседі. 



472

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Төс – ұстаның түрлі металды қыздырып немесе құрғақтай өңдейтін негізгі құралы. 

Төстің алдыңғы сүйірлене біткен жағы – тұмсығы, оған қарсы жағы – дүмі, үстіңгі 

жағы – беті, екі жақтауы – қапталы деп аталады. Төстің беті суғарылған асыл болып 

келеді. Тұмсығының түбінде, яғни төстің желке тұсында темір кесуге арналған жасық 

жері, сондай-ақ дүм жағындағы бетінде бір дөңгелек жəне бір төрт бұрышты тесіктері 

болады. Дөңгелек тесігіне салып əр түрлі кесу жұмыстары атқарылады. Ал төрт 

бұрышты тесікке түрлі көмекші құралдар сұғылады.

Төстер қайың, қарағаш, емен сияқты қатты ағаштардан көлденең кесіліп алынған 

дөңбекке бекітіледі. Оны төстұғыр немесе «мықан» деп атайды. Мықан ағашты 

айналдырып, құрсаулап қояды. Темір ұстасы көбіне жұмысты тұрып істейді. Сондықтан 

жұмыс кезінде белі ауырмау үшін əрі балға соғуға ыңғайлы болу үшін төстің биіктігі ұста 

тік тұрып, қолын жанына қойып, жұдырығын түйгенде төстің бетіне тиіп тұратындай 

деңгейде орнатылады.

 Қысқаш – ұсталардың қозған металды көріктің 

оттығынан алып, қысып тұрып төске төсеп, аударып-

төңкеру үшін тұтынатын құралы. Қысқаштың 

көмегімен металды қысып ұстап, июге болады. 

Қысқаштың сабы қолға ұстауға ыңғайлы əрі серпімді 

болғаны дұрыс. Үлкен, ауыр металды қысқанда 

қысқаштың сабына шығырық кигізіп қояды. Істелетін 

жұмыстың ыңғайына қарай қысқаштың тұмсығы, 

яғни металды қысатын аузы да əр түрлі болады. 

Олар «жалпақ тұмсық», «құс тұмсық», «біз тұмсық», 

«имек тұмсық», т.с.с. атала береді.

 Шымшуыр – əр түрлі заттарды қысып 

ұстауға арналған құрал. Ұсталар ұстайтын 

шымшуырдың негізгі бөліктері – басы, 

білігі, сабы. Оның басы жалпақ темірді 

қысып ұстауға қолайлы етіп жасалады. 

Басы мен сабына орнатылған білік (темір) 

шымшуырдың ашылып жабылуын қам-

тамасыз етеді. Оттан шоқ алуға арналған 

шымшуыр жұқа темірден жасалады. Ұзын 

темірді дəл ортасынан иіп бүктеп, иінге 

жақын жерінен сақина кигізеді. Ол серпінді 

темірді жазылып кетпейтіндей етіп ұстап 

тұрады. Шымшуырды іліп қою үшін оның 

бүгілген жеріне темір шығыршық өткізеді. 



473

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Зергердің шағын шымшуыры – ұсақ металл түйіршіктерін, т.б. заттарды қысып 

ұстауға қолайлы, темірден соғылған серпімді аспап. Дəнекерлеген кезде зергерлер 

шымшуырмен жіңішке металл сымды иіп, бүршікті қажет орнына орналастырады. 

Шымшуырмен тарыдан да ұсақ металл түйірлерін оп-оңай қысып ұстауға болады.

Үгіндірік – көріктің оттығына көмірді қомақтап жинауға, күлін ысыруға арналған 

құрал. Ол – пештің күлін ысырып, шоғын қағыстыратын, көсеуге қажет аспап. Үгіндірік 

жұмыр темірден соғылады жəне сабына қарсы басы жалпақ əрі имек болады. Қол 

күймесін деп үгіндірікті ағашпен саптайды. 



Көзеуіш – көмірді түртіп, қағыстырып ауа көзін ашу үшін қолданылатын темірден 

соғылған үшкір көсеу. «Көзеу» сөзі ауаның көзін ашу дегеннен пайда болса керек. 

Көзеуішті қыздырып алып, ағашқа қарып, тесік теседі, шаңырақтың көзін көзейді. 

Оның үшкір жағын жұмыр не төрт қырлы етіп соғады.



 Қалақ – көмірді көріктің оттығына салуға, 

күлін шығаруға арналған құрал. Оның басы жалпақ, 

сыйымды (көмір, күл толтырып алатындай) жұқалау 

келеді. 


Оқбақыр – зергерлер металл қорыту үшін қолданатын басы шөміш тəрізді шұңғыл 

келген, сол жағында шүмегі (суағары) бар темір немесе қыш құрал. Қазақ зергерлері 

жамбас сүйектің ортан жіліктің басына кіріп тұратын шұңқырын да оқбақыр ретінде 

металл қорытуға пайдаланған. Оқбақырдың сабы үш қарыстай болады, қол күймес 

үшін сабының ұшына ағаш, мүйіз, сүйек орнатады. Сүйекті күйдіріп, күлін ұнтақтап, 

оған саз балшық қосып илеп, кептіріп те оқбақыр жасауға болады. Оған темірден ұзын 

сап бекітеді. Қыштан жасалған оқбақыр тез сынып қалады.

Қауашақ – қаңылтырдан қобылай соғылған қалып. Оған зергерлер оқбақырға қорыған 

металды құйып, суыған соң шығарып алып, əрі қарай өңдейді. Қауашақ қалыптан 

шыққан қорытпа жұмыр болады, жуандығы саусақтай, ұзындығы 3 – 4 елі болады. 

Қауашақтың қыштан, фарфордан жасаған түрлері де кездеседі.


474

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

 Шапқы – түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға 

арналған асыл аспап. Шапқының да бірнеше түрі болады.

Қолшапқы – металды кесуге пайдаланылатын құрал. Бұл аспаптың сабы болмайды. 

Қолшапқыны сол қолмен ұстап, оң қолмен балғамен шүйдесінен (кежегесі) ұрып, 

металды құрғақтай кесуге, шабуға болады.

Металды қыздырып кесетін шапқыға қатты ағаштан сап орнатады. Бірақ сабына сына 

қағылмайды. Металды шауып, кесіп бола салысымен шапқының жүзін суға немесе 

майға батырып алу керек. Өйтпесе, жүзі жасып, шапқы істен шығып қалады. Қызып 

тұрған металл бетіне əр түрлі мəнермен өрнек салуға арналған шапқыны «қуыс құлақ» 

деп атайды. Оның жүзі жарты ай тəрізді доғаша имек болады.



 Іскенже – ағаштан немесе мүйізден 

жасалатын кішкене тістеуік, атауыз. Онымен 

зергерлер ұсақ зергерлік бұйымдарды қысып 

тұрып өңдейді, кепсерді егейді. Аузы 

на 

(тұмсығына) қарсы жағына қатты ағаштан 



жасалған сына қағу арқылы əр нəрсені қысып 

қоюға болады. Іскенженің бұранданың 

көмегімен қысатын да түрлері болады.

Саусақ қалып – əр түрлі диаметрдегі шығыршықтарды, сақина-жүзіктердің бауырын 

иіп, шеңбер кейпіне келтіре түзетуге, өңдеуге, əрлеп, жылтыратуға арналған зергерлік 

құрал. Ол болаттан қиық конус тəрізді соғылып, бір ұшы сүйірлене бітеді. Жан-жағы 

тегіс келеді. Саусақ қалыптың ұзындығы – 25-30 см. Жуан жағы – 25-30 мм, ал сүйір 

ұшы – 5-8 мм-дей. Оған жүзіктің көзін төсеп өңдейді.

 Қайшы – жұқа металл табақшаларды кесуге арналған құрал. Зергерлердің қайшысы 

көлемі кішілеу əрі жеңіл, ықшамды болады. Онымен қақталған металды қияды. Сол 

сияқты зергерлер жүзі майыса біткен (қисық тұмсық) қайшыны да қолданады. Оны 

металды мəнерлей қиюға пайдаланады. Зергерлер қайшының ұшы өз бетімен ашылып 

тұрсын деп сабының арасына жұқа серіппе орнатып қояды. Ондай қайшы жұмыс істеуді 

жеңілдетеді.



475

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Түртпе – металдың бетіне үздіксіз сызық жүргізуге, əр түрлі өрнек салуға, кісі 

аттары мен түрлі сөздер жазуға арналған құрал. Түртпе деп аталуы – осы құралдың 

қиғаш өткір жүзі балғамен ұрған сайын металды түртіп, оның бетіне үздіксіз сызық 

салып алға қарай жылжып отырады. 

Түртпенің ұзындығы 8-10 см, жуандығы қарындаштың қалыңдығындай болады. 

Ол төрт қырлы болып соғылады да, сабының саусаққа ілінетін тұсы бұралады. Бұрала 

біткен тұсы саусақтан таймайды. Əр түрлі ирек сызық, өрнек салғанда саусақпен бұрап, 

бағдарлап отыруға икемді келеді.

Түртпемен салынған сызық өрнекті қазақ шеберлері «су жүргізу» деп атайды, яғни 

«су жүргізу» – өрнектің сұлбасын (абрис) қуалай сызық салу деген сөз.



Нақыш салғыш – металл бетіне түрлі өрнектер түсіруге, бедерлеуге, оймыштауға 

арналған қол құралы. Қызған темірді төске төсеп, үстіне нақыш салғышты қатарлай ұрып, 

түрлі бедерлі өрнектер салынады. Оның ұзындығы – 8 – 12 см, жуандығы – 0,2 – 1,0 мм. 

Нақыш салғыштардың жүзінде əр түрлі ойық, бедерлі өрнектер болады. Кейбіреуінің 

жүзі тегіс не дөңес, енді біреулері ойыс, сайлы, т.с.с. түрлі мəнерде бедерленеді. Нақыш 

салғыштың сабы ағаштан жасалады. Жүздері жұмыр, шаршы, шар тəрізді, үшбұрыш, 

трапеция, т.с.с пішінге келтіріліп жасалады. Содан соң суғарылады. Нақыш салғыштар 

бедерлеме жұмыстарына пайдаланылады.



Безеуіш – қатты ағашпен сапталған немесе алақанға ұстайтын жағы иіле, жұмырлана 

біткен, жүзі асыл, біз тəрізді құрал. Оның жүзі қашау тəрізді бір жағына қиғаш 

қайырылады. Жүзін өрнектелетін металл бетіне көлбей тіреп (45° шамасында), оң 

мен сол қолдың буынын ары-бері ығыстыра, металл бетіне біркелкі өрнек түсіреді. 

Осындай өрнекті шеберлер «мыңырғақ», «безеуөрнек» деп, ал безеуішті кейде ырғақ 

деп те атаған. Зергерлер кейде безеуіштің жүзінің ортасын егеп, екі аша сияқты етіп те 

жасайды. Ондай безеуішпен салынған өрнекті «тышқан із» деп аталады. 

Қалып. Қазақ шеберлері етік тігу үшін теріден, былғарыдан, металдан түрлі 

бұйымдар жасау үшін қалыпты кеңінен қолданған. Сол сияқты болаттан соғылып, 

бедерленіп, оймышталып жасалған қалыпты шеберлер түрлі зергерлік бұйымдар, 

бедерлі жапсырмалар, шеттіктер, т.б. жасау үшін кезінде кеңінен қолданған. Қалыпты 

қолданып жұмыс істеуді қалыптау деп атаған. 

Құйма қалып. Зергерлік өнерінде металды қорытып, оны арнаулы қалыптарға 

құйып, түрлі зергерлік бұйымдарды жасау – өте ерте кезеңдерден қалыптасқан əдіс. 

Құйма қалыптың ең қарапайым түрлері кəдімгі қаңылтырдан бедерленіп жасалады. 

Түсті, бағалы, қымбат заттарды құю үшін қалып жасауға темір қаңылтыр қолданылады. 

Қорыған металл қалыпқа кірігіп, жабысып қалмауы үшін қалыптың ішкі жағын алдын 

ала майлап немесе графит ұнтағымен сылап қою керек.



476

ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР

Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дəстүрлі мəдениеттің көрікті 

жəне көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен 

табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаз-

дан шəкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дəстүрлі дүниетанымы -

мен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дəстүрімен байып отыратын қастерлі кəсіп.

Дəстүрлі зергерлік өнерде шеберлер əр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап 

пайдаланған. Оларға мыналар жатады: көрік, қышқаш, төс, сым тартқыш.

Зергерлердің аса көп жасайтыны – əйелдердің əшекей бұйымдары. Қазақ əйелдері 

кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, 

саусақтарына жүзік таққан.

Бір-біріне үзбелеп бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті алқалардан құралатын 

салмақты да салтанатты өңіржиектер аса көзтартарлық əсем болады. Қатар-қатар 

тізбектелген тастар қондырылып жасалған тамақ алқа асыл матамен əдіптеледі. 

Ал інжу-маржан қадалған тамақшалар – қыздар жиі тағатын бұйымдар.

Кеудеге тағылатын əшекейлер қатарына түрлі-түсті, сəнді түйреуіштерді, асыл 

тасты тұмарларды, небір қымбат тастармен безендірілген таналар мен күмістен 

соғылған түймелерді, ілгешектерді жатқызуға болады.

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР

Сырға

Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын əсемдік бұйымының бірі – сырға. Қазақ 

зергерлері сырға жасаудың тым көне сырларын меңгерген. Мəселен, Қарғалы 

археологиялық қазбасынан біздің заманымызға дейінгі кезеңге жататын алтын шекелік 

пен тас қондырылған сырға табылған. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді 

сырға, күмбез сырға, қозалы сырға, салпыншақ сырға, шұжық сырға, сабақты сырға, 

шашақты сырға деген сияқты əр өңірде алуан аталатын түрлері өте көп.


477

ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР

Келесі зергерлік бұйымның бір түрі – қыз-келіншектер 

шаштарының ұшына тағатын шаштеңге, шолпы, шашбау 

деп аталатын əшекейлер. Шаштеңгелер мен шолпылар 

көп жағдайда əсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға 

бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында 

киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан-ұзақ 

жалғасып, шаштың ұшына дейін бірге өріледі. Шаштың 

ұшында салбырап тұрған əшекейлер қыз жүрісіне үн қосып, 

əсем əуен шығарады.

Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіліп, 

орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер 

тізбегінен құралады. Ұшы сəнді шашақпен немесе күміс 

əшекейлермен əсемделеді. Шашбау шаштың түбіне 

бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік

Əйел əшекейлерінің ішінде ертеден 

келе жатқан жəне күні бүгінге дейін кең 

қолданылатын əсемдік бұйым – білезік.

Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла 

береді. Оны бірнеше бөлшектен құрап та, 

сом темірден тұтас құйып жұмыр етіп те жасайды, 

сондай-ақ ашпалы-жаппалы түрлері де болады. Соған орай 

оларды сом білезік, жұмыр білезік, қарта білезік, қақпақ білезік, 

бес білезік, сағат білезік деп əр түрлі атайды. Олардың ішінде алтын, күміс 

нəзік шынжырлармен шымдалып жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де 

кездеседі. Зергерлер білезіктерге неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала 

жүргізіп, зерлеп, сымдарды ширата дəнекерлеп əсемдеген. Білезіктер, көбінесе, 

күмістен соғылады.



Сақина

Əйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдарды жүзік немесе сақина деп 

атайды. Сақиналар ғұрыптық дəстүрде, негізінен, үйлену салты кезінде қолданылады. 

Сом алтыннан құйылатын мұндай сақиналарды жас жұбайлар аты жоқ (төртінші) 

саусағына тағады.

Ұзатылған қыздарға нəзік жасалған құсмұрын жүзік лайықты. Ал үлкен көз орнатып, 

ауқымды етіп соғылған салмақты жүзіктерді құдағи жүзік деп атаған. Жасы ұлғайған 


478

ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР

əйелдер, əсіресе, жиын-тойларда əр саусағына бірнеше жүзікті қабаттап тағатын 

болған. 

Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қарала жүргізіп, 

шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып 

таңғажайып жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолданылу ретіне қарай отау 

жүзік, жималы жүзік, тасбақа жүзік деп аталған.

Қапсырма

Киімнің екі өңірін бір-біріне қосып тұру үшін тағатын əшекейдің бірі – қапсырма. 

Ол бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үшбұрыш, сүйір, 

доға тəріздес, төртбұрыш, сопақша сияқты əр түрлі пішінде болады. Көбінесе, күмістен 

құйылып, тапталып, шекімеленіп жасалады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен 

күннің бейнесі немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, асыл тастар қондырылып 

əсемделеді.


479

ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР

Қазақ халқының ұлттық киімінің сəнін келтіретін тағы бір маңызды 

əшекейдің бірі – белдік. Көбінесе, батырлар мен аңшылар тағатын 

белдіктер қос қабатталған былғарыдан жасалынады. Олар берік болып 

келеді. Белдіктің күміс қапсырмаларына ай мен күннің, аң-құстардың 

символикалық бедерлері салынады. Түрлі қарулар мен басқа да керек-

жарақтар ілінетін салпыншақтары болады.

Қыз-келіншектердің белдіктері күміс əшекейлермен сəнделеді, 

бірақ ерлердікіне қарағанда нəзік, көркем болады. Олар теріге, 

асыл маталарға (барқыт, мақпал, пүліш, т.б.) жапсырылады немесе 

нəзік сымдармен үзбеленіп бекітілген қапсырмалармен əсемделіп 

жасалады. 

Белдіктердің кемер белдік, кісе белдік деп аталатын түрлері 

кездеседі.



Белдіктер

480

ТОҚЫМАШЫЛЫҚ ӨНЕР 

ТОҚЫМАШЫЛЫҚҚА 

АРНАЛҒАН САЙМАНДАР

 Біз – етік тігу, кесте тігу, шілтер тоқу, т.с.с. 

мақсаттар үшін қолданылатын құрал. Қатты 

темірден жасалып, ағаш, металмен сапталады. Етік 

тігетін біздің екі түрі бар – қаю біз жəне ұлтару біз. 

Қаю біз жіңішке болады. Оны етіктің қонышын 

қусыру, басын қондыру үшін, ал ұлтару бізін етікті 

ұлтандауға қолданады. 

Кесте бізінің ұшы ілмегі бар жіңішкелеу сым 

темірден жасалады. Сабы қысқа болады. Шілтер 

бізінің ұшынан да ілмек шығарылады. Жүннен 

иірілген жуан жіптен қолғап, байпақ сияқты жылы 

киімдер тоқу үшін кейде ағаштан не малдың 

сүйегінен жасалған біз пайдаланылады. Мұндай 

бізді жасауға қойдың кəрі жілігінің садағы аса 

қолайлы болады. 

Адарғы – өрмек жіптерінің асты-үстін көтере бөліп тұратын кергіш ағаш. Адарғы 

кепкен қатты ағаштан не тақтайдан жасалады. Оның ұзындығы – 50 см, ені – 15 см, 

қалыңдығы – 2 – 3 см. Шебер тақтайдың ортасын қалың күйінде қалдырып, екі шетін 

жұқартып жонады. Одан соң оның жүздеріне (қырына) өрмек жібі сыятындай етіп 

жіңішке өзекшелер түсіреді. 

Күзу – өрмек тоқығанда үстіңгі жіптерді көтеріп ұстап тұру үшін пайдаланылатын 

кергіш ағаш. Күзу жіңішке қатты ағаштан жұмырлап жасалады. Күзудің ұзындығы 

өрмектің жалпақтығына байланысты болады. Ол, көбіне, өрмектің екі шетінен асып 

тұрарлықтай ұзын етіп алынады. Күзу ағаштың екі ұшына таяу жерінен кертіп, ілгіш 

жіп байланатын тиянақ жасалады. Өрмек жіптің өрмекшіден екі метрдей қашықтағы 

жерінен үстіңгі жіптерді жеке-жеке мықты шуда жіппен күзу ағашқа орап (шалып) 

бекітеді. Күзу ағаш өрмек жіптен 10 сантиметрдей биік тұрады. Өрмек жібі күзуге 

байланғаннан кейін күзудің ұшындағы кертпелерге жуан жіптің екі ұшы байланып, 

оның ортасы мосының тіліне іліп қойылады. Сонда үстіңгі жіп пен астыңғы жіптің 

арасы жарты метрге таяу ашылып тұрады. Бұл өрмекшінің астыңғы жіп пен үстіңгі 

жіпті шатастырып алмауы үшін қажет. Күзуді өрмекші оқтын-оқтын ілгері жылжытып 

отырады. Өрмек əбден тоқылып болғанда күзу ағаш пен жіп жинап алынады. Ол келесі 

өрмек тоқығанда тағы пайдаланылады.


481

ТОҚЫМАШЫЛЫҚ ӨНЕР 

Қылыш – өрмек тоқығанда айқасқан жіптерді нығыздап кірістіру үшін 

пайдаланылатын құрал. Қылыш кепкен қатты ағаштан жасалады. Ұзындығы – 60 – 

70 см, қалыңдығы – 3 – 4 см-дей болады. Қылыштың жүзі қайқы, сабы қолға ұстауға 

лайықталған жұмыр келеді. Шебер кепкен тақтайды шотпен, пышақпен мүсіндеп 

жонып, оның жүзін жұқартады да, желкесін қолды қажамайтындай етіп жұмырлайды. 

Өрмекші терме жіптердің айқасқан жерінен арқауды өткізген соң, қылышпен екі-үш 

дүркін ұрып, өрмекті нығыздап отырады.

 Өрмек – алаша, қап, басқұр, 

бау жəне шекпен тоқу үшін екі 

басы қазыққа керіліп, желісі жерге 

қатарлай түзу тартылған иірілген 

жіптер шумағы. Ол қайық, серу 

жіп, қылыш, адарғы, мосыағаштың 

көмегімен күзу, арқау жіптер 

арқылы ерсі (ерсі жіп) тоқылады. 

Тақталы алаша, терме алаша, 

басқұрлар боялған түрлі-түсті 

жіптен, ал шекпен тайлақ жүннен 

арнайы оң, теріс иірілген жіптен 

тоқылады. Өрмекке арналған жіпті 

араларының қашықтығын 15 – 25 

см, 15 – 20 см етіп үш қазыққа іліп, 

айналдыра төгіп шығады. Өрмекші 

төгілген жіпті шетінен күзуге 

байлайды да, 2 – 4 адам жіпті 

қазықтар арасына төгеді. Содан 

кейін өрмектің екі басын керіп 

байлап, күзу жіпті мосыағашпен 

керіп қояды. Сөйтіп, өрмек тоқуға 

дайын болады.

Серу  – өрмек тоқығанда астыңғы жіп пен үстіңгі жіпті жұптап тізу үшін 

пайдаланылатын жіңішке ағаш. Ол жіңішке ағаштан жұмырланып жасалады. Бас 

қазықтан шалып алынған өрмек жіптерін қазықтан бір метрдей қашықтықта екі-

екіден жұптап (бір астыңғы, бір үстіңгі жіпті) серу ағашқа жіппен шалып бекітеді. 

Бұл жіптердің орнының ауысып кетпеуі үшін қажет. Өрмек əбден тоқылып болған 

соң серу жіпті шешіп алып, серу ағашқа орап қояды. Ол келесі өрмек үшін тағы 

пайдаланылады.


482

КИІМ ТІГУ ӨНЕРІ

Қазақ халқының қолөнерінің басты бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге 

дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, əрі əсем, 

əрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері 

əлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі – қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді 

біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа 

сəукеле кигізу). 

Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел – қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын 

киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сəйкес қалыптасты. Қазақы 

киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, əрбір əшекейінде халқымыздың тарихының, 

ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мəдениетіміз.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ

► Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне 

жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін 

ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек 

салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, 

хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.

◄ Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы 

мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек-жеңі оқалы жіппен 

өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тəріздес дөңгелек 

өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе 

мұндай шапандарды хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін 

болған.


► Жарғақ шалбар. Иленіп, əбден өнделген жұқа теріні қазақтар 

«жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған 

жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. 

Бұл сəнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер 

салтанатқа киген.

◄ Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі 

аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін 

қысқы сырт киім. Қолданылатын терісіне 

қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең 

ішік, нышпақ ішік деп əр түрлі аталады.


483

КИІМ ТІГУ ӨНЕРІ

► Сəукеле – ұзатылатын қыз – қалыңдық киетін ғұрыптық бас киім. Оның 

сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. 

Өне-бойы алтын, күміс сияқты қымбат металдармен өрнектеліп, ақық, 

маржан, гауһар сияқты асыл тастармен безендіріледі. Екі шекесіне моншақтан 

салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. 

Сəукелені ұзатылатын қызға арнап шеберлерге дайындаттырады. Оның 

бағасы өте қымбат, мəселен, жүз жылқыға дейін барабар болған. Сəукелені 

қалыңдық ұзатылған күннен бастап бір жылға дейін ғана киеді.



◄ Қос етек көйлек – жібек, торғын, шəйі сияқты асыл матадан 

тік жаға, кең етек етіп тігілетін қыздардың көйлегі. Етегіне 

өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан 

«қос етек көйлек» деп аталады.



◄ Көк сауыр етік. Қалыңдықтың етігі де басқа 

киімдермен қатар арнайы тігіледі. Қазақ етігінің 

өкшесі биік, табаны ағаш шегемен шегеленіп тігілген. 

Қонышы өнделген теріден түрлі өрнектер салынып, 

көкшіл бояуға боялып, əсемделеді. Мұндай етікті «көк 

сауыр етік» дейді.



► Саптама етік – қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, 

табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. 

Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге 

жылы əрі қолайлы.



► Кимешек – жасамыс (егде) əйелдер киетін бас киім. Ол 

көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан 

бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне 

сəндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.



◄ Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі 

өрнектер салынып тігілетін, мəсінің сыртынан киюге арналған 

аяқ киім.


484

КИІМ ТІГУ ӨНЕРІ

◄ Тымақ – аң терілерінен жасалып, қымбат матамен 

тысталатын ер адамдардың қысқы бас киімі. Қазақта тымақтың 

түрлері көп, соның ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы 

мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты 

мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып 

тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) 

үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып тігіледі.

► Шапан – қалыңдықтың сырт киімі. Ол да асыл 

матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. 

Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік 

тектес өрнектер кестеленеді. Бұл – өсіп-өнсін, өркенді 

болсын деген тілектің белгісі.

Камзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе, 

жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін əйелдің сырт киімі. 

Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан 

белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп 

тігіледі.

 Көкірекше – жейденің немесе көйлектің сыртынан 

киетін жеңсіз, жеңіл киім. Оның өңірі мен етегі өрнектеліп, 

кестеленеді. Қыз балалардың көкірекшесіне теңгелер, 

маржан сияқты əшекей заттар қадалады. Ыңғайлы, ықшам 

көкірекшені, көбінесе, балалар жейденің, көйлектің сыртынан 

киеді.


Бөрік – жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға 

дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері 

жапсырылып, дөңгеленген пішінде тігіледі. Пошымына, 

тігілген материалына қарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, 

камшат бөрік сияқты түрлерге бөлінеді.


485

КИІМ ТІГУ ӨНЕРІ

Тақия. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса 

сəндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол 

биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігіліп, жалпақ 

төбесіне үкі тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою 

салынып, түрлі асыл тастармен безендіріледі. Оны жас қыздар 

ұзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз қыз-ғұмырдың белгісі 

– тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.

Малақай (құлақшын) – ерлердің салқында киетін бас киімі. Оны құндыз, бұлғын, 

сусар, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б. аңдар мен құлын, бұзаудың терісінен, қозы мен 

лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан, екі құлағы мен төбесінен жəне артқы 

құлағынан тұрады. Малақай тіккенде теріге өлшеп пішілген астарға мақта не жүн 

тартып, екінші бетіне шүберек салып сыриды. Мұның сыртынан терімен тыстап, 

астары мен тері тысын бір-біріне тігіп жапсырады. Тігіп болған соң қалыпқа кигізіп 

кереді. Малақай – əрі жылы, əрі сыпайы бас киім. Малақайды ерлермен бірге əйелдер 

де киеді.



Жаулық – əйелдердің бас киімі. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді. 

Жаулықты кимешектің сыртынан тартады. Ол тарту тəсіліне қарай қарқара, күндік деп 

аталады. Қарқара тартқанда əйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сəл 

шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдыра, шашын көрсетпей 

жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның 

биіктігі де əр түрлі болып келеді. 

Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылай оралып, тартылады. Күндік жаулық 

тартқан əйел күнге қарсы жүргенде күндіктің маңдайындағы үш бұрышты қаттаманы 

еңкейтіп түсіріп қояды. Ол қарқара жаулығынан гөрі ұзындау, етегі əйелдің арқасын 

жауып тұрады. Күндік жаулықты үш бұрышты қаттама шыққан жерінен жəне əйелдің 

желкесіне келетін тұсынан түйреуішпен түйреп бекітеді. Қазақстанның əр облыстарында 

жергілікті қалыптасқан дəстүрге қарай жаулықты əр түрлі үлгіде тартады. 



Күпі – матамен тыстап, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық 

сырт киім. Күпі əрі жеңіл, əрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, əйелдер де, балалар 

да кие берген. Ол, əсіресе, жазғытұрғы жəне күзгі қара суықта киюге қолайлы. Күпіге 

тартатын жүнді жылы суға жуып кептіреді де, бетіне бидай шүберек салып көктейді. 

Күпінің тысына барқыт, мəуіті сияқты əрі мықты, əрі қалың, əрі кір көтеретін бір түсті 

мата пайдаланылады. Шапан сияқты күпінің де екі өңірі, артқы бойы, екі жеңі жəне 

жағасы болады. Күпіге матадан қайырма жаға не тік жаға салынады. Əйелдер күпісінің 

жағасы кестеленіп, жеңіне құндыз салынып, сəндеп тігіледі.



486

КИІМ ТІГУ ӨНЕРІ

 Тон – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, 

ешкінің жəне құлынның терісінен тігеді. Қой мен ешкінің 

терісінен тон тіккенде терінің жүні жəне тігісі ішіне қарайды. 

Оның тақыр бетін бояумен, қарағайдың қабығымен жəне 

рауғаштың нілімен бояйды. Бұл тонның сыртының кірлемеуі 

үшін керек. 

Тонның қазақ даласында таралған негізгі екі үлгісі болған. 

Оның бірі – тік тон, екіншісі – бүрме тон. Бүрме тон тік 

тонға қарағанда сəнді болады. Тонға елтіріден, сеңсеңнен, 

кейде аң терісінен жаға салып, етегі мен өңірін, жеңінің 

ұшын елтірімен жұрындайды. Тонды сəндеу үшін оның екі 

өңіріне, етегіне, жеңіне жібек жіппен кесте тігіледі. Тонның 

ең қымбаты – «қамқа тон». Бұл тон екі түрлі жолмен тігіледі. 

Оның бірі «қамқа» деп аталатын жылтыр қара жүнді аңның 

терісінен түгін сыртына қаратып тігіледі. Екіншісі алтын, 

күміс жіптерден тоқылған матадан (зерден) тігіледі. Бұл 

тонның екеуі де аса бағалы. 

Шекпен – жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен су өткізбейді. Сондықтан ол əрі 

сулық, əрі жайшылықта кие беруге жарамды бесаспап киім. Су тиген сайын шекпен 

ширығып қалыңдай түседі. Шекпеннің тағы бір артықшылығы – ол таза түйе жүнінен 

тоқылатындықтан аса мықты болады жəне ұзақ киіледі.

Шекпен тігу үшін түйе жүні иіріліп, одан кездеме тоқылады. Тоқылып болған 

кездемені кəдімгі матадан киім пішкендей етіп өлшеп, шекпен пішеді. Шекпенді жазда 

киеді. Оған қара барқыттан не болмаса басқа тыстық матадан қаптал жаға (дөңгелек 

жалпақ жаға) салып, етек жеңін сондай матамен көмкеріп əдіптейді. 

Шекпеннің ең əдемі түрін «шидем шекпен» дейді. Шидем шекпен тайлақтың жүнінен 

тоқылады. Тайлақтың жүні əрі майда, əрі жеңіл болатындықтан, одан тоқыған шекпен 

де əдемі болып шығады. 

Күрте – жеңсіз жеңіл киім. Онда жең де, жаға да болмайды. Күрте екі өңірі мен артқы 

бойдан тұрады. Ұзындығы шалбардың ышқырынан аспайды. Күртені мақта не жүн 

тартып та, теріні матамен тыстап та тігеді. Астарына кез келген мата жарайды. Əйелдер 

киетін күртеге атлас, шағи сияқты жібек тектес маталар, ал ерлер киетін күртеге барқыт, 

мəуіті секілді əрі мықты, əрі қалың бір түсті маталар пайдаланылады. Тері күрте тігу 

үшін суыр, борсық, қарсақ, түлкі сияқты аңдардың терісі мен қозының, лақтың елтірісі, 

кейде тіпті қойдың терісі, қылшығынан тазартылған ешкі түбіті жарай береді. 

Күртені айналдыра басқа матамен, кейде сол тыстық матаның қиығымен əдіптейді. 

Күрте – əрі кеудеге суық өткізбейтін жылы, əрі ықшамды киім. Күртені жейде не 

көйлектің сыртынан, бешпенттің ішінен киеді.



487

КИІМ ТІГУ ӨНЕРІ

Қолғап – қолға киетін киім. Ол қолды суықтан, жұмыс кезінде жарақаттанудан 

сақтайды. Қолғап тігілу, тоқылу үлгісіне қарай бес саусақты, үш саусақты, тұйықбас деп, 

ал тігілетін материалына қарай тері қолғап, жарғақ қолғап, тоқыма қолғап болып бөлінеді. 

Тері қолғап қойдың боялған терісінен тігіледі. Егер тері боялмаса, онда оның сыртын 

матамен тыстайды. Тері қолғап, көбінесе, тұйықбас болып келеді. Жарғақ қолғап тықыр 

теріден астар салып, көбінесе бес саусақ түрінде тігіледі. Тоқыма қолғап түйенің, қойдың 

жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Тоқыма қолғап бес саусақты да, үш саусақты да 

(бас бармақ пен сұқ саусақ жеке), тұйықбас та болады. Қолғаптың ең байырғы түрінің 

бірі – құсбегілер қолына киетін «биялай». Биялай түйенің мойнақ терісінен, бұғы, бұлан 

секілді андардың, өгіздің қалың мойын терісінен сірідей тігіледі. Бүркіттің тегеуріні басқа 

теріні тесіп кетеді. Биялай да қолғаптың тұйықбас түріне жатады. 

Байпақ – жылылық үшін етіктің, мəсінің ішінен киетін 

киізден тігілетін аяқ киім. Қыста киетін байпақтың киізі 

қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ 

тігудің екі тəсілі бар. Оның бірі – табанын бөлек салып 

ұлтарып тігу; екіншісі – тұтастай қусырып тігу. Байпақтың 

тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді. Тігуге түйе 

немесе қой жүнінен иірілген шуда жіпті пайдаланады.

Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. 

Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию 

үшін де пайдаланған. Мұндай байпақтар əрі жылы, əрі жеңіл, 

əрі жұмсақ болады. 

Мəсі  – өңделген жұқа теріден қонышына ою 

салынып, табансыз, ұлтансыз тігілетін, негізінен, үйде 

киілетін жеңіл аяқ киім. Оны былғарыдан, шегіреннен, 

құрамнан тігеді. Мəсінің сыртынан кебіс киіледі. 

Мəсінің қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны 

жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан 

жөрмеп немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы 

ұлтарылады. Етікші мəсі тіккенде ең алдымен мəсінің 

басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың 

былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып, 

басын қондырады. Осыдан кейін мəсінің қонышын 

тігеді. Мəсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына 

жіңішке сызық салады. Мəсі – əрі жеңіл, əрі жұмсақ аяқ 

киім. Ол тазалық үшін аса қолайлы. 

бірі – құсбегілер қолына к

секілді андардың, өгіздің қ

теріні тесіп кетеді. Биялай

Мəсі  – өңделген жұ


488

ЫДЫС-АЯҚ ЖАСАУ ӨНЕРІ

ЫДЫС-АЯҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Саба

Ертеде қымыз, шұбат ашыту үшін, іркіт пісу үшін мал терісінен тігілетін ыдыс – саба 

пайдаланылған. Иленген теріні су сеуіп жібітіп, өңін ішіне қаратып, сабаға лайықтап 

пішеді. Саба пирамида пішінді, яғни түп жағы төрт бұрышты, кең, мойын жағы тар, 

жіңішкерек етіп жасалады. Оның мойнының кеңдігі піспек емін-еркін сыярлықтай етіп 

алынады да, саба мойнының бір бүйірінен үш бұрышты баулық шығарылады. Баулыққа 

жіптен ескен бау тағылып, ол керегенің басына байланады. Жақсы күтіліп, ысталған 

сабаның қымызы өте дəмді жəне жұғымды болады. Сабаның тігістері түйенің шуда 

жүнінен иірілген, мықты жіппен сырт жағынан жөрмеп тігіледі. Саба тігіліп болғаннан 

кейін оның ішіне құм не болмаса топырақ толтырып кереді. Əбден қалыпқа түсіп, 

кепкеннен кейін сабаның ішіндегі құмды не топырақты төгіп тастап, ішін тазартып 

жуады да, тағы бір дүркін түтінге ұстап ыстайды. Одан соң сумен тазартып шайқап 

тастап, сырты мен ішін қойдың құйрық майымен не болмаса жылқының майымен 

жақсылап майлайды. Күннің көзіне қойып майын сіңіреді. Сабаны пайдаланар алдында 

сиыр сүтімен тағы бір дүркін шайқайды. Сабаны пісерде оның бауын көтере байлайды 

да, пісіліп болған соң бауын босатып, мойнын байлаған жібін шешіп қояды. Сабаның 

ішіндегі астың дəмі бұзылмауы жəне саба шіріп кетпеуі үшін оны айына кемінде бір рет 

босатып, ішін жылы сумен шайқап жуып, күнге кептіріп отырады.



Торсық

Торсық – қымыз, шұбат, іркіт сияқты сүт 

тағамдарын құюға арналған, мал терісінен 

тігілетін ыдыс. Торсықтың түрлері көп. Олар 

– шимайторсық, өркешторсық, жанторсық, 

мүйізторсық, т.б. Торсық тігілетін терінің шел 

майы мен көк етін тазартып, түгін тықырлап 

қырады. Иленген теріні белгілі пішінге 

келтіріп пішеді де, шуда жіппен жөрмеп тігеді. 

Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке əрі 

ұзын болып келеді. Оның аузына ағаш тығын 

тығады. Тығыны жоғалып қалмау үшін қайыстан 

бау өткізіп, оның бір ұшын торсықтың мойнына 

бекітіп қояды. 



489

ЫДЫС-АЯҚ ЖАСАУ ӨНЕРІ

Торсықтың ішіндегі ең сəндісі – шимайторсық пен мүйізторсық. Бұл торсықтарды 

ірі қараның қалың терісінен тігеді. Шимайторсықтың бетіне өрнек салады. 

Шимайторсықтың бүйірі табақ сияқты дөп-дөңгелек болады. 

Мүйізторсықтың да беті шимайторсық секілді шауып өрнектеледі, күміс 

шытыралармен əшекейленеді. Мүйізторсықтың түп жағы дөңгелек болғанымен, екі 

иіні «қошқармүйіз» ою секілді сəндеп шығарылады. Сондықтан мұндай торсықты 

«мүйізторсық» деп атаған. 

Өркешторсық түйенің өркеш терісінен тігіледі. Терінің жалпақ жағы торсықтың 

түбіне, жіңішке жағы аузына сəйкес келеді. Оның пішіні де өркештің пішіні тəрізді 

сопақша болады. Өркешторсық сəнді болмағандықтан, оған көбінесе айран, іркіт 

құйылады.

Торсықтың тағы бір қарапайым түрі – жанторсық. Оның сыртында ою-өрнегі 

болмайды. Бұл малшылар мен жолаушылар сусын құйып қанжығасына байлап 

жүруге арналған. Мұндай торсыққа сүт тағамдарымен қатар сусын көже құюға да 

болады. Жанторсықтың терісі шимайторсық пен мүйізторсықтың сірісі сияқты қатты 

болмайды.

Шимайторсық пен мүйізторсықты да қымыз құйып, қанжығаға байлайды. Бірақ бұл 

торсықтар аса сəнді жəне оңайлықпен жасалмайтын болғандықтан, оларды көшіп-

қонғанда не болмаса той-жиында ғана пайдаланады. Торсықтың осы екі түрі жай ыдыс 

қана емес, үйдің сəнді жиһазының бірі есебінде саналады.

Мес

Мес – қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын 

құюға арналған ыдыс. Оны көбінесе ешкінің, бұзаудың бітеудей 

сойылған терісінен жасайды. Мес тігетін терінің көк еті мен 

шел майы тазартылып, жүні тықырлап қырылады. Одан соң 

іші-сырты түтінге ысталып, өңін ішіне қаратып, пұшпақтарын 

шуда жіппен жөрмеп тігеді. Терінің мойны местің мойны болып 

саналады. Меске піспек салып піспейді, ол тек ақ тағамдарын 

көлікке артып алып жүру үшін, сондай-ақ суы тапшы жерлерде 

су тасу үшін де пайдаланылады.



Көнек

Көнек – түйенің терісінен жасалатын ыдыс. Əдетте, көнекке геометриялық, 

зооморфтық, мүйіз, өсімдік тəріздес, т.б. ірі оюлар түсіріледі. Теріні көнек пішініне 

келтіріп тігіп, ішін сабанмен кептеп қойып, кепкен соң сабанды алып, тезек шоғының 

түтініне ыстайды. Көнек-бие саууға қолданылатын ыдыс. Көнектің кейбір түрлері бие 

сүтін сақтау үшін де қолданылады. 



490

ЫДЫС-АЯҚ ЖАСАУ ӨНЕРІ

Сүйретпе

Сүйретпе – қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт 

тағамдарын құюға арналған, мал терісінен тігілетін ыдыс. 

Сүйретпе ірі қараның терісінен де, ешкінің терісінен де 

тігіледі. Оны тігетін терінің көк еті мен шел майын тазалап, 

түгін қырады. Содан кейін түтінге ұстап ыстайды. Ыс əбден 

сіңген соң су бүркіп жібітіп, белгілі бір пішінге келтіріп 

пішеді. Сүйретпенің пішіні саба жəне дөңгелек торсық 

тəрізді болып келеді. Оны шуда жіппен сыртынан жөрмеп 

тігеді. Тігілген сүйретпенің ішіне құм не құрғақ топырақ 

салып кереді. Ол əбден қалыпқа түсіп, кепкеннен кейін ішін 

тазалап жуады да, қайта ыстайды. Одан соң ішін тағы бір 

рет тазалап жуып, іші-сыртын қойдың құйрық майымен не 

жылқының майымен майлайды. Ол əрі местің, əрі сабаның 

міндетін атқара алады.

Бұлқыншақ

Бұлқыншақ – жылқы терісінен жасалатын ыдыс. Бұлқыншақты жасау үшін жылқы 

сойғанда артқы санының терісін шашасына дейін мес қылып бітеу сойып алады. Содан 

соң терінің көк еті мен шелін тазартып, сан жағын арасына шүберек салып тарамыспен 

немесе жылқының құйрық қылымен тігеді. Тігіс бұлқыншақтың түп жағына келеді. 

Терінің сирақ тұсына келетін тар жағына лайық ағаштан тығын жасайды да, ішіне күл 

толтырып, тығындап, көлеңкеге кептіреді. Əбден кепкен тері қатайып көнге айналады. 

Содан соң күлін төгіп тастап, ыдысты ыстайды. Əрі қарай шаймен жуып, ішіне бірнеше 

күн ашыған айран құйып қояды. Оны «шикі дəмін алу» деп атайды. Одан кейін пештің 

ысын (күйесін) жинап алып, оны суға шылап, теріні біраз уақыт соған салып қояды. 

Оны «құрымдау» дейді. Содан соң ыдыстың ішіне қайнаған сұйық май құйып шайқап 

алып, əрі қарай пайдалана беруге болады. Бұлқыншақты керегенің басына бауынан іліп 

қояды. Салт атпен жүргенде ердің алдыңғы қасына іледі немесе қанжығаға байлайды. 

Жаяу адам иығына асып жүреді. Бұл ыдыс малшы қауымның ыстық күндерде айран, 

шалап, қойыртпақ құюына мейлінше қолайлы. 

Піспек

Піспек – қымыз, іркіт пісу үшін пайдаланылатын үй құралы. Піспек кепкен ағаштан 

жасалады. Піспек негізгі екі бөліктен құралады. Олар – піспектің басы жəне сабы. 

Піспектің басы көбінесе дөңгелек жəне төртбұрыш (айқыш) пішінді болып келеді. 



491

ЫДЫС-АЯҚ ЖАСАУ ӨНЕРІ

Саптыаяқ

Саптыаяқ – қазақтың ұлттық ыдысы. Қатты 

ағаштан жасалады. Саптыаяқтың өзінен өрнектеліп 

ойылып шығарылған (ұзындығы – 15 – 18 см, 

ені – 5 – 6 см-дей) тұтқасы болады. Саптыаяқтың 

сабына (тұтқасына) күміспен торлап, ақық тастар 

орнатылған түрлері де болған.

Кесеқап

Көшіп-қонып жүргенде шыны кеселер қирап қалмас үшін халық шеберлері кесеқаптар 

жасап, ыдыстарды солардың ішінде сақтап, тасымалдайтын болған. Кесеқаптардың 

«сыңар емшек», «қос емшек», «үш емшек» деген түрлері болады. Сонымен қатар теріден, 

киізден, қайыңның тозынан (қабығы) жасалатын қалпақты түрлері де болады. Оларға 

бір-біріне кигізіп, он шақты кесе салып қоюға болады. Кесеқаптарды теріден жасағанда 

байырғы шеберлер оны төрт немесе бес қиықтан пішіп, құрап тігетін. Оның бетін күміс 

сымдармен зерлеп, асыл тастан көз орнатып, күміс шытыралармен безендіретін. 

Дөңгелек басты піспекті жасағанда қалыңдығы шамамен екі-үш 

елідей болатын кепкен тақтайды дөңгелектеп жонып алып, оның 

бір бетін ыңғырумен кеулеп шұңқырлап ояды, шетін сəл жұқартады. 

Дөңгелектің дəл ортасын тесіп, оған сап орнатады. Піспек басының 

ойық беті сабаның не күбінің түбіне қарап тұратындай етіп сапталады. 

Піспек басының бүйірінен айналдыра тар тесіктер тесіледі. Ол 

піспектің қозғалысы кезіндегі кедергісін кемітеді. Төрт бұрышты 

піспек көбінесе екі жұқа тақтайдан айқастырылып жасалады. Оның 

сабы екі тақтайшаның айқасқан бөлігіне орнатылады.

Піспектің сабы əрі түзу, əрі ұзын ағаштан жасалады. Қымыз бен 

іркіт пісетін піспектің саптары сабаның не күбінің аузынан кемінде 20 

сантиметрдей шығып тұруға тиіс. Іркіт пісетін піспек жеңіл болғаны, 

қымыз пісетін піспек неғұрлым ауыр болғаны жақсы. Салмақты 

піспек түйіп піскенде қымыздың іртігін тез жазады. Қазақ халқы 

қымыз сабаның піспегін жай тұтыну құралы деп қана есептемейді, 

оны кəдімгі сəн беретін үй жиһазы қатарына қояды. Оның сыртын 

кейде əр түрлі ою-өрнек салып сырлайды, кейде терімен қаптап, 

күміспен əшекейлейді. 



492

ƏУЕН-САЗ АСПАПТАРЫН 

ЖАСАУ ӨНЕРІ

Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып 

келе жатқан мəдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тəн үні (əуенділігі 

мен саздылығы), орындаушылық дəстүрі бар. 

Музыка аспаптарын жаугершілік заманда халыққа хабар бергенде, аң үркіткенде, 

əнші-күйшілер əн-күй орындағанда, бақсылар сарнағанда пайдаланып отырған. 

Мысалы, жау шапқанда елге хабар беру үшін үрмелі аспаптарды (дабыл, дауылпаз, 

ұран, керней); бақсылар сарнағанда – даңғара, асатаяқ, шаңқобызды; əнші-күйшілер 

өлең-жыр, терме-əн айтқанда немесе күй шерткенде – домбыра, сыбызғы, сырнай, 

қылқобыз сияқты шекті аспаптарды пайдаланған. Музыка аспаптары кептірілген 

қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен 

сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған.

Музыка аспаптарына арнаулы қап жасап, қоржынға салып, аттың қанжығасына 

байлап немесе асынып алып жүруге ыңғайлаған.

Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс жəне мүйіз сырнайлар, 

сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі жəне үш ішекті 

домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, 

шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.

ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

 Шертер – екі немесе үш ішекті, 

саусақпен шертіп ойнайтын аспап. 

Шертердің шанағы терімен қапталады. 

Оны көбінесе мал бағатын бақташылар 

тартатын болған.

 Асатаяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне 

музыкалық аспап. Ұзындығы – 110 – 130 см. Тұтас 

ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. 

Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар 

тағылып, өрнектермен əшекейленеді. Асатаяқ өзіндік 

үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап 

ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар 

қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, 

ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.


493

ƏУЕН-САЗ АСПАПТАРЫН 

ЖАСАУ ӨНЕРІ

 Домбыра – қазақ халқының арасына өте ерте 

жəне кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, 

шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне 

тəн ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына 

жатады. Домбыра əр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып 

немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма 

екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ 

күйге келтіріледі.

Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, 

қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп 

аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа 

жағымды.


 Дауылпаз – ұрып ойналатын көне музыкалық 

аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. 

Əсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі 

беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысы 

анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет 

шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан 

арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру 

арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген 

фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.

Дауылпаз тектес аспаптар түрлі атпен басқа халықтарда 

да кездеседі. Айталық, өзбек халқында «Тəбльбасс», 

қырғызда «Доолбас» деп аталады.



 Жетіген – қазақ халқының өте ерте заманнан келе 

жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап 

ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте 

қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар 

өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген 

түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. 

Аспаптың үні өте нəзік, құлаққа жағымды. Ел арасында 

аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. 

Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген 

бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті 

қайғысынан туындаған деседі. Бізге «жетіген» деген атау 

осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген 

ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.


494

ƏУЕН-САЗ АСПАПТАРЫН 

ЖАСАУ ӨНЕРІ

Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне 

еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. 

Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, əуен шығаратын екі сырнай 

түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. 

Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі композитор Н. Тілендиев «Отырар 

сазы» оркестрінде қолданды.



Қылқобыз – ерте заманнан келе жатқан 

қазақ халқының екі ішекті ысқышпен 

ойналатын аспабының бірі. Өзіндік 

жасырын сыры мол, адамның еркіне 

көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі 

жылқының қылынан жасалады. Қобыз 

аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт 

ішектілері жəне «нар қобыз», «жез қобыз» 

деп аталатын түрлері де бар. Қобызды 

ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті 

жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың 

жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда 

қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. 

Халық аңызында қобыздың пайда болуы 

Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты 

екені де айтылады.



Шаңқобыз – бітімі бөлек, ойналуы 

ерекше қазақ хал қының көне музыкалық 

аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам 

даусына жақын. Аспапта ойнау ерін 

мен тістің арасындағы қуысқа тікелей 

байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң 

қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, 

шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені 

қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта 

жеке əн-күй орындап қана қоймай, басқа 

да көне музыка аспаптарымен бірге халық 

əуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз 

аспабының құрылысы қарапайым, жұқа 

тақтайшадан жасалады.



495

ƏУЕН-САЗ АСПАПТАРЫН 

ЖАСАУ ӨНЕРІ

Қоңырау – қазақ халқының ертеден келе 

жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының 

бірі. Бұл аспап дыбысы сыңғырлап шығатын 

металдардан əр түрлі көлемде жасалады. 

Сырт көрінісі шар тəріздес, іші қуыс, 

ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті 

музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй 

тұрмысында, малшылар арасында көп 

қолданылған. Далада бос жайылып жүрген 

малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені 

қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты 

қорқады. Қоңырауды сол сияқты мектепте 

де қолданады. Бұл аспап арнайы кішкене 

балғашамен ұру арқылы дыбысталады.



496

ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР 

Əдемілік пен əсемдікке құштарлық адамзатқа 

тəн. Көркем бұйымдар мен зəулім ғимараттар көңіл-

күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар 

жын-шайтаннан қорғану жəне өзін-өзі сəндеу үшін 

тəндерін нақыштап, киімдерін əшекейлеп, үйлеріне 

тұмар іліп қойған. Осының нəтижесінде ою-өрнек 

(орнамент) пайда болған. Орнаментті латынның 

«ornamentum» сөзінен аударғанда «əшекей, өрнек, 

бедер» деген мағынаны білдіреді. 

Ою-өрнектер көшпелі қазақтардың ежелгі 

қолданбалы өнерінің маңызды бөлігін құраған. 

Қазақтар табиғаттың əдемілігіне сүйсіне отырып, өз 

айналасының сұлулығына да аса мəн берген. Ежелгі 

шебер қазақтар үшін шабыт көзі табиғат жəне оның 

өсімдіктер мен жануарлар əлемі болды. Шеберлер 

ыдыс-аяқты, киім-кешекті, қару-жарақты, үйлер 

мен ғибратханаларды тамаша əшекейлеген. Тіпті 

қазақ ұлттық билерінен түрлі өрнектерді көруге 

болады.


Шеберлер өз бұйымдарын сəндеуде өсімдіктер 

мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай 

өрнектер іс жүзінде əлемдегі барлық халықтың 

мəдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар 

қазақтың қолданбалы шығармашылығында 

лайықты орын алады. Олар – жапырақтар, 

жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, 

бүршіктер жəне гүлдер.

Мысалы, «гүл» өрнегі – гүлдердің барлық 

түрінің символы. Шебер əйелдер киім-кешектерді 

əшекейлеуде өсімдікті өрнектерді жиі қолданады.

ӨСІМДІК ТЕКТЕС 

ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Қазақ халқының ою-өрнегінің алғашқы негізі – «мүйіз» оюы. Олардың атаулары əр 

түрлі: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз». Оюларда космогондық, зооморфтық, өсімдік 

тектес жəне геометриялық өрнектер көзге түседі. Олардың ішінде «айшық гүл», 

«шыққан күн», «жұлдыз гүл», «төрт мүйіз» өрнектері кең танылған. Ою-өрнектің 230-

дан аса түрі белгілі.



497

ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР 

Келесі өрнектің бірі – «табақ». Ол күрделі композициядан тұрады, яғни ортасында 

гүлдер, жапырақтар, шырмауықтар орналасады да, жиегі «су» өрнегімен əшекейленеді. 

«Табақ» көбінесе ас үй жиһаздары мен тұскиіздерді, аяққаптар (ыдыс-аяққа арналып 

киізден жасалған дорба үлгісіндегі қап, ол уық пен керегеге ілінеді) мен дастарқандарды 

əшекейлеуде пайдаланылады. 

Кілемдердің барлығы өсімдік тектес ою-өрнекке өте бай. Кейде аралас өрнектермен 

əшекейленген бұйымдар да кездеседі. Оның жарқын үлгісі – киіз үй. Киіз үй іші ерекше 

талғаммен жасалған. Ою-өрнекпен əшекейленген жиһаз, ыдыс-аяқ, шиден жасалған 

өрнекті тоқыма, кесте бұйымдар, қабырға кілемдер, тұскиіздер мен перделер киіз үйдің 

ішін жайнатып жібереді. 

ЗООМОРФТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Зооморфтық өрнектер жануарлар əлемін бейнелейді. 

Көшпелі қазақтар тамаша ақынжанды адамдар болған. 

Олар төрт түліктің, аң мен құстың түр-тұлғасының сұлу 

бітімін тани біліп, олардың бейне-бедерлерін ежелден-

ақ қолөнерде қолдана білген. Зооморфтық өрнектердің 

ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді. Бұл 

тек мүйіз тəрізді доғалы «қошқар мүйіз» емес, сонымен 

қатар осы өрнектің барлық түрлері мен композициясы: 

мүйіз, қос мүйіз, сынық мүйіз. Халық шеберлері тек 

мүйіз ғана емес, сонымен қатар, жануарлардың өзге де 

дене мүшелерін бейнелеуді кеңінен қолданған. Бұл жерде «түйе мойын», «құс қанаты», 

«қаз мойын» бейнелерін атауға болады.

Осы ою-өрнектермен үй заттары, жиһаз, қару-жарақ бұйымдары да əсем де көркем 

безендіріледі. Қазіргі уақытта ою-өрнектер сəукеле, айырқалпақ, қамзолдың алдыңғы 

өңірі, аяқ киім қонышы секілді соңғы үлгідегі киімдерді əшекейлеуде қолданылады.



498

ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР 

КОСМОГОНДЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Космогондық өрнектер ғарышпен байланысты 

барлық нəрселерді – жұлдыздар мен айды, жарты ай мен 

күнді, кемпірқосақты бейнелейді. Ұлан-ғайыр далада 

көшіп-қонып жүрген көшпелілерді ғарыш пен əлем 

құпиясы қызықтыратын. Оларды түнгі аспан əлемінде 

көрініс тапқан космогондық өрнектер – жұлдыздар 

сыры бей-жай қалдырмайтын. Шын мəнінде, табиғат 

аясында, онымен үйлесімде өмір сүрген қазақтар 

арманшыл халық еді.

Мысалы, қазақтардың тұрағы – киіз үй. Осы жеңіл 

де жинақы киіз үй – көшпелі өмірдегі ең лайықты 

баспана. Шаңырағы аспанға тіке жол ашады, сырлы дүниеге шақырып, адамның қиял-

арманын ұштайды.

Осылайша табиғаттың өзі өмірдің талай құпияларын үйретіп, қазақтарға ою-өрнектің 

космогондық нақышын тарту етті. Олар: ежелгі сақтар заманынан келе жатқан əлемдік 

кеңістік пен жер шары төрт тарабының, мəңгілік қозғалыстың символы – дөңгелек, 

төрт құлақ, шимай, қисық сызықты бейнелейтін жұлдыз жəне ою-өрнектің ортасында 

орналасқан əрі бес бұрышты пішінді жұлдыз.


499

ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР 

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Геометриялық өрнектерді қиық шаршылар, иректер, 

үшбұрыштар жəне көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою-

өрнегінің геометриялық нақышы көшпелі қазақтарға грек 

математигі Пифагордың заңдары мен нақты сандардың 

белгілі болғанын көрсетеді. Өйткені біздің ата-бабаларымыз 

тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір 

сүрген. Олардың ортасында қолөнершілер, саудагерлер, 

құрылысшылар көп болған. Өсімдік тектес өрнектермен 

араласқан геометриялық нақыштарды Бабажы қатын (X – XI 

ғғ.), Айша бибі (XI – XII ғғ.), Қожа Ахмет Иасауи (XIII – XIV 

ғғ.) жəне т.б. монументті құрылыстардан көруге болады.

Геометриялық ою-өрнектердің элементтері төртбұрышты, қиық шаршылы, жұлдызды 

болып келеді. Олар ағашты көркем өңдеуде, үй іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық 

аспаптар мен аңшылық саймандарды əшекейлеуде өте жиі кездеседі.

«Ирек», «ирек су» геометриялық өрнектері қисық сызықтар сынығынан тұрады. Осы 

сызықтардың шегі болмауы да мүмкін. Олармен бешпенттер, камзолдар, шапандар жəне 

тақияның жиегі, сондай-ақ сақина, білезік, қапсырма, алқа секілді зергерлік бұйымдар, 

ши тоқымалары, сырмақтар мен кебеже, жүкаяқтар, ыдыс-аяқ пен киім-кешектер 

əшекейленеді.



500

ӨНЕР ƏЛЕМІ

Document Outline

  • SEN_BILESIN_BE_401
  • SEN_BILESIN_BE_402
  • SEN_BILESIN_BE_404
  • SEN_BILESIN_BE_405
  • SEN_BILESIN_BE_406
  • SEN_BILESIN_BE_407
  • SEN_BILESIN_BE_408
  • SEN_BILESIN_BE_410
  • SEN_BILESIN_BE_411
  • SEN_BILESIN_BE_412
  • SEN_BILESIN_BE_413
  • SEN_BILESIN_BE_414
  • SEN_BILESIN_BE_415
  • SEN_BILESIN_BE_416
  • SEN_BILESIN_BE_417
  • SEN_BILESIN_BE_418
  • SEN_BILESIN_BE_419
  • SEN_BILESIN_BE_420
  • SEN_BILESIN_BE_421
  • SEN_BILESIN_BE_422
  • SEN_BILESIN_BE_423
  • SEN_BILESIN_BE_424
  • SEN_BILESIN_BE_425
  • SEN_BILESIN_BE_426
  • SEN_BILESIN_BE_427
  • SEN_BILESIN_BE_428
  • SEN_BILESIN_BE_429
  • SEN_BILESIN_BE_430
  • SEN_BILESIN_BE_431
  • SEN_BILESIN_BE_432
  • SEN_BILESIN_BE_433
  • SEN_BILESIN_BE_434
  • SEN_BILESIN_BE_435
  • SEN_BILESIN_BE_436
  • SEN_BILESIN_BE_437
  • SEN_BILESIN_BE_438
  • SEN_BILESIN_BE_439
  • SEN_BILESIN_BE_440
  • SEN_BILESIN_BE_441
  • SEN_BILESIN_BE_442
  • SEN_BILESIN_BE_443
  • SEN_BILESIN_BE_444
  • SEN_BILESIN_BE_445
  • SEN_BILESIN_BE_446
  • SEN_BILESIN_BE_447
  • SEN_BILESIN_BE_448
  • SEN_BILESIN_BE_449
  • SEN_BILESIN_BE_450
  • SEN_BILESIN_BE_451
  • SEN_BILESIN_BE_452
  • SEN_BILESIN_BE_453
  • SEN_BILESIN_BE_454
  • SEN_BILESIN_BE_455
  • SEN_BILESIN_BE_456
  • SEN_BILESIN_BE_457
  • SEN_BILESIN_BE_458
  • SEN_BILESIN_BE_459
  • SEN_BILESIN_BE_460
  • SEN_BILESIN_BE_461
  • SEN_BILESIN_BE_462
  • SEN_BILESIN_BE_463
  • SEN_BILESIN_BE_464
  • SEN_BILESIN_BE_465
  • SEN_BILESIN_BE_466
  • SEN_BILESIN_BE_467
  • SEN_BILESIN_BE_468
  • SEN_BILESIN_BE_469
  • SEN_BILESIN_BE_470
  • SEN_BILESIN_BE_471
  • SEN_BILESIN_BE_472
  • SEN_BILESIN_BE_473
  • SEN_BILESIN_BE_474
  • SEN_BILESIN_BE_475
  • SEN_BILESIN_BE_476
  • SEN_BILESIN_BE_477
  • SEN_BILESIN_BE_478
  • SEN_BILESIN_BE_479
  • SEN_BILESIN_BE_480
  • SEN_BILESIN_BE_481
  • SEN_BILESIN_BE_482
  • SEN_BILESIN_BE_483
  • SEN_BILESIN_BE_484
  • SEN_BILESIN_BE_485
  • SEN_BILESIN_BE_486
  • SEN_BILESIN_BE_487
  • SEN_BILESIN_BE_488
  • SEN_BILESIN_BE_489
  • SEN_BILESIN_BE_490
  • SEN_BILESIN_BE_491
  • SEN_BILESIN_BE_492
  • SEN_BILESIN_BE_493
  • SEN_BILESIN_BE_494
  • SEN_BILESIN_BE_495
  • SEN_BILESIN_BE_496
  • SEN_BILESIN_BE_497
  • SEN_BILESIN_BE_498
  • SEN_BILESIN_BE_499
  • SEN_BILESIN_BE_500


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет