Əфсаналар бұҚар жырау мен қаз дауысты қазыбек



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата08.01.2017
өлшемі6,35 Mb.
#1460
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ЫРЫМДАРЫ МЕН ТЫЙЫМДАРЫ 

Тізе бүгу

Өз шаруасымен бір үйге кірген əр адам сол үйге отыруы немесе тым асығыс болса да 

бір тізесін бүгуі керек. Ертеден келе жатқан бұл ырым – сол шаңыраққа деген құрметтің 

белгісі. Егер келген адам түрегеп тұрып шаруасын айтып үйден шығып бара жатса, 

онда үй иесі «тізеңді неге бүкпейсің, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын 

дейсің бе?» деп өкпесін айтады.



Ұшықтау

Ұшықтау – ем, ырым. Тамақтан, желден, иістен ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден 

келе жатқан емдеу мен ырымның бір түрі. Мысалы, жығылған адамның бір жері қатты 

ауырып қалса, сол жерде «Кет, пəлекет, кет!», «Ұшық-ұшық!» деп ұшықтайды. Немесе 

ауруды күн батар алдында «жер ұшық» беріп, яғни жерге екі-үш рет жығып ұшықтап, 

үйге əкеліп жылы жауып тастайды.



Үшкіру

Үшкіру – ем, ырым. Халық арасында жеңіл-желпі ауруды бұрын емшілер мен 

молдаларға үшкірткен. Үшкіру де емдеудің бір тəсілі. Емші дұға оқып «сүф-сүф!» деп 

үшкіреді. Емшіге «орамал» (яғни зат, ақша, мал береді) беріледі.



Шөп басын сындыру

Шөп басын (кейде шырпы, ши, шыбық) сындыру – əдетте, жақсылық жағдайда, 

жақсы іске байланысты жасалатын ырым. Мысалы, сараңдар жомарттық жасаса, 

қорқақтар батылдық жасаса немесе жұрт күтпеген жерден біреулер жақсы істер жасаса, 

мұны естіген адам «мынау бір шөп басын сындыратын іс екен» деп жерден шөп алып 

сындырады. Бұл «көз, тіл тимесін» деген ұғымнан шыққан.

Бірақ бұл əдетті «шөптің басын сындырмайды» деген тіркеспен шатастыруға мүлде 

болмайды. «Шөптің басын сындырмайды» деген сөз жұмыс істемейді, бос жүреді 

дегенді білдіреді.

 Аузына түкірту 

Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, 

ақындарға, басқа елге белгілі адамдарға жас сəбидің аузына түкіртіп немесе оның 

отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты-сəби сол адамдардай өнегелі 

кісі болсын деген ұғымнан туған. 


450

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ЫРЫМДАРЫ МЕН ТЫЙЫМДАРЫ 

АҚ ҚҰЙЫП ШЫҒАРУ

Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды, тағы басқа сүт тағамдарын «ақ» 

деп атайды да, оны қасиетті, киелі деп ұғады. Ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. 

Алайда кейде сол ақты жерге төгетін де ырым бар. Мысалы, қалың өрт келгенде алдына 

ақ шашады. Сол сияқты жылан кіріп кеткенде де оның басына ақ (сүт не айран) құйып, 

үйден шығарып жібереді. Мұндай əдет халықтың өз аулына немесе үйіне келген дос, 

дұшпанына да алдымен құрметпен қарауынан шыққан болуы керек.

АУЫЗ ТИЮ

Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дəм татып аттанатын 

ырым бар. Бұл сол «қарашаңырақтың» киесі қолдасын деген сенімнен шыққан. Сондай-

ақ дастарқан үстіне келген адам дəмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті 

түрде ауыз тиеді. Қазақтың дəстүрі бойынша, үйіне келген адамға дəм ауыз тигізбей 

шығармауы керек. Халықта «үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген сөз 

бар. Мұның бəрі – қонаққа да, асқа да ерекше ықыластың белгісі, халықтың өзіне тəн 

қонақжайлылығы мен кеңпейілділігін танытатын жайт.



САРҚЫТ

Сарқыт – қазақ халқының ежелден келе жатқан ырымы. Үлкен кісілер той-жиыннан 

үйдегі балалары мен келіндеріне кəмпит, құрт сияқты дəмнен сарқыт алып келеді. Тойдан 

алып қайтқан дəмді жақсылық дарысын деп ырымдап ауыз тигізеді. Сондай-ақ үлкен 

кісілердің алдынан қайтқан табақтан қалған етті де «сарқыт» деп жастар үлкендердің 

жолын, абыройын берсін деп ырым қылып жеген. Бұрын сарқыт қайтады деп келіндер 

үлкендердің табағын əдейі күтіп отыратын болған. Қазақ салтында сарқыттың ырымдық 

əрі тəрбиелік дəстүрлік маңызы зор.



БОЙТҰМАР

Бойтұмар – мойынға тағылатын қастерлі зат. Қазақ халқы тіл-көзден сақтау үшін 

құран аяттарынан дұға жазылып оралған қағазды былғары не шүберектен жасалған 

қалташаға салып алқа ретінде мойынға тағады немесе киімнің ішкі жағына іледі. Кейбір 

халықтар бойтұмарға астрологиялық ишаралар немесе қасиетті кітаптардан алынған 

сөздерді жазады. Сондай-ақ оларға жазу жазылып, бедерлі суреттер түсіріледі. Алайда 

бойтұмар адамзатты түрлі бəле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды деген ұғым барлық 

халыққа ортақ. Бойтұмар тағу – барлық халықтарға тəн ерте дəуірден келе жатқан 

ырым.


451

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ЫРЫМДАРЫ МЕН ТЫЙЫМДАРЫ 

АЙДАР ҚОЮ

Айдар – баланың төбесіне қойылатын бір шоқ ұзын шаш. Айдар ер балаға қойылады. 

Халқымыздың бұрыннан келе жатқан бұл ырымы осы күнге дейін сақталған. Ертеректе 

баланың төбесіндегі айдарға моншақ араластырып өріп қоятын болған. 



ТҰЛЫМ ҚОЮ

Тұлым – жас баланың шашын өсірмей, екі шекесіне қойылатын ойма шаш. Тұлым, 

негізінен, қыз балаға қойылады.

КЕКІЛ ҚОЮ

Кекіл – жас балалардың шашын ұстарамен тегістеп алып тастап, маңдайына 

қалдыратын бір шөкім шаш. Оның жиегін тегістеп, қиып тұрады. Кекіл ұл балаға да, 

қыз балаға да бірдей қойылып, оларға жарасымды ажар береді.



БАЗАРЛЫҚ

Базарлық – алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдардың туыстарына, 

жерлестеріне, көрші-қолаңдарына, сыйлас адамдарына, жас балаларға алып келген ірілі-

ұсақты сыйлықтары. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың 

белгісі жəне ескерткіш ретінде қабылданады.

БАЙҒАЗЫ

Байғазы – балалардың, жастардың жаңадан киген киімі, алған заты (мысалы, қамшы, 

шана, ер-тоқым) үшін берілетін сый. Байғазы ақшалай немесе заттай беріледі. Байғазы 

сұраудың ешқандай ұяттығы жоқ.



АЛАСТАУ

Аластау – тіл-көзден сақтану үшін үй ішін, жас нəрестенің бесігін арша бұтақтарын 

түтіндету арқылы жын-шайтандарды қашыру. Аластауды көбінесе жаңа үйге кіргенде 

немесе нəрестені бесікке ең алғаш рет жатқызарда қолданады. Аршаның хош иісі 

таптырмайтын ем саналатын болған. Ал қазіргі кезде аластау үшін көбінесе кептірілген 

адыраспан шөптері қолданылады. Адыраспанмен аластағанда үй ішіндегі жаман күштер 

мен жын-шайтандар қуылады деген сенім бар.


452

ТЫЙЫМДАР

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЫЙЫМДАР

Қазақ халқы табиғат аясында тіршілік еткендіктен, оны қастерлеп, қадір тұтқан. 

Адамзат баласының тіршілік көзі жан-жануар, өсімдік болғандықтан, оларды ысырап 

етпеуді ұрпақ құлағына құйып өсірген. Қазақ экологиялық тыйымдарды қатаң сақтау 

арқылы күнкөріс көздерін ғана қорғап қоймай, өз денсаулықтарын ауру-сырқаудан, 

жазатайым мертігуден алдын ала сақтандырып отырған. Мұндай экологиялық 

тыйымдарды сақтамаса, қазіргідей медициналық қызмет жоқ жағдайда түрлі ауруға 

шалдығып, малды, жанды күйзеліске ұшыратуы мүмкін болған. Осылайша табиғатқа 

зиян келтірмеу, оны қорғау үшін айтылған көптеген ұлағатты сөздер қағида болып 

қалыптасқан.



Арам өлген малдың (немесе аңдардың) 

етін жеуге болмайды

Қазақта қолдан сойылған малдың немесе басқа да адал жануарлардың ғана етін жеген. 

Ал өз бетімен өліп қалған малдың етін арам деп жемейді. Оның да ақылға қонатын жері 

бар – белгісіз себептен өлген малда белгісіз ауру болуы мүмкін, сондықтан күмəнді 

оқиғадан аулақ жүргенді дұрыс көрген. Тіпті арам өлген малдың терісін де алмайды. 

Оны табиғи санитарлар – ит-құс (қасқыр, түлкі, қарсақ, құзғын, т.б.), құрт-құмырсқа 

жеп қояды.

Көкті жұлма

Мал өсірумен күн кешкен қазақ үшін көктің, яғни шөп-өсімдіктердің қадірі ерекше. 

Халқымыз үшін көк – малдың бірден-бір азығы, сондықтан оны бей-берекет жұлуға 

жол бермеген. Көкті жұлса, «көктей соласың» деп жамандыққа жорыған. 



Құс ұясын бұзба

Қазақ халқында «Құс ұясын бұзсаң, обалы тиеді» деп құстардың ұясын бұзуға 

тыйым салған. Құс қарғаса, үй ішіне кесапаты тиеді деп сенген. Ертеректе киіз үйіне 

қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кетпейінше үйді жықпауға тырысады екен. Бұл 

халқымыздың қарлығашты берекелікпен, бейбіт өмірмен байланыстырғанынан болса 

керек. 


Құдыққа түкірме

Ата-бабамыз көшпелі тұрмыс салтымен өмір кешкен. Жолда кездескен құдық тіршілік 

көзі болғандықтан, ондағы суды былғамауды кейінгі ұрпаққа бұйырып отырған. 


453

ТЫЙЫМДАР

АДАМНЫҢ ІС-ҚИМЫЛЫНА 

БАЙЛАНЫСТЫ ТЫЙЫМДАР

Белді таянба. Жақын адамы қайтыс болған əйел ғана жоқтау айтып жылағанда белін 

таянатындықтан, жамандық шақырма деген мағынада тыйым салынған.

Тізені құшақтама. Тізені құшақтау – «ұрпақсыз қалдым» дегенді білдіретін жаман 

ырым.

Жақты таянба. Қайғы-қасіреттен əбден шаршаған адам ғана жағын демеу етіп 



таянады. Сондықтан да жақты таянуды жамандыққа жорыған.

Кірдің суын баспа. Кірдің суында жын-шайтандар жүреді, оны басса, жын-шайтандар 

кесірін тигізуі мүмкін дегеннен шыққан.

Дəретханаға кіргенде сөйлеме. Дəретхана жын-шайтандардың жүретін жері 

болғандықтан, онда кіргенде сөйлеуге, күлуге, ыңылдап əндетуге тыйым салынған. 

Дəретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек.



ҮЙ ТҰРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР

Есікті керме, табалдырықты баспа, маңдайшаны төбеңмен тіреме деген тыйымдар күні 

бүгінге дейін, əсіресе, ауылды жерлерде жас балаларға айтылып жатады. Ертеде есік керу 

(немесе босаға керу), табалдырықты басу, маңдайшаны төбесімен тіреу жамандықты 

шақыратын ырым ретінде танылған. Жер дауы, барымта сияқты жағдайларда айыпкер 

адам айыптының үйіне келіп, сол аяғын ішке аттап, оң аяғын сыртта қалдырып, екі 

қолымен екі босағаны кере ұстап, төбесін маңдайшаға тіреп тұрып үй иелерінен құн 

сұрайтын болған.

Таянышқа сүйенбе. Ертеде үй иесі өлгенде оның ұлдары мен қыздары «таянышым 

құлады, сүйенішім жоқ» деп есіктің таянышына сүйеніп, дауыстап жылайтын болған. 

Осыдан таянышқа сүйенбе деп тыйым салу қалыптасса керек.

ЖАН-ЖАНУАРЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР

Мал қорада ысқырма. Халқымызда ысқырыққа жылан келіп, малдың емшегін шағады 

немесе сүтін сорып кетеді деген сенім қалыптасқан.

Жылан үйге кірсе, өлтірмейді. Жылан үйге кіріп кетсе, басына ақ (сүт не айран) 

құйып шығарып жібереді.


454

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

«ЖІГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ АЗ»

Қазақ қоғамында күнделікті тұтынатын заттар мен сəндік бұйымдарды қолөнершілер 

жасайтын болған. Қолөнершілер қарапайым еңбек құралдарының көмегімен тұрмысқа 

қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасаған. 

Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына 

керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау, өре, шідер, кісен, 

қада, ер-тұрман жасаумен шұғылданды. Сонымен қатар олар, құмнан, тастан, саздан 

құмыра, көзе, ыдыс-аяқ жасаған. Ал мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан 

əшекейленген нақышты ыдыс-аяқ, дүние-мүлік, музыка аспаптарын құрастырған. Темір 

мен мысты пайдаланып қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді қарулар соққан. 

Қазақ халқының қолөнерінде ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ 

моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең 

дамыды. Матадан, киізден тұс кілемдер, басқұрлар, тұскиіздер, т.б. киіз үйдің сəндік 

жасаулары дайындалды. 

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, шаруашылығында тері өңдеу өнері маңызды 

орын алған.



ТЕРІ ӨҢДЕУ ШЕБЕРЛІГІ

Аң терілерін өңдеу

Аң терілерін бітеудей, мес қылып сояды. Ол үшін өткір пышақпен тіліп, теріні 

аяқтарынан бастап басына қарай айналдыра сыпырып, бас терісімен бірге алады. Теріні 

жарамсыз етіп қоймау үшін пышақ тигізбей, саусақпен, жұдырықпен іреген дұрыс. 

Содан соң оны жылы күйінде тұздайды. Тұз сіңген соң арнаулы кергішке керіп қойып 

кептіреді.

Кергіш – жануарлардың терісін кигізіп, керіп кептіру үшін қолданылатын құрал. 

Оны бұтағы аша болып өскен ағашты өңдеп, ашасының арасына көлденең кергіш ағаш 

бекітіп, кəдімгі «А» əрпіне ұқсатып жасайды.

Жануарлар терісінің ірі немесе ұсақтығына орай кергіш те əр түрлі көлемде 

əзірленеді. Оған бітеудей сыпырылып тұздалған аң терілерін кигізіп, арасына киіз, 

сабан, т.б. заттарды толтырады. Бұлай істеу теріні қалыпқа түсіріп, қуысына ауа кіруін 

қамтамасыз етеді.

Аң терілерінің (түлкі, қарсақ, қоян, т.б.) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы 

– жұқалығы. Терінің ішкі жағына айран немесе сарысуға ұн қосып (қара бидайдың ұны) 

арнаулы и жағып, бір-екі тəулік жылы жерде ұстайды. Қоян, түлкі, қарсақ, бұлғын, т.б. 

аң терілері өте жұқа болғандықтан иді жылдам сіңіреді. Əбден иі қанған теріні тазартып, 

уқалап, созғылап жұмсартқан жөн. Иі қанып жұмсарған тері ақ түсті əрі жұмсақ келеді. 

Олардан бас киім, жаға, т.б. заттар тігуге болады.


455

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Мал терілерін илеу

Тері илеу үшін алдымен «малма» деп аталатын сұйық затты даярлайды. Ол үшін 

ұйыған айранды дорбаға құйып, аузын байлап, астына ыдыс қойып, іліп қояды. 

Сонда айран сүзіліп, сары суы ыдысқа жиналады. Алынған сары суға ұн, кебек 

қосып араластырып, ашытады. Мұны малма дейді. Осы малмаға теріні салып, бетін 

қақпақпен жауып, үстінен таспен бастырып тастайды. Иде жатқан теріні күніне үш-

төрт рет аударыстырып (сапсып) отырады. Жиі сапсып отырмаса, теріге толық и сіңбей, 

əр жері көк аязданып, қатқыл болып қалады. Ондай жағдайда үстемелеп ұн, кебек, сары 

су қосып, теріні тағы да біраз уақыт малмаға салып, жылырақ жерге қойып, жиі-жиі 

аударыстырып, идің жақсы сіңуін қадағалайды. Жылқы терісі қалыңдығына қарай 

малмада шамамен 15 – 20 күндей жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін түгі жағынан 

ұстап, екі жаққа тартып көреді. Жақсы и сіңген терінің түгі түбінен ағарып жарылады. 

Немесе теріге тебен ине шаншығанда жеңіл сұғылса, онда терінің иі қанғаны. Содан 

соң теріні малмадан шығарып алып, көлденең ағашқа жайып, суын сорғытады. 

Сəл дегдіген теріні жұмыр ағашқа асып қояды да, қырғымен қырып, əрі иін, əрі түгін, 

əрі шелін алады. Иі сіңіп ісінген тері тазарғанымен, шикілігі білініп тұрады. Бұдан 

кейін міндетті түрде керіп қойып, аязға сорғызады. Мұны «аязға пісіру» деп те атайды. 

Он шақты күн аяз сорған тері аппақ болып ширайды. Сол кезде үйге кіргізіп, тобарсыта 

кептіріп алады да, талқыға салады. Талқыдан шыққан сиыр терісінен, əдетте, таспа 

тіліп, айыл, тартпа, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі бау, қамытқа құлақбау жасайды. Жылқы 

терісінен жүген, қамшы, шылбыр, т.б. өреді. Ал серке терісінен неғұрлым нəзік таспадан 

өрілетін мүліктер жасалады. 



456

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Мал терілерінің түрлері мен атаулары

Мал терілері негізінде жондық, сауыр, бауыр, мойын, үйектік, пұшпақ деген 

бөліктерге бөлінеді. 

Төрт түлік малдың терісі – өте қымбат шикізат. Соның ішінде ірі қараның терісін: 

сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атаған.

Жылқы терісін: бие терісі, жабағы жəне құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терісін: 

атан терісі, бота терісі дейді.

Қой терісін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тықыр тері, тоқтышақ 

терісі, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбысқа деп бөледі.

Жабағы – қой-ешкінің сəуір, мамыр айларындағы жабағы жүні қопсымаған қалың 

түбітті терісі.



Қырықпа – жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған малдың 

сұйық жүнді терісі.



Күздік тері – қазан, қараша айларында сойылған малдың терісі.

Соғым тері – жүндес, қыртысы қалың мықты терілер. Олардан киімнің барлық 

түрлерін тігуге болады.



Тықыр тері – жүнін қырқып алысымен сойылған немесе жүнін жидітіп алған терілер. 

Бұдан жарғақ шалбар, қап, дорба, т.б. заттар жасалады.



Сеңсең – үш ай мен бес ай аралығындағы қозының қырқылмаған терісі. Көбінесе, 

ішік, тымақ, бөрік, бөстек жасауға қолданылады.



Елтірі – туғанына 2-3 ай болған қозы терісі. Жүні бұйра қаракөл сияқты өте əдемі 

болады. Одан ішік, тымақ, бөрік, жаға жасайды.



Мари – туа салып немесе бір-екі тəулікте өлген қозы, лақ терілері. Бөрік, тымақ 

тігуге, əдіптеуге, киім тысын көмкеруге қолайлы. Маридің жүні тықыр, жылтыр, таңдай 

өрнекті болып келеді.

Жылбысқа – іште жатып өлген немесе туа салып өлген қозының өте жұқа терісі.


457

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

ТЕРІНІ БОЯУ ТƏСІЛДЕРІ

Иі қанып, керіліп, созылып, талқымен созғыдан өтіп, сүргіленген тері аппақ əрі 

жұмсақ болады. Бірақ ақ тері кіршең келеді. Сондықтан теріні табиғи бояулармен 

бояуды халық шеберлері өте ерте замандарда-ақ меңгерген.

Тері бояу үшін, көбінесе, ағаштардың қабығын пайдаланған. Ол үшін тал, емен, сары 

ағаш, т.б. қабықтарын жуып, көлеңкеде кептірген соң ұнтақтап алған. Сол сияқты тері 

бояу үшін рауғаш, томарбояу, қына, т.б. көптеген өсімдіктердің тамырлары мен бүрлері 

де қолданылған. 

Бояу дайындаудың өз əдісі бар. Өсімдік тамыры мен жапырағын күз айларында 

жинап, жуып, тазалап кептіреді де, ұнтақтап, əрқайсысын жеке-жеке ыдысқа салып 

қояды. Əр өсімдік əр түрлі рең береді. Мысалы, қынадан қызыл, еменнің қабығынан 

қоңыр, сары ағаштың тамырынан сары бояу алынады, ермен, жусанның бүрінен 

жасыл түс шығады. Кейде əр түрлі бояу ұнтақтарын бір-біріне қосып, қажетті 

реңді де алып отырған. Бояуларға су қосып қайнатып, ұнтақтың бояуы шыққан соң 

ұнтақ қалдығын сүзіп тастайды. Бояуды таза киізбен біркелкі етіп теріге жағып 

бояйды. Боялған теріні көлеңкеде кептіріп, əбден кепкен кезде уқалап, керіп, созып, 

пайдалануға қажет бұйым тігеді.

Құрымдау

Кейде сабаны қара түске бояу үшін мұржаға жиналған ысты (күйені) қырып, қазанға 

салып, тұз, су, ашудас қосып қайнатады. Су сəл суыған кезде саба жасайтын теріні 

бірнеше күн соған салып қояды. Сонда тері қою қара түске боялып шығады. Міне, 

осыны құрымдау деп атаған. Құрымға салынған сабаны қара саба дейді. 

Кермекке салу

Емен, тал, т.б. ағаштардың қабығын, томарбояу, рауғаш тəрізді өсімдіктердің тамыр-

түбірін, ермен-жусанның бүрін кептіріп, талқан тəрізді түйіп жасалған қоспаны кермек 

деп атаған. Осы қоспаны қазанға салып, су құйып, тұз қосып қайнатады. Содан соң 

ағаш астауға қотарып, жалаңаш қолдың шынтағын батырғанда күймейтіндей шым-шым 

кезінде теріні салып қояды. Бірнеше тəуліктен соң терінің пұшпағын өткір пышақпен 

тіліп көреді. Егер кермектің қызғылт бояуы терінің өн-бойына түгел сіңсе, кермектен 

алып, суын сорғытып, көлеңкеге жайып кептіреді. Кермекке салынған тері əдемі қоңыр-

қызыл түске боялады. Осыны қызылдау деп те айта береді. 


458

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Тері бұйымдарды ыстау

Теріден жасалған ыдыстарды дүркін-дүркін ыстап отырудың маңызы өте үлкен. 

Баппен ысталған ыдыс əдемі қоңыр-қызыл түске енеді жəне ысталған ыдыста түрлі 

микроорганизмдер болмайды. Ыс сіңген ыдыста сақталған сүт тағамдарының иісі мен 

дəмі де ерекше жағымды болады əрі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.

Тері ыдыстарды арнаулы күркеге аузын төмен қаратып іледі де, тобылғы, арша, 

қарағайдың бүрін, ермен, жусанның түбірін жалындатпай жағып, соның түтініне 8-10 

сағаттай ұстап ыстайды. Жақсы ыс сіңген ыдысқа бір-екі күн айран, сары су, іркіт құйып, 

дəмін алып, тұзды сумен жуып, кептіріп, жылқының майымен майлап, пайдалана беруге 

болады. Ыдыстар өңезденіп кетпес үшін екі аптада бір тазалап жуып, ыстап, майлап 

отырған жөн.

ТЕРІ ӨҢДЕУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР

Талқы

Талқы дегеніміз – теріні керіп, созып, иін қандыра жұмсартатын ағаш аспап. 

Талқының ирек, сүзгі, созғы, баспа талқы, тіс ағаш дейтін түрлері болады. Баспа талқы 

аша ағаштан жасалады. Екі ашаның ортасына еркін сыятын, астында кертілген тістері 

бар бастырық орнатылады. Талқының екі ашасында бастырықтың тістеріне (қышыры) 

қарама-қарсы кертілген тістері болады. Талқымен тері илегенде бір адам терінің өңін 

ішіне қарата шиыршықтап бүктеп, бастырықтың астына төсеп, жайлап айналдырып 

отырады, екінші адам бастырықты көтеріп, басу арқылы терінің қырыс-тырысын жазып, 

жұмсартады. Талқыдан шыққан теріні кермеленген тері дейді. Талқыдан шыққан теріні 

сақармен жуады. 



Ирек ағаш

Тері өңдеуде қолданылатын құралдардың бірі – «ирек ағаш». Оның жалпақтығы 10 – 

15 см, қалыңдығы 7 – 8 см болады. Ол –  ишілер тұтынатын, иленген терінің қыртысын 

жазып, жұмсарту үшін пайдаланылатын, иіні іш жағынан кертілген бедерлі ағаш. 

Иленіп, кепкен терінің бір жағын аяққа басып тұрып, екінші жағын «ирек ағашқа» орап 

алып бұраулап тартқылайды. Сонда тері тегістеліп созылады əрі жұмсарады. «Ирек 

ағашты» байпақ (пима) басушылар да қолданады.


459

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Сыдырғы

Сыдырғы – таспаны өңдеу үшін қолданылатын құрал. Ұзындығы 15 – 20 см-дей 

жіңішке ағаштың екі жағын сəл жонады да, оның орта бөлігінен (бір қырынан) бір 

ернеуін тік, екінші ернеуін көлбеу етіп тар ұя жасайды. Таспаның бір шетін ойықтың тік 

ернеуіне сүйеп, өткір пышақтың жүзін ойықтың көлбеу шетіне тіреп ұстайды. Таспаны 

бір қалыпты жылжытып тартқанда, пышақ жүзіне ілінген жері сыдырылып қалады. 

Сондықтан бұл құралды «сыдырғыш» деп атаған.

Тарамыс

Тарамыс – теріден, көннен, былғарыдан жасалған бұйымдарды тігетін, ірі қараның 

сіңірінен алынған берік жіп-таспа. Тарамыс əзірлеу үшін күзде соғымға сойылған ірі 

қараның желке, жіліншік сіңірлерін ет ілестірмей сылып алу керек. Сылынған сіңірлерді 

көлеңкеге іліп қойып, бабымен кептіреді. Əбден кепкен тарамысты дөңбекке салып, 

ағаш балғамен жаныштай соқса, ол тарамдалып, шашақтана жұмсарады. Сонан соң 

оны алдымен тарақтың ірі жүзімен, содан кейін жиі жүзімен тараса, біркелкі жіңішке 

талшықтарға айналады. Теріден, былғарыдан, қайыстан, көннен жасалған бұйымдарды 

тарамыспен тігеді. Қажет болған жағдайда тарамыс талшықтарын қабаттап, ширатып 

та пайдаланады. Іс тіккенде тарамысты аздап ылғалдап алу керек. Оны сілемдеу дейді. 

Сілемделген тарамыс іс тіккенде сəл созылып отырады, кебе келе тырысып, тігісті 

бүріп, берік ұстайды. Тарамыспен тігілген тері ыдыстар ішіне сұйық құйылғанда ылғал 

жібермейді. Себебі тарамыс ылғалдана келе ісініп, сұйықтық өтетін тесіктерді бекітіп, 

бітеп қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет