Егде жастағы адамдардың Қартаю



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата19.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#84635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
dauren, 420-Другое-2112-2-10-20210721

Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
79
қаңғыртпаған, ана сүтін ардақтап, 
ата салтын салмақтап өскен елміз» 
(Жанатаев, Әзиева).
Қартаюды қоғамның жетістігі
деп білетін қазақ қоғамы, егде жастағы 
адамдарға әрқашан құрмет көрсетіп, 
төрінен орын берген. Нарықтық 
экономиканың ауылдық мекендердің 
тұрмысына әкелген зардабы, ауыл 
халқының қалаларға жаппай қоңыс 
аударып, мегаполистердің тұрмыс-
тіршілігіне үйренісуі, жаппай 
жұмысыздық пен жастардың дәрежесі 
төмен қызметпен айналысуы ұрпақтар 
арасындағы сабақтастықтың жойылуына 
әкеп соқты. Бұл жаңа қоғамда қарт адам 
зейнет жасына шыққан сәттен қоғамнан 
аластатылып, дербес субъект ретінде 
әрекет етуде. Өмірінің басым бөлігін 
қызметте өткізген қария өзі үшін
туындаған жаңа шынайылыққа үйренісе 
алмайды. Оларға көмек көрсетуі 
тиіс отбасы, қоғам және мемлекет 
«артылған жүкке» немқұрайлы 
қарап, міндетін материалдық 
қажеттілікті қанағаттандырумен ғана 
байланыстырады. 
«Қазіргі Қазақстанның жастары –
ескі жүйенің күйреуі, саясаттағы
экономикадағы және әлеуметтік 
саладағы түбегейлі және өте қиын 
реформалар жағдайында өскен жаңа 
ұрпақ» (Kulmagambetova 243). Ұрпақтар 
арасында орын алған түсініспеушілік
пен қақтығыстар қарттардың бір тобының 
ауыр психикалық ауруларға шалдығуына
ал екінші тобының қарттар үйінің 
тұрғыны кейпін кешуіне әкеп соғуда.
Бұл тығырықтан шыңудың басты бір 
шешімі – қоғам арасында қарттық пен 
қартаюға деген көзқарасты өзгертіп, 
қоғамның кәрілікті – данышпандық, 
тәлім-тәрбие көзі ретінде қабылдауында. 
Бұл қызметті қазіргі қоғамда өнердің 
түрлі жанрлары біртіндеп қолға алуда. 
Оның ішінде бүгінгі ғылыми жұмыстың 
басты тақырыбына айналған – әдебиет 
пен кино өнерінің өз туындыларында 
қарттар бейнесін кескіндеуі, болашақ 
ұрпақ санасында негіз ретінде 
қалыптасуы мүмкін. Жас ұрпақты өнер 
туындылары арқылы жаңашырлыққа, 
мойынсұнуға, құрметтеуге тәрбиелеу
егде жастағы адамдардың елдегі 
дәрежесін жоғары деңгейге көтеріп, 
олардың қартаюға және жаңа әлеуметтік 
жағдайға бейімделуін жеңілдетеді.
Жас ұрпақты тәрбиелеп, оны 
толыққанды «жеке тұлға» ретінде 
қалыптастыру әдеби шығармалардың 
негізгі желісі. «Қазақ әдебиетінде жеке 
тұлға өз Отаны мен елінің қорғаушысы 
болып табылатын жеке тұлға және 
басқаларға қамқорлық жасай алатын 
адам ретінде бірқатар мағынада 
қолданылады» (Tolen, Mantayeva, 
Alimzhanova, Gabitov 96). Яғни, тек 
тәрбиесі жақсы адам ғана «жеке тұлға» 
бола алады. Ал, жақсы тәрбиені адами 
құндылықтарға үйрететін шығармалар 
ғана бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет