Егемкулов нурлыбай аликулович «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы»



бет103/104
Дата15.12.2023
өлшемі1,16 Mb.
#138186
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
Егемкулов нурлыбай аликулович-www.emirsaba.org

Ара балауызы. Балауыз дегеніміз - араның балауыз өндіретін безінен шығатын өнім. Ара балауызы қатты, тез жұмсаратын өте жақсы зат. Оның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор және өнеркәсібіне кеңінен қолданылады.
Балауыз сумен және басқа сұйықтармен бірікпейді. Суға және глицернинге ерімейді, спиртке салғанда да өте нашар ериді.
Өндірістік әдістер бойынша балауыздың төрт сорты: омарталық, престелген, экстрактілік және ағартылған сияқты сорттары бар. Омарталық балауыз ең жоғары сортты, сапалы деп есептеледі. Оны ба-лауызды таптау және престеу құралдарының көмегімен тікелей омартаның өзінде, балауыздың шикі затын өңдеу кезінде алады.
Престелген балауыз - балауыз өңдейін заводтарда жасалады. Экстрактілік балауыз - балауыздардың ішіндегі нашарлауы. Ол экстрактілік заводтарда балауыз шығаратын заводтың қалдықтарынан өндіріледі. Ағартылған балауызды күнге қыздырып ағарту жолымен немесе химиялық жолмен өңдеу әдісімен алады.
Кесте 45 - Ара балауызының құрамдық және қасиеттілік көрсеткіштері


Көрсеткіштер


Балауыз




балауыз жапқыштар ынан (забруса)


омар-талық сары


өндіріс тік


экст-ракция-


кұрамында бал ара желімтегі (прополис) көп


1

2

3

4

5

6

Қышқылдық сан


19,0

18,6

20,2

14,1

33,6

Сабындану саны

95,6

93,2

87,4

77,4

143

Эфирлі саны

76,6

73,8

67,7

63,5

110

Сан қатынасы

4,02

3,88

3,4

4,4

3,28

Ерітілу темпера-турасы, °С

64,3

63,7

63,5

68,0

62,4

Қату темпера-турасы, °С



62,7

61,8

70,5

60,8

20°С-та тығыз-дығы, кгм3


962,8 .

960,0

960,2

954,0

981,0

75°С-тасыну көрсеткіщі

1,4408

1,4477







20°С-та қатты-лық коэффици-енті, см/мм




9,5

5,64

0,98



Иодтық сан


-

10,2

П,7

18,2

15,6

Пенетрация,
мм



3,7-7,7

5,6-11,0

2,6-11,6




Түсі

Акшыл-сары, сары

Сарыға дейін


Сары-сұрлы


Сұрлы, қаралау сұрлы


Сары, жасылдау




!
20 °С-та жұк 500 г., 20 °С-та жүк 100 г.

Балауыздың тамаша қасиеті ерте заманнан-ақ адамдардың назарын аударады. Ежелгі Египетте оның құрбан шалған кезде кеңінен қолданылғаны анықталған. Ертедегі Рим мен Грецияда мереке күндерінде құдайлардың құрметіне мазарларда балауыз шырағданы жа-нып түрған. Революцияға дейінгі Россияда да шіркеуде шырақ жағу үшін орасан көп балауыз жұмсалған.



Балауыз медицинада да үлкен орын алады. Пластырлар, майлар және кремдер тек қана ара балауыздарынан дайындалады.
Балауыз косметикада да кеңінен қолданылады. Ол сіңімді, түтқыр, тазартқыш, ағартқыш кремдердің, бетті сылайтын майдың, көптеген косметикалықдәрі-дәрмектің қүрамына кіреді.
Прополис ара семьясы үшін роль атқарады. Аралар прополиспен тесіктен үяға кіретін жолды тарылтады. Сондай-ақ ұяның жарықтарын бітейді. Ұялардың қиюларына рамалардың иіндерін бекітеді. Бал мен гүл тозаңына қойма болатын және личинкаларға тербетпелі орын үшін қызмет ететін балауыз ұяшықтарын өңдейді. Омартаға келіп кірген және араның уымен уланған кесіртке, жылан, тышқандарды аралар прополиспен орап тастайды. Сөйтіп омартаның мыңдаған түрғын араларын жағымсыз иіс-қоңыстан, бактериялы өсімдіктерден қорғап, балдың іріп, шіруіне бөгет жасайды.
ТМД-ның әр түрлі географиялық аймақтарындағы прополис нүсқалары түсі, иісі арқылы ғана емес, сонымен қатар химиялық құрамы жөнінен де ерекшеленеді. Бұл, сірә, прополис жинаған аймаққа және обласқа байланысты болса керек. Тіпті бір омартадағы прополис нүсқаларының өзі химиялық құрамы жағынан бірдей болмайды. Прополис - өте күрделі зат, оның құрамында эфир майы, витаминдер бар, ал прополистің күлінде темір, марганец, кальций, алюминий, кремний, ванадий, стронций болады. Прополистің органикалық қосылыс болып табылатындығы, онда гүл компоненті, бәрінен бұрын фиатонцидтерге әсер ететін ұшпалы эфир бар екендігі спектрлік талдаулар арқылы анықталған.
Прополисте орта есеппен 55 процент қара май және бальзам, 10 процент хош иісті эфир майы, 30-35 процент балауыз және 5 процент гүл тозаңы болады.
Прополис техникада да қолданылып келеді. Ол жоғары сапалы лактың құрамдас бөлігі ретінде жоғары бағаланады. Мүндай лак, кебе-кебе затың үстіңгі бетін тен-тегіс етіп, айнадай жарқыратып жібереді. Ондай зат ыстық су әсеріне де шыдамды келеді. Прополистен арнаулы лак дайындап шығарады. Бұл лак жағылған скрипкалар және басқа ішекті музыкалық аспаптар жылтырап, әдемі көрінеді және үні де ерекше жақсы шығады. Даңқты Страдивари өзінің бүкіл әлемге әйгілі скрипкаларомен жасағанда осы прополисты қолданған екен.
Халық медицинасында көпке дейін жазылмайтын жара мен сүйелді емдеу үшін қолданылатын дәрі ретінде прополис кең түрде пайдаланылады.
Прополис майы некробацулезбен ауырған малды емдеу кезінде табысты түрде қолданылды. Бұл май малдың ісігін сылып алмай тұрып та, сондай-ақ оның үстіңгі бетін сылып алған кезде де терапиялық тұрғыдан өте жақсы әсер етеді. Прополис майы әлсіз тітіркендіргіштер қатарына жатады және қалыпты трофика жасауға себепкер болады.
10 проценттік прополис майы малдың әр түрлі хирургиялық ауруларын (түрлі жаралар, бітеу жара, желінсау) емдеуде табысты қолданылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет