Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет37/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122
АЙТЫС
Айтыс - топ алдында суырып салып айтылатын сөз сайысы әдебиетінің ерекше түрі. Айтыс - эпостан гөрі нақты өмірге жақын тұрған, мадағы мен сатирасы егіз поэзия. Ақындар айтысының ерекшеліктері: ақындар өлеңдері табан астында шығарады, тосыннан айтысады, суырып салма өнерін көрсетеді белгілі бір әуенмен айтылады; айтысқа үлкен де, кіші де. еркек те, әйел де қатыс береді; "халық театрының анық. дәл ұрығы бар" (М.Әуезов). Суырыпсалмалық өнер мен ақындар айтысына Ш. Уәлиханов айрықша мән берген. Ол Г.Н.Потанинге: "Ел жақ арасындағы бітіспес қарама-қарсылық өмірдің барлық көріністерінен, тіпті аз-тойлардағы ақындар айтысынан да анық байқалады…" деп жазған.
Айтыстың түрлері:
1. Бәдік.
2. Жар-жар.
3. Жануарлар мен адамның
айтысы.
4. Өлі мен тірінің айтысы.
5. Жұмбақ айтыс.
6. Салт айтысы - қыз бен жігіт
айтысы; ақындар айтысы.
7. Осы күнгі айтыстар
• "Айтыс - сөз барымтасы, " - деп баға берген зерттеуші: (М. Әуезов)

  • Ақындар айтысының ерекшелігі - онда "халық театрының анық, дәл ұрығы бар. деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)

• "Ақындар айтысы - өнер жарысы, сөз сайысы, " - деп айтты: (М. Әуезов)
• Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрі: (Айтыс)
• Екі жаққа бөлініп, айтыс түрінде орындалатын тұрмас-салт жыры: (Жар жар)
• Айтысқа түскен ақынның бірден бастырмалап, қарсыласын апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебі: (Қарсыласын жеңіп кетудің амалы)
• Айтыскер ақынға тән негізгі қасиеттер тізбегі: (Суырыпсалмалылық, тапқырлық)
• Айтыскер ақын бойынан табылуға міндетті емес қасиеттер тізбегі: (Сазгерлік, жазба ақындық өнер)
• Адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде туындаған айтыстың ең көне түрі: (Бәдік айтысы)
• Бәдік жырының анықтамасы: (Әр түрлі ауруларды емдеу ниетімен айтылатын өлең-жырлар)
•Салт айтысы бөлінеді: (2-ге; қыз бен жігіт айтысы; ақындар айтысы)
• Ақындар айтысының даярлығы болып табылатын салт айтысы: (Қыз бен жігіт айтысы)
•Қыз бен жігіт айтысының мазмұндық-тақырыптық ерекшелігі: (Елдің тұрмыс-салтының басқа жақтарын қамтуында)

  • "Біржан мен Сара" айтысының негізінде композитор М. Төлебаев "Біржан Сара" операсын жазды.

  • "Біржан Сара айтысы" - түр жағынан да, мазмұны жағынан да өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс,(С. Мұқанов)

Сара Тастанбекқызы (1853-1907) қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Көптеген өлеңдері мен "Тұзақ" атты дастаны бар. 1895 ж. Біржан сал мен, 1889 ж. Әсет Найманбайұлы мен, 1890 ж. Төребай Есқожаұлымен айтысқан.
• Сара Тастанбеккызының туған жері: (Алматы облысы, Ақсу ауданы)
• Құрылысы мен түрі жағынан салт айтысының ең биігі болып табылатын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы)
• Қыз бен жігіт әрі ақындар айтысына жататын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы)
• Әйел теңдігі мәселесін көтерген айтыс: ("Біржан-Сара")
• "Біржан-Сара" айтысының негізгі түйіні, прогресшіл идея: (Әйелдің бас бостандығы)
• "Біржан Сара" айтысындағы Сараның әкесінің аты: (Тастанбек)
•"Біржан-Сара" айтысында Сараға теңдік, бостандық әперуге ықпал жасаған: (Біржан)
• Біржан мен айтысы басына еркіндік алуына себеп болған ақын қыз: (Сара)
• Қызы едім Тастанбектің, атым - Сара,
Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.
Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем,
Келемін бір сұрінбей жеке-дара… Үзінді алынған айтыс: (Біржан мен Сара айтысы)

  • Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем,

Келемін бір сүрінбей жеке-дара, - дегенді айтқан: (Сара)
• Сара Біржанмен айтысқанда болған үй: (Тұрысбек)

  • "Біржан Сара" айтысында Біржан қай ақынды дара тұлға етіп бейнелеген? (Абай Құнанбайұлын)

• "Біржан Сара" айтысында:
"Тәттімбет - ардагерім Арғын асқан,
Қырық түрлі күй арналған бармағынан… - деген сөзді айтқан: (Біржан сал)

  • "Ақындық, мұзбалақлын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес," - деген жолдарды айтқан: (Біржан сал); (Қолданылған тәсіл - метафора)
• Біржан салдың Сара ақынға айтқан сөзі: ("Жолықпай сөзі өктемге "жүрген шығар, Ауылында Тұрысбектің өлер жері")
"Кемітер қай жеріңді душпан шіркін,
Адамзат озар емес өз басыңнан, " - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқан? (Біржан Сараға)
• "Асылым құдай берген өз басыма,
Тең келмес жеті Біржан тырнағына, " -- деген жолдарда Сара ақын айтып отырған адам: (Жиенқұл)
• Сараның "Арғынға жол бермеген есіл тілі" Жиенқұлға келгенде мүдірген себебі: (Жиенқұлдың ақымақ, өнерсіз әрі дене кемістігі барлығынан)

  • "Арғынға ұялғаннан үндемеуші ем,

Есекке қосақтаулы өтті-ау күнім, "- деген сөз қай ақын қыздың өкініші? (Сараның)

"Ажал да кісі таңдап алады екен,
Сол итті неге қойған алып кетпей?" - деген ашынған сөздердің иесі: (Ақын Capa)
• "Біржан-Сара" айтысында Біржан сал Сара тағдырына ара түспегеніне өкпе айтатын елі: (Найман елі)
• "Тұрмыстан туысымен таяқ жедім…" деген жолдар қай айтыскер ақынның өлең жолдарынан алынған? (Сараның)

  • "Біржан-Сара" айтысындағы:

"Сараны Жиенқұлға бере көрме,
Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.
Бар болса сүйегінде ойлайсыңдар,
Өлі тілін тірі алмас деген заман…
… деген жолдарды айтқан: (Біржан)
•"Біржан Сара" айтысындағы Жиенқұл сипаттамасы көркемдік тәсілдің қай түрі?
Кісі емес ел намыҫын ұққандай-ақ,
Ербиіп елсіз тауға шыққандай-ақ.
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,
Он мата арқасына тыққандай-ақ, (Сарказм)
• "Біржан Сара" айтысының Жиенқұлға байланысты жерінде қандай бейнелі сөз қолданылған? (Ирония, сарказм)
• Біржан Сараны нені тілге тиек ете жеңетіндігі: (Күйеуінің нашарлығын)
• Айтыста Сараның Біржаннан жеңілу себебі: (Теңсіздік шырмауы)
• Сара Тастанбекқызының:
"Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес,
Болатпын екі жүзді алмас кеспес," - деген жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Метафора)
• Мына өлең жолдарындағы асты сызылған сөздер қандай көркемдеу құралы:
"Ақ иық, мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес." (Метафора)
• "Қырандай желді күнге аспандаймын," - деген жолда қандай бейнелі сөз бар? (Теңеу)
• Төмендегі шумақ көркемдеудің қай түрі?
Көрінсін Біржан салға ай секілді:
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді. (Ирония)
•Сара Тастанбекқызы туралы жазылған еңбек: ("Тордағы тоты")
• Табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің иесі болып табылатын айтыс түрі: (Жұмбақ айтысы)
• Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісі: ("Сапарғали мен Нұржан")
•Нұржан мен Сапарғали айтысы айтыстың қай түріне жатады? (Жұмбақ айтысы)
•"Омарқұл мен Тәбия" айтысында сөз болатын мәселе: (Қыз бен жігіт арасындағы көңіл)
• Құнанбай "Өзіңе келетін сөзді білмейсің!"-деп, Балтаны қуып шығуы қай айтысқа байланысты? ("Балта мен Шөже" айтысы)
• Айтысқа түскен ақындар Шөжеге қандай мін айтқан? (Соқырлығы)
•Алшынбай мен Құнанбайды өлтіре сынап, оларды қорғай сөйлеген Балтаны жеңген ақын: (Шөже)

  • "Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?

Биылғы жыл соғымға қояйын ба?" Үзінді айтыстың қай түріне жатады? (Жануарлар мен адамның айтысы)

  • "Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,

Қушолақты соялық дескеніңде,
Қушолақты соғымға сойып алып,
Бұржекейден көрермін көшкеніңді," - шумағы айтыстың қай түрінен алынған? (Жануарлар мен адамның айтысы)
• Ақындар айтысында оза шапқан әйгілі әйел ақындардың тізбесі: (Тоғыз Тәбия, Ырысжан)

  • Манап Көкенов айтысындағы «Қарағым, сен де сары, мен де сары» деген өлең жолдары кімге арналған? (Надежда Лушниковаға)

• Осы күнгі айтыскер ақындардың тізбесі: (Ринат, Дәулеткерей Балгынбек); (Мәле Қосымбаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Мұхамеджан Тазабек Серік Қалиев, Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Оразалы Досбосынов (1975-2004), Серік Құсанбаев, Бауыржан Халиолла, Әбілкайы Сыздықов, Ринат Зайытов, Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов, т.б.)

  • Бәдік айтысының ерекшелігі: (*Айтыс жанрының көне Түрі; Шамандық діни наным-сенімге байланысты)

  • Айтыскер ақынға тән емес қасиеттер: (*Дарақылық; "Жаттандылық)

  • Сараны Жиенқұлға атастырған ағалары: (*Есімдер; *Тұрысбек)

  • Осы күнгі айтыскер ақындар: (*Серік Қалиев; *Аманжол Әлтаев; *Айнұр Тұрсынбаева)

  • Мэлс Қосымбаев пен айтысқан Мұхаметжан Тазабековтің негізгі ой(лар)ы:

Уа, Мәлс, тектілікке сай болайық,
Бұл айтыс - шайқасатын майдан анық
Арғы атаң найза ұстаған батыр еді,
Атқан оғы тиетін айға барып.
Іркес-тіркес іріден сөйлесеңші,
Әңгіме айтқан жан болмай шайға барып.
Қайран біздің қазақтың ұрпағы да,
Майшабақтай барады майдаланып. (Қазақ жастарын мәрттікке, бірлікке шақыратын ой тастайды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет